ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.35K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
МСАК медицина қызметкерлерін ынталандырудың жаңа жүйесі созылмалы аурулардың профилактикасына бағытталған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің жаңартылған жүйесін ұсынды.

Өзгерістердің себептері

🔹Жүйені жетілдіру қажеттілігі бастапқы буын дәрігерлерінің ерекше еңбек жағдайларымен, жоғары психоэмоционалды жүктемемен және созылмалы инфекциялық емес аурулардың (СИЕА) профилактикасы рөлінің артуымен байланысты.

ЖБЫНК 2011 жылы енгізілген және ұзақ уақыт бойы қайта қаралмаған, бұл оның мотивация құралы ретіндегі тиімділігін төмендеткенін ескере кеткен жөн. Сонымен қатар, 2020-2024 жылдар кезеңінде СИЕА бойынша шұғыл емдеуге жатқызу санының 2-4%-ға өсуімен медициналық қызметтерге шығындар 600%-ға өсті.

Жаңа тәсілдер

🔹Жаңартылған ЖБЫНК-тің басты міндеті - пациенттерді ерте анықтау және динамикалық бақылау арқылы профилактикалық жұмысты күшейту және емдеуге жатқызуды азайту.
Жаңадан әзірленген индикаторлар толығымен автоматтандырылған, формалды тәсілді болдырмайды және учаскелер жұмысының нәтижелілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

🔹Жұмысты сапалы орындау кезінде көтермелеу сомасы тоқсанына 1,7 млн теңгеге жетуі мүмкін. Төлемдер учаскелік дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге, сондай-ақ жүкті әйелдермен жұмыс істейтін акушерлерге арналған.

Балдық жүйе

🔹50 балл (1 балл = 4,5 АЕК) — қанайналым жүйесі аурулары мен қант диабеті бар пациенттерді толық динамикалық бақылау үшін;
* 25 балл — созылмалы ауруларды ерте анықтау және әйелдерді жүктілікке дейін сауықтыру;
* Бонустар (1 бонус = 5 АЕК) — қатерлі ісіктерді және туберкулез жағдайларын анықтағаны үшін.

Күтілетін нәтижелер

Жаңа жүйені енгізу:

✔️СИЕА байланысты асқынулар мен шұғыл ауруханаға жатқызу санын азайтуға;

✔️профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға;

✔️дәрігерлердің халықпен әріптестігін нығайтуға;

✔️азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттануын арттыруға мүмкіндік береді.


Жаңа шаралар бастапқы буын мамандары үшін пәрменді ынталандыру болады және созылмалы аурулармен күресте ұзақ мерзімді әсерді қамтамасыз етеді.
Новая система стимулирования медработников ПМСП направлена на профилактику хронических заболеваний

Министерство здравоохранения Республики Казахстан представило обновленную систему стимулирующего компонента подушевого норматива (СКПН), направленную на мотивацию медицинских работников первичной медико-санитарной помощи (ПМСП).

Причины изменений

🔹Необходимость совершенствования системы связана с особыми условиями труда врачей первичного звена, высокой психоэмоциональной нагрузкой и возрастающей ролью профилактики хронических неинфекционных заболеваний (ХНИЗ).

📍Напомним, СКПН был введен еще в 2011 году и долгое время не пересматривался, что снижало его эффективность как инструмента мотивации. Между тем, за период 2020–2024 гг. при росте числа экстренных госпитализаций по поводу ХНИЗ на 2–4%, расходы на медицинские услуги увеличились на 600%.

Новые подходы

🔹Главная задача обновленного СКПН — усиление профилактической работы и снижение госпитализаций за счет раннего выявления и динамического наблюдения пациентов.
Вновь разработанные индикаторы полностью автоматизированы, исключают формальный подход и позволяют объективно оценить результативность работы участков.

⚜️При качественном выполнении работы сумма поощрения может достигать 1,7 млн тенге в квартал. Выплаты предусмотрены для участковых врачей, медсестер, фельдшеров, а также акушерок, работающих с беременными женщинами.

Система начисления баллов

🔹50 баллов (1 балл = 4,5 МРП) — за полноценное динамическое наблюдение пациентов с болезнями системы кровообращения и сахарным диабетом;
• 25 баллов — за раннее выявление хронических заболеваний и оздоровление женщин до беременности;
• Бонусы (1 бонус = 5 МРП) — за выявление злокачественных новообразований и случаев туберкулеза.

Ожидаемые результаты

Внедрение новой системы позволит:

✔️снизить осложнения и количество экстренных госпитализаций по причине ХНИЗ;

✔️повысить качество профилактической работы;

✔️укрепить партнерские отношения врачей с населением;

✔️повысить удовлетворенность граждан системой здравоохранения.

Новые меры станут действенным стимулом для специалистов первичного звена и обеспечат долгосрочный эффект в борьбе с хроническими заболеваниями.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Бетпе-бет» бағдарламасының студиясында денсаулық сақтау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту призмасы арқылы Президенттің Жолдауын іске асыру туралы айтып берді.

⚜️Жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының 540-ы салынды, қалған 115-і 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 перинаталдық орталық салынуда, 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылуда, жыл соңына дейін Риддердегі аурухана, Өскемендегі гематология орталығы және Ақтаудағы жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталады.
👍1
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Хуанжан медициналық орталығынан Shanghai Maijieke Investment Management Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Ведомство басшысы Қазақстан мен Қытай тату көршілік, стратегиялық әріптестік және көпжылдық ынтымақтастық қарым-қатынастарын байланыстыратынын атап өтті.

Бүгінгі таңда екі елдің де медицина ғылымын дамытуға, цифрландыруға, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға және инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда.

«Біз медициналық жабдықтарды қалпына келтіру және жаһандық сауда бойынша бірегей үлгіні жүзеге асыратын сіздерің компанияңыздың үлкен әлеуетін атап өтеміз. Қазақстан медициналық технологияларды жаңартуға және ұтымды пайдалануға мүдделі және біз сервистік қызмет көрсету және кадрларды даярлау орталықтарын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды қарауға дайынбыз», — деді министр.
А.АЛЬНАЗАРОВА С ДЕЛЕГАЦИЕЙ КНР ОБСУДИЛИ СОВМЕСТНЫЕ ИНИЦИАТИВЫ В СФЕРЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова провела встречу с представителями компании Shanghai Maijieke Investment Management Co., Ltd. из медицинского центра Хуанжань.

В ходе переговоров стороны обсудили перспективы развития сотрудничества в сфере здравоохранения.

Глава ведомства отметила, что Казахстан и Китай связывают давние отношения добрососедства, стратегического партнерства и многолетнего сотрудничества.

Сегодня особое внимание обеих стран уделяется развитию медицинской науки, цифровизации, модернизации инфраструктуры здравоохранения и внедрению инновационных технологий.

«Мы отмечаем большой потенциал вашей компании, которая реализует уникальную модель по восстановлению и глобальной торговле медицинским оборудованием. Казахстан заинтересован в обновлении и рациональном использовании медицинских технологий, и мы готовы рассматривать совместные проекты, направленные на развитие центров сервисного обслуживания и подготовки кадров», — сказала министр.



По итогам встречи стороны подтвердили намерение развивать сотрудничество в вопросах применения цифровых технологий в здравоохранении Казахстана, поставки медицинского оборудования, реализации совместных мероприятий по строительству объектов здравоохранения, применения китайского опыта в части уничтожения медицинских отходов и др.
👍2
В ВКО ПРИБЫЛ ПОЕЗД «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»

Медицинский поезд «Саламатты Қазақстан» прибыл в Восточно-Казахстанскую область.

Первым пунктом прибытия стало село Предгорное Глубоковского района.

Жители села уже отметили удобство и востребованность инициативы. Люди идут к поезду на приемы врачей и обследования с раннего утра и до вечера.

«Сегодня я посетил «Поезд здоровья», был очень рад пройти обследование у окулиста и терапевта. Честно говоря, раньше все откладывал визит к врачам. То работа, то дела… А тут врачи приехали практически к дому. Это очень удобно и важно для нас», — поделился впечатлениями сельчанин Андрей Ершов.


В течение двух дней поезд будет принимать пациентов в Предгорном. Также сюда приезжают жители соседних сел — Верхберезовки, Кожохово и Веселовки.
ШҚО-ҒА «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ КЕЛДІ

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Шығыс Қазақстан облысына келді. Бірінші келу пункті Глубокое ауданының Предгорное ауылы болды.

Ауыл тұрғындары бастаманың ыңғайлылығы мен қажеттілігін атап өтті. Адамдар пойызға таңертеңнен кешке дейін келуде.

«Бүгін мен «Денсаулық пойызына» бардым, көз дәрігері мен терапевттен зерттеп-қараудан өткеніме өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, бұрын дәрігерлерге баруды кейінге қалдыратынмын. Біресе жұмыс, біресе істеріммен қолым тимейтін, енді дәрігерлер үйіме келді. Бұл біз үшін өте ыңғайлы және маңызды», — деді ауыл тұрғыны Андрей Ершов.


Екі күн бойы пойыз Предгорныйда пациенттерді қабылдайды. Сондай-ақ, мұнда көрші ауылдардың тұрғындары - Верхберезовка, Кожохово және Веселовка келеді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНДА ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ


Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірлесіп Абай Құнанбаев атындағы №87 гимназия мен Астана қаласындағы №99 жалпы білім беретін мектепке барды.

👉Сапар барысында ведомство басшылары мектептегі тамақтанудың жаңа стандартының енгізілуімен, сондай-ақ ағымдағы жылы ашылған стоматологиялық кабинеттердің жұмысымен танысты.

Бірінші баратын жер мектеп асханасы болды, онда басшылар тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеріп, жаңа стандартқа сай дайындалған тағамдардың дәмін татты.

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енді, онда алғаш рет семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайту мақсатында тұздың 5 есеге дейін және қанттың 3,6 есеге дейін шектелуі бекітілді.
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

Сондай-ақ, құжат диеталық қажеттіліктері бар оқушылардың, соның ішінде тағамдық аллергиясы және глютенге төзбеушілігі бар балалардың тамақтануына назар аударады.

🍱Жаңартылған мәзірде балық пен сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бұршақ дақылдары мен дәнді дақылдар ерекше орын алады. «Жеуге жарамсыздық индексі» ұғымы енгізілді — бұл пісірілген тағамдардың қанша бөлігі табақтарда қалатынын көрсететін көрсеткіш.

Екінші негізгі бағыт - «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде мектеп стоматологиясын дамыту. Оқу-ағарту министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп 150-ге жуық стоматологиялық кабинет ашылды, жыл соңына дейін олардың саны 240-тан асады, ал 2028 жылға қарай Қазақстан мектептерінде 1000-нан астам осындай кабинет жұмыс істейтін болады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, балалардың арасында тісжегінің жоғары таралуын ескере отырып, мектеп стоматологиялық кабинеттері ауру деңгейін төмендетуге және өскелең ұрпақтың ауыз қуысына күтім жасау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

«Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы. Мектеп әр бала физикалық және рухани жағынан күшті болатын кеңістік болуы керек. Сауықтыру-педагогикалық тәсілге баса назар аудара отырып, саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру сапалы оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады», – деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.


«Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді даму үшін жағдай жасау туралы тапсырмасы бойынша біз мектеп медицинасын дамыту шеңберінде оқушылардың денсаулығын жақсарту үшін бірқатар маңызды қадамдарды қабылдадық. Бүгін біз дұрыс тамақтану стандартына негізделген жаңа мектеп мәзірінің енгізілгенін көрдік. Енді балалардың диетасында жаңа және пайдалы тағамдар көп. Биыл бірқатар мектептерде балалар тегін профилактикалық көмек ала алатын стоматологиялық кабинеттер ашылды. Бұл шаралардың барлығы ағзаның өсуінің ең маңызды кезеңінде балаларды сауықтыруға және жас кезінен бастап өз денсаулығына қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», - деп атап өтті А. Әлназарова.


✅Екі ведомство басшылары саламатты тамақтану стандарттарын енгізу, мектеп медицинасын дамыту және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз білім беру ортасын құру жөніндегі бірлескен бастамаларды белсенді іске асыра отырып, балалардың денсаулығын сақтау ісінде өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩1
⚡️ГЛАВА МИНЗДРАВА ОЗНАКОМИЛАСЬ С РЕАЛИЗАЦИЕЙ НОВОГО СТАНДАРТА ПИТАНИЯ В ШКОЛЬНЫХ СТОЛОВЫХ


Сегодня министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова совместно с министром просвещения РК Гани Бейсембаевым посетили гимназию №87 имени Абая Кунанбаева и общеобразовательную школу №99 в городе Астана.

👉В ходе визита главы ведомств ознакомились с внедрением нового стандарта школьного питания, а также работой стоматологических кабинетов, открытых в текущем году.

Первым пунктом посещения стала школьная столовая, где руководители осмотрели организацию питания и провели дегустацию блюд, приготовленных по новому стандарту.

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
С 1 сентября 2025 года вступил в силу новый стандарт школьного питания, где впервые в целях снижения риска развития ожирения, диабета, сердечно-сосудистых и других заболеваний закреплены ограничения по содержанию соли до 5 раз и сахара до 3,6 раза.
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

Также в документе уделено внимание питанию учащихся с диетическими потребностями, включая детей с пищевой аллергией и непереносимостью глютена.

🍱В обновленном меню особое место занимают рыба и кисло-молочные продукты, овощи, фрукты, бобовые и злаки. Введено понятие «индекс несъедаемости» — показатель, отражающий, какая часть приготовленных блюд остается на тарелках.
Второе ключевое направление – развитие школьной стоматологии в рамках программы «Болашаққа сау тіспен». Совместно с Министерством просвещения и акиматами уже открыто порядка 150 стоматологических кабинетов, до конца года их количество превысит 240, а к 2028 году в школах Казахстана будет функционировать свыше 1000 таких кабинетов.

По словам министра здравоохранения, с учетом высокой распространенности кариеса среди детей, школьные стоматологические кабинеты помогут снизить уровень заболеваемости и сформировать у подрастающего поколения культуру ухода за полостью рта.


«Обеспечение безопасности и здоровья наших детей — наиважнейший приоритет государственной политики. Школа должна быть пространством, где каждый ребенок будет расти физически и духовно сильным. Формирование культуры здорового образа жизни с акцентом на оздоровительно-педагогический подход является неотъемлемой частью качественного обучения», – подчеркнул министр просвещения Гани Бейсембаев.



« По поручению Главы государства об укреплении безопасности детей, защите их прав и создании условий для гармоничного развития нами приняты ряд важных шагов для улучшения здоровья учащихся в рамках развития школьной медицины. Мы сегодня увидели, как внедряется новое школьное меню, разработанное на основе стандарта здорового питания. Теперь в рационе детей больше свежих и полезных продуктов. В этом году в ряде школ открылись стоматологические кабинеты, где дети могут бесплатно получить профилактическую помощь. Все эти меры направлены на оздоровление детей в самый важный период роста организма и формирование культуры заботы о своем здоровье с самого раннего возраста», – отметила А. Альназарова.


✅Главы двух ведомств договорились укреплять взаимное сотрудничество в деле охраны здоровья детей, активно реализуя совместные инициативы по внедрению стандартов здорового питания, развитию школьной медицины и созданию безопасной образовательной среды для подрастающего поколения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🇰🇿ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұлттық реттеу жүйесін бағалау үшін Қазақстанға келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының делегациясымен кездесті

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың доктор Алирэаз Хадим бастап келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) делегациясымен кездесуі өтті.

🔹ДДСҰ сарапшыларының сапарлап келу мақсаты – Жаһандық бенчмаркинг құралының көмегімен Қазақстанның ұлттық реттеу жүйесіне кешенді бағалау жүргізу. Бағалау дәрілік заттар айналымы саласындағы тіркеу, сараптау, фармакоқадағалау, инспекциялау, маркетингтен кейінгі қадағалау және бақылау, лицензиялау, зертханалық зерттеулер және клиникалық зерттеулерді қадағалауды қоса, реттеу функцияларының негізгі индикаторларын қамтиды.

Аудит бір апта бойы өткізіледі, оның қорытындылары бойынша институттық дамыту жоспары жаңартылады және Қазақстанның ұлттық реттеу жүйесін әріқарай нығайтудың жол картасы келісіледі.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤩2
🔹Министрдің айтуынша, еліміздің ұлттық реттеу жүйесі белсенді даму үстінде және жаңа кемелдік деңгейіне көтерілген: заңнамалық база жаңартылуда, заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтері енгізілуде, тіркеу рәсімдері оңтайландырылуда. Ұлттық реттеуді халықаралық стандарттармен үйлестіруге, PIC/S жүйесіне қосылуға даярлануға, сонымен қатар ЕАЭО, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түрік мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде ынтымақтасуды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Әлназарова ханым Қазақстанның сұхбаттастыққа дайын екенін мәлімдеп, ДДСҰ-мен бірге күш жұмылдырумен ұлттық реттеу жүйесінің келесі үшінші кемелдік деңгейіне сәтті көтерілетініне сенімділігін білдірді.

ДДСҰ делегациясының жетекшісі, доктор Алирэз Хадим өз тарапынан Денсаулық сақтау министрлігіне реттеу жүйесін дамыту жолындағы айнымас табандылық пен Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы ұзақ уақыт жалғасып келе жатқан ынтымақтастық үшін алғыс айтты.

🔹Ол алғашқы сапарлар сәтінен бастап елеулі ілгері дамудың байқалатынына сүйініш білдірді: елде тіркеу және бақылау мақсатындағы цифрлық шешімдер енгізілген, қазіргі замандық зертханалар дамытылуда, үдерістердің ашықтығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілген, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара әрекеттесудің тұрақты желісі құрылған. Бірқатар бағыттар — мысалы, зертханалардың жұмыс деңгейі бойынша Қазақстан 4 деңгейге жуық кемелдік деңгейінің көрінісін береді.

📊Сарапшының сөзі бойынша, ағымдағы бағалау инспекциялау мен тіркеу куәліктерін беруден бастап фармакологиялық қадағалау және этикалық комитеттерді басқаруға дейінгі реттеу жүйесінің 8-9 функциясын талдауды қамтитын ДДСҰ стандартты әдіснамасы (Global Benchmarking Tool) бойынша жүргізіледі.

Доктор Хадим Қазақстанның өңірлік реттеушілер желісінде айшықты рөл атқаратынын және осы саланың даму келешегінде ауқымды қуаттылығы танылатынын атап өтті.