ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2027 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРЛЕРДЕ ЗАМАНАУИ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ҚҰРЫЛАДЫ

🏥 Қазақстанда жарақат алған пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2027 жылға дейін өңірлік травматологиялық орталықтар желісі құрылып, шокқа қарсы бөлімшелер жаңғыртылады, жедел медициналық көмекті күшейту және жарақаттанудың профилактикасы шараларын жетілдіру жоспарлануда.

Тиісті шаралар Денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Бүгінде мамандандырылған көмекті 1 500-ден астам травматолог дәрігер көрсетеді. Елде 81 травматологиялық пункт, 4 мыңнан астам мамандандырылған төсек және 260 медициналық ұйым жұмыс істейді. Қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту және инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда.


📌 Негізгі бағыттардың бірі – өңірлік травматологиялық орталықтар желісін құру. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Қарағанды және Балқаш қалаларында ашылған. 2027 жылға дейін желіні еліміздің өзге өңірлерінде де кеңейту жоспарланып отыр. Бұл мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

🩺 Жедел медициналық көмекті дамытуға ерекше назар аударылуда. Қабылдау бөлімшелеріндегі 210 шокқа қарсы кабинетті заманауи Trauma room бөлмелерімен қайта жарақтандыру, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаскелерінде 69 тірек медициналық пункт және туристік аймақтарда 60 маусымдық медициналық пункт құру жоспарлануда.

🚑 Профилактика жұмыстары да маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Жол-көлік оқиғаларына байланысты, тұрмыстық және балалар жарақатының алдын алу жөніндегі жұмыстар күшейтіліп, халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту ауқымы кеңейтіледі.

🙌 Қабылданып жатқан шаралар жарақат алған кезде заманауи әрі сапалы медициналық көмектің еліміздің әрбір тұрғыны үшін қолжетімді болуын және медициналық қызметтердің төтенше жағдайларда жедел көмек көрсету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ: ДО 2027 ГОДА В РЕГИОНАХ БУДУТ СОЗДАНЫ СОВРЕМЕННЫЕ ТРАВМАТОЛОГИЧЕСКИЕ ЦЕНТРЫ

🏥 В Казахстане продолжается модернизация системы оказания помощи пациентам с травмами. До 2027 года будет создана сеть региональных травматологических центров, обновлены противошоковые отделения, планируется усиление экстренной медицинской помощи и профилактики травматизма.
Соответствующие меры рассмотрены на заседании Национального координационного совета по охране здоровья.

Сегодня специализированную помощь оказывают более 1 500 врачей-травматологов. В стране работают 81 травматологический пункт, свыше 4 тысяч специализированных коек и 260 медицинских организаций. Продолжается укрепление кадрового потенциала и развитие инфраструктуры службы.


📌 Одним из ключевых направлений станет создание сети региональных травматологических центров. Такие центры уже открыты в Астане, Алматы, Караганде и Балхаше. До 2027 года сеть планируется расширить и в других регионах страны, что позволит повысить доступность специализированной помощи.

🩺 Особое внимание уделяется развитию экстренной медицинской помощи. Планируется переоснастить 210 противошоковых кабинетов приемного покоя в современные Trauma room, а также создать 69 опорных медицинских пунктов на аварийно-опасных участках автодорог и 60 сезонных медицинских пунктов в туристических зонах.

🚑 Важным направлением остается профилактика. Будет усилена работа по предупреждению дорожно-транспортного, бытового и детского травматизма, а также расширено обучение населения навыкам оказания первой помощи.

🙌 Комплекс принимаемых мер направлен на то, чтобы современная и качественная помощь при травмах была доступна каждому жителю страны, а медицинские службы могли оперативно приходить на помощь в экстренных ситуациях.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР ӨЛІМІ ҮШ ЕСЕ АЗАЙДЫ

Елімізде соңғы бес жылдың ішінде неонаталдық хирургияның қарқынды дамуының нәтижесінде күрделі операциялардан кейінгі нәрестелердің 90%-дан астамы сәтті емделуде.

🏥 Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ауыр туа біткен даму кемістіктері бар жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім көрсеткіші үш еседен астам төмендеді. Неонаталдық хирургияның дамуы, ерте диагностиканың жетілдірілуі, жоғары технологиялық емдеу әдістерінің енгізілуі және мамандандырылған дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында бұрын өмір сүру мүмкіндігі өте төмен саналған көптеген сәбидің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Мамандардың мәліметінше, ауыр туа біткен аурулары бар жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім көрсеткіші 22%-дан 6,9%-ға дейін төмендесе, операциядан кейінгі өмір сүру деңгейі 84%-дан 93%-ға дейін артқан. Бүгінде елімізде жыл сайын шамамен 1 400 жаңа туған нәрестеге операция жасалады, ал мамандандырылған көмек Қазақстанның барлық өңіріндегі перинаталдық орталықтарда қолжетімді.

📌 Дамудың негізгі бағыттарының бірі – ұрықта туа біткен даму ақауы анықталған жағдайда жүкті әйелдерді мамандандырылған медициналық ұйымдарға уақтылы бағыттау жүйесін қалыптастыру болды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес болашақ ана мамандандырылған перинаталдық орталыққа жіберіледі. Онда мамандар жүктілікті жүргізудің оңтайлы тактикасын, босандырудың мерзімі мен әдісін анықтап, сәби дүниеге келген сәттен бастап көмек көрсету үшін қажетті медициналық топты алдын ала дайындайды.

Операциядан кейін нәресте туған жеріндегі медициналық ұйымда неонаталдық бейіндегі мамандардың бақылауында болады.

Қазіргі заманғы пренаталдық диагностика әдістері жүктілік кезінде, оның ішінде 18–20 апта мерзімінде туа біткен даму кемістіктерінің басым бөлігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дәрігерлерге сәби дүниеге келгенге дейін дайындық жүргізіп, қажет болған жағдайда өмірінің алғашқы күндерінде хирургиялық түзету жасауға жағдай жасайды.


Елімізде туа біткен аурулардың алдын алу және әйелдерді дені сау жүктілікке дайындау жүйесі де белсенді дамуда.

2025 жылғы тамыз айынан бастап жүктілікке дейінгі дайындыққа бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында әйелдерге 10 негізгі зерттеу түрі қолжетімді, бүгінде олармен қамту деңгейі 54%-ды құрады.


Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап ұрықты сақтау орталықтарының базасында «Бір күндік клиникалар» жұмыс істей бастады. Бұл бастама пренаталдық скринингпен қамтуды 10%-ға арттыруға, патологияларды анықтау деңгейін 12%-ға көбейтуге және балалар мүгедектігінің деңгейін 8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

✅ Тағы бір маңызды бағыт – феталдық хирургия, яғни ұрықтың кейбір патологияларын жатырішілік түзету. Мұндай операциялар Алматы және Астана қалаларындағы мамандандырылған орталықтарда жүргізіледі. Бүгінгі күні 39 жатырішілік хирургиялық араласу жасалып, балалардың денсаулығына төнетін ауыр зардаптардың алдын алу және ерте емдеу мүмкіндігі кеңейді.

👩🏻‍⚕️ Соңғы жылдары елімізде аз инвазиялық хирургия әдістері де қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа туған нәрестелерге жасалатын операциялардың шамамен үштен бірі шағын тіліктер арқылы орындалады. Бұл хирургиялық араласудың жарақаттылығын азайтып, балалардың тезірек сауығып кетуіне мүмкіндік береді.

🔬 2022 жылдан бастап ауыр тыныс жеткіліксіздігі кезінде қолданылатын экстракорпоралдық мембраналық оксигенация (ЭКМО) технологиясы енгізілді. Бұл әдіс туа біткен диафрагмалық жарықтың жекелеген ауыр жағдайларында да тиімді қолданылып келеді.

Қазақстандық мамандар Орталық Азияда бұрын жасалмаған күрделі операцияларды да сәтті игерді. 2022 және 2024 жылдары сирек кездесетін бауыр ісігі бар жаңа туған нәрестелерге жоғары технологиялық хирургиялық ем жүргізіліп, олардың барлығы сауығып, үйлеріне шығарылды.

Қазіргі таңда елімізде ауыр туа біткен патологияларды емдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Туа біткен диафрагмалық жарығы бар балалардың өмір сүру көрсеткіші – 80–90%, өңеш атрезиясында – 85–95%, гастрошизис кезінде – 90%-дан жоғары.


Сонымен қатар, жаңа туған кезеңдегі ең қауіпті аурулардың бірі – некроздаушы энтероколитпен ауыратын шала туған нәрестелерді емдеуде де айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Диагностиканың жетілдірілуі және уақтылы хирургиялық емнің арқасында аталған патологиядан болатын өлім-жітім 2,5 еседен астам төмендеді.

Бүгінде ауыр дертке шалдыққан жаңа туған нәрестелерге көмекті құрамына неонаталдық хирургтер, неонатологтар, реаниматологтар, кардиологтар, генетиктер және басқа да мамандар кіретін мультидисциплиналық топтар көрсетеді.

Мұндай тәсіл нәресте өмірінің алғашқы минуттарынан бастап емдеуді бастауға және медициналық шешімдерді баланың жағдайын жан-жақты бағалау негізінде қабылдауға мүмкіндік береді.

🧬 Қызметті одан әрі дамыту аясында күрделі операцияларға дайындық кезінде 3D-модельдеу технологияларын енгізу, генетикалық технологияларды кеңінен қолдану, телемедициналық консультацияларды дамыту және өңірлерде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін одан әрі арттыру жоспарланып отыр.

🙌 Бүгінде туа біткен даму ақауларының басым бөлігін дер кезінде анықтап, медициналық көмекті дұрыс ұйымдастыру арқылы тиімді емдеуге болады. Мамандардың айтуынша, жүкті әйелдердің пренаталдық тексерулерден уақтылы өтуі және мамандандырылған орталықтарда тұрақты бақылауда болуы сәбидің дені сау болып өсу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Минздрав: Казахстан втрое снизил смертность новорождённых после операций

Более 90% малышей после сложных операций сегодня успешно проходят лечение — за пять лет неонатальная хирургия в стране вышла на новый уровень.

🏥 За последние пять лет в Казахстане более чем в три раза снизилась смертность среди новорождённых с тяжёлыми врождёнными патологиями. Благодаря развитию неонатальной хирургии, ранней диагностике, внедрению высокотехнологичных методов лечения и работе специализированных команд врачам удаётся спасать всё больше детей, которые ещё недавно относились к группе крайне высокого риска.

По данным специалистов, показатель летальности среди новорождённых с тяжёлыми врождёнными заболеваниями снизился с 22% до 6,9%, а послеоперационная выживаемость выросла с 84% до 93%. Сегодня ежегодно в стране проводится около 1 400 операций новорождённым, а специализированная помощь доступна в перинатальных центрах всех регионов Казахстана.

📌 Одним из ключевых направлений развития стала организация маршрутизации беременных при выявлении у плода врождённых пороков развития. В соответствии с международными подходами будущую маму направляют в специализированный перинатальный центр, где специалисты определяют оптимальную тактику ведения беременности, сроки и метод родоразрешения, а также готовят команду для оказания помощи ребёнку сразу после рождения.

После операции ребёнок продолжает наблюдаться по месту рождения при участии специалистов неонатального профиля.

Современные методы пренатальной диагностики позволяют выявлять значительную часть врождённых патологий ещё во время беременности — в том числе на сроках 18–20 недель. Это даёт врачам возможность заранее подготовиться к рождению ребёнка и при необходимости провести хирургическую коррекцию в первые дни жизни.


В стране также развивается система профилактики врождённых заболеваний и подготовки женщин к здоровой беременности.

С августа 2025 года реализуется программа прегравидарной подготовки «Аналар саулығы», направленная на улучшение состояния здоровья женщин до наступления беременности. В рамках программы доступны 10 базовых исследований, охват которыми уже составил 54%.



Кроме того, с 2024 года на базе центров охраны плода работают клиники одного дня. Их создание позволило повысить охват пренатальным скринингом на 10%, увеличить выявляемость патологий на 12% и снизить уровень детской инвалидности на 8%.

✅ Отдельным направлением стала фетальная хирургия — внутриутробная коррекция отдельных патологий плода. Такие операции выполняются в специализированных центрах Алматы и Астаны. На сегодняшний день проведено 39 вмешательств, что расширило возможности раннего лечения и профилактики тяжёлых последствий для здоровья детей.

👩🏻‍⚕️ В последние годы в стране активно развиваются малоинвазивные методы хирургии. Сегодня около трети операций новорождённым выполняются через небольшие проколы, что позволяет уменьшить травматичность вмешательств и ускорить восстановление детей.

С 2022 года применяется технология экстракорпоральной мембранной оксигенации (ЭКМО), которая используется при критических состояниях, связанных с тяжёлой дыхательной недостаточностью, включая отдельные случаи врождённой диафрагмальной грыжи.

К числу значимых достижений относятся и операции, которые ранее не выполнялись в Центральной Азии. В 2022 и 2024 годах казахстанские специалисты успешно провели хирургическое лечение новорождённых с редкими опухолями печени. Все дети после лечения были выписаны домой.

Сегодня в Казахстане достигнуты высокие результаты при лечении ряда тяжёлых врождённых патологий.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Выживаемость детей с врождённой диафрагмальной грыжей составляет 80–90%, при атрезии пищевода — 85–95%, при гастрошизисе — более 90%.


Также отмечается значительный прогресс в лечении недоношенных детей с некротизирующим энтероколитом — одним из наиболее опасных заболеваний периода новорождённости. Благодаря совершенствованию диагностики и своевременному хирургическому лечению смертность при этой патологии снизилась более чем в 2,5 раза.

Помощь новорождённым с тяжёлыми заболеваниями сегодня обеспечивают мультидисциплинарные команды, в которые входят неонатальные хирурги, неонатологи, реаниматологи, кардиологи, генетики и другие специалисты.

Такой подход позволяет начинать лечение в первые минуты жизни ребёнка и принимать решения на основе комплексной оценки состояния маленького пациента.

🧬 Следующим этапом развития службы станет внедрение 3D-моделирования для подготовки к сложным операциям, расширение применения генетических технологий, развитие телемедицинских консультаций и дальнейшее повышение доступности высокотехнологичной помощи в регионах.

🙌 Сегодня большинство врождённых пороков развития поддаются лечению при своевременном выявлении и правильно организованной медицинской помощи. Специалисты подчёркивают: регулярное прохождение пренатальных обследований и наблюдение в специализированных центрах позволяют значительно повысить шансы ребёнка на здоровое будущее.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Есту қабілеті бұзылған қазақстандықтар енді мүгедектік мәртебесінсіз-ақ есту аппараттарын ала алады — Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда есту қабілетін оңалту қызметтерінің қолжетімділігі кеңейтілуде. Енді есту қабілеті бұзылған пациенттер медициналық көрсетілімдер бойынша мүгедектік мәртебесіне қарамастан есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Бұл жаңа қамтамасыз ету тетігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының міндетін атқарушы Жанар Сәдуова мәлімдеді.

Бұған дейін есту аппараттары әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде есту қабілетінің ауыр бұзылысына байланысты мүгедектігі бар азаматтардың жекелеген санаттарына ғана берілетін. Заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін мұндай көмекке сурдолог дәрігердің қорытындысы бойынша есту аппаратын қажет ететін пациенттердің кең ауқымы ие болды.

«Басты міндетіміз – есту қабілеті бұзылған адамдарға уақытылы көмек көрсету. Естуді ерте кезеңнен оңалту өмір сапасын сақтауға, білім алуға, қарым-қатынас жасауға және қоғамға бейімделуге мүмкіндік береді», – деді Жанар Сәдуова.

Есту аппаратын алу үшін пациент сурдолог дәрігердің тексеруінен өтеді. Маман есту қабілетінің төмендеу дәрежесі мен сипатын анықтап, қажетті құрылғыны таңдайды және медициналық қорытынды рәсімдейді.

Жаңа қамтамасыз ету тетігі шеңберінде пациенттер тек есту аппаратымен ғана емес, сондай-ақ қызметтердің толық кешенімен қамтылады, оның ішінде құрылғыны жеке іріктеу, баптау, құлақ қалыптамасын дайындау, пациентті пайдалану тәртібіне үйрету, сондай-ақ кепілдік және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету қарастырылған.

Сонымен қатар елімізде, әсіресе балалардың арасында, есту қабілеті бұзылыстарын ерте анықтау жүйесі қарқынды дамып келеді. Аудиологиялық скринингке цифрлық бақылау енгізілгеннен кейін балалардағы есту қабілеті бұзылыстары анықталған жағдайлар саны үш еседен астам артты. Бұл дәрігерлерге емдеу мен оңалтуды ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда мамандандырылған сурдологиялық кабинеттер жұмыс істейді. Онда диагностика жүргізіліп, есту аппараттары іріктеледі және есту-сөйлеу оңалту қызметтері көрсетіледі. Есту қабілеті ауыр дәрежеде бұзылған балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС жүйесі шеңберінде кохлеарлық имплантаттау және сүйек өткізгіштігі имплантаттарын орнату сияқты заманауи емдеу әдістері қолжетімді.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық талаптарға сәйкес келетін заманауи есту аппараттарының үлгілерін іріктеу бойынша да дайындық жұмыстарын жүргізді. Тізбеге есту қабілетінің төмендеу дәрежесіне қарай әртүрлі қуат деңгейіндегі құрылғылар енгізілді.

Қазіргі таңда нормативтік және ұйымдастырушылық дайындық жұмыстары толық аяқталды. Келесі кезеңде өңірлер тарапынан қаржыландыру бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіледі.

Жаңа жүйе мыңдаған қазақстандықтың мүгедектік мәртебесіне қарамастан қажетті есту оңалту көмегін уақтылы алуына және олардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍1
Казахстанцы с нарушением слуха смогут получать слуховые аппараты без инвалидности — Минздрав

В Казахстане расширяется доступ к слуховой реабилитации. Теперь пациенты с нарушением слуха смогут получать слуховые аппараты по медицинским показаниям независимо от наличия инвалидности. Новый механизм обеспечения разработан Министерством здравоохранения. Об этом сообщила и.о. директора Департамента охраны здоровья матери и ребенка МЗ РК Жанар Садуова.

Ранее слуховые аппараты предоставлялись в рамках социальной защиты только отдельным категориям граждан с инвалидностью вследствие тяжелых нарушений слуха. После внесения изменений в законодательство право на такую помощь получили более широкие категории пациентов, которым слухопротезирование необходимо по заключению врача-сурдолога.

«Главная задача — обеспечить своевременную помощь людям с нарушением слуха. Раннее начало слуховой реабилитации помогает сохранить качество жизни, улучшить возможности для обучения, общения и социальной адаптации», — отметила Жанар Садуова.

Для получения слухового аппарата пациент проходит обследование у врача-сурдолога. Специалист определяет степень и характер нарушения слуха, подбирает необходимое устройство и оформляет медицинское заключение.

Планируется, что в обеспечение будет входит не только сам слуховой аппарат, но и комплекс услуг: индивидуальный подбор, настройка оборудования, изготовление ушного вкладыша, обучение пациента, а также гарантийное и постгарантийное обслуживание.

Параллельно в стране развивается система раннего выявления нарушений слуха, особенно у детей. После внедрения цифрового контроля аудиологического скрининга количество выявленных случаев нарушений слуха у детей выросло более чем в три раза. Это позволяет врачам раньше начинать лечение и реабилитацию.

Сегодня в Казахстане работают специализированные сурдологические кабинеты, где проводится диагностика, подбор слуховых аппаратов и слухоречевая реабилитация. Детям с тяжелой потерей слуха доступны современные методы лечения, включая кохлеарную имплантацию и установку имплантов костной проводимости в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и системы ОСМС.

Министерством здравоохранения также проведена подготовительная работа по выбору современных моделей слуховых аппаратов, соответствующих медицинским требованиям. В перечень вошли устройства разных уровней мощности — для пациентов с различной степенью снижения слуха.

На сегодняшний день нормативная и организационная подготовка завершена. Следующий этап — выделение финансирования регионами и проведение закупочных процедур.

Новая система позволит тысячам казахстанцев своевременно получать необходимую слуховую реабилитацию и повысить качество жизни независимо от наличия инвалидности.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍3
Қазақстанның жедел медициналық жәрдем бригадалары жеті айда 5,2 миллион шақыртуға қызмет көрсетті

🚑 2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанның жедел медициналық жәрдем қызметі 5,2 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Бұл – тәулігіне шамамен 25 мың шақырту. Әрбір осындай көрсеткіштің артында аман алып қалған өмірлер, пациенттерге дер кезінде көрсетілген көмек және еліміздің түкпір-түкпірінде тәулік бойы қызмет атқарып жүрген мыңдаған медицина қызметкерлерінің еңбегі тұр.

Жедел медициналық жәрдем қызметі Қазақстандағы ең сұранысқа ие медициналық қызметтердің бірі болып қала береді. Күн сайын жедел жәрдем бригадалары инфаркт, инсульт, ауыр жарақат, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде шақыртуларға шығып, шұғыл босануды қабылдайды, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше 2026 жылдың жеті айында жедел медициналық жәрдем қызметі 5 253 200 шақыртуға қызмет көрсеткен.


Бүгінде еліміз бойынша 20 дербес жедел медициналық жәрдем станциясы, 92 қалалық қосалқы станция және 189 аудандық бөлімше жұмыс істейді. Соның арқасында шұғыл медициналық көмек ірі қалалардың тұрғындарына да, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға да қолжетімді.

Тәулігіне кезекшілікке 1 669 көшпелі бригада шығып, тәулік бойы көмек көрсетуге дайын тұрады. Жедел әрекет ету үшін 2 728 жедел медициналық жәрдем автокөлігі пайдаланылады. Оның ішінде 1 733-і қалаларда, ал 995-і ауылдық жерлерде қызмет көрсетеді.


Жедел медициналық жәрдем қызметін дамыту денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Пациенттерді бағыттау жүйесі жетілдіріліп, автопарк жаңартылуда, бригадалардың жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері енгізіліп, медицина қызметкерлерінің біліктілігі тұрақты түрде арттырылуда.

🙌 Басты мақсат – тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің әрбір тұрғынын уақтылы әрі сапалы шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Осыған байланысты жедел медициналық жәрдем қызметінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға және оны еліміздің барлық өңірінде одан әрі дамытуға бағытталған кешенді жұмыс жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
5,2 миллиона вызовов за семь месяцев приняли бригады скорой помощи Казахстана

🚑 Более 5,2 миллиона вызовов обслужила служба скорой медицинской помощи Казахстана за первые семь месяцев 2026 года. Это около 25 тысяч обращений каждый день. За каждой такой цифрой — спасенные жизни, своевременная помощь пациентам и круглосуточная работа тысяч медицинских работников по всей стране.

Служба скорой медицинской помощи остается одной из самых востребованных медицинских служб Казахстана. Ежедневно бригады выезжают к пациентам с инфарктами, инсультами, тяжелыми травмами, осложнениями хронических заболеваний, принимают экстренные роды и оказывают помощь пострадавшим в дорожно-транспортных происшествиях.

По данным Национального координационного центра экстренной медицины Министерства здравоохранения Республики Казахстан, за семь месяцев 2026 года служба скорой медицинской помощи обслужила 5 253 200 вызовов.


Сегодня по всей стране работают 20 самостоятельных станций скорой медицинской помощи, 92 городские подстанции и 189 районных отделений. Благодаря этому экстренная медицинская помощь доступна жителям как крупных городов, так и отдаленных населенных пунктов.

Ежесуточно на дежурство выходят 1 669 выездных бригад, готовых круглосуточно прийти на помощь. Для оперативного реагирования используется 2 728 автомобилей скорой медицинской помощи, из которых 1 733 работают в городах, а 995 — в сельской местности.


Развитие службы скорой помощи остается одним из приоритетов системы здравоохранения. Совершенствуется маршрутизация пациентов, обновляется автопарк, внедряются современные подходы к организации работы бригад и повышается квалификация медицинских работников.

🙌 Необходимо отметить, что главная задача — обеспечить каждому жителю страны своевременную и качественную экстренную медицинскую помощь независимо от места проживания. Именно поэтому продолжается комплексная работа по развитию службы скорой помощи, повышению ее доступности и эффективности по всей территории Казахстана.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді

Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады

Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.

Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.


Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.

Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға* төмендеді. Сонымен қатар, *Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.

Бағалар нақты уақыт режимінде бақыланады

💊 Дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

🧑‍💻 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, цифрлық құралдар фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді жедел анықтап, белгіленген шекті бағалардың асып кету жағдайларына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Тұтынушылар үшін қосымша тексеру құралы ретінде Naqty Onim мобильдік қосымшасы қолжетімді. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана, сондай-ақ белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.

Мемлекеттік баға реттеуі барынша нысаналы сипатқа ие болды

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі басымдық әлеуметтік маңызы бар және халық арасында сұранысқа ие препараттарға берілген.

Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеуі 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Ал 4 918 препарат, оның ішінде рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын рецепт арқылы босатылатын препараттар мемлекеттік баға реттеуінен шығарылды.


Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл мемлекеттік бақылауды халық үшін ең маңызды дәрілік заттарға шоғырландыруға және сонымен қатар фармацевтикалық нарыққа түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

⚡️ Шекті бағалардың сақталуына бақылау жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында белгіленген шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіп, онда дәрілік заттарды жеткізудің тұрақтылығы және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В Казахстане снизились цены на 589 лекарственных препаратов

В июле в аптеках страны зафиксировано снижение стоимости почти четверти отслеживаемых лекарственных средств

В Казахстане в июле снизились розничные цены на 589 лекарственных препаратов. Мониторинг охватил 2 555 наименований лекарственных средств в 20 регионах страны.

Практически половина отслеживаемых позиций — 1 267 препаратов — сохранила прежнюю стоимость. При этом наиболее заметное снижение цен зафиксировано по 147 препаратам — более чем на 20%, еще по 198 наименованиям цены снизились на 10–20%, по 244 — на 5–10%.


В числе лекарств, стоимость которых снизилась, — препараты, широко применяемые при лечении инфекционных, сердечно-сосудистых заболеваний и заболеваний желудочно-кишечного тракта.

В частности, цена на Зитмак®️ 250 мг №6 снизилась на 24,25%, Цефтриаксон 1 г — на 22,03%, Пантап®️ 20 мг №14 — на 20,1%. Также подешевели Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 на 14,7%, Энап®️ 5 мг №10 — на 13,27%, Пульмикорт 0,25 мл — на 11,09%, Амоксиклав 875 мг/125 мг — на 6,86%.

Цены отслеживаются в режиме реального времени

💊 Мониторинг фактической стоимости лекарственных средств проводится с использованием системы маркировки и прослеживаемости. Она позволяет отслеживать движение и наличие препаратов в медицинских организациях и аптеках, а также сопоставлять фактические цены с установленными государством предельными значениями.

🧑‍💻 По словам председателя Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения РК Бауыржана Джусипова, цифровые инструменты позволяют оперативно видеть изменения на фармацевтическом рынке и реагировать на случаи превышения установленных цен.

Для самих покупателей дополнительным инструментом проверки является мобильное приложение Naqty Onim. В нем можно узнать производителя и дистрибьютора препарата, аптеку, в которой он реализуется, а также установленную предельную розничную цену.

Государственное регулирование стало более адресным

Одновременно Министерство здравоохранения пересмотрело подходы к государственному регулированию цен. Теперь основной акцент сделан на социально значимых и востребованных препаратах.

В результате актуализации перечня государственному ценовому регулированию подлежат 3 039 рецептурных лекарственных средств. Из-под регулирования выведены 4 918 препаратов, в том числе безрецептурные лекарства и рецептурные препараты стоимостью до одного МРП.


По данным Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения, это позволяет сосредоточить государственный контроль на наиболее значимых для населения лекарственных средствах и одновременно снизить административную нагрузку на фармацевтический рынок.

⚡️ Контроль за соблюдением предельных цен продолжается. За первое полугодие 2026 года выявлено 6 фактов превышения установленных цен, по которым применены административные меры. Общая сумма штрафов составила 1,4 млн тенге.

Работа по обеспечению доступности лекарственных средств продолжается совместно с производителями, дистрибьюторами и аптечными организациями. В конце июля Министерством проведено совещание с участниками фармацевтического рынка, на котором обсуждались стабильность поставок и недопущение необоснованного роста цен.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍1
Өмірдің әрбір минуты маңызды болғанда: Қазақстанның медициналық авиациясы жеті айдың ішінде 1300-ден астам ұшуды орындады

Ауыр жарақаттар, инфаркт, асқынған босану жағдайлары және жүздеген шақырым қашықтыққа шұғыл тасымалдауды қажет ететін пациенттер. Мұндай кезде уақыт – ең шешуші фактор.

2026 жылдың алғашқы жеті айының ішінде Қазақстанның медициналық авиациясы 1 308 ұшу орындап, 1 353 пациентті тасымалдады және 4 мыңнан астам қашықтан медициналық консультация өткізіп, елімізде және шетелде адамдардың өмірін сақтап қалуға үлес қосты.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясы шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің негізгі буындарының бірі болып қала береді.

2026 жылдың жеті айында мамандар санитариялық авиацияның 1 308 ұшуын орындап, шұғыл мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж 1 353 пациентті тасымалдады.


🧑‍💻 Пациенттерді тасымалдаумен қатар медициналық авиация мамандары заманауи технологияларды да белсенді қолдануда. Есепті кезеңде 4 165 қашықтан медициналық консультация өткізіліп, соның нәтижесінде өңірлік ауруханалардың дәрігерлері ауыр жағдайдағы пациенттерді емдеу барысында бейінді мамандардың қолдауына ие болды.

Медициналық авиация әсіресе пациентті мамандандырылған медициналық орталыққа шұғыл жеткізу қажет болған, ал жерүсті көлігімен тасымалдау тым ұзақ уақыт алатын жағдайларда аса сұранысқа ие. Бұл шалғай елді мекендердің тұрғындарына, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге, ауыр жарақат алған, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан, босануы асқынған және өзге де ауыр жағдайдағы пациенттерге қатысты.

🚑 Жыл басынан бері шетелге 9 санитариялық авиациялық ұшу орындалды. Қазақстандық медицина мамандары Албания, Италия, Түркия, Қытай, Таиланд, Ресей және Өзбекстан аумақтарынан еліміздің азаматтарына медициналық көмек көрсетіп, оларды тасымалдауды ұйымдастырды.

✈️ Медициналық авиацияны одан әрі дамыту денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Пациенттерді бағыттау жүйесін жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу және өңірлермен өзара іс-қимылды нығайту жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қашықтыққа қарамастан еліміздің барлық тұрғындары үшін қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Когда счет идет на минуты: медицинская авиация Казахстана выполнила более 1300 вылетов за семь месяцев

Тяжелые травмы, инфаркты, сложные роды и пациенты, которым требуется срочная транспортировка за сотни километров. В таких ситуациях время становится главным фактором.

За первые семь месяцев 2026 года медицинская авиация Казахстана выполнила 1 308 вылетов, доставила 1 353 пациента и провела более 4 тысяч дистанционных консультаций, помогая спасать жизни по всей стране и за ее пределами.


Медицинская авиация Национального координационного центра экстренной медицины Министерства здравоохранения остается одним из ключевых элементов системы оказания экстренной медицинской помощи.

За семь месяцев 2026 года специалисты выполнили 1 308 санитарно-авиационных вылетов, во время которых были транспортированы 1 353 пациента, нуждавшихся в срочной специализированной помощи.


🧑‍💻 Помимо транспортировки пациентов, специалисты медицинской авиации активно используют современные технологии. За отчетный период проведено 4 165 дистанционных медицинских консультаций, благодаря которым врачи региональных больниц получили поддержку профильных специалистов при лечении тяжелых пациентов.

Медицинская авиация особенно востребована в случаях, когда пациенту требуется срочная доставка в специализированный медицинский центр, а наземная транспортировка занимает слишком много времени. Это касается жителей отдаленных районов, пострадавших при чрезвычайных ситуациях, пациентов с тяжелыми травмами, сердечно-сосудистыми заболеваниями, осложненными родами и другими состояниями.

🚑 Также с начала года выполнено девять вылетов за рубеж. Казахстанским медикам пришлось оказывать помощь и организовывать транспортировку граждан страны из Албании, Италии, Турции, Китая, Таиланда, России и Узбекистана.

✈️ Дальнейшее развитие медицинской авиации остается одним из приоритетов. Совершенствование маршрутизации пациентов, внедрение современных технологий и укрепление взаимодействия с регионами позволяют сделать высокоспециализированную медицинскую помощь доступнее для казахстанцев всей страны независимо от расстояния.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Зертханадан өндіріске дейін: Қазақстан 2036 жылға дейін жаңа биотехнология саласын қалыптастыруда

📄 Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясы отандық әзірлемелерді ғылымнан тәжірибеге енгізуге дейінгі толық циклді қалыптастыруға бағытталған стратегияны талқылады.

🎓 Қазақстан биотехнологияларды дамытудың жаңа моделін қалыптастыруда. Ол ғылыми идеядан, зертханалық әзірлемеден бастап өндіріске енгізу мен практикалық қолдануға дейінгі толық үдерісті қамтиды. Қазақстан Республикасында биотехнологияларды дамытудың 2036 жылға дейінгі стратегиясының жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бірлескен отырысында талқыланды.

🤝 Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мен ҚР ҰҒА-ның бірлескен отырысы Алматы қаласында өтті. Оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, академиктер, медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Отырысты ашқан Ақмарал Әлназарова биотехнологияларды дамыту тек ғылымның ғана емес, елдің технологиялық дамуының да маңызды бағыты екенін атап өтті.

«Бүгінде біздің алдымызда жекелеген ғылыми әзірлемелерден білім мен технологиялар нақты тәжірибеде қолданылатын толыққанды жүйеге көшу міндеті тұр. Қазақстанның ғылыми әлеуеті жоғары. Ендігі міндетіміз – отандық әзірлемелердің сұранысқа ие технологияларға айналып, азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға қызмет етуіне жағдай жасау», – деді Денсаулық сақтау министрі.


Оның айтуынша, ғылымның, білімнің, денсаулық сақтаудың және өндірістің мүмкіндіктерін біріктіру ерекше маңызға ие.

«Біз үшін перспективалы әзірлемелердің тек зертхана деңгейінде қалып қоймауы аса маңызды. Олар диагностикада, емдеуде, өндірісте және адам өміріне тікелей әсер ететін басқа да салаларда практикалық қолданысқа дейінгі жолдан өтуі тиіс», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев стратегия Қазақстанда толық технологиялық цикл жүйесін қалыптастыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

«Стратегияның басты нәтижесі – тек жаңа технологияларды әзірлеп қана қоймай, әлемдегі үздік шешімдерді жедел игеруге, оларды ұлттық жағдайға бейімдеуге, ел ішінде өндіруге, қолдануға және одан әрі жетілдіруге қабілетті тиімді жүйе құру», – деді Ақылбек Күрішбаев.


Отырыс барысында ҚР ҰҒА академиктері Вячеслав Локшин, Ерлан Тұрыспеков, Аманкелді Саданов және ҚР ҰҒА Өмір және денсаулық туралы ғылымдар орталығының басшысы Марлен Есіркепов медициналық, аграрлық және өнеркәсіптік биотехнологияларды дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды.

👥 Сарапшылар ғылыми инфрақұрылымды дамыту, кадрлар даярлау, флагмандық ғылыми бағдарламаларды іске асыру және отандық әзірлемелерді тиімді енгізу тетіктерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Денсаулық сақтау жүйесі үшін биотехнологияларды дамыту медициналық ғылым, диагностика, фармацевтика және өмір туралы ғылымдардың басқа да бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашады. Болашақта бұл еліміздің технологиялық әлеуетін нығайтып, заманауи отандық шешімдердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Стратегия жобасы қатысушылардың тарапынан қолдау тапты. Денсаулық сақтау министрлігіне келіп түскен ұсыныстарды қарастырып, олардың ішіндегі негізделгендерін Стратегия мен оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын одан әрі жетілдіру барысында ескеру ұсынылды.

Құжатты әзірлеу жұмысы мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының қатысуымен жалғасады.

🧬 2036 жылға дейінгі Стратегия Қазақстанның жекелеген ғылыми жобалардан биотехнологияларды жүйелі дамытуға көшуіне негіз қалайды. Бұл өз технологияларын әзірлеуді, оларды өндіріске енгізуді және кейіннен кеңінен қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
От лаборатории до производства: Казахстан формирует новую биотехнологическую отрасль до 2036 года

📄 Минздрав и Национальная академия наук обсудили стратегию, которая должна объединить науку, технологии и практическое внедрение отечественных разработок

🎓 Казахстан формирует новую модель развития биотехнологий — от научной идеи и лабораторной разработки до производства и практического применения. Проект Стратегии развития биотехнологий Республики Казахстан до 2036 года обсудили Министерство здравоохранения и Национальная академия наук при Президенте Республики Казахстан.

🤝 Совместное заседание Научно-технического совета Минздрава и НАН РК прошло в Алматы. В нем приняли участие Министр здравоохранения Акмарал Альназарова, Президент Национальной академии наук Ахылбек Куришбаев, академики, руководители медицинских университетов и научных организаций, представители государственных органов, ученые и эксперты.

Открывая заседание, Акмарал Альназарова отметила, что развитие биотехнологий — это не только вопрос науки, но и важная составляющая технологического развития страны.

«Сегодня перед нами стоит задача перейти от отдельных научных разработок к полноценной системе, в которой знания и технологии находят практическое применение. Казахстан обладает сильным научным потенциалом, и наша задача — создать условия, чтобы отечественные разработки становились востребованными технологиями и работали на здоровье и качество жизни наших граждан», — подчеркнула Министр здравоохранения.»


По ее словам, особое значение имеет объединение возможностей науки, образования, здравоохранения и производства.

«Для нас принципиально важно, чтобы перспективная разработка не оставалась только в лаборатории. Она должна пройти путь до практического применения — диагностики, лечения, производства и других направлений, где результат напрямую влияет на человека», — отметила Акмарал Альназарова.»


Президент Национальной академии наук при Президенте РК Ахылбек Куришбаев подчеркнул, что Стратегия должна сформировать в Казахстане систему полного технологического цикла.

«Главный результат Стратегии — создание работающей системы, способной не только разрабатывать технологии, но и быстро осваивать лучшие мировые решения, адаптировать их к национальным условиям, производить, применять и совершенствовать внутри страны», — сказал Ахылбек Куришбаев.»


В ходе заседания академики НАН РК Вячеслав Локшин, Ерлан Туруспеков, Аманкелди Саданов и руководитель Центра наук о жизни и здоровья НАН РК Марлен Есиркепов представили предложения по развитию медицинских, аграрных и промышленных биотехнологий.

👥 Эксперты отдельно остановились на развитии научной инфраструктуры, подготовке кадров, реализации флагманских научных программ и создании эффективных механизмов внедрения отечественных разработок.

Для системы здравоохранения развитие биотехнологий открывает новые возможности в области медицинской науки, диагностики, фармацевтики и других направлений наук о жизни. В перспективе это позволит расширять собственную технологическую базу и повышать доступность современных отечественных решений.

По итогам заседания проект Стратегии был поддержан участниками. Министерству здравоохранения рекомендовано рассмотреть поступившие предложения и учесть наиболее обоснованные из них при дальнейшей доработке Стратегии и Плана действий по ее реализации.

Работа над документом продолжится совместно с заинтересованными государственными органами, научными организациями и экспертным сообществом.

🧬 Стратегия до 2036 года призвана заложить основу для перехода Казахстана от отдельных научных проектов к системному развитию биотехнологий — с созданием собственных технологий, их внедрением и дальнейшим масштабированием.