ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.35K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ЖОЛДАУ-2025: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖИ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗЕДІ

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Президенттің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша негізгі қадамдарды ұсынды.

Денсаулық сақтау министрлігі: медициналық инфрақұрылымды дамыту, фармацевтикалық өндірісті кеңейту, процестерді цифрландыру және дәрігерлерді әлеуметтік қолдау сияқты ауқымды қайта құруларды іске қосады. Барлық шаралар - медициналық көмекті сапалы, қолжетімді және заманауи етуге бағытталған.

Жаңа ауруханалар мен перинаталдық орталықтар

🏥«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының 540-ы салынды. 2025 жылдың соңына дейін қалған 115 нысан іске қосылады. Барлық құрылыстар қаржыландырумен қамтамасыз етілген, ал аудандық ауруханаларды жаңарту 2026 жылы да жалғасады.

Сонымен қатар 12 заманауи перинаталдық орталық салынуда. Бірінші нысан Астанада салынып жатыр, биыл Шымкент пен Түркістан облысының Темірлан ауылында жұмыстар басталады.

Риддердегі көпбейінді аурухананың, Өскемендегі гематология орталығының және Ақтаудағы жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталуда.

Дәрілік қауіпсіздік

💊Қазақстан біртіндеп өзінің дәрі-дәрмек өндірісіне көшуде. Бүгінде елімізде ДДҰ-ның өмірлік маңызды препараттар тізімінен 107 атау (37%) шығарылады. Алдағы жылдары тағы 178 препарат (63%) өндірісін жолға қою жоспарлануда, бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде стратегиялық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ол үшін жыл соңына дейін фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары бекітілетін болады.

Медицинадағы жасанды интеллект

🔹Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ведомство жасанды интеллект технологияларының негізінде медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін енгізуді көздейтін кешенді жоспар әзірлейтін болады.

«ЖИ медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне, лицензиялау мен аккредиттеуден кейін медициналық ұйымдардың жұмысына мониторингке біріктірілетін болады. Біз сондай-ақ медициналық қызметке лицензиялардың қолданылу мерзімін енгізуді пысықтап жатырмыз», - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


🔹Дәрігерлердің қолдауы және дәрігерлердің қауіпсіздігі
2026 жылдан бастап өңірлерге медициналық кадрларды тарту үшін Отбасы банкінің тетіктері арқылы әкімдіктердің қолдауымен арнайы бейінді тапшы бағыттағы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету ұсынылады. Бұл әсіресе кадрлар тапшылығы ерекше сезілетін өңірлерге қатысты.

📍Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. «Қазақтелекоммен» және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2100 жедел жәрдем бригадасы бейнежетондармен, ал 644 қабылдау стационары — бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

🔹Денсаулық сақтау министрлігі Президенттің тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асырады: жаңа ауруханалар мен орталықтар салады, фармацевтиканы дамытады, цифрлық технологияларды енгізеді, дәрігерлердің мәртебесін көтереді және қорғайды.

Бұл қадамдар денсаулық сақтау жүйесін нығайтады және республиканың әрбір тұрғыны үшін медициналық көмекті заманауи және қолжетімді етеді.
ПОСЛАНИЕ-2025: МИНЗДРАВ ВНЕДРИТ СИСТЕМУ УПРАВЛЕНИЯ КАЧЕСТВОМ МЕДПОМОЩИ С ПРИМЕНЕНИЕМ ИИ

Сегодня на заседании Правительства министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова представила основные шаги по реализации поручений Президента, озвученных в Послании народу Казахстана 8 сентября 2025 года.

Министерство здравоохранения продолжает масштабные преобразования: развитие медицинской инфраструктуры, расширение фармацевтического производства, цифровизацию процессов и социальную поддержку врачей.

Новые больницы и перинатальные центры

🏥В рамках нацпроекта «Модернизация сельского здравоохранения» уже построено 540 из 655 объектов первичной медико-санитарной помощи. До конца 2025 года будут введены оставшиеся 115 объектов. Все стройки обеспечены финансированием, а обновление районных больниц продолжится и в 2026 году.

Параллельно возводятся 12 современных перинатальных центров. Первый объект уже строится в Астане, в этом году начнутся работы в Шымкенте и селе Темирлан Туркестанской области. Завершаются стройки многопрофильной больницы в Риддере, Центра гематологии в Усть-Каменогорске и станции скорой помощи в Актау.

Лекарственная безопасность

💊Казахстан постепенно переходит к устойчивому собственному производству лекарств. Сегодня в стране выпускается 107 наименований (37%) из списка жизненно-важных препаратов ВОЗ. В ближайшие годы планируется наладить производство еще 178 препаратов (63%), что обеспечит стратегическую независимость и безопасность в лекарственном обеспечении.

📊Для этого до конца года будет утвержден Комплексный план развития фармацевтической и медицинской промышленности.

Искусственный интеллект в медицине

🔹По поручению Главы государства ведомством будет разработан Комплексный план, который предусматривает внедрение системы управления качеством медпомощи на базе технологий искусственного интеллекта.

«ИИ будет интегрирован в Единую систему оплаты медицинской помощи, в мониторинг работы медицинских организаций после лицензирования и аккредитации. Мы также прорабатываем введение срока действия лицензий на меддеятельность», — отметила Акмарал Альназарова.


🔹Социальная поддержка и безопасность врачей

С 2026 года для привлечения медицинских кадров в регионы предлагается обеспечивать жильем специалистов узкопрофильных дефицитных направлений, при поддержке акиматов через механизмы Отбасы банка. Это особенно актуально для регионов, где особенно остро ощущается нехватка кадров.

🔹Отдельное внимание уделяется безопасности медицинских работников. Совместно с «Казахтелекомом» и местными исполнительными органами 2100 бригад скорой помощи будут обеспечены видеожетонами, а 644 приемных стационара — видеорегистраторами.

Министерство здравоохранения системно реализует поручения Президента: строит новые больницы и центры, развивает фармацевтику, внедряет цифровые технологии, повышает статус и защищает врачей.

Эти шаги укрепят систему здравоохранения и сделают медицинскую помощь более современной и доступной для каждого жителя республики.
2029 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕВМАТОЛОГТАР КОНГРЕСІ ӨТЕДІ


Қазақстан 2029 жылы Астанада өтетін Азия-Тынық мұхиты өңірі ревматологтарының халықаралық конгресін (APLAR) өткізуге өтінімді жеңіп алды.

Шешім Фукуок қаласында (Жапония) өткен 27-ші Халықаралық конгрестің барысында APLAR Бас Ассамблеясында қабылданды. 10 өтінімнің 5-і қабылданбады, финалға екі-Қазақстан мен Үндістан шықты. Дауыс беру нәтижесінде 18-ге 15 есебімен біздің еліміздің өтінімі жеңіске жетті.

Конгресс жұмысына 60-тан астам елден 2800-ден астам делегат, соның ішінде ревматологтар, терапевттер, ортопедтер, клиникалық иммунологтар, оңалту мамандары және іргелес бағыттардағы зерттеушілер қатысты.

Форумға қатысушылар ревматологиядағы соңғы жетістіктерді, заманауи терапиялық тәсілдерді және медициналық практикадағы күрделі клиникалық жағдайларды талқылады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық ревматологиялық орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас ревматологы, «Қазақ ревматология алқасы» РҚБ президенті, Еуразиялық ревматологтар лигасының (LEAR) президенті Ғалымжан Тоғызбаев ревматоидты артритпен ауыратын пациенттердің қазақстандық тіркелімі тақырыбында баяндама жасады.

Өткен конгресте ревматологтар ассоциациялары Азия-Тынық мұхиты лигасы Ассамблеясының вице-президенті болып бірауыздан Ғалымжан Тоғызбаев сайланды.

Анықтама үшін: Азия-Тынық мұхиты ревматология қауымдастығының лигасы 1963 жылы құрылды және Азия елдерін, араб мемлекеттерін, Аустралияны және Жаңа Зеландияны қоса алғанда 35 ұлттық бірлестікті біріктіреді.
В КАЗАХСТАНЕ В 2029 ГОДУ ВПЕРВЫЕ ПРОЙДЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНГРЕСС РЕВМАТОЛОГОВ


Казахстан выиграл заявку на проведение в 2029 году Международного конгресса ревматологов Азиатско-Тихоокеанского региона (APLAR), который состоится в Астане.
Решение было принято на Генеральной ассамблее APLAR в ходе 27-го Международного конгресса в Фукуоке (Япония). Из 10 заявок было отклонено 5, в финал вышли две – Казахстан и Индия. По итогам голосования с результатом 18 против 15 победу одержала заявка нашей страны.


В работе конгресса приняли участие более 2800 делегатов из более чем 60 стран, включая ревматологов, терапевтов, ортопедов, клинических иммунологов, специалистов по реабилитации и исследователей смежных дисциплин.
Участники форума обсудили последние достижения в области ревматологии, современные терапевтические подходы и сложные клинические случаи из медицинской практики.

Руководитель Республиканского ревматологического центра НИИ кардиологии и внутренних болезней, главный ревматолог Министерства здравоохранения РК, президент РОО «Казахская коллегия ревматологии», президент Евразийской лиги ревматологов (LEAR) Галымжан Тогизбаев выступил с докладом на тему казахстанского регистра пациентов с ревматоидным артритом.

На состоявшемся конгрессе вице-президентом ассамблеи Азиатско-Тихоокеанской лиги ассоциаций ревматологов единогласно избран Галымжан Тогизбаев.

Для справки: Азиатско-Тихоокеанская лига ассоциаций ревматологов была основана в 1963 году и объединяет 35 национальных ассоциаций, включая страны Азии, арабские государства, Австралию и Новую Зеландию.
👍4🤔1
МАҢҒЫСТАУДА ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ СӘТТІ БОСАНДЫ

Мамыр айында алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне күрделі операция жасалып, жүкті әйелді аман алып қалған болатын. Ал 8 қыркүйек күні сол науқас 36 апта 1 күн мерзімде кесарь тілігі арқылы сәбилі болды, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Гинеколог-хирург Юлия Досаханова басқарған босандыру отасы шамамен 30 минутқа созылып, еш қиындықсыз өтті. Отаға ассистент Алима Тапишова мен анестезиолог Серік Төкебаев қатысты. 1997 жылғы науқас қыз баланы дүниеге әкелді. Сәбидің салмағы – 2 келі 640 грамм, бойы – 50 см. Қазір ана мен нәрестенің жағдайы жақсы.

Еске сала кетейік, жүкті келіншек мамыр айында Жаңаөзеннен санитарлық авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған митралды қақпақшаның жедел инфекциялық эндокардиті, митралды қақпақша жеткіліксіздігінің III-IV сатысы, өкпе гипертензиясы диагнозын қойған еді. Сол кезде кардиохирург дәрігерлер Агзам Алдешев, Ербол Кудабаев бастаған команда митралды қақпақшаны ауыстыру бойынша күрделі ашық операция жасап, ананың да, баланың да өмірін сақтап қалған.

Бүгінде ол өзін жақсы сезінетінін айтып, облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлеріне ризашылығын білдірді.

«Мамыр айындағы алғашқы ота да, кешегі босандыру отасы да сәтті өтті. Өмірімді ақ халатты абзал жандарға сеніп тапсырмағанда, мұндай бақытты сәтті сезінбес едім. Дәрігерлердің біліктілігі мен мейірімділігінің, қолдауының арқасында қызымды аман-есен бауырыма басып отырмын. Аурухана дәрігерлері денсаулығымды әрдайым жіті бақылауда ұстады, қолдау көрсетіп, кеңесін айтты. Осы ретте аурухана басшылығына, дәрігерлер мен медбикелерге, соның ішінде кардиолог Алия Ахмадуллаевнаға және гинеколог Юлия Асенбаевнаға алғысым шексіз. Елдің алғысына бөленіп, жетістікке жете беріңіздер», – деді ол.
👏2👍1
В МАНГИСТАУ УСПЕШНО РОДИЛА ЖЕНЩИНА, КОТОРОЙ РАНЕЕ СДЕЛАЛИ СЛОЖНУЮ ОТКРЫТУЮ ОПЕРАЦИЮ НА СЕРДЦЕ


В мае текущего года впервые беременной женщине была проведена сложная операция на сердце, которая спасла ей жизнь. А 8 сентября эта пациентка, находившаяся на сроке беременности 36 недель, родила ребенка путем кесарева сечения, сообщает пресс-служба Мангистауской областной больницы.

Операция по родоразрешению под руководством гинеколога-хирурга Юлии Досахановой длилась около 30 минут и прошла без осложнений. В ней приняли участие ассистент Алимa Тапишова и анестезиолог Серик Төкебаев.

Пациентка 1997 года рождения родила девочку весом 2 кг 640 г и ростом 50 см. В настоящее время состояние матери и ребенка удовлетворительное.

Напомним, в мае беременную женщину доставили санитарной авиацией из Жанаозена в областную больницу.

Врачи диагностировали у нее острый инфекционный эндокардит митрального клапана, митральную недостаточность III–IV степени и легочную гипертензию. Тогда команда кардиохирургов под руководством врачей Агзама Алдешева и Ербола Кудабаева провела сложную открытую операцию по замене митрального клапана, сохранив жизнь матери и ребенку.

Сегодня женщина чувствует себя хорошо и выразила благодарность врачам областной многопрофильной больницы.

«И майская операция, и вчерашнее кесарево сечение прошли успешно. Если бы я не доверила свою жизнь этим замечательным врачам, не испытала бы сейчас это счастливое чувство. Благодаря их профессионализму, заботе и поддержке я держу на руках свою дочку. Врачи постоянно внимательно следили за моим здоровьем, помогали и давали советы. Хочу выразить огромную благодарность руководству больницы, врачам и медсестрам, особенно кардиологу Алии Ахмадуллаевне и гинекологу Юлии Асенбаевне. Пусть ваши знания и труд всегда приносят успех и признание народа», – сказала она.
👏1
🩺 СКРИНИНГ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМЕТТЕР: МАҚСАТТЫ ТОПТАР, АУРУЛАР, ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ



Скрининг – бұл аурудың алғашқы белгілері байқалмай тұрып, денсаулық жағдайын алдын ала тексеру. Адам өзін жақсы сезінгенімен, денесіндегі кейбір алаңдатарлық белгілерді байқамауы немесе маңыз бермеуі мүмкін.

🩻Дәл осы кезде скрининг аурудың бастапқы кезеңін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл адамға өмір салтын дер кезінде өзгертуге кеңес беруге, қажет болса емдеуді ертерек бастауға жол ашады.

Скринингтік тексерулер аурудың асқынуына жол бермей, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін ауыр зардаптардан қорғауға көмектеседі.


СКРИНИНГТЕН ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ӨТУГЕ БОЛАДЫ?

📍Скринингтен өту тәртібі мен көлемі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекспен реттеледі.

Аталған Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексерулер мен скринингтік зерттеулерден міндетті түрде өтуі тиіс.

Тіпті ешқандай шағым немесе белгілер болмаған күннің өзінде скрининг тексеруінен өту – өз денсаулығыңызға сенімді болудың ең тиімді жолы.

Скринингтер тегін жүргізіледі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің шеңберінде.

Скринингтен тіркелген емханаңызда өте аласыз. Жеке куәлігіңіз болуы жеткілікті.


СКРИНИНГ ҚАНДАЙ АУРУЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН?

📍Скринингтік тексерулер келесі ауруларды ерте анықтауға және алдын алуға бағытталған:
- Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары (артериялық гипертония, ишемиялық жүрек ауруы);
- Қант диабеті;
- Глаукома;
- Сүт безі қатерлі ісігі;
- Жатыр мойны қатерлі ісігі;
- Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі (колоректалды обыр);
- В және С вирустық гепатиттері;
- Ми қан айналымының бұзылыстары.
Бұрын онкоскринингтер тек сақтандырылған азаматтар үшін ғана қолжетімді болса, 2025 жылдан бастап олар ТМККК пакетіне енгізілді. Енді бұл тексерулер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар үшін қолжетімді.


ҚАНДАЙ ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТАР СКРИНИНГТЕН ӨТЕДІ ЖӘНЕ ҚАНША ЖИІ?

📍Скринингтен өту жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жүргізіледі:

Артериялық гипертония және ишемиялық жүрек ауруы – 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;
Қант диабеті – 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;
Глаукома – 40–76 жас аралығындағы азаматтар;
Сүт безі қатерлі ісігі – 40–76 жастағы әйелдер;
Жатыр мойны қатерлі ісігі – 30–74 жастағы әйелдер;
Колоректалды қатерлі ісік – 50–76 жастағы ерлер мен әйелдер;
В және С вирустық гепатиттер – келесі топтарда:
- медицина қызметкерлері;
- жоспарлы және шұғыл операция алдында жатқан науқастар;
- гемодиализ, гематология, онкология, трансплантология орталықтары мен бөлімшелеріндегі емделушілер;
- қан құю, трансплантация (ағзалар, тіндер, жасушалар), жүктілік кезінде.

Ми қан айналымының бұзылыстары – 50–76 жастағы ер адамдар.

Скринингке тіркелген емханаңызда жеке куәлігіңізбен баруыңыз қажет


НЕГЕ СКРИНИНГТІ ЕСКЕРМЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

📍Көптеген аурулар ерте кезеңде ешқандай белгісіз өтеді. Сіз қауіпті дерттің дамып жатқанын білмей қалуыңыз мүмкін.
Скрининг – ауруды оның клиникалық белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Ерте басталған ем – тиімді әрі нәтижелі.
Скринингтің пайдасы:
- Созылмалы және онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің төмендеуі;
- Халық өмірінің ұзақтығы мен сапасының артуы;
- Өз денсаулығына деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

СКРИНИНГКЕ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ?

📍Скринингке жазылу үшін:
- емхана регистратурасына хабарласыңыз;
- call-орталыққа қоңырау шалыңыз;
- медициналық ұйымның мобильді қосымшасы немесе порталы арқылы жазылыңыз

Көп жағдайда учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер тұрғындарды жас және басқа критерийлер бойынша тізімдеп, өздері шақырады.


СКРИНИНГТЕН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

📍Егер скрининг нәтижесінде қандай да бір ауытқулар анықталса, сіз нақты диагноз қою үшін қосымша тексеруге немесе маманға жіберілесіз.
Ауру расталған жағдайда – емдеу мен бақылау тағайындалады.
Егер ешқандай ауытқу болмаса – денсаулығыңыздың жақсы күйде екендігі расталып, алдын алу бойынша кеңес аласыз.
👍1
ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚАДІРЛЕҢІЗ – СКРИНИНГТЕН УАҚЫТЫНДА ӨТІҢІЗ!

🔹Аурудың алдын алу – емдеуден әлдеқайда жеңіл, тиімді және арзан. Скрининг – бұл сіздің құқығыңыз, әрі болашағыңызға салынған инвестиция.
🔥1
ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ О СКРИНИНГАХ: ЦЕЛЕВЫЕ ГРУППЫ, ЗАБОЛЕВАНИЯ, КАК ЗАПИСАТЬСЯ

🔹Скрининг, или скрининговые исследования – это заблаговременная проверка состояния здоровья, болезни до ее проявления.

Человек может не замечать тревожные сигналы, или не придавать им значения, он чувствует себя здоровым.

🩻Именно скрининг позволяет установить наличие ранней формы болезни, после чего человек может получить своевременные рекомендации по образу жизни, и даже сразу начать лечение.

Данная практика помогает предотвратить прогрессирование заболеваний и защитить пациентов от грозных осложнений, которые часто приводят к инвалидизации, или даже к смерти.

Когда и как можно будет пройти скрининг?

📍Определение порядка и объема отпуска для прохождения скрининговых исследований регулируется Кодексом «О здоровье народа и системе здравоохранения».
Согласно пункту 3 статьи 80 данного Кодекса, граждане Республики Казахстан ОБЯЗАНЫ проходить профилактические медицинские осмотры и скрининговые исследования.
Осмотр граждан нужен даже при абсолютном отсутствии каких-либо симптомов – исключительно для уверенности в своём здоровье.
Скрининговые обследования в полном объеме проводятся бесплатно, в рамках гарантированного объёма бесплатной медицинской помощи и пакета медицинского страхования.
Пройти его можно в поликлиниках по месту прикрепления, где Вы наблюдаетесь. При себе нужно иметь документ удостверяющий личность.

На что направлены скрининговые осмотры?

📍Скрининговые осмотры населения направлены на раннее выявление и предупреждение, таких болезней как:
 по основным болезням системы кровообращения (артериальная гипертония, ишемическая болезнь сердца);
 сахарный диабет;
 глаукома;
 рак молочной железы;
 рак шейки матки;
 колоректальный рак;
 вирусный гепатит В и С;
 нарушение мозгового кровообращения.

Необходимо отметить, что до недавнего времени окноскрининги были доступны только застрахованному населению в рамках пакета ОСМС.

Благодаря пересмотру с 2025 года онкоскрининги переведены в пакет ГОБМП и доступны всем гражданам, независимо от статуса страхования.

Какие возрастные категории имеются по заболеваниям для прохождения скрининга? И какая перодичность прохождения скрининга?

- Раннее выявление артериальной гипертонии, ишемической болезни сердца: мужчины и женщины в возрасте от 40 до 76 лет;
- Раннее выявление сахарного диабета: мужчины и женщины в возрасте от 40 до 76 лет;
- Раннее выявление глаукомы: мужчины и женщины от 40 до 76 лет;
- Раннее выявление рака молочной железы: женщины от 40 до 76 лет;
- Раннее выявление рака шейки матки: женщины от 30 до 74 лет;
- Раннее выявление колоректального рака: мужчины и женщины от 50 до 76 лет;
- раннее выявление вирусных гепатитов В и С (медицинские работники, пациенты, поступающие на плановые и экстренные оперативные вмешательства, центров и отделений гемодиализа, гематологии, онкологии, трансплантации, сердечно-сосудистой и легочной хирургии, получающие гемотрансфузии, трансплантацию и пересадку органов (части органов), тканей, половых, фетальных, стволовых клеток и биологических материалов, беременные женщины)
- раннее выявление нарушений мозгового кровообращения: мужчины от 50 до 76 лет.


Проходить скрининг можно в своей поликлинике при наличии удостверения личности.

Почему важно не пренебрегать скринингом?

📍Многие заболевания на ранней стадии протекают бессимптомно, и Вы можете не догадываться о существующей угрозе. Скрининг позволяет вовремя «поймать» болезнь до её клинических проявлений, когда лечение наиболее эффективно, а прогноз — благоприятный.
Регулярное прохождение скрининговых исследований способствует:
- снижению уровня смертности от хронических и онкологических заболеваний;
- повышению продолжительности и качества жизни населения;
- формированию культуры ответственного отношения к собственному здоровью.

Как записаться на скрининг?

📍Для прохождения скринингового обследования вы можете обратиться в регистратуру своей поликлиники, позвонить в call-центр или воспользоваться мобильным приложением/порталом вашей медицинской организации.
👍1