ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Қазақстандық дәрігерлер тобы және 319 тонна гуманитарлық көмек: Қазақстан делегациясы Ауғанстанға ауқымды миссиямен барды

📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды. Қазақстан Ауғанстан халқына жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясын, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді.

Делегация құрамына Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарынан тоғыз маман кірді. Ауғанстандағы қазақстандық медицина күндері шеңберінде олар бір апта бойы кеңес беріп, халыққа практикалық медициналық көмек көрсетіп, ауған әріптестері үшін шеберлік сыныптарын өткізеді.

Серік Жұманғарин гуманитарлық көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдаудағы дәйекті саясатының бір бөлігі екенін атап өтті.

➖

Казахстанские врачи и 319 тонн гуманитарной помощи: делегация из Казахстана прибыла в Афганистан с масштабной миссией

📌Казахстанская делегация во главе с заместителем Премьер-министра – министром национальной экономики Сериком Жумангариным прибыла в Кабул с гуманитарной и деловой миссией. Казахстан направил народу Афганистана очередную партию гуманитарной помощи общим весом 318,8 тонны, а также группу казахстанских врачей для оказания медицинской помощи населению.

В состав делегации вошли девять специалистов ведущих медицинских организаций Казахстана. В рамках Дней казахстанской медицины в Афганистане в течение недели они будут проводить консультации и оказывать практическую медицинскую помощь населению, проводить мастер-классы для афганских коллег.

Как отметил Серик Жумангарин, гуманитарная помощь направлена по поручению Главы государства и является частью последовательной политики Казахстана по поддержке народа Афганистана.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Атырау облысында медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы екі жыл ішінде өңірдің денсаулық сақтау саласы мамандарына 111 қызметтік пәтер сатып алынып, пайдалануға берілді.

✅Сонымен қатар дәрігерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында «Отбасы банк» арқылы бастапқы жарнасыз, жылдық 5% мөлшерлемемен 80-ге жуық медицина қызметкері баспаналы болды.

__________________________

📌В Атырауской области проводится системная работа по обеспечению медицинских работников жильём.

За последние два года для специалистов сферы здравоохранения региона было приобретено и предоставлено 111 служебных квартир.

✅Кроме того, в целях социальной поддержки медицинских работников реализуется программа льготного жилищного кредитования. В рамках программы через АО «Отбасы банк» около 80 медицинских работников приобрели собственное жильё без первоначального взноса по ставке 5% годовых.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Экстренная помощь врачей спасла жизнь маленькому ребенку

В Жамбылской области произошел случай, который едва не закончился трагедией. Благодаря оперативным и профессиональным действиям медицинских работников удалось спасти жизнь ребенка, находившегося на грани смерти.

🎥В селе Ауқатты 1 год и 7-месячный малыш случайно упал в бассейн, расположенный во дворе дома, и утонул. В момент происшествия мать находилась в доме, кормя грудью 7-месячного ребенка, а малыш оставался во дворе вместе со своим 13-летним братом.

Спустя некоторое время старший брат заметил младшего в воде и немедленно вытащил его из бассейна. Однако к тому моменту ребенок уже не дышал, его тело посинело. Мать пыталась самостоятельно оказать первую помощь, но привести малыша в сознание не удалось.

✔️На место происшествия незамедлительно прибыли специалисты сельской врачебной амбулатории. Каждая секунда была на счету. Медики сразу приступили к реанимационным мероприятиям и сделали все возможное для восстановления сердечной деятельности ребенка.

Затем малыша в экстренном порядке доставили в Кордайскую центральную районную больницу. Врачи отделений скорой помощи и реанимации развернули настоящую борьбу за жизнь маленького пациента. Благодаря слаженной работе, высокой квалификации и оперативным действиям медицинской команды были проведены все необходимые реанимационные мероприятия.

➡️Именно профессионализм врачей и своевременно оказанная медицинская помощь позволили вернуть ребенка к жизни и предотвратить трагедию.

Этот случай еще раз напоминает родителям о том, насколько опасно оставлять маленьких детей без присмотра рядом с бассейнами, водоемами и другими источниками воды даже на несколько минут. Иногда судьбу человека решают считанные секунды.

Сегодня состояние малыша стабилизировалось. Он продолжает получать лечение и находится под постоянным наблюдением врачей. Родные ребенка выражают искреннюю благодарность медицинским работникам, которые совершили настоящее чудо и подарили малышу второй шанс на жизнь.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бір сәттік салғырттық - ажалмен арпалыс: Қордайда дәрігерлер 1 жас 7 айлық бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды

Жамбыл облысының Қордай ауданында жүрек тебірентерлік оқиға орын алды. Бір сәттің ішінде қайғылы жағдайға айналуы мүмкін болған оқиға дәрігерлердің жедел, әрі кәсіби әрекетінің арқасында жақсылықпен аяқталды.

⚡️Ауқатты ауылдық округінде 1 жас 7 айлық бүлдіршін үй ауласындағы бассейнге абайсызда құлап, суға батып кеткен. Оқиға болған сәтте анасы үй ішінде 7 айлық сәбиін емізіп отырған, ал кішкентай бала аулада 13 жастағы ағасымен бірге қалған.

Арада аз уақыт өткенде үлкен ағасы бауырының бассейн түбінде жатқанын байқап, оны дереу судан шығарып алған. Алайда, сол кезде бүлдіршіннің тынысы тоқтап, денесі көгеріп кеткен еді. Анасы барынша алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, бала есін жимай, жағдайы аса ауыр күйде болған.

✔️Оқиға орнына жеткен ауылдық дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкерлері бірден шұғыл көмек көрсетуге кірісті. Әр секундтың бағасы адам өмірімен өлшенетін сәтте дәрігерлер жүрек соғысын қалпына келтіру үшін бар күш-жігерін жұмсады.

Кейін бүлдіршін жедел түрде Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Мұнда жедел жәрдем және жансақтау бөлімінің мамандары уақытпен жарыса жұмыс істеп, күрделі реанимациялық шараларды жүргізді. Бірнеше медицина қызметкері бірлесе әрекет етіп, ажал аузындағы баланың өмірі үшін күресті.

➡️Дәрігерлердің жоғары кәсібилігі, үйлесімді жұмысы және дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болды.

Бұл оқиға - медицина қызметкерлерінің күн сайын көзге көрінбейтін майданда адам өмірі үшін күресетінін тағы бір мәрте көрсетті. Бір ғана қате немесе кешіккен шешім қайғылы салдарға әкелуі мүмкін еді. Алайда, ақ халатты абзал жандардың батыл шешімі мен білімі тағы бір отбасының үмітін үздірмеді.

Қазір бүлдіршіннің жағдайы тұрақтанып келеді. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында ем қабылдап жатыр. Баласының өмірін сақтап қалған медицина мамандарына отбасы шексіз ризашылығын білдіруде.

Мамандар бұл жағдай барлық ата-аналарға маңызды сабақ болуы тиіс екенін айтады. Балаларды бассейн, арық, су қоймасы секілді су көздерінің маңында бір сәтке де қараусыз қалдыруға болмайды. Өйткені, кейде адам тағдырын бірнеше секунд қана шешеді. Ал сол сәтте дәрігерлердің кәсібилігі мен жанқиярлығы тағы бір кішкентай жүректің соғуын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⌛️27 лет преданности профессии, тысячи спасенных жизней и бесценный вклад в счастливые истории материнства.

Знакомим вас с заведующим отделением анестезиологии и реанимации Роддома №1 — Ержаном Абдураимовичем Намазбаевым.

👨‍⚕️Всю свою профессиональную жизнь Ержан Абдураимович посвятил отделению интенсивной терапии. На протяжении многих лет он помогает беременным женщинам и роженицам преодолевать самые сложные состояния, возвращая им здоровье и даря возможность испытать счастье материнства.

В медицину он пришел по наставлению родителей. И уже с первых дней практики понял, что это настоящее призвание и дело всей жизни.

💓За плечами Ержана Абдураимовича — 27 лет стажа. Его любовь к медицине продолжает жить и в следующем поколении: сын Ержана Абдураимовича обучается в медицинском вузе и мечтает стать кардиохирургом.

Спасибо Вам, Ержан Абдураимович, за Ваш труд, преданность делу и тысячи счастливых историй, в которых есть доля Вашего участия.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⌛️27 жыл бойы өз мамандығына адал қызмет етіп, талай жанның өмірін арашалап қалған, ана болу бақытына жол ашқан жан

Сіздерді №1 перзентхана анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі - Намазбаев Ержан Абдураимовичпен таныстырамыз.

👨‍⚕️Ержан Абдураимовичтің бүкіл еңбек жолы жансақтау және қарқынды терапиямен тығыз байланысты. Ол жылдар бойы жүкті әйелдер мен босанушы аналардың өміріне төнген аса ауыр жағдайда жанқиярлықпен еңбек етіп, олардың денсаулығын қалпына келтіруге, ең бастысы - аналық бақытты сезінуіне жол ашып келеді.

Медицина саласын таңдауы ата-анасының ақыл-кеңесінен басталғанымен, бұл мамандық оның өмірлік миссиясына айналды. Алғашқы тәжірибеден-ақ жүрек қалауымен ұштасқан жол екенін терең сезінген.

💓Ержан Абдураимовичтің еңбек өтілі - 27 жыл. Бүгінде оның дәрігерлік жолы отбасында жалғасын тапты: ұлы медициналық жоғары оқу орнында білім алып, кардиохирург болуды мақсат етеді.

Ержан Абдураимович, өз ісіңізге деген адалдығыңыз бен табанды еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Өмірге келген талай тағдырдың бақытқа ұласуына қосқан үлесіңіз өлшеусіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
🩺Медицина қызметкері күні қарсаңында ҚҚДИ жүргізген социологиялық зерттеудің нәтижелерін ұсынамыз

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қазақстандықтардың пікірінше, дәрігер мамандығы - ең беделді мамандық. Жауаптың осы нұсқасын респонденттердің 28,8%-ы таңдаған. Одан кейін заңгер (21,3%) және мұғалім (20,8%) мамандықтары орналасқан.

📊Алынған нәтижелер медицина саласы мамандарының қоғамдағы жоғары беделі мен мойындалуын көрсетеді. Бұл олардың әлеуметтік маңыздылығымен және азаматтардың денсаулығы мен өмірімен тікелей байланысты қызмет атқаруымен түсіндіріледі. Еңбек нарығы өзгеріп, кәсіби орта цифрландырылып жатқан жағдайда да денсаулық сақтау саласы қоғамның құндылықтар жүйесінде өз маңызын сақтап келеді.

__
🩺В преддверии Дня медицинского работника представляем результаты социологического исследования КИОР

Согласно исследованию об отношении казахстанцев к специальностям, профессия врача признана наиболее престижной - этот вариант отметили сразу 28,8% респондентов. Далее идут профессии юриста (21,3%) и учителя (20,8%).

📊Полученные результаты отражают высокий уровень общественного признания медицинских профессий, что обусловлено их социальной значимостью и непосредственной связью со здоровьем и жизнью граждан. В условиях трансформации рынка труда и цифровизации профессиональной среды сфера здравоохранения сохраняет устойчивые позиции в системе социальных ценностей.

#KIPD #ҚҚДИ #КИОР
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
◽️Құрметті әріптестер! Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

🥳Бұл мереке өз өмірін адам денсаулығын сақтауға және адам өмірін арашалауға арнаған ерекше маман иелерін біріктіреді.

Сіздердің еңбектеріңіз тек терең білім мен жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен бірге зор жауапкершілікті, жанқиярлықты, мейірім мен рухани күшті талап етеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында отандық денсаулық сақтау жүйесінің айтарлықтай жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз.

📈Осы жылдар ішінде денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып, жетілдірілді:
медициналық көмектің қолжетімділігі артты, емдеу сапасы жақсарды, заманауи технологиялар мен инновациялық диагностика және емдеу әдістері кеңінен енгізілуде, медициналық қызметкердің мәртебесі нығаюда.

🤩Барлық медицина қызметкерлері мен сала ардагерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

🌹Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, кәсіби табыс тілейміз.

🔹🔹🔹🔹🔹

◽️Уважаемые медицинские работники страны!

Дорогие ветераны отрасли!

🥳Примите наши искренние поздравления с профессиональным праздником!

Это врачи, медицинские сестры, фельдшеры, сотрудники лабораторий, ученые, организаторы здравоохранения и многие другие специалисты, благодаря которым миллионы пациентов получают медицинскую помощь.

Ваш труд требует не только глубоких знаний и высокого профессионализма, но и огромной ответственности, самоотдачи, милосердия и душевных сил.

В год 35-летия Независимости Республики Казахстан мы с гордостью отмечаем значительные достижения отечественного здравоохранения.

📈За эти годы система здравоохранения последовательно развивалась и совершенствовалась: повысилась доступность медицинской помощи, улучшилось качество лечения, активно внедряются инновационные методы диагностики и терапии, укрепляется статус врача.

🤩Выражаем глубокую благодарность за ваш самоотверженный труд, вклад в здоровье нации и верность своему высокому призванию.

🌹Желаем вам крепкого здоровья, благополучия, профессиональных успехов, уважения и признания общества, мира и добра вашим семьям.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💊Дәрігерлер әулетін ерекше жандар деп жатады. Мұндай отбасыларда балалар кішкентай күнінен бастап ертегінің орнына латын терминдерін естіп өседі, ал стетоскоп олардың ең сүйікті ойыншығына айналады. Біздің Хромтау аудандық ауруханасының дәрігерлер отбасы — соның жарқын дәлелі.

👩‍⚕️Лябина Ажаргүл Сағидуллақызы: Жалпы тәжірибелі дәрігер. Медицина саласында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар. Тәжірибе, даналық және мінсіз диагностика.

👨‍⚕️Кабиев Азамат Сәбитұлы: Анестезиолог-реаниматолог. Қысылтаяң сәттерде араша түсіп, адам өмірін қайта жандандыратын маман.

👩‍⚕️Кабиева Назерке Эрдафқызы: Жалпы тәжірибелі дәрігер. Әулеттің байырғы дәстүрін дәлелді медицинамен ұштастырған жас маман.

Олар емделушілердің денсаулығын барлық кезеңде: алғашқы шағымнан бастап, жансақтау бөлімі мен толық сауығып кеткенге дейін қорғайды. Сенім артуға болатын нағыз дәрігерлер әулеті. 🤍

#ДенсаулықСақтауОтбасы #ХромтауАудандықАуруханасы #МедициналықДинастия

➖➖➖➖➖➖➖➖

💊Врачебные династии всегда считались особенными семьями. В таких семьях дети с ранних лет слышат не только сказки, но и латинские медицинские термины, а стетоскоп становится одним из самых знакомых и любимых предметов. Семья врачей Хромтауской районной больницы — яркое тому подтверждение.

👩‍⚕️Лябина Ажаргуль Сагидуллаевна — врач общей практики. Более 40 лет трудится в сфере медицины. Огромный опыт, профессиональная мудрость и безупречная диагностика заслужили доверие многих пациентов.

👨‍⚕️Кабиев Азамат Сабитович — врач анестезиолог-реаниматолог. Специалист, который приходит на помощь в самые критические моменты и помогает возвращать людей к жизни.

👩‍⚕️Кабиева Назерке Эрдафовна — врач общей практики. Молодой специалист, успешно сочетающий лучшие традиции семейной династии с принципами доказательной медицины.

На каждом этапе лечения — от первого обращения пациента до реанимации и полного выздоровления — они стоят на страже здоровья людей. Настоящая медицинская династия, которой можно доверять. 🤍

#СемьяВМедицине #ХромтаускаяРайоннаяБольница #МедицинскаяДинастия #Здравоохранение #ВрачиХромтау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Молодые онкохирурги, которые ежедневно спасают жизни

В Алматинском онкологическом центре работает команда молодых и перспективных хирургов, которые ежедневно выполняют сложнейшие операции и помогают пациентам побеждать онкологические заболевания.

✅Все они работают под руководством заведующего Центром онкохирургии, Нурлана Анаркуловича Балтаева, который передает свой опыт и знания новому поколению специалистов.

🔷Ходжабай Сулеймен Жалгасович специализируется на удалении опухолей мягких тканей с реконструктивно-пластическими операциями. Баймагамбетов Нуржан Онгарович выполняет лапароскопические резекции почки. Сатымбаев Шынгыс Токтасынович проводит сложные ларингофарингоэктомии с пластикой пищевода. Сармаш Ғалым Ердесұлы развивает направление малоинвазивной колоректальной хирургии.

🔷Кинитаев Арман Жумагалеевич выполняет трансуретральные резекции мочевого пузыря, Оразбаев Абай Бекболатович — лапароскопические резекции желудка, Ирсалиев Рустем Камалдинович проводит торакоскопические бронхопластические операции на легких и пищеводе, а Каржауов Асылбек Нурмаганбетович специализируется на лапароскопических резекциях печени.

Несмотря на молодой возраст, за плечами этих врачей уже годы практики, тысячи операций и спасенные жизни. Их объединяют профессионализм, стремление к постоянному развитию и преданность своему делу.

💬В День медицинского работника слова благодарности звучат в адрес всех специалистов, которые ежедневно борются за здоровье и жизнь своих пациентов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
⚡️Күн сайын адам өмірін арашалап жүрген жас онкохирургтер

Алматы онкология орталығында күн сайын аса күрделі операциялар жасап, пациенттердің онкологиялық ауруларды жеңуіне көмектесіп жүрген жас әрі болашағынан зор хирургтердің командасы еңбек етеді.

✅Олардың барлығы Онкохирургия орталығының меңгерушісі Нұрлан Анарқұлұлы Балтаевтың басшылығымен жұмыс істейді. Ол өз тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйретіп, кәсіби шеберлігін шыңдауға үлес қосуда.

🔷Ходжабай Сүлеймен Жалғасұлы жұмсақ тіндердің ісіктерін алып тастау және реконструктивтік-пластикалық операциялар жасауға маманданған. Баймағамбетов Нұржан Оңғарұлы бүйрекке лапароскопиялық резекция операцияларын орындайды. Сатымбаев Шыңғыс Тоқтасынұлы өңеш пластикасымен бірге күрделі ларингофарингоэктомиялар жасайды. Сармаш Ғалым Ердесұлы аз инвазивті колоректалды хирургия бағытын дамытуда.

🔷Кинитаев Арман Жұмағалиұлы қуықтың трансуретралды резекцияларын жүргізсе, Оразбаев Абай Бекболатұлы асқазанға лапароскопиялық резекциялар жасайды. Ирсалиев Рүстем Камалдинұлы өкпе мен өңешке торакоскопиялық бронхопластикалық операциялар жүргізеді, ал Қаржауов Асылбек Нұрмағанбетұлы бауырға лапароскопиялық резекция жасауға маманданған.

Жас болғандарына қарамастан, бұл дәрігерлердің артында көпжылдық тәжірибе, мыңдаған операция және құтқарылған өмірлер бар. Оларды кәсіби біліктілік, үздіксіз дамуға ұмтылыс және өз ісіне деген адалдық біріктіреді.

💬Медицина қызметкері күні қарсаңында пациенттерінің денсаулығы мен өмірі үшін күн сайын күресіп жүрген барлық медицина мамандарына алғыс білдіреміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM