ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.25K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤️Әр шаңыраққа жақын дәрігер: ауыл медицинасының жанашыры

“Менің сүйікті дәрігерім” айдарынының келесі кейіпкері – Жамбыл облысының Талас аудандық орталық көпбейінді ауруханасына қарасты Есейхан дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Бекжан Мырзағұлов. Ол өз ісіне адал, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген білікті маман, барлық ауыл тұрғындарының алғысын арқалаған абзал жан. Күн сайын тұрғындарды қабылдап, аурулардың алдын алу және емдеу жұмыстарын жүргізіп, халықтың сеніміне ие болып келеді.

Бекжан Мырзағұлов ауылдағы әр жанұяның жағдайын біліп, ауыл медицинасына еңбек етіп келе жатқанына тоғыз жылдың жүзі болған. Мұндай медицина мамандарының еңбегі әрдайым құрмет пен алғысқа лайық.

➖➖➖➖➖➖➖➖

❤️Врач, близкий каждой семье: на страже здоровья села

Герой очередного выпуска рубрики “Мой любимый доктор” – врач Есейханской врачебной амбулатории центральной многопрофильной больницы Таласского района Жамбылской области Бекжан Мырзагулов. Преданный своему делу специалист ежедневно трудится на благо сельских жителей, вносит значимый вклад в развитие первичной медико-санитарной помощи.

Благодаря высокому профессионализму, внимательному отношению к пациентам и искренней заботе о людях он заслужил уважение и признательность населения. Доктор ежедневно ведёт приём, проводит профилактическую работу, занимается диагностикой и лечением заболеваний, укрепляя доверие жителей к системе здравоохранения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💧Күн сайын Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында бөлімше дәрігерлері мыңдаған адамның өмірін сақтап, аса күрделі операциялар жүргізеді, емдеудің заманауи әдістерін енгізіп, мыңдаған пациенттің өмір жолын жалғастыруына көмектеседі.

🎉Медицина қызметкері күні қарсаңында – өз өмірін адам денсаулығы мен амандығына арнаған жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

➖➖➖➖➖➖


💧Ежедневно в КазНИИОиР врачи отделения спасают тысячи жизней, проводят сложнейшие операции, внедряют современные методы лечения и помогают тысячам пациентов продолжать свой путь.

🎉В преддверии Дня медицинского работника — слова благодарности тем, кто посвятил свою жизнь служению людям.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✨ Әуедегі әрбір сәт – өмір үшін мүмкіндік: медициналық авиация дәрігерінің оқиғасы

🙌 Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Медициналық авиация департаментінің дәрігері Борис Валерьевич Сартаев жұмысы туралы айтып берді.

📌 Қызметкерлер күн сайын маңызды миссияны атқарады. Шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету, пациенттерді елдің ең шалғай аймақтарына және шетелден жеткізуді қамтамасыз етеді. Олардың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында жүздеген пациент өмірлік маңызды сәттерде қажетті көмекті алады.

Медициналық авиация — бұл жоғары жауапкершілік, жедел шешім қабылдау және тәулік уақыты мен қашықтыққа қарамастан кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайындық.

Олардың еңбегі — аман қалған сан түрлі өмір, науқастар мен олардың жанұялары үшін үміт пен сенім.

🫶 Медицина қызметкерлеріне еңбегі, кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдіреміз!

⚜️⚜️⚜️

✨ Каждая минута в небе — возможность спасти жизнь: история врача медицинской авиации

🙌 В преддверии Дня медицинского работника врач Департамента медицинской авиации Национального координационного центра экстренной медицины Борис Валерьевич Сартаев рассказал о своей работе.

📌 Сотрудники службы ежедневно выполняют важную миссию — обеспечивают своевременную экстренную медицинскую помощь, доставку пациентов в самые отдалённые регионы страны и из-за рубежа. Благодаря их профессионализму и слаженной работе сотни пациентов получают необходимую помощь в критически важные сроки.

Медицинская авиация — это высокая ответственность, быстрые решения и готовность работать в любых условиях, вне зависимости от времени суток и расстояний.

Их труд — это спасённые жизни, надежда и уверенность для пациентов и их семей.

🫶Благодарим медицинских работников за их труд, профессионализм и преданность своему делу!

#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✨ Бұл жай ғана мамандық емес. Бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл жай ғана өмірлік таңдау емес. Сіз күн сайын адамдардың денсаулығы мен өміріне тікелей қатысты шешімдер қабылдайсыз.

🩷 Сіз өмірге келген сәбилерді алғаш қарсы алып, пациенттерге ең қиын сәттерде көмек көрсетесіз. Басқалар тынығып жатқанда еңбек етесіз. Барынша жинақылық қажет болатын жағдайда сабыр сақтайсыз. Үміт аса қажет болған кезде адамдарға сенім мен үміт сыйлайсыз.

🫶 Бүгін біз өмірін медицинаға арнаған жандардың барлығына – дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге, санитарларға, зертхана мамандарына, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларына, ғалымдарға және денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Егер бұл бейнежазба жүрегіңізге жетсе, медицина қызметкерлерін қолдаңыз – оны өз парақшаңызда бөлісіңіз.

⚜️⚜️⚜️

✨ Не просто профессия. Не просто работа. Не просто призвание.
Каждый день вы принимаете решения, от которых зависят здоровье и жизнь людей.

🩷 Вы встречаете первых новорожденных и помогаете пациентам в самые сложные моменты. Вы работаете тогда, когда другие отдыхают. Сохраняете спокойствие там, где нужна максимальная концентрация. Дарите надежду, когда ее особенно не хватает.

🫶 Сегодня мы говорим спасибо всем, кто посвятил себя медицине –врачам, медицинским сестрам, фельдшерам, санитаркам, лаборантам, преподавателям медицинских вузов, ученым и всем специалистам системы здравоохранения.

Если это видео откликнулось вам, поддержите наших медицинских работников - поделитесь им на своей странице.

Ұлт саулығы – Ел болашағы!
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#СпасибоВрачам
#ДәрігерлергеМыңАлғыс
🔥4👍1👏1
РБЖ 2.0: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КАДРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕРЕКТЕРІН ӨЗЕКТЕНДІРУГЕ БІР АЙ МЕРЗІМ БЕРДІ

⚜️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде саланы кадрлық қамтамасыз ету, медициналық мамандар даярлау және медициналық білім беруді дамыту мәселелері қаралды.

📌 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бір айдың ішінде РБЖ 2.0 ақпараттық жүйесіндегі (ресурстарды басқару жүйесі) деректерді өзектендіру жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл медициналық кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейін объективті бағалауға және кадрлық жоспарлау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ведомствоның дерегі бойынша 2026 жылғы 1 қаңтарда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 276 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 86,5 мыңға жуық дәрігер және 189,5 мың орта буын медицина қызметкері бар.


⚡️ Сонымен қатар, дәрігер кадрларының ресми тапшылығы 23 161 штаттық бірлікті, ал орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 22 649 штаттық бірлікті құрайды.

РБЖ2.0 ақпараттық жүйесін енгізу медициналық ұйымдардың нақты кадрлық қажеттілігінің жоғары екенін анықтауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, дәрігерлер бойынша 23 161 бос штаттық бірлік және орта буын медицина қызметкерлері бойынша 22 649 бос штаттық бірлік тіркелген.


Соңғы жылдары кадр тапшылығының біртіндеп азаю үрдісі сақталғанымен, цифрлық құралдар саланың мамандарға деген нақты қажеттілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Өңірлерде мамандарды тұрақтандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Министрлік медициналық кадрларды тарту және ұстап қалу жұмыстарын күшейтуді, оның ішінде әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, мұндай қолдау шараларының тиімділігі медициналық ұйымдардың кадрлық қамтамасыз етілуіне тікелей әсер етеді. 2025 жылы әлеуметтік қолдаудың түрлі түрлерімен 1 760 дәрігер қамтылды, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен екі еседен астам жоғары. Оның ішінде мыңнан астам маман ауылдық жерлерде еңбек етеді.

Сонымен қатар, қолдау шаралары жеткілікті деңгейде іске асырылмай отырған бірқатар өңірлерде дәрігер кадрлары тапшылығының өсуі сақталуда.

Сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдары түлектерін өңірлерге бөлу, жас мамандармен қамтамасыз ету, олардың жұмысқа орналасуы мен денсаулық сақтау жүйесінде тұрақтап қалуын бақылау күшейтіледі.

🙌 Биыл өңірлік бөлу комиссиялары медициналық жоғары оқу орындарының 8 495 түлегін жұмысқа орналастыру мәселелерін қарайтын болады.
👍2👏2
СУР 2.0: МИНЗДРАВ ДАЛ МЕСЯЦ НА АКТУАЛИЗАЦИЮ ДАННЫХ ПО КАДРОВОМУ ОБЕСПЕЧЕНИЮ

⚜️ В Министерстве здравоохранения РК рассмотрели вопросы кадрового обеспечения отрасли, подготовки медицинских специалистов и развития медицинского образования.

📌 Министр здравоохранения Акмарал Альназарова поручила в течение месяца завершить актуализацию данных в информационной системе СУР 2.0 (система управления ресурсами), что позволит сформировать объективную картину обеспеченности медицинскими кадрами и повысить эффективность кадрового планирования.

По данным ведомства, на 1 января 2026 года в системе здравоохранения страны работают более 276 тыс. медицинских работников, в том числе почти 86,5 тыс. врачей и 189,5 тыс. специалистов среднего медицинского персонала.



⚡️ При этом официальный дефицит врачебных кадров составляет 23 161 штатных единиц, среднего медицинского персонала – 22 649.

Внедрение ИС СУР 2.0 позволило выявить более высокий уровень фактической потребности медицинских организаций – 23 161 вакантную ставку врачей и 22 649 ставку среднего медицинского персонала.


Несмотря на устойчивую тенденцию снижения кадрового дефицита в последние годы, цифровые инструменты позволяют точнее оценивать реальную потребность отрасли в специалистах.

Отдельное внимание уделено вопросам закрепления специалистов в регионах. Министерством поручено усилить работу по привлечению и удержанию медицинских кадров, в том числе за счет расширения мер социальной поддержки.

Анализ показал, что эффективность таких мер напрямую влияет на кадровую обеспеченность медицинских организаций. В 2025 году различными видами социальной поддержки были охвачены 1 760 врачей, что более чем в два раза превышает показатель 2024 года. Из них свыше тысячи специалистов работают в сельской местности.

Вместе с тем, в ряде регионов, где меры поддержки реализуются недостаточно активно, сохраняется рост дефицита врачебных кадров.

Также будет усилен контроль за распределением выпускников медицинских организаций образования и обеспечением регионов молодыми специалистами, их трудоустройством и закреплением в системе здравоохранения.

🙌 В текущем году комиссиями по распределению в регионах будут рассмотрены вопросы трудоустройства 8 495 выпускников медицинских вузов.
👍4👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Достарбаев Бағдат Жаханұлы күнде өмір мен өлімнің арасы кейде санаулы минуттармен өлшенетін жерге келеді.

Ол Алматы қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталықтың реанимация бөлімшесінің меңгерушісі. Достарбаев Бағдат Жаханұлы 15 жылдан бері ең ауыр жағдайдағы пациенттердің өмірін сақтап қалуға көмектесіп келеді.

✨ Акушерлік реанимацияда дәрігерлер бір мезетте екі адамның – ана мен баланың өміріне жауап береді. Әрбір аман алып қалудың артында ұйқысыз түндер, күрделі шешімдер, мол тәжірибе және зор жауапкершілік жатыр.

Жылдар бойы оның алдынан мыңдаған әйел өтті. Солардың әрқайсысына ең қымбат сый – өмір сүру, балаларын өсіру және жақындарының жанында болу мүмкіндігі бұйырды.

Ол өзін батырмын деп есептемейді. Ол тек күн сайын алаңдаушылықтың орнын үміт басуы үшін, аналардың сәбиін құшағына алып, аман-есен үйлеріне оралуы үшін бар күш-жігерін салады.

🫶 Дәрігердің шынайы миссиясы да осында – адам өмірін сақтап қалу.

⚜️⚜️⚜️

Каждый день он приходит туда, где между жизнью и смертью порой проходят считанные минуты.

Достарбаев Багдат Жаханович — заведующий отделением реанимации Городского перинатального центра №2 Алматы. Уже 15 лет он помогает спасать самых тяжелых пациенток.

✨ В акушерской реанимации врачи отвечают сразу за две жизни — мамы и ребёнка. За каждым спасением стоят бессонные ночи, сложные решения, опыт и огромная ответственность.

За годы работы через его руки прошли тысячи женщин, которым удалось подарить самое главное — возможность жить, растить детей и быть рядом со своими близкими.

Он не называет себя героем. Просто каждый день делает всё возможное, чтобы там, где была тревога, появлялась надежда. Чтобы мамы возвращались домой, держа на руках своих малышей.

🫶 В этом и есть настоящее призвание врача — сохранять жизнь.
👏6🔥1