ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ЦИФРЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПША ЕНДІ ӘРҚАШАН ҚОЛ АСТЫНДА

Енді барлық азаматтар үшін қолжетімді тағы бір маңызды сервис – электрондық жеке медициналық кітапша.

Бүгінде бұл сервис eGov Mobile және Halyk мобильдік қосымшаларында қолжетімді.

Енді декреттелген кәсіптерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ – телефондағы электрондық медициналық кітапшаны ашу жеткілікті.

Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулерден өтуді қашықтан бақылауға мүмкіндік алды. Егер жеке медициналық кітапшада медициналық тексеруден өту мерзімі өтіп кеткені анықталса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады.

Қазақстанда алғаш рет мына бағыттарды біріктірген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;

декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;

зертханалық зерттеулер;

кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;

халықты вакцинациялау мониторингі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ЦИФРОВАЯ МЕДКНИЖКА ТЕПЕРЬ ВСЕГДА ПОД РУКОЙ

Еще один важный сервис, доступный всем гражданам – это электронная личная медицинская книжка.

Сегодня она доступна в eGov Mobile и мобильном приложении Halyk.

Теперь работникам декретированных профессий не нужно носить бумажный документ – достаточно открыть электронную медкнижку в телефоне.

При этом санитарно-эпидемиологическая служба получила возможность дистанционно контролировать прохождение обязательных медицинских осмотров и принять меры оперативного реагирования по отстранению сотрудника от работы в случае просроченных записей о медицинских осмотрах в личной медкнижке.

В Казахстане впервые создана единая цифровая экосистема санэпидслужбы, которая объединила:

государственный санитарно-эпидемиологический контроль;

медицинские осмотры работников декретированных профессий;

лабораторные исследования;

производственный контроль предприятий;

мониторинг вакцинации населения.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒЫ РЕЙТИНГІН ЕНГІЗЕДІ

Жаңа ақпараттық жүйе елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде мамандар цифрлық форматта:

* халықты вакцинациялаумен қамту туралы;
* вакциналардың қозғалысы туралы;
* зертханалық зерттеулер туралы;
* қауіпсіз емес өнімдерді анықтау туралы;
* нысандардың санитариялық жағдайы туралы деректерді жедел ала алады.

Вакцинациялау модулінде бүгінде 4 616 180 вакцина алған азамат туралы мәлімет жинақталған. Бұл профилактикалық екпелермен қамту деңгейінің төмендеуін дер кезінде анықтап, өңірлердің жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Вакциналардың барлық кезеңдегі қозғалысын толық цифрлық қадағалау олардың жоғалу, мақсатсыз пайдаланылу қауіптерін азайтып, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың тиімділігін арттырады.

Алдағы уақытта Министрлік санитариялық саламаттылық деңгейі бойынша нысандардың рейтингін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл тұрғындарға қоғамдық тамақтану орындарын, балалар ұйымдарын және басқа да нысандарды таңдау кезінде объективті ақпаратқа сүйенуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
МИНЗДРАВ РК ВНЕДРИТ РЕЙТИНГ САНИТАРНОГО БЛАГОПОЛУЧИЯ ПРЕДПРИЯТИЙ

Новая информационная система позволяет видеть санитарно-эпидемиологическую ситуацию в стране практически в режиме реального времени.


Сегодня специалисты могут оперативно получать следующие данные в цифровом формате:
• об охвате населения вакцинацией;
• движении вакцин;
• лабораторных исследованиях;
• выявлении небезопасной продукции;
• санитарном состоянии объектов.

В модуле вакцинации уже содержатся сведения о 4 616 180 вакцинированных гражданах, что позволяет своевременно выявлять снижение охвата профилактическими прививками и координировать работу регионов.

Полная цифровая прослеживаемость движения вакцин на всех этапах снижает риски потерь, нецелевого использования и повышает эффективность контроля за расходованием бюджетных средств.

В перспективе Министерство планирует внедрить рейтинг санитарного благополучия объектов, чтобы жители могли ориентироваться на объективную информацию при выборе предприятий общественного питания, детских организаций и других объектов.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

Алматы қаласындағы №5 қалалық клиникалық ауруханада Қазақстандағы алғашқы аудиологиялық скринингті сүйемелдеу бойынша трекинг-орталық ашылып, есту қабілеті бұзылған пациенттердің бірыңғай тіркелімін енгізуге бастау берілді. Бұл жобалар Сурдология бойынша құзырет орталығының базасында жүзеге асырылуда.

Жүйе «Мен естимін» пилоттық жобасы шеңберінде сәтті сынақтан өтті. Жоба Алматының үш перзентханасын, үш медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымын және екі сурдологиялық кабинетін қамтыды. Алынған нәтижелер жобаның тиімділігін және оны кең көлемде енгізудің қажеттілігін дәлелдеді.

«Трекинг-орталықтың ашылуымен біз кезең-кезеңімен Алматыдағы барлық перзентханалар мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын осы жүйеге қосамыз. Бұл есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау және балаларды сүйемелдеудің бірыңғай бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді орталықтың ашылуында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

«Мен естимін» жобасы баланы аудиологиялық скринингтен бастап диагностика, емдеу, есту аппараттарымен қамтамасыз ету және оңалтуға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның негізгі буыны – трекинг-орталық. Ол нақты уақыт режимінде скрининг нәтижелерін алып, «жасыл дәліз» қағидаты бойынша тексеруді ұйымдастырады және есту қабілеті бұзылған балаларды үздіксіз сүйемелдейді.

Жүйенің тиімділігі қазірдің өзінде дәлелденді: 2026 жылдың басынан бері 11 баланың толық естімейтіні дер кезінде анықталды. Олардың барлығына кохлеарлық имплантаттау жасалып, қазіргі уақытта оңалтудан өтуде.

Жоба толық ауқымда іске асырылғаннан кейін жыл сайын 90 мыңнан астам баланы аудиологиялық мониторингпен қамту жоспарланып отыр. Бұл өмірінің алғашқы жылындағы балаларда есту қабілетінің ауыр бұзылыстары мен толық жоғалуын дер кезінде анықтап, емдеуді ерте бастауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған пациенттердің бірыңғай тіркелімі енгізіледі. Ол балалар мен ересектер туралы мәліметтерді біріктіріп, пациенттерді диагностикадан бастап емдеу мен оңалтуға дейін үздіксіз сүйемелдеуді қамтамасыз етеді әрі мамандандырылған көмектің тиімділігін арттырады.

Жыл басынан бері №5 қалалық клиникалық аурухананың Сурдология бойынша құзырет орталығының мамандары МӘМС шеңберінде есту қабілетін жақсартуға бағытталған 200-ден астам операция жасады. Сонымен қатар 400-ден астам пациентке есту аппараттарымен қамтамасыз етуге жолдама берілді. Бүгінде орталық Қазақстанның барлық өңірінен келетін пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетеді, олардың 58%-ын Алматы қаласының тұрғындары құрайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В АЛМАТЫ ЗАПУСКАЮТ ЕДИНУЮ СИСТЕМУ РАННЕГО ВЫЯВЛЕНИЯ НАРУШЕНИЙ СЛУХА

В Городской клинической больнице №5 Алматы открылся первый в Казахстане трекинг-центр по сопровождению аудиологического скрининга и дал старт внедрению единого регистра пациентов с нарушениями слуха. Проекты реализуются на базе Центра компетенции по сурдологии.

Система уже прошла успешную апробацию в рамках пилотного проекта «Я слышу», охватившего три родильных дома, три организации ПМСП и два сурдологических кабинета Алматы. Полученные результаты подтвердили эффективность проекта и необходимость его масштабирования.

«С открытием трекинг-центра мы поэтапно подключим к системе все родильные дома и организации ПМСП Алматы. Это позволит выстроить единый маршрут раннего выявления нарушений слуха и сопровождения детей», – отметил руководитель Управления здравоохранения города Марат Пашимов на открытии центра.

Проект «Я слышу» обеспечивает сопровождение ребенка на всех этапах – от аудиологического скрининга до диагностики, лечения, слухопротезирования и реабилитации. Ключевым звеном станет трекинг-центр, который в режиме реального времени будет получать результаты скрининга, организовывать обследование по принципу «зеленого коридора» и сопровождать детей с нарушениями слуха.

Эффективность системы уже подтверждена: с начала 2026 года полная потеря слуха своевременно выявлена у 11 детей. Всем им проведена кохлеарная имплантация, после которой они проходят реабилитацию.

После масштабирования проекта аудиологическим мониторингом планируется ежегодно охватывать более 90 тысяч детей. Это позволит своевременно выявлять тяжелые нарушения и полную потерю слуха у детей первого года жизни для раннего начала лечения.

Одновременно будет внедрен единый регистр пациентов с нарушениями слуха, который объединит данные о детях и взрослых, обеспечит непрерывное сопровождение пациентов от диагностики до лечения и реабилитации, а также повысит эффективность оказания специализированной помощи.

С начала года специалисты Центра компетенции по сурдологии ГКБ №5 выполнили более 200 слухоулучшающих операций в рамках ОСМС, свыше 400 пациентов получили направления на слухопротезирование. Сегодня центр оказывает специализированную помощь пациентам со всего Казахстана, из которых 58% – это жители Алматы.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖІТІ БАҚЫЛАНАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АУРУХАНАҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханада пациенттердің ұсталуы жағдайларына қатысты шағымдар жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай әрбір өтінішті онда келтірілген фактілерді жан-жақты әрі объективті зерделеуге негіз ретінде қарастырады.

Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған мекеменің қызметіне кешенді тексеру жүргізуді бастайды.

Мамандар медициналық құжаттаманы, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттердің болу жағдайларын, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін, сондай-ақ ем қабылдап жатқан азаматтардың құқықтарының сақталуын зерделейді.

Тексеруге өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде прокуратура органдары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тартылады.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық келтірілген фактілерге объективті баға беріледі. Егер заң бұзушылықтар анықталатын болса, Министрлік заңнамаға сәйкес тиісті ден қою шараларын қабылдап, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұл – еліміздегі осы бейіндегі жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме екенін айта кеткен жөн. Мұнда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттер ем қабылдайды.

Бұл қарапайым стационар емес. Мекеме бір мезгілде екі маңызды міндетті орындайды: ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдарға мамандандырылған психиатриялық көмек көрсетеді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мекемедегі пациенттердің 80%-дан астамы жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған.

Аталған мекемеде ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады. Бұл – пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, емдеу, оңалту және психикалық денсаулықты қалпына келтіру үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған медициналық, ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралар кешені.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ГЛАВА МИНЗДРАВА ПОРУЧИЛА ПРОВЕСТИ ПРОВЕРКУ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПСИХИАТРИЧЕСКОЙ БОЛЬНИЦЫ С ИНТЕНСИВНЫМ НАБЛЮДЕНИЕМ

В последнее время в средствах массовой информации и социальных сетях появились публикации, содержащие жалобы на условия содержания пациентов в Республиканской психиатрической больнице специализированного типа с интенсивным наблюдением.

Министерство здравоохранения рассматривает каждое подобное обращение как основание для всестороннего и объективного изучения изложенных фактов.

По поручению министра здравоохранения Комитет медицинского и фармацевтического контроля начинает комплексную проверку деятельности учреждения.

Специалисты изучат медицинскую документацию, организацию лечебного процесса, условия пребывания пациентов, действия должностных лиц, а также соблюдение прав граждан, находящихся на лечении.

К проведению проверки будут привлечены уполномоченные государственные органы в пределах своей компетенции, включая органы прокуратуры и Уполномоченного по правам человека.

По итогам проверки будет дана объективная оценка всем изложенным фактам. В случае выявления нарушений Министерством будут приняты исчерпывающие меры реагирования, а виновные лица понесут ответственность в соответствии с законодательством РК.

Следует отметить, что речь идет об единственном в стране специализированном медицинском учреждении данного профиля. Здесь проходят лечение пациенты, в отношении которых судом приняты вступившие в законную силу решения о применении принудительных мер медицинского характера.

Это не обычный стационар. Учреждение одновременно выполняет две важнейшие задачи – оказывает специализированную психиатрическую помощь людям с тяжелыми психическими расстройствами и обеспечивает исполнение решений суда с соблюдением повышенных требований безопасности. Более 80% контингента учреждения совершили тяжкие и особо тяжкие преступления против личности.

В данном учреждении действует особый лечебно-охранительный режим. Это комплекс медицинских, организационных и профилактических мероприятий, который позволяет обеспечить безопасность пациентов, медицинских работников и общества, одновременно создавая необходимые условия для лечения, реабилитации и восстановления психического здоровья.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БІР ОТБАСЫНЫҢ ЕКІ БІЛІКТІ МАМАНЫ ӨҢІРДЕГІ МЕДИЦИНА КАДРЛАРЫ ТАПШЫЛЫҒЫН АЗАЙТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Отбасылық дәрігерлер жұбы Айдар Орынбек пен Айгүл Әлімхан Ұлытау облысына медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында келіп, еңбек етуде. Бұл бағдарлама өңірдегі денсаулық сақтау саласының мамандары тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған.
2023 жылдан бері аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы нәтижесінде облыстың медициналық ұйымдарына 84 маман келіп, қызмет атқаруда.

🔹Айдар Орынбек – 7 жылдан астам еңбек өтілі бар невропатолог дәрігер. Ол кәсіби тәжірибесін Қарағанды қаласындағы клиникаларда шыңдаған. Қазіргі таңда Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың инсульт бөлімінде қызмет атқарып келеді.
🔹Ал Айдар Орынбектің зайыбы Айгүл Әлімхан – 2023 жылы Қарағанды медициналық университетін тәмамдаған жас маман. Ол радиолог дәрігер ретінде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетеді.

Осылайша, бір отбасының екі білікті маманы өңірдегі кадр тапшылығын азайтуға өз үлесін қосып отыр.

🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Супруги-врачи Айдар Орынбек и Айгуль Алимхан прибыли в область Ұлытау в рамках программы социальной поддержки медицинских работников и сегодня успешно трудятся в системе здравоохранения региона в числе 84 прибывших за два года специалистов.

🔹 Айдар Орынбек – врач-невролог с более чем 7-летним стажем. Свой профессиональный опыт он приобрел, работая в клиниках города Караганды. В настоящее время трудится в инсультном отделении областной многопрофильной больницы города Жезказган.
🔹 Супруга Айдара Орынбека, Айгуль Алимхан, молодой специалист, окончившая Карагандинский медицинский университет в 2023 году. В качестве врача-радиолога она оказывает медицинскую помощь пациентам с онкологическими заболеваниями.

Таким образом, два квалифицированных специалиста из одной семьи вносят значительный вклад в сокращение дефицита медицинских кадров в регионе.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
⚜️ Бүгінде Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету бойынша жетекші орындардың бірін иеленіп отыр.

Дүниежүзілік банк, ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ және IGME-нің бірлескен есебіне сәйкес, 2025 жылы еліміздегі неонаталдық өлім деңгейі (өмірінің алғашқы 28 күні ішінде) 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 3,04-ті құрады. Бұл – өңірдегі ең үздік көрсеткіш және АҚШ деңгейімен шамалас.


🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Неонатолог дәрігерлеріміз реаниматологтармен бірлесіп, дене салмағы өте төмен, яғни 500 грамнан бастап туған сәбилерді күтіп-баптап, өмірін сақтап қалу үшін медициналық көмек көрсетеді. Заманауи перинаталдық технологиялар мен медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің арқасында соңғы жылдары мұндай балалардың өмір сүру көрсеткіші төрт есе артты.

Жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапия бөлімшесінің бір мейіргері бір ауысым ішінде нәзік өмірді сақтап қалу үшін 20-ға дейін дәл медициналық манипуляция жүргізеді. Медициналық жабдықтар мен медицина қызметкерлері әлі толық қалыптасып үлгермеген кішкентай ағзаның әрбір тынысын үздіксіз бақылауда ұстайды.

Өткен жылы Қазақстанда шамамен 17 мың шала туған сәби дүниеге келді және олардың әрқайсысына жоғары технологиялық медициналық көмектің толық кешені көрсетілді.


🙌 Бұл – босандыру және ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін жүйелі дамыту, заманауи медициналық технологияларды енгізу, сондай-ақ дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Сегодня Казахстан занимает лидирующие позиции в Центральной Азии по оказанию помощи новорожденным.

По данным совместного отчета Всемирного банка, ВОЗ, ЮНИСЕФ, ООН и IGME, уровень неонатальной смертности (в первые 28 дней) за 2025 год в нашей стране составил 3, 04 на 1000 новорожденных – это лучший показатель в регионе и почти на уровне США.


🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Наши неонатологи совместно с реаниматологами выхаживают малышей с экстремально низкой массой тела - от 500 граммов. Благодаря современным перинатальным технологиям и профессионализму медработников выживаемость таких детей за последние годы увеличилась в четыре раза.

За одну смену медсестра отделения интенсивной терапии новорождённых совершает до 20 ювелирных манипуляций, чтобы поддерживать хрупкую жизнь. Аппараты и персонал неусыпно следят за каждым вздохом крохотного несформировавшегося организма.

В прошлом году в Казахстане появилось на свет около 17 тысяч тысяч недоношенных детей, и каждый из них получил целый комплекс высокотехнологичной медицинской помощи.


🙌 Это результат системного развития службы родовспоможения, внедрения современных медицинских технологий и самоотверженной работы наших врачей и медицинских сестер.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауыл медицинасы – қолжетімді әрі сапалы медициналық көмектің негізі.

🏥 Қордай ауданының Әлжан ана ауылдық дәрігерлік амбулаториясы тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмекті үздіксіз көрсетіп келеді. Мұнда дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері әрбір тұрғынның денсаулығын сақтауға, аурулардың алдын алуға және сапалы медициналық қызмет ұсынуға күн сайын аянбай еңбек етеді.

Амбулаторияда тұрғындарды қабылдау, профилактикалық тексерулер, созылмалы ауруларды бақылау, вакцинация, жүкті әйелдер мен балаларды медициналық бақылау және шұғыл медициналық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл медицинасының басты мақсаты – медициналық көмекті әрбір тұрғынға жақындату, денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Әлжан ана ауылдық дәрігерлік амбулаториясы – ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау жолындағы сенімді медициналық мекеме.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖЕДЕЛДІК, АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

🖥️ Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің цифрлық жұмыс моделіне (e-sen.kz) көшу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша нақты нәтижелер көрсетті:

• есептілікті қолмен өңдеу көлемі 23,8%-ға қысқарды;

• цифрлық есептілік көлемі 47,7%-ға артты;

• бизнеске арналған ұсынымдарды дайындау мерзімі екі күннің орнына 15 минутты құрайды;

• бақылау нысаны туралы ақпарат алу уақыты үш күннен бір сағатқа дейін қысқарды.


🧑‍💻 Бұдан бөлек, жүйе жеке медициналық кітапшалардың жаппай берілу белгілерін, стандарттан тыс медициналық тексерулерді және қосымша тексеруді қажет ететін басқа да ықтимал қауіптерді автоматты түрде анықтайды.

⚡️ Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік инспекторларының барлық әрекеттері цифрлық жүйеде тіркеледі. Бұл бақылау үдерісінің толық қадағалануын қамтамасыз етіп, тексеру жоспарынан нысандарды негізсіз алып тастау мүмкіндігін болдырмайды әрі сыбайлас жемқорлық қауіптерін айтарлықтай төмендетеді.

Қазақстанда алғаш рет мына бағыттарды біріктірген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды:

• мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;
• декреттелген топтағы кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;
• зертханалық зерттеулер;
• кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;
• халықты вакцинациялау мониторингі.

Ұзақ мерзімді перспективада санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды цифрландыру санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізуге, сондай-ақ азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ЦИФРОВИЗАЦИЯ САНЭПИДСЛУЖБЫ: ОПЕРАТИВНОСТЬ, ПРОЗРАЧНОСТЬ И ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ РИСКОВ

🖥️ Переход на цифровую модель работы санитарно-эпидемиологической службы (е–sen.kz) уже дает результаты по итогам первого полугодия 2026 года:

• объем ручной обработки отчетности сократился на 23,8%;

• количество цифровой отчетности увеличилось на 47,7%;

• подготовка рекомендаций для бизнеса занимает 15 минут вместо двух дней;

• получение информации по объекту контроля сократилось с трех дней до одного часа.


🧑‍💻 Кроме того, система автоматически выявляет признаки массовой выдачи личных медицинских книжек, нетипичных медицинских осмотров и другие потенциальные риски, требующие дополнительной проверки.

При этом действия государственных инспекторов санэпидслужбы фиксируются в цифровой системе. Это делает контроль полностью прослеживаемым, исключает возможность необоснованного исключения объектов из плана проверок и существенно снижает коррупционные риски.

В Казахстане впервые создана единая цифровая экосистема санэпидслужбы, которая объединила:

государственный санитарно-эпидемиологический контроль;

медицинские осмотры работников декретированных профессий;

лабораторные исследования;

производственный контроль предприятий;

мониторинг вакцинации населения.

В долгосрочном периоде цифровизация СЭН позволит принимать оперативные управленческие решения для стабилизации санитарно-эпидемиологической ситуации, минимизировать административную нагрузку на бизнес, эффективно проводить профилактику нарушений, повышать уровень защиты здоровья и безопасности граждан.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ: 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың, әсіресе ауылдық және шалғай елді мекендер тұрғындары үшін маңызды құралдарының бірі ретінде телемедицинаны жүйелі түрде дамытып келеді.

Бүгінде телемедицина қызметтеріне 655 медициналық ұйым қосылған. Олардың әлеуетті қамту ауқымы 2 миллионнан астам адамды құрайды. Қазіргі таңда 1 миллионнан астам пациент телемедициналық консультациялар алған. Бұл қашықтан медициналық көмек көрсету форматына деген жоғары сұранысты көрсетеді.


📌 Телемедицина шалғай өңірлердің тұрғындарына бейінді мамандардың кеңесін уақытылы алуға мүмкіндік береді, медициналық көмекті күту мерзімін қысқартады, облыстық және республикалық клиникаларға бару қажеттілігін азайтады әрі пациенттерді тұрғылықты жері бойынша үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің нақты тізбесін айқындап, онлайн-қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгіледі.

Сонымен қатар, министрліктің жаңа бұйрығында телемедициналық қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын технологиялар мен жабдықтар айқындалып, оларды ұсыну шарттары кеңейтілді.

4 мыңнан астам медициналық ұйым бірыңғай телемедициналық желіге қосылады.

Телемедицинаны дамытудың келесі кезеңі – телемедициналық инфрақұрылымды еліміздің бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне кеңінен енгізу.

Алдағы уақытта 4 мыңнан астам денсаулық сақтау ұйымын, оның ішінде медициналық пункттерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды, бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталықтарын, орталық аудандық және облыстық ауруханаларды заманауи телемедициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, қазіргі заманғы цифрлық шешімдер қылмыстық-атқару жүйесінің 72 мекемесінде енгізіліп жатыр. Бұл аталған санаттағы пациенттердің мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде ауылдық жерлерде тұратын шамамен 7,5 миллион тұрғынды қамтуға мүмкіндік беріліп, Қазақстанның барлық аумағында медициналық көмекті қашықтан көрсетудің бірыңғай заманауи жүйесі қалыптастырылады.

Цифрлық технологиялар мектеп медицинасында енгізіледі

⚡️ Министрліктің басым бағыттарының бірі – мектеп медицинасын цифрландыру.
Телемедициналық шешімдерді 6 900-ден астам мектепке енгізу жоспарланып отыр. Бұл 3,6 миллионнан астам оқушыны қамтиды.

Цифрлық сервистерді пайдалану профилактикалық тексерулер жүргізуге, қашықтан консультациялар ұйымдастыруға, балалардың денсаулық жағдайын бақылауға, сондай-ақ профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттырып, ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.

🏥 Жыл басынан бері 2 миллионнан астам қашықтан медициналық қызмет көрсетілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, биылғы жылдың басынан бері Қазақстанның барлық 20 өңіріндегі 709 медициналық ұйым халыққа 23,1 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетті. Оның ішінде 2,17 миллионнан астам қызмет қашықтан ұсынылды.

Телемедициналық қызметтердің үлесі 9,4%-ға жетті. Бұл цифрлық технологиялардың практикалық денсаулық сақтау саласында кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын көрсетеді.


🩺 Телемедициналық технологиялар ең белсенді түрде Ақтөбе облысында (13,66%), Алматы қаласында (12,42%), Батыс Қазақстан облысында (11,04%), Қызылорда облысында (10,99%), Қарағанды облысында (10,95%), Павлодар облысында (10,62%) және Түркістан облысында (10,00%) қолданылады.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM