ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.91K subscribers
18.8K photos
1.6K videos
28 files
4.39K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Сарыкөл қаласының мыңнан астам тұрғыны «Саламатты Қазақстан» жобасы шеңберінде медициналық қарап-тексеруден өтті

«Саламатты Қазақстан» жылжымалы медициналық пойызы Қостанай облысы бойынша өз бағытын аяқтады. Соңғы аялдама Сарыкөл ауданы болды, онда пойыз 5 және 6 тамызда жұмыс істеді. Екі күннің ішінде дәрігерлер 1205 адамды қарап-тексерді.

🔘Сарыкөл - сегіз мыңға жуық халқы бар аудан орталығы. Тіркеуге және медициналық сақтандырудың болуына қарамастан, барлық ниет білдірушілер білікті медициналық және консультациялық көмекті тегін алды.

Медициналық пойыз - заманауи техникамен жабдықталған дербес мобилдік кешен. Оған тіркеу, диагностикалық кабинеттер, зертхана, ультрадыбыстық, ЭКГ, рентген, стоматология кабинеттері, емдеу және қарау бөлмелері кіреді. Мұнда алғашқы диагностика, зертханалық зерттеулер және профилактикалық қарап-тексерулер жүргізіледі.

🚀Бригаданың құрамында терапевт, хирург, травматолог, кардиолог, педиатр, көз дәрігері, стоматолог, ультрадыбыстық маман, мейіргерлер мен техникалық қызметкерлер жұмыс істеді.

Аудан тұрғындарына Сарыкөл аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрғожа Байкунов және медициналық пойыздың аға дәрігері Елнұр Маханов құттықтау сөз сөйледі. Н. Байкунов атап өткендей, осындай бастамалардың арқасында сапалы медициналық көмек тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді болады.

⚠️Жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Денсаулық сақтау министрлігінің және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оның мақсаты - елдің шалғай және халқы аз елді мекендерінің тұрғындары үшін аурулардың қолжетімді диагностикасы мен алдын алуды қамтамасыз ету.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
⚡️Более тысячи жителей Сарыколя прошли медосмотр в рамках проекта «Саламатты Казахстан»

Передвижной медицинский поезд «Саламатты Казахстан» завершил свой маршрут по Костанайской области. Заключительной остановкой стал Сарыкольский район, где поезд работал 5 и 6 августа. За два дня врачи осмотрели 1205 человек.

🔘Сарыколь — районный центр с населением около восьми тысяч человек. Все желающие, независимо от прикрепления и наличия медицинского страхования, получили квалифицированную медицинскую и консультативную помощь бесплатно.

Медицинский поезд — это автономный мобильный комплекс, оборудованный современной техникой. Он включает регистратуру, диагностические кабинеты, лабораторию, кабинеты УЗИ, ЭКГ, рентгена, стоматологии, процедурные и смотровые комнаты. Здесь проводятся первичная диагностика, лабораторные исследования и профилактические осмотры.

🚀В составе бригады работали терапевт, хирург, травматолог, кардиолог, педиатр, окулист, стоматолог, специалист УЗИ, медицинские сестры и технический персонал.

С приветственным словом к жителям района обратились и.о. главного врача Сарыкольской районной больницы Нургожа Байкунов и старший врач медицинского поезда Елнур Маханов. Как отметил Н.Байкунов, благодаря таким инициативам качественная медицинская помощь становится доступной вне зависимости от места проживания.

⚠️Напомним, проект реализуется при поддержке Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК, Министерства здравоохранения и фонда «Самрук-Казына». Его цель — обеспечение доступной диагностики и профилактики заболеваний для жителей отдаленных и малонаселенных населенных пунктов страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
👥АСТАНАДА ӘРТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ САРАПШЫЛАРЫ КУРОРТТЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Астанада «Бурабай» санаторийінің 115 жылдығына арналған «Шипажай-2025» X мерейтойлық Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.

💳Іс-шараның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың құттықтау сөзінен басталды.

Министр өз сөзінде Қазақстанның табиғи, климаттық және ландшафттық ерекшеліктерінің арқасында сауықтыру саласында айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

«Санаторийлік-курорттық емдеу-денсаулық мәдениетін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Бұл біздің азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер ететін көп қырлы іс-шаралар кешені», - деп атап өтті ол.


🌐Форум Қазақстан мен шет елдердің санаторийлік-курорттық саласының өкілдерін біріктірді. Мұнда санаторийлердің басшылары мен бас дәрігерлері, оңалту орталықтарының мамандары, Қытай, Германия, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялар жиналды.

«Шипажай» форумы - курортология саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, озық технологияларды енгізуге және мамандардың арасында тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы алаң.

✅Бай бағдарлама аясында конференциялар, семинарлар, мастер-кластар және жаңа технологиялар, соның ішінде қазақстандық әзірлемелер көрмесі өтті. Қатысушылар курортология, оңалту, климатотерапия, медициналық жабдықтар, мамандандырылған тамақтану және IT-шешімдер саласындағы өз әзірлемелерін ұсынды.

«Шипажай-2025» мерейтойлық форумы сала мамандары үшін негізгі коммуникациялық платформаның маңыздылығын растады және санаторийлік-курорттық жүйенің тиімді тәжірибелері мен тұрақты дамуын ілгерілетудегі маңызды кезең болды.


🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥


👥В АСТАНЕ ЭКСПЕРТЫ ИЗ РАЗНЫХ СТРАН ПОДЕЛИЛИСЬ ОПЫТОМ РАЗВИТИЯ КУРОРТНОЙ ОТРАСЛИ

В Астане состоялся X юбилейный Международный научно-практический форум «Шипажай-2025», приуроченный к 115-летию санатория «Бурабай».

💳Официальное открытие мероприятия началось с приветственного слова Министра здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназаровой.

В своём выступлении министр подчеркнула, что Казахстан обладает значительным потенциалом в сфере оздоровления благодаря природным, климатическим и ландшафтным особенностям.

«Санаторно-курортное лечение — важная составляющая формирования культуры здоровья. Это многогранный комплекс мероприятий, который напрямую влияет на продолжительность и качество жизни наших граждан», — отметила она.


🌐Форум объединил представителей санаторно-курортной отрасли Казахстана и зарубежных стран. Сюда съехались руководители и главные врачи санаториев, специалисты реабилитационных центров, делегации из Китая, Германии, России, Беларуси, Азербайджана, Таджикистана, Узбекистана и Кыргызстана.

Форум «Шипажай» – это ежегодная площадка для обсуждения актуальных вопросов в сфере курортологии, внедрения передовых технологий и обмена опытом между специалистами.

✅В рамках насыщенной программы прошли конференции, семинары, мастер-классы и выставка новых технологий, в том числе казахстанской разработки. Участники представили свои наработки в области курортологии, реабилитации, климатотерапии, медицинского оборудования, специализированного питания и IT-решений.

Юбилейный форум «Шипажай-2025» подтвердил свою значимость ключевой коммуникационной платформы для специалистов отрасли и стал важным этапом в продвижении эффективных практик и устойчивого развития санаторно-курортной системы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🆕ТАРАЗДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ КЕҢЕС БЕРЕТІН ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Тараз қаласындағы “Almaz Medical Group” ЖШС емханасында әйелдерге кеңес беретін жаңа бөлімше өз есігін айқара ашты. Салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек қатысып, жаңа орталықтың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа бөлімше заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Мұнда әйелдерге өмірінің барлық кезеңдерінде, соның ішінде жүктілікке дайындық, жүктілік барысы және босанғаннан кейінгі кезеңде сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетіледі.

Бұл әйелдер консультациясы алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғырту бағдарламасы аясында ашылды.

Негізгі мақсат — әйелдерге, әсіресе болашақ аналарға, қауіпсіз, ыңғайлы және уақтылы медициналық көмек көрсету.

🩺Бөлімшеде акушер-гинекологтар, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) мамандары, отбасын жоспарлау жөніндегі кеңесшілер қызмет атқарады. Сонымен қатар, болашақ аналарға арналған арнайы мектеп, психологиялық және заңгерлік көмек те қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, бағдарлама аясында әйелдерге көрсетілетін амбулаториялық-емханалық деңгейдегі қызметтер жетілдіріліп, олардың қолжетімділігі мен сапасы арттырылуда.

🔱Бағдарламаның негізгі бағыттары: жүктілік кезіндегі асқынуларды ерте анықтау, пренаталдық скрининг пен генетикалық зерттеулер жүргізу, психопрофилактика, қашықтан кеңес беру және патронаж ұйымдастыру. Қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету де қарастырылған.

❗️Сондай-ақ, репродуктивті денсаулықты сақтау, түсік жасатудың алдын алу, басқа медициналық мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеу және ана мен бала өлімін азайту мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

“Бұл орталықтың ашылуы – әйелдердің денсаулығына деген қамқорлықтың нақты көрінісі. Болашақ аналарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы біз ұлт саулығының негізін қалыптастырамыз”,- деп атап өтті басқарма басшысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM