ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📰Кеш ана болу Қазақстанда өзекті тақырыпқа айналуда. 35 жастан кейін ана болуды шешетін әйелдер бірқатар ерекшеліктерге тап болады. Ең алдымен, бұл ана мен баланың денсаулығына мұқият қарауды қажет етеді.

⚡️Заманауи медицина кеш жастағы әйелдерге дені сау сәбилерді сәтті көтеруге және босануға мүмкіндік береді, дегенмен генетикалық аурулар мен жүктілік процесінің асқыну ықтималдығы сияқты денсаулыққа қауіп төндіретінін ескеру маңызды.

💻Журналистің осы тақырып бойынша сұрақтарына ана денсаулығын сақтау саласындағы сарапшы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ бас штаттан тыс акушер-гинеколог Гаури Биллаханқызы Бапаева жауап береді.

🖥: https://youtu.be/viNLH0XQxPw?si=X0VnVFPzqwNmJ5cz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📰Позднее материнство становится всё более актуальной темой в Казахстане. Женщины, решающие стать матерями после 35 лет, сталкиваются с рядом особенностей. В первую очередь, это требует внимательного подхода к здоровью, как матери, так и ребёнка.

⚡️Современная медицина позволяет женщинам позднего возраста успешно вынашивать и рожать здоровых детей, однако важно учитывать риски для здоровья, такие как вероятность генетических заболеваний и осложнений в процессе беременности.

💻На вопросы журналиста по этой теме отвечает эксперт в сфере охраны здоровья материнства, доктор медицинских наук, профессор, Главный внештатный акушер-гинеколог МЗ РК Гаури Биллахановна Бапаева.

🖥: https://youtu.be/viNLH0XQxPw?si=X0VnVFPzqwNmJ5cz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇲🇰🇿ТҮРКІМЕНСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ АЛАҢЫНДА БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


🗣Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Аркадаг қаласында (Түркіменстан) өткен «Бейбітшілік және сенім жылы: балалар атынан халықаралық қызметті дамыту» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

⏺Форум балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау саласында пікір және тәжірибе алмасудың нәтижелі алаңына айналды.
Бүгінде Қазақстанда 6,8 млн-нан астам бала тұрады, бұл әрбір үшінші азаматтың бала екенін білдіреді. Олардың үштен бірі немесе 2,4 миллион бала - 5 жасқа дейінгі балалар. Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді.

«Бүгінгі таңда әрбір босандыру ұйымында ана болу қауіпсіздігі қағидаттары және салмағы аз балаларға күтім жасау үшін терапия мен реанимацияның заманауи технологиялары қолданылады. Қазақстанда 2024 жылы профилактикалық қарап-тексерулермен 18 жасқа дейінгі 4,5 млн.бала қамтылды, бұл ретте әрбір бала медициналық бақылаумен қамтылды. Туған сәттен бастап 6 жасқа дейін скринингтің 4 түрі жүргізіледі, бұл жаңа туған нәрестеде фенилкетонурия мен туа біткен гипотериозды анықтауға бағытталған неонаталдық, есту қабілетінің бұзылуын анықтауға арналған аудиологиялық, шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтауға арналған офтальмологиялық және психофизикалық скрининг», - деп атап өтті ведомство басшысы конференцияға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде.


📶2025 жылғы наурыздан бастап ата-аналарға бала күтімі мәселелері бойынша консультация берудң, даму бұзылыстары анықталған кезде ерте араласудың жеке бағдарламасын әзірлеуді қамтитын «жүктіліктен бастап екі жасқа дейінгі 1001 күн» бағдарламасы енгізілуде.

Біздің елімізде балалар жоғары мамандандырылған көмектің ең күрделі түрлеріне қол жеткізе алады. 2024 жылы тек балалар кардиохирургиясы саласында 2,5 мыңға жуық операция жасалды, оның ішінде туа біткен кемістігі бар 300-ден астам жаңа туған нәресте жедел ем алды.

✅Өткен жылы алғаш рет «Феталдық медицина» дамыды, бұл ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын аз инвазивті ем-шаралармен түзетуге және емдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда осындай 37 сәтті операция жасалды.

Офтальмологиялық скрининг нәтижелері бойынша ретинопатиясы бар шала туған нәрестелерге 400-ден астам ретиналдық лазерлік коагуляция операциясы жасалды. Диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда хирургиялық емдеу 469 нәрестенің көру қабілетін сақтап қалды. Бұрын ауыр көру патологиясы бар шала туған нәрестелер мүгедек болып қала берді.

➖Мүгедектігі бар және күрделі диагнозы бар балаларға оңалту көмегін көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 300 мыңнан астам бала стационарлық және амбулаториялық деңгейде түзету және қалпына келтіру емі курстарын алды.

Балалар денсаулығын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесіне жаңа міндеттер қойылды. Бұл мектеп жасындағы балаларды дұрыс тамақтану және дене белсенділігі негіздерінен бастап салауатты өмір салтына ынталандыру, МСАК ұйымдарында әмбебап патронаж қызметін күшейту, скринингтер мен профилактикалық қарап-тексерулердің тиімділігін арттыру, ерекше балаларға медициналық көмек көрсету, кадрлық әлеуетті нығайту және басқа да бірқатар міндеттер.

📌Форумның шеңберінде министр түркімендік әріптестерімен, сондай-ақ Гурбангулы Бердімұхамедов атындағы қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсету жөніндегі қайырымдылық қорының емдеу қызметі жөніндегі вице-президенті Огулджахан Атабаевамен бірқатар кездесулер өткізді.

Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар қазақстандық тараппен балалардың денсаулығын сақтау саласындағы технологиялармен және үздік тәжірибелермен алмасу бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🇹🇲🇰🇿НА ПЛОЩАДКЕ МЕЖДУНАРОДНОГО ФОРУМА В ТУРКМЕНИСТАНЕ ОБСУЖДЕНЫ ВОПРОСЫ ОХРАНЫ ДЕТСКОГО ЗДОРОВЬЯ


🗣Министр здравоохранения Акмарал Альназаровап приняла участие в работе Международной конференции на тему: «Год мира и доверия: развитие международной деятельности во имя детей», которая состоялась в городе Аркадаг (Туркменистан).

⏺Форум стал продуктивной площадкой для обмена мнениями и опытом в сфере охраны здоровья и благополучия детей.
В Казахстане на сегодня проживает свыше 6,8 млн детского населения, это значит, что каждый третий гражданин - это ребенок. Из них треть или 2,4 млн детей - это малыши до 5 лет. Ежегодно в стране появляется на свет около 400 тыс. новорожденных.

«Сегодня в каждой родовспомогательной организации применяются принципы безопасного материнства и современные технологии терапии и реанимации для выхаживания малышей с маленьким весом. В Казахстане в 2024 году профилактическими осмотрами было охвачено 4,5 млн. детей до 18 лет, при этом каждый ребенок охвачен медицинским наблюдением. С момента рождения и до 6 лет проводится 4 вида скринингов, это неонатальный, направленный на выявление у новорожденного фенилкетонурии и врожденного гипотериоза, аудиологический - для определения нарушений слуха, офтальмологический - на выявление ретинопатии недоношенных и психофизический скрининг», - отметила в своем выступлении перед участниками конференции глава ведомства.


📶 С марта 2025 года внедряется программа «1001 день с зачатия до двух лет», включающая консультирование родителей по вопросам ухода за ребенком, разработку индивидуальной программы раннего вмешательства при выявлении нарушений развития.

В нашей стране дети имеют доступ к самым сложным видам высокоспециализированной помощи. В 2024 году только в области детской кардиохирургии проведено около 2,5 тыс. операций, из них свыше 300 новорожденных с врожденными пороками получили оперативное лечение.

✅Впервые в прошлом году получила развитие «Фетальная медицина», которая позволила корректировать и лечить ранние патологические состояния плода с помощью малоинвазивных процедур. На сегодня проведено 37 таких успешных операций.

По результатам офтальмологического скрининга проведено более 400 операций лазеркоагуляции сетчатки недоношенным детям с ретинопатией. Оперативное лечение в течение первых часов после постановки диагноза позволило спасти зрение 469 малышей. Ранее недоношенные дети с глубокой патологией зрения оставались инвалидами.
Особое внимание уделяется оказанию реабилитационной помощи детям с инвалидностью и сложными диагнозами. Свыше 300 тыс. детей по итогам прошлого года получили курсы коррекционного и восстановительного лечения на стационарном и амбулаторном уровнях.

➖В целях улучшения здоровья детского населения перед системой здравоохранения поставлены новые задачи. Это мотивация детей школьного возраста к здоровому образу жизни, начиная с основ правильного питания и физической активности, усиление универсальной патронажной службы в организациях ПМСП, повышение эффективности скринингов и профосмотров, медицинская помощь особенным детям, укрепление кадрового потенциала и целый ряд других задач.

📌В рамках форума министр провела ряд встреч с туркменскими коллегами, также с вице-президентом по лечебной деятельности Благотворительного фонда по оказанию помощи нуждающимся в опеке детям имени Гурбангулы Бердымухамедова Огулджахан Атабаевой.

По итогам конференции участники выразили готовность к развитию долгосрочного сотрудничества с казахстанской стороной по обмену технологиями и лучшими практиками в сфере охраны здоровья детей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💟 МЕДИЦИНА ЦИФРЛАРМЕН

🔥Жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады.

⚡️Бұл нәрестелердің өмір сүруін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға және өлімді 15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

✔️2024 жылы балаларға 2 474 кардиохирургиялық операция жасалды, оның 317-сі жаңа туған нәрестелерге жасалды.

👍Ретинопатиясы бар шала туған нәрестелерге 400-ден астам ретиналдық лазерлік коагуляция операциясы жасалды, емдеу тиімділігі 99%-ды құрайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💟МЕДИЦИНА В ЦИФРАХ

🔥Ежегодно 1500 новорожденных с врожденными пороками получают оперативное лечение.

⚡️Это позволяет повысить выживаемость младенцев с 88% до 93% и снизить смертность на 15%.

✔️2 474 кардиохирургических операций было выполнено детям в 2024 году, из них 317 – новорожденным.

👍Более 400 операций лазеркоагуляции сетчатки сделано недоношенным детям с ретинопатией, эффективность лечения составляет 99%.
Ранее недоношенные дети с глубокой патологией зрения оставались инвалидами.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИССИЯСЫ ШУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ ҚАЙТЫС БОЛУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕКСЕРУДІ БАСТАДЫ


1⃣Жамбыл облысы Шу ауданындағы ана өлімі фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеруді бастады.

2⃣Тексеру жүргізу кезеңінде Шуй ауданының ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі атқаратын лауазымдарынан шеттетілді.

3⃣Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Мұсабаев тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс шығарылды.

4⃣Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларын бұзуға жол берген басқа адамдарға қатысты да жұмыстан шығаруға дейін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Денсаулық сақтау министрі Жамбыл облысының әкімімен өңірлік босандыру қызметі жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын талқылады.

❗️Жамбыл облысында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында ведомство басшысы Тараз қаласында вице-министр Е.Нұрлыбаевтың төрағалығымен ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын өткізуді тапсырды, оның шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша жедел шаралар әзірлеу жоспарлануда.

🖥Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзушылықтарды жою мақсатында Жамбыл облысының барлық босандыру ұйымдарына мониторинг жүргізуге бастамашылық жасады.

📌Бұдан басқа, Шу көпбейінді орталық ауруханасының перзентхана бөлімшесінің төсектерін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді өңірлендірудің II деңгейіне сәйкес келетін аудандық орталық аурухана деңгейіне ауыстыру жоспарлануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍КОМИССИЯ МИНЗДРАВА НАЧАЛА РАССЛЕДОВАНИЕ ПО ФАКТУ СМЕРТИ БЕРЕМЕННОЙ В ШУЙСКОЙ РАЙБОЛЬНИЦЕ


1⃣По факту материнской смертности в Шуйском районе Жамбылской области Комитетом медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения начато расследование с привлечением независимых экспертов в отношении поликлиники и межрайонной центральной больницы Шуйского района.

2⃣На период проведения расследования главный врач и заведующий родильного отделения межрайонной центральной больницы Шуйского района отстранены от занимаемых должностей.

3⃣Исполняющий обязанности руководителя Управления здравоохранения Жамбылской области Е.Мусабаев привлечен к дисциплинарной ответственности, вынесен строгий выговор.

4⃣В отношении других лиц, допустивших нарушение стандартов и правил оказания медицинской помощи, будут также приняты меры дисциплинарного характера вплоть до увольнения.

Министр здравоохранения обсудила с акимом Жамбылской области план действий по улучшению качества работы региональной службы родовспоможения.

❗️В целях совершенствования организации оказания медицинской помощи в Жамбылской области главой ведомства поручено провести выездное заседание Координационного совета по охране здоровья матери и ребенка под председательством вице-министра Е. Нурлыбаева в г.Тараз, в рамках которого планируется выработать оперативные меры по улучшению доступности и качества медицинской помощи.

🖥Комиссией Министерства здравоохранения инициирован мониторинг всех организаций родовспоможения Жамбылской области в целях устранения нарушений стандартов оказания медицинской помощи.

📌Кроме того, планируется перевод коек родильного отделения Шуйской многопрофильной центральной больницы на уровень центральной районной больницы, соответствующей II уровню регионализации оказания акушерско-гинекологической помощи.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ БІЛІКТІЛІК САНАТТАРЫН БЕРУ ҚАҒИДАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗДІ


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі біліктілік санаттарын беру рәсімін қайта қарау туралы бұйрықтарға өзгерістер әзірлеп, қабылдады.

Осы өзгерістерге сәйкес:

✅ 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен санат мерзімдері бар;
✅ мерзімсіз санатты қайта ресімдейтін;

✅ қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын медицина қызметкерлерінің санаттары білімді бағалау және кейс-тест кезеңдерінен өтуден босатылады.

Бұдан басқа, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білім алған техникалық және кәсіптік білімі бар медицина қызметкерлері үшін бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, баламалы біліктілік санатындағы біліктілік деңгейі сақталады.

👍Бұрын медицина қызметкерлерінің көптеген өтініштерін ескере отырып, дәрігерлерге қаржылық жүктемені азайту үшін емтиханды бірінші рет қайта тапсыру кезінде, қанағаттанарлықсыз нәтижемен төлемнен босату туралы шешім қабылданды. Мейіргерлер үшін бағалау құны 21 000 теңгеден 17 000 теңгеге дейін төмендетілді.

▶️Медицина қызметкерлері осы бұйрық күшіне енген күннен бастап 10 күн өткен соң біліктілік деңгейін растау рәсімінен өте алады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️МИНЗДРАВОМ ВНЕСЕНЫ ИЗМЕНЕНИЯ В ПРАВИЛА ПРИСВОЕНИЯ МЕДРАБОТНИКАМ КВАЛИФИКАЦИОННЫХ КАТЕГОРИЙ



Министерством здравоохранения Республики Казахстан разработаны и приняты изменения в приказы о пересмотре процедуры присвоения квалификационных категорий.

Согласно данным изменениям от прохождения этапов оценки знаний и кейс-тестинга освобождаются следующие категории медицинских работников:

✅ с истекшими после 1 января 2021 года сроками категорий;
✅ переоформляющие бессрочную категорию;

✅ подтверждающие действующий уровень квалификации.

Кроме того, для медицинских работников с техническим и профессиональным образованием, получивших послесреднее или высшее медицинское образование по специальности «Сестринское дело», сохраняется уровень квалификации эквивалентной квалификационной категории с учетом предыдущего стажа работы.

👍Ранее с учетом многочисленных обращений медицинских работников, для снижения финансовой нагрузки на медиков, было решено освободить от оплаты при первой пересдаче экзамена, при неудовлетворительном результате. Стоимость оценки для медицинских сестёр снижена с 21 000 до 17 000 тенге.

▶️Медицинские работники могут пройти процедуру подтверждения квалификационного уровня по истечении 10 дней, со дня вступления в силу данного приказа.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
📌АЙДЫН ҚҰЛСЕЙІТОВ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


➡️Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Премьер-Министрмен келісім бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасы лауазымына Айдын Құлсейітов тағайындалды.

🪐 Айдын Құлсейітов Өскеменде дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын басқарушы лауазымдарға дейін жеке салада бастаған. Содан кейін Мемлекеттік қызметке ауысты. Индустрия және сауда министрлігінде, энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде жұмыс істеді, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы болды.

➡️2017 жылдан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды.

Екі жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығын басқарды.
Содан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

✍️Соңғы екі жылда ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌АЙДЫН КУЛЬСЕИТОВ НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЕМ ФОНДА МЕДСТРАХОВАНИЯ


➡️Министр здравоохранения Акмарал Альназарова сегодня представилаа коллективу Фонда социального медицинского страхования нового руководителя.

Приказом министра здравоохранения по согласованию с Премьер-Министром на должность председателя правления НАО «Фонд социального медицинского страхования» назначен Айдын Кульсеитов.

🪐Айдын Кульсеитов родился в Усть-Каменогорске. Окончил Восточно-Казахстанский государственный технический университет по специальности «Инженер-экономист» и Академию государственной службы при Президенте РК по специальности «Менеджер государственной службы».

Трудовую деятельность начал в частной сфере, дойдя до руководящих должностей. Затем перешел на государственную службу. Работал в Министерстве индустрии и торговли, Министерстве энергетики и минеральных ресурсов, был председателем правления АО «Национальное агентство по технологическому развитию», АО «Казахстанский институт развития индустрии».

➡️С 2017 года занимал ряд руководящих должностей в Администрации Президента РК.
В течение двух лет возглавлял Центр стратегических разработок и анализа Администрации Президента РК.

Затем был назначен заведующим Отделом стратегического планирования Администрации Президента Республики Казахстан.

✍️В последние два года работал руководителем Отдела социально-экономического мониторинга Администрации Президента РК. До настоящего времени – на посту заведующего Отделом социально-экономической политики Администрации Президента Республики Казахстан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🍏ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: APPLE ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ СЕРВИСТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АШТЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Apple компаниясының өкілдерімен сәтті келіссөздер жүргізді, соның нәтижесінде Қазақстанда денсаулық мониторингі үшін маңызды цифрлық сервистер қолжетімді болды.

🚫Бұған дейін бұл қызметтер Қазақстанда қолжетімсіз болды, бірақ АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания және Аустралия сияқты елдерде табысты жұмыс істеуде.

✅Енді қазақстандық пайдаланушылар өз денсаулығын бақылау үшін осы озық технологияларды пайдалана алады.

📊Apple Watch-та ЭКГ жазу

Apple Watch Series 6 және одан кейінгі моделдердің иелері енді электрокардиограмма (ЭКГ) жазу функциясын қолдана алады. ЭКГ-ны жеңілдету небәрі 30 секундты алады және жүрекшелер фибрилляциясының белгілерін — ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жүрек ритмінің бұзылуын анықтауға көмектеседі. Деректер «Денсаулық» қосымшасында сақталады және одан әрі талдау үшін дәрігерге берілуі мүмкін.

💤Ұйықтау кезіндегі апноэ туралы хабарлама

Apple Watch Series 9 және одан кейінгі нұсқаларына арналған жаңартумен ұйықтау кезіндегі апноэ эпизодтарын түсіретін мүмкіндік пайда болды. Бұл жағдай ұйықтау кезінде тыныс алудың уақытша тоқтауымен бірге жүреді, бұл созылмалы шаршауға және денсаулықтың басқа мәселелеріне әкелуі мүмкін. Енді пайдаланушылар түнде тыныс алудың бұзылуы туралы хабарлама алады.

🦻AirPods Pro-дағы жаңа функциялар

AirPods Pro 2 және одан кейінгі моделдерді пайдаланушылар енді «Естуді тексеру» функциясын пайдалана алады. Бұл функция әртүрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстарды есту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді, бұл мүмкін болатын есту проблемаларын ерте кезеңдерде анықтауға көмектеседі. Тест шамамен бес минутты алады және тыныш жағдайда өткізіледі. Нәтижелер iPhone немесе iPad құрылғысындағы «Денсаулық» қосымшасында сақталады, бұл динамиканы бақылауға және қажет болған жағдайда мамандарға хабарласуға мүмкіндік береді.

Қосымша «Есту аппараты» функциясы қолжетімді болды, ол жеңіл және орташа есту қабілетінен айырылған адамдарға арналған. Ол AirPods арқылы ойналатын дыбысты пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес бейімдейді, сөйлеу мен қоршаған дыбыстарды қабылдауды жақсартады. Функцияны дұрыстау есту скринингі нәтижелерінің немесе маманның жүктелген аудиограммасының негізінде жүзеге асырылады.

Гаджеттердің бұл функциялары кез-келген ауруды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға негіз бола алмайтындығын ескеру маңызды. Олар денсаулық жағдайын бақылаудың көмекші құралы ретінде қызмет етеді және білікті медициналық мамандардың консультацияларын алмастырмайды.

💬Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін заманауи технологиялардың қолжетімділігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
🍏МИНЗДРАВ: APPLE ОТКРЫЛ ДОСТУП К МЕДИЦИНСКИМ СЕРВИСАМ В КАЗАХСТАНЕ



Министерством здравоохранения РК успешно проведены переговоры с представителями компании Apple, в результате которых в Казахстане стали доступны важные цифровые сервисы для мониторинга здоровья.

🚫Ранее эти сервисы были недоступны в Казахстане, но успешно работают в таких странах, как США, Канада, Германия, Великобритания и Австралия.

✅Теперь казахстанские пользователи смогут воспользоваться этими передовыми технологиями для контроля своего здоровья.

📊Запись ЭКГ в Apple Watch

Владельцы Apple Watch Series 6 и более поздних моделей теперь могут использовать функцию записи электрокардиограммы (ЭКГ). Снятие ЭКГ занимает всего 30 секунд и помогает определить признаки фибрилляции предсердий — нарушения сердечного ритма, которое может привести к серьезным осложнениям. Данные сохраняются в приложении «Здоровье» и могут быть переданы врачу для дальнейшего анализа.

💤Уведомление об апноэ во сне

С обновлением для Apple Watch Series 9 и более поздних версий появилась функция, фиксирующая эпизоды апноэ во сне. Это состояние сопровождается временной остановкой дыхания во время сна, что может привести к хронической усталости и другим проблемам со здоровьем. Теперь пользователи получают уведомления о возможных нарушениях дыхания ночью.

🎧Новые функции в AirPods Pro

Пользователи AirPods Pro 2 и более поздних моделей теперь могут воспользоваться функцией "Проверка слуха". Эта функция позволяет оценить способность слышать звуки разной частоты и интенсивности, помогая выявить возможные проблемы со слухом на ранних стадиях. Тест занимает около пяти минут и проводится в тихой обстановке. Результаты сохраняются в приложении "Здоровье" на вашем iPhone или iPad, что позволяет отслеживать динамику и при необходимости обращаться к специалистам.

🦻Дополнительно стала доступна функция "Слуховой аппарат", которая предназначена для людей с легкой или умеренной потерей слуха. Она адаптирует звук, воспроизводимый через AirPods, в соответствии с индивидуальными потребностями пользователя, улучшая восприятие речи и окружающих звуков. Настройка функции осуществляется на основе результатов проверки слуха или загруженной аудиограммы от специалиста.

Важно отметить, что указанные функции гаджетов не являются основанием для диагностики, лечения или предотвращения каких-либо заболеваний. Они служат вспомогательными инструментами для мониторинга состояния здоровья и не заменяют консультации квалифицированных медицинских специалистов.

💬Министерство здравоохранения Республики Казахстан продолжает работать над расширением доступности современных технологий для улучшения здоровья и благополучия граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👎1🤯1
☑️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ТОПТЫҚ ТАМАҚТАН УЛАНУ ФАКТІСІ БОЙЫНША ТЕКСЕРУДІ БАСТАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектебінің 12 оқушысының арасында тамақтан болатын топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тексеру басталғанын, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулы шығарылғанын, әкімдіктің жанынан штаб құрылғанын хабарлайды.

➡️Балалардың улануына байланысты Бейнеу аудандық полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хаттар жіберілді.

Бейнеу аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды.

▪️Тергеу шеңберінде басқарма мамандары ҰСО Маңғыстау облысы филиалының мамандарын тарта отырып, тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың, дезқұралдардың сынамаларын іріктей және қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдауға зерттеп-қарай отырып, нысанға шығуды жүзеге асырды, сынамалардың нәтижелері жұмыста.

🔘Уланған амбулаториялық емделуде, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қабылдау бөлмесіне түскен кезде олар құсу, жалпы әлсіздік, іштің өтуі, іштің ауыруы, жағдайының қанағаттанарлық екені туралы шағымданды.

Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының ата-аналары ауруды мектептің асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады, онда бастауыш сыныптардың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.

⚠️460 бала зардап шеккен Мұнайлы ауданында балалардың жаппай улануына байланысты мектеп асханасын жалға алушыға қатысты қылмыстық іс аяқталып,материалдар сот органдарына берілгенін естеріңізге сала кетейік.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑️МИНЗДРАВ НАЧАЛ РАССЛЕДОВАНИЕ ПО ФАКТУ ГРУППОВОГО ПИЩЕВОГО ОТРАВЛЕНИЯ ДЕТЕЙ В МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ



Министерство здравоохранения сообщает, что по факту группового инфекционного заболевания пищевого происхождения среди 12 учащихся Манашинской общеобразовательной школы в Бейнеуском районе Мангистауской области начато расследование, вынесено постановление о проведении санитарно-профилактических мероприятий, создан штаб при акимате.

➡️По случаю отравления детей направлены письма в Управление полиции Бейнеуского района, Департамент полиции Мангистауской области, Управление образования, районную и областную прокуратуру.

На основании уведомления Управлением полиции Бейнеуского района столовая школы опечатана.

▪️В рамках расследования специалистами Управления с привлечением специалистов филиала НЦЭ Мангистауской области осуществлен выход на объект, с отбором проб пищевой продукции, воды, смывов, дезсредств и обследованием работников на носительство кишечной инфекции, результаты проб находятся в работе.

🔘Подростки получившие отравление, находятся на амбулаторном лечении под наблюдением медицинских работников. При поступлении в приемный покой, они высказывали жалобы на рвоту, общую слабость, жидкий стул, боли в животе, состояние удовлетворительное.

Опрошенные родители школьников связывают заболевание с некачественной едой в столовой школы, где горячим питанием охвачены 417 учащихся начальных классов.

⚠️Напомним, что уголовное дело по случаю массового отравления детей в Мунайлинском районе,где пострадали 460 детей, возбужденное в отношении арендатора школьной столовой, завершено и материалы переданы в судебные органы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1