ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.91K subscribers
18.8K photos
1.6K videos
28 files
4.39K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Ажар Ғиният елордада салынып жатқан онкологиялық орталықты кадрлармен қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ғимаратының салынып жатқан екінші корпусының нысанын аралау барысында инновациялық клиникада жұмыс істеу үшін кадрлар даярлауды қолға алуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына желілік үдеткіші бар протон орталығы көрсетілді, оның жанында медициналық палаталары бар ядролық медицина бөлімшесі ұйымдастырылады.

Бұдан әрі ведомство басшысы 10 операциялық блок, реанимациялық, клиникалық-диагностикалық және онкогематологиялық бөлімше орналасқан үй-жайларды қарап шықты.

Сәулелік терапия бөлімшесінде құрылыс жұмыстары аяқталған соң және медициналық жабдықтармен жабдықталғаннан кейін олардың жай-күйінің динамикасын үнемі қадағалап отыратын пациенттерге сәулелік терапияның барлық түрлері жүргізілетін болады. Бұл алгоритмді уақтылы түзетуге және емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР ДСМ басшысына жаңа корпустың құрылысы бойынша Жол картасын іске асыру барысы туралы баяндалды, атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев жобаны іске асырудың аяқталу және оны жабдықтармен қамтамасыз ету мерзімдері туралы хабарлады.

Құрылыс орнындағы кеңес барысында А.Ғиният "орталықты ұстау", оның ішінде аурухананы кадрлармен қамтамасыз ету, әсіресе ядролық физика, ядролық қауіпсіздік сияқты тапшы бағыттар бойынша мәселелерді шешуге кірісуді, оларды жедел түрде дайындауды тапсырды.

"Бұл маңызды әлеуметтік нысанды әсіресе ел халқы күтуде. Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 35 000-нан астам жаңа жағдайы анықталады, олардың бір бөлігіне кеш сатыда диагностика жасалады. Қазақстандық пациенттер өздерінің жақындарының жанында үздік халықаралық практикаға сәйкес мамандандырылған ем ала алады", - деп атап өтті министр.
Ажар Гиният поручила заняться кадровым обеспечением строящегося онкоцентра в столице

Сегодня министр здравоохранения РК Ажар Гиният в ходе посещения строящегося объекта второго корпуса здания Национального научного онкологического центра в г. Нур-Султан поручила заняться подготовкой кадров для работы в инновационной клинике.

Главе Минздрава был продемонстрирован протонный центр с линейным ускорителем, рядом с которым будет организовано отделение ядерной медицины с медицинскими палатами.

Далее глава ведомства осмотрела помещения, где будут расположены 10 операционных блоков, реанимационное, клинико-диагностическое и онкогематологическое отделение.

В отделении лучевой терапии после завершения строительных работ и оснащения медоборудованием будут проводиться все виды лучевой терапии пациентов с постоянным отслеживанием динамики их состояния. Это позволит своевременно корректировать алгоритм и повышать тем самым эффективность лечения.

Главе МЗ РК доложили о ходе реализации Дорожной карты по строительству нового корпуса, в частности вице-министр здравоохранения РК Жандос Буркитбаев информировал о сроках завершения реализации проекта и обеспечения его оборудованием.

В ходе совещания на месте строительства А. Гиният поручила приступить к решению вопросов «содержания центра», а именно кадровой обеспеченности больницы, особенно по таким дефицитным направлениям, как ядерная физика, ядерная безопасность, в срочном порядке заняться их подготовкой.

«Этот важный социальный обьект особенно ждет население страны. В Казахстане ежегодно выявляется более 35 000 новых случаев онкологических заболеваний, часть которых диагностируется уже на поздней стадии. Казахстанские пациенты смогут получать специализированное лечение в соответствии с лучшей международной практикой рядом со своими близкими», - отметила министр.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 13 ақпандағы ақпарат

13 ақпандағы мәлімет бойынша, 57 581 адам коронавирус инфекциясынан (–56 399+ және 1 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 260 пациент стационарда, 50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 348 адамның жағдайы ауыр,
• 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 98 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 13.02.2022г.

На 13 февраля лечение от КВИ продолжают получать 57 581 человек (–56 399+ и 1 182 КВИ-), из них в стационарах находится – 7 260 пациент, на амбулаторном уровне –50 321 пациента.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 348 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 144 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 98 пациентов.
Өңірлерде тіркелген қайғылы жағдай саны (11.02.2022 ж. күнгі деректер)

*

Количество зарегистрированных случаев с летальным исходом в разрезе регионов (данные за 11.02.2022 г.)
ҚР бойынша және өңірлерде тәулік ішінде (11.02.2022 ж.) КВИ - жұқтырғандар саны

*

Количество зарегистрированных случаев КВИ- по РК и в разрезе регионов за сутки (11.02.2022 г.)
13.02.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 13.02.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 13 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 9 294 766 адам вакцина салдырды, II компонентпен 8 871 476 адам.

*

I компонентом 9 294 766 человек провакцинировано в Казахстане на 13 февраля 2022 г, II компонентом 8 871 476 человек.
2022 жылғы 13 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда PFIZER вакцинасын алған адамдар саны

*

Количество людей, получивших вакцину PFIZER в Казахстане по состоянию на 13 февраля 2022 года