ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
❗️МӘМС жүйесін жетілдіру шеңберіндегі заң жобасының негізгі жаңалықтары

Үздік халықаралық практикаларға сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі елдің әрбір тұрғыны үшін денсаулық сақтаудағы базалық кепілдіктерді іске асыруға және медициналық көмекті қаржыландырудың ұзақ мерзімді тұрақтылығына бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістерді ұсынады.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Комитеті отырысының барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.
Медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті (МКБП): ашықтық және қолжетімділік
Бүгінгі таңда медициналық көмек көрсету жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) және МӘМС арқылы қаржыландырылатын қызметтерді қамтиды. Дегенмен, қызметтердің қайталануы және пакеттердің анық ажыратылмауы қиындық тудырады.

💊2026 жылдан бастап медициналық көмектің бірыңғай пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталады:

* ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажырату, қызметтердің қайталануын болдырмау
* Аурулардың ерте профилактикасының қолжетімділігі
* МӘМС мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін онкологиялық ауруларды анықтауға арналған скринингтер
* Әлеуметтік мәні бар ауруларға күдік туындаған жағдайда тегін тексерулер
* Ресурстарды қайта бөлу арқылы жүйенің қаржылық тұрақтылығы
* Нақты сақтандыру моделіне жақындау


Бүгінгі таңда ТМККК шеңберінде диагностика тек туберкулез және АИТВ инфекциясы бойынша, қалған әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау МӘМС шеңберінде жүргізілетінін атап өту маңызды.

ТМККК пакетінде онкоскринингтердің жалпыға бірдей қолжетімділігі обырды ерте сатысында уақтылы тиімді диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік береді.

⚡️Ал шетелде қалай?

Тегін мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакеті мыналарды қамтиды:
* Ресейде - санитариялық авиация, АИТВ/ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, туберкулез және психикалық аурулар;
* Эстониядағы медициналық көмек – кезек күттірмейтін медициналық көмек, АИТВ/ЖИТС, инфекциялар, туберкулез және психикалық аурулар;
* Литвадағы медициналық көмек - тек кезек күттірмейтін медициналық көмек;
* Германия мен Нидерландыда тек мейіргерлік күтім.

🔵Әл-ауқатының дағдарыс деңгейі бар адамдар МӘМС-ке қол жеткізе алады

Заң жобасының шеңберінде 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар шамамен 1,2 миллион адамды қосымша қамтуды ұсынады. Бұл табысы төмен ҚР азаматтарының тағы 5%-ы МӘМС-тің есебінен жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізе алатынын білдіреді.

Халықтың осы санаттары үшін жарналарды осы азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктеу ұсынылады.

Бұдан басқа, ЖАО-ның жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тікелей жауапкершілігін ескере отырып, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеуге шығыстарды жергілікті бюджеттерге жүктеу ұсынылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 16,9 млн адам (82,6%) сақтандырылған, оның ішінде 11,9 млн адам (59,5%) халықтың жеңілдетілген санаттарына жатады, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

3,5 млн қазақстандық МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр, оның ішінде 2,3 млн.өмір сүру деңгейі қолайлы және қанағаттанарлық азаматтар, ал 1,2 млн. – табысы төмен, отбасының базалық қажеттіліктерін әрең жабатын азаматтар.

Жарналар базасының жоғарғы шегін 10 ЕТЖ-дан 50 ЕТЖ-ға дейін арттыру
МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру ұсынылады (10-нан 50 ЕТЖ-ға дейін).

толығырақ веб-сайтта

🖥: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/963193
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
МӘМС жүйесін жетілдіру шеңберіндегі заң жобасының негізгі жаңалықтары
Ключевые новшества законопроекта в рамках совершенствования системы ОСМС
📊ҚАЗАҚСТАНДА 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҮЗДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ РЕЙТИНГІ ҚАЛЫПТАСТЫ



➡️Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, медициналық ұйымдар мен республикалық ғылыми орталықтардың рейтингін жасады.

✔️Жалпы рейтингтік бағалауға меншік нысанына және бейіндік бағытына қарамастан, тоғыз негізгі санат бойынша бөлінген ҚР 20 өңірі бөлінісінде 772 медициналық ұйым жатқызылды.

Бұл ғылыми-зерттеу институттары/ғылыми орталықтар, ересектерге арналған көп бейінді стационарлар (облыстық / қалалық), балаларға арналған көп бейінді стационарлар (облыстық/қалалық), босандыру ұйымдары (перзентханалар/перинаталдық орталықтар), МСАК көрсететін медициналық ұйымдар, онкологиялық орталықтар/диспансерлер, туберкулезге қарсы диспансерлер/фтизиопульмонология орталықтары, психикалық денсаулық орталықтары және аудандық ауруханалар (орталық/ауданаралық).

Әдістемеге сәйкес рейтингті есептеу кезінде 14 клиникалық индикатор, сондай-ақ аккредиттеу туралы ақпарат және негізделген шағымдардың саны туралы мәліметтер ескерілді.
🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
Республиканың 17 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталығының ішінде «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.), «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.) және «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ (Астана қ.) рейтингіленгендердің арасында көшбасшы болып танылды.
🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
⚡️15 онкология орталығының арасында клиникалық индикаторлар мен менеджмент көрсеткіштері бойынша Алматы қаласының ДСБ «Алматы онкология орталығы» ШЖҚ КМК, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (Алматы қ.), ШҚО ДСБ Шығыс Қазақстан облыстық көпбейінді «Онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ КМК үздік атанды.

✔️Ересектерге арналған 84 көпбейінді стационардың ішінде медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша алдыңғы қатарлы ДСБ «Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы» КМК, «Қонаев қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК , Астана қаласы әкімдігінің »№2 көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК болды.

✔️24 көпбейінді балалар стационарының ішінде Алматы қаласының ДСБ «№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Қызылорда облысының ДСБ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК, ДСБ «Қарағанды қаласының көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК көшбасшы болды.

🔵178 аудандық аурухананың қызметін бағалау қорытындысы бойынша АО ДСБ «Абай аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Ақтөбе облысы ДСБ ШЖҚ ММ «Әйтеке би АА» МКК, Ақтөбе облысы ДСБ ШЖҚ ММ «Хромтау АА» МКК үздік атанды.

👍МСАК-тың 385 ұйымының ішінде менеджмент және клиникалық көрсеткіштер бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген еліміздің 5 үздік қалалық емханасы анықталды.

Бұлар Астанадағы ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы», Алматы қаласының ДСБ «№17 қалалық емханасы», БҚО әкімдігі ДСБ «№4 қалалық емханасы», «Sofie Medgroup» көпбейінді клиникасы» ЖШС (Ақтау Қ.), Павлодар қаласы әкімдігінің «№ 3 емханасы».

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары, ҒЗИ және ҰО қызметін рейтингтік бағалау өңір мен республика деңгейінде медициналық көмек көрсету бейіндері бойынша саралауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзекті әдістемеге сәйкес жүргізілетінін айта кеткен жөн.

👆Медициналық ұйымдардың толық рейтингімен ҰҒДСДО сайтында сілтеме бойынша танысуға болады:

https://nrchd.kz/ru/2017-03-12-10-50-44/press-reliz/2926-nntsrz-podvel-itogi-rejtingovoj-otsenki-meditsinskikh-organizatsij-respubliki-kazakhstan-za-2024-god
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1