ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.23K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді

Шілде айында еліміздегі дәріханаларда бақыланатын дәрілік заттардың төрттен біріне жуығының бағасы арзандады

Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.

Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.


Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында инфекциялық ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.

Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға* төмендеді. Сонымен қатар, *Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.

Бағалар нақты уақыт режимінде бақыланады

💊 Дәрілік заттардың нақты құны таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы бақыланады. Бұл жүйе дәрілік препараттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

🧑‍💻 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, цифрлық құралдар фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді жедел анықтап, белгіленген шекті бағалардың асып кету жағдайларына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Тұтынушылар үшін қосымша тексеру құралы ретінде Naqty Onim мобильдік қосымшасы қолжетімді. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана, сондай-ақ белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.

Мемлекеттік баға реттеуі барынша нысаналы сипатқа ие болды

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі басымдық әлеуметтік маңызы бар және халық арасында сұранысқа ие препараттарға берілген.

Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеуі 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Ал 4 918 препарат, оның ішінде рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын рецепт арқылы босатылатын препараттар мемлекеттік баға реттеуінен шығарылды.


Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл мемлекеттік бақылауды халық үшін ең маңызды дәрілік заттарға шоғырландыруға және сонымен қатар фармацевтикалық нарыққа түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

⚡️ Шекті бағалардың сақталуына бақылау жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында белгіленген шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіп, онда дәрілік заттарды жеткізудің тұрақтылығы және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В Казахстане снизились цены на 589 лекарственных препаратов

В июле в аптеках страны зафиксировано снижение стоимости почти четверти отслеживаемых лекарственных средств

В Казахстане в июле снизились розничные цены на 589 лекарственных препаратов. Мониторинг охватил 2 555 наименований лекарственных средств в 20 регионах страны.

Практически половина отслеживаемых позиций — 1 267 препаратов — сохранила прежнюю стоимость. При этом наиболее заметное снижение цен зафиксировано по 147 препаратам — более чем на 20%, еще по 198 наименованиям цены снизились на 10–20%, по 244 — на 5–10%.


В числе лекарств, стоимость которых снизилась, — препараты, широко применяемые при лечении инфекционных, сердечно-сосудистых заболеваний и заболеваний желудочно-кишечного тракта.

В частности, цена на Зитмак®️ 250 мг №6 снизилась на 24,25%, Цефтриаксон 1 г — на 22,03%, Пантап®️ 20 мг №14 — на 20,1%. Также подешевели Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 на 14,7%, Энап®️ 5 мг №10 — на 13,27%, Пульмикорт 0,25 мл — на 11,09%, Амоксиклав 875 мг/125 мг — на 6,86%.

Цены отслеживаются в режиме реального времени

💊 Мониторинг фактической стоимости лекарственных средств проводится с использованием системы маркировки и прослеживаемости. Она позволяет отслеживать движение и наличие препаратов в медицинских организациях и аптеках, а также сопоставлять фактические цены с установленными государством предельными значениями.

🧑‍💻 По словам председателя Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения РК Бауыржана Джусипова, цифровые инструменты позволяют оперативно видеть изменения на фармацевтическом рынке и реагировать на случаи превышения установленных цен.

Для самих покупателей дополнительным инструментом проверки является мобильное приложение Naqty Onim. В нем можно узнать производителя и дистрибьютора препарата, аптеку, в которой он реализуется, а также установленную предельную розничную цену.

Государственное регулирование стало более адресным

Одновременно Министерство здравоохранения пересмотрело подходы к государственному регулированию цен. Теперь основной акцент сделан на социально значимых и востребованных препаратах.

В результате актуализации перечня государственному ценовому регулированию подлежат 3 039 рецептурных лекарственных средств. Из-под регулирования выведены 4 918 препаратов, в том числе безрецептурные лекарства и рецептурные препараты стоимостью до одного МРП.


По данным Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения, это позволяет сосредоточить государственный контроль на наиболее значимых для населения лекарственных средствах и одновременно снизить административную нагрузку на фармацевтический рынок.

⚡️ Контроль за соблюдением предельных цен продолжается. За первое полугодие 2026 года выявлено 6 фактов превышения установленных цен, по которым применены административные меры. Общая сумма штрафов составила 1,4 млн тенге.

Работа по обеспечению доступности лекарственных средств продолжается совместно с производителями, дистрибьюторами и аптечными организациями. В конце июля Министерством проведено совещание с участниками фармацевтического рынка, на котором обсуждались стабильность поставок и недопущение необоснованного роста цен.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍1
Өмірдің әрбір минуты маңызды болғанда: Қазақстанның медициналық авиациясы жеті айдың ішінде 1300-ден астам ұшуды орындады

Ауыр жарақаттар, инфаркт, асқынған босану жағдайлары және жүздеген шақырым қашықтыққа шұғыл тасымалдауды қажет ететін пациенттер. Мұндай кезде уақыт – ең шешуші фактор.

2026 жылдың алғашқы жеті айының ішінде Қазақстанның медициналық авиациясы 1 308 ұшу орындап, 1 353 пациентті тасымалдады және 4 мыңнан астам қашықтан медициналық консультация өткізіп, елімізде және шетелде адамдардың өмірін сақтап қалуға үлес қосты.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясы шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесінің негізгі буындарының бірі болып қала береді.

2026 жылдың жеті айында мамандар санитариялық авиацияның 1 308 ұшуын орындап, шұғыл мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж 1 353 пациентті тасымалдады.


🧑‍💻 Пациенттерді тасымалдаумен қатар медициналық авиация мамандары заманауи технологияларды да белсенді қолдануда. Есепті кезеңде 4 165 қашықтан медициналық консультация өткізіліп, соның нәтижесінде өңірлік ауруханалардың дәрігерлері ауыр жағдайдағы пациенттерді емдеу барысында бейінді мамандардың қолдауына ие болды.

Медициналық авиация әсіресе пациентті мамандандырылған медициналық орталыққа шұғыл жеткізу қажет болған, ал жерүсті көлігімен тасымалдау тым ұзақ уақыт алатын жағдайларда аса сұранысқа ие. Бұл шалғай елді мекендердің тұрғындарына, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге, ауыр жарақат алған, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан, босануы асқынған және өзге де ауыр жағдайдағы пациенттерге қатысты.

🚑 Жыл басынан бері шетелге 9 санитариялық авиациялық ұшу орындалды. Қазақстандық медицина мамандары Албания, Италия, Түркия, Қытай, Таиланд, Ресей және Өзбекстан аумақтарынан еліміздің азаматтарына медициналық көмек көрсетіп, оларды тасымалдауды ұйымдастырды.

✈️ Медициналық авиацияны одан әрі дамыту денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Пациенттерді бағыттау жүйесін жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу және өңірлермен өзара іс-қимылды нығайту жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қашықтыққа қарамастан еліміздің барлық тұрғындары үшін қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Когда счет идет на минуты: медицинская авиация Казахстана выполнила более 1300 вылетов за семь месяцев

Тяжелые травмы, инфаркты, сложные роды и пациенты, которым требуется срочная транспортировка за сотни километров. В таких ситуациях время становится главным фактором.

За первые семь месяцев 2026 года медицинская авиация Казахстана выполнила 1 308 вылетов, доставила 1 353 пациента и провела более 4 тысяч дистанционных консультаций, помогая спасать жизни по всей стране и за ее пределами.


Медицинская авиация Национального координационного центра экстренной медицины Министерства здравоохранения остается одним из ключевых элементов системы оказания экстренной медицинской помощи.

За семь месяцев 2026 года специалисты выполнили 1 308 санитарно-авиационных вылетов, во время которых были транспортированы 1 353 пациента, нуждавшихся в срочной специализированной помощи.


🧑‍💻 Помимо транспортировки пациентов, специалисты медицинской авиации активно используют современные технологии. За отчетный период проведено 4 165 дистанционных медицинских консультаций, благодаря которым врачи региональных больниц получили поддержку профильных специалистов при лечении тяжелых пациентов.

Медицинская авиация особенно востребована в случаях, когда пациенту требуется срочная доставка в специализированный медицинский центр, а наземная транспортировка занимает слишком много времени. Это касается жителей отдаленных районов, пострадавших при чрезвычайных ситуациях, пациентов с тяжелыми травмами, сердечно-сосудистыми заболеваниями, осложненными родами и другими состояниями.

🚑 Также с начала года выполнено девять вылетов за рубеж. Казахстанским медикам пришлось оказывать помощь и организовывать транспортировку граждан страны из Албании, Италии, Турции, Китая, Таиланда, России и Узбекистана.

✈️ Дальнейшее развитие медицинской авиации остается одним из приоритетов. Совершенствование маршрутизации пациентов, внедрение современных технологий и укрепление взаимодействия с регионами позволяют сделать высокоспециализированную медицинскую помощь доступнее для казахстанцев всей страны независимо от расстояния.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Зертханадан өндіріске дейін: Қазақстан 2036 жылға дейін жаңа биотехнология саласын қалыптастыруда

📄 Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясы отандық әзірлемелерді ғылымнан тәжірибеге енгізуге дейінгі толық циклді қалыптастыруға бағытталған стратегияны талқылады.

🎓 Қазақстан биотехнологияларды дамытудың жаңа моделін қалыптастыруда. Ол ғылыми идеядан, зертханалық әзірлемеден бастап өндіріске енгізу мен практикалық қолдануға дейінгі толық үдерісті қамтиды. Қазақстан Республикасында биотехнологияларды дамытудың 2036 жылға дейінгі стратегиясының жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бірлескен отырысында талқыланды.

🤝 Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мен ҚР ҰҒА-ның бірлескен отырысы Алматы қаласында өтті. Оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, академиктер, медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Отырысты ашқан Ақмарал Әлназарова биотехнологияларды дамыту тек ғылымның ғана емес, елдің технологиялық дамуының да маңызды бағыты екенін атап өтті.

«Бүгінде біздің алдымызда жекелеген ғылыми әзірлемелерден білім мен технологиялар нақты тәжірибеде қолданылатын толыққанды жүйеге көшу міндеті тұр. Қазақстанның ғылыми әлеуеті жоғары. Ендігі міндетіміз – отандық әзірлемелердің сұранысқа ие технологияларға айналып, азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға қызмет етуіне жағдай жасау», – деді Денсаулық сақтау министрі.


Оның айтуынша, ғылымның, білімнің, денсаулық сақтаудың және өндірістің мүмкіндіктерін біріктіру ерекше маңызға ие.

«Біз үшін перспективалы әзірлемелердің тек зертхана деңгейінде қалып қоймауы аса маңызды. Олар диагностикада, емдеуде, өндірісте және адам өміріне тікелей әсер ететін басқа да салаларда практикалық қолданысқа дейінгі жолдан өтуі тиіс», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев стратегия Қазақстанда толық технологиялық цикл жүйесін қалыптастыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

«Стратегияның басты нәтижесі – тек жаңа технологияларды әзірлеп қана қоймай, әлемдегі үздік шешімдерді жедел игеруге, оларды ұлттық жағдайға бейімдеуге, ел ішінде өндіруге, қолдануға және одан әрі жетілдіруге қабілетті тиімді жүйе құру», – деді Ақылбек Күрішбаев.


Отырыс барысында ҚР ҰҒА академиктері Вячеслав Локшин, Ерлан Тұрыспеков, Аманкелді Саданов және ҚР ҰҒА Өмір және денсаулық туралы ғылымдар орталығының басшысы Марлен Есіркепов медициналық, аграрлық және өнеркәсіптік биотехнологияларды дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды.

👥 Сарапшылар ғылыми инфрақұрылымды дамыту, кадрлар даярлау, флагмандық ғылыми бағдарламаларды іске асыру және отандық әзірлемелерді тиімді енгізу тетіктерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Денсаулық сақтау жүйесі үшін биотехнологияларды дамыту медициналық ғылым, диагностика, фармацевтика және өмір туралы ғылымдардың басқа да бағыттарында жаңа мүмкіндіктер ашады. Болашақта бұл еліміздің технологиялық әлеуетін нығайтып, заманауи отандық шешімдердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Стратегия жобасы қатысушылардың тарапынан қолдау тапты. Денсаулық сақтау министрлігіне келіп түскен ұсыныстарды қарастырып, олардың ішіндегі негізделгендерін Стратегия мен оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын одан әрі жетілдіру барысында ескеру ұсынылды.

Құжатты әзірлеу жұмысы мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының қатысуымен жалғасады.

🧬 2036 жылға дейінгі Стратегия Қазақстанның жекелеген ғылыми жобалардан биотехнологияларды жүйелі дамытуға көшуіне негіз қалайды. Бұл өз технологияларын әзірлеуді, оларды өндіріске енгізуді және кейіннен кеңінен қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
От лаборатории до производства: Казахстан формирует новую биотехнологическую отрасль до 2036 года

📄 Минздрав и Национальная академия наук обсудили стратегию, которая должна объединить науку, технологии и практическое внедрение отечественных разработок

🎓 Казахстан формирует новую модель развития биотехнологий — от научной идеи и лабораторной разработки до производства и практического применения. Проект Стратегии развития биотехнологий Республики Казахстан до 2036 года обсудили Министерство здравоохранения и Национальная академия наук при Президенте Республики Казахстан.

🤝 Совместное заседание Научно-технического совета Минздрава и НАН РК прошло в Алматы. В нем приняли участие Министр здравоохранения Акмарал Альназарова, Президент Национальной академии наук Ахылбек Куришбаев, академики, руководители медицинских университетов и научных организаций, представители государственных органов, ученые и эксперты.

Открывая заседание, Акмарал Альназарова отметила, что развитие биотехнологий — это не только вопрос науки, но и важная составляющая технологического развития страны.

«Сегодня перед нами стоит задача перейти от отдельных научных разработок к полноценной системе, в которой знания и технологии находят практическое применение. Казахстан обладает сильным научным потенциалом, и наша задача — создать условия, чтобы отечественные разработки становились востребованными технологиями и работали на здоровье и качество жизни наших граждан», — подчеркнула Министр здравоохранения.»


По ее словам, особое значение имеет объединение возможностей науки, образования, здравоохранения и производства.

«Для нас принципиально важно, чтобы перспективная разработка не оставалась только в лаборатории. Она должна пройти путь до практического применения — диагностики, лечения, производства и других направлений, где результат напрямую влияет на человека», — отметила Акмарал Альназарова.»


Президент Национальной академии наук при Президенте РК Ахылбек Куришбаев подчеркнул, что Стратегия должна сформировать в Казахстане систему полного технологического цикла.

«Главный результат Стратегии — создание работающей системы, способной не только разрабатывать технологии, но и быстро осваивать лучшие мировые решения, адаптировать их к национальным условиям, производить, применять и совершенствовать внутри страны», — сказал Ахылбек Куришбаев.»


В ходе заседания академики НАН РК Вячеслав Локшин, Ерлан Туруспеков, Аманкелди Саданов и руководитель Центра наук о жизни и здоровья НАН РК Марлен Есиркепов представили предложения по развитию медицинских, аграрных и промышленных биотехнологий.

👥 Эксперты отдельно остановились на развитии научной инфраструктуры, подготовке кадров, реализации флагманских научных программ и создании эффективных механизмов внедрения отечественных разработок.

Для системы здравоохранения развитие биотехнологий открывает новые возможности в области медицинской науки, диагностики, фармацевтики и других направлений наук о жизни. В перспективе это позволит расширять собственную технологическую базу и повышать доступность современных отечественных решений.

По итогам заседания проект Стратегии был поддержан участниками. Министерству здравоохранения рекомендовано рассмотреть поступившие предложения и учесть наиболее обоснованные из них при дальнейшей доработке Стратегии и Плана действий по ее реализации.

Работа над документом продолжится совместно с заинтересованными государственными органами, научными организациями и экспертным сообществом.

🧬 Стратегия до 2036 года призвана заложить основу для перехода Казахстана от отдельных научных проектов к системному развитию биотехнологий — с созданием собственных технологий, их внедрением и дальнейшим масштабированием.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстау облысында ана мен нәресте өлімін төмендету шаралары күшейтілуде

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі М.Е. Рамазанов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар медициналық ұйымдарын аралап, олардың қызметімен танысты, медициналық көмектің ұйымдастырылуын бағалап, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – медициналық ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу, ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету және медициналық қызметтердің сапасын, әсіресе ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған үздік тәсілдерді енгізу болды.

Вице-министрдің сапарына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 3–7 тамыз аралығында өңірде республикалық мониторингтік топ жұмыс істеді. Оның құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің, Ұлттық акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының, Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, Ұлттық балаларды оңалту орталығының, UMC корпоративтік қорының, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының жетекші мамандары, сондай-ақ Қарағанды және Ақтөбе облыстары денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері енді.

Жұмыс барысында сарапшылар әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің ұйымдастырылуына кешенді бағалау жүргізді. Облыстың медициналық ұйымдарының қызметі, ана мен нәресте өлімінің көрсеткіштері, кадрлық қамтамасыз ету, пациенттерді бағыттау жүйесі, медициналық көмектің сапасы, инфекциялық бақылау мәселелері және мекемелердің материалдық-техникалық базасының жағдайы зерделенді.

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді іздеуге ерекше назар аударылды. Облыстың медицина қызметкерлеріне консультациялық-әдістемелік және практикалық қолдау көрсетіліп, бейінді мамандардың қатысуымен дәрістер, семинарлар және пациенттерге консультациялар ұйымдастырылды.

Жұмыс бағдарламасы шеңберінде М.Е. Рамазанов Маңғыстау облысының әкімімен кездесті. Одан кейін облыстық перинаталдық орталықтың қызметімен танысып, қабылдау бөлімін, босандыру блогын, операциялық бөлімдерді, неонаталдық қызмет бөлімшесін және «Бір күндік клиника» жұмысын аралап, негізгі құрылымдық бөлімшелердің қызметін бағалады.

Сондай-ақ вице-министр Көпбейінді облыстық ауруханаға барып, қабылдау бөлімшесінің, операциялық блоктың, жалпы реанимация бөлімшесінің және госпитальдық фармация қызметінің жұмысымен танысты.

Бұдан бөлек, жұмыс сапары шеңберінде Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, «Қамқорлық» оңалту орталығы және Қарақия аудандық орталық ауруханасы да қамтылды.

Жұмыс сапарының екінші күні М.Е. Рамазанов ана мен нәресте өлімін төмендету мәселелері жөніндегі көшпелі Үйлестіру кеңесінің отырысына тең төрағалық етті.

Отырысқа еліміздің барлық 20 өңірінің өкілдері қатысты. Қатысушылар республикалық мониторингтік топ жұмысының алдын ала қорытындыларын қарап, анықталған жүйелі мәселелерді талқылады және медициналық көмекті одан әрі жетілдіруге бағытталған басым шараларды айқындады.

Мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша анықталған проблемаларды жоюға арналған нысаналы ұсынымдар әзірленіп, іс-шаралар жоспары қалыптастырылады. Құжатта нақты міндеттер, жауапты орындаушылар және іске асыру мерзімдері белгіленеді. Жоспардың орындалуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында болады.

Өңірлерде көшпелі үйлестіру кеңестерін өткізу және республикалық мониторингтік топтардың жұмысы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырудың маңызды тетігі болып табылады. Мұндай тәжірибе даму бағыттарын жедел айқындауға, табысты шешімдермен алмасуға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.
В Мангистау усиливают меры по снижению материнской и младенческой смертности

В рамках рабочей поездки в Мангистаускую область Вице-министр здравоохранения Республики Казахстан М.Е. Рамазанов посетил ряд медицинских организаций региона, где ознакомился с текущей деятельностью учреждений, оценил организацию медицинской помощи и обсудил перспективы дальнейшего развития системы здравоохранения.

Главной целью визита стали мониторинг деятельности медицинских организаций, оказание организационно-методической поддержки и внедрение эффективных подходов для повышения качества медицинских услуг, особенно в сфере охраны здоровья матерей и детей.

До приезда Вице-министра, в соответствии с приказом Министерства здравоохранения Республики Казахстан, с 3 по 7 августа 2026 года в регионе работала республиканская мониторинговая группа. В ее состав вошли ведущие специалисты Департамента охраны здоровья матери и ребенка Министерства здравоохранения РК, Национального научного центра акушерства, гинекологии и перинатологии, Республиканского центра первичной медико-санитарной помощи, Национального центра детской реабилитации, Корпоративного фонда UMC, Больницы Медицинского центра Управления делами Президента РК, Национального научного центра развития здравоохранения имени Салидат Каирбековой, а также представители управлений здравоохранения Карагандинской и Актюбинской областей.

В ходе работы эксперты провели комплексную оценку организации медицинской помощи женщинам и детям. Были изучены деятельность медицинских организаций области, показатели материнской и младенческой смертности, кадровое обеспечение, маршрутизация пациентов, качество оказания медицинской помощи, вопросы инфекционного контроля, а также состояние материально-технической базы учреждений.

Особое внимание уделено поиску эффективных решений для дальнейшего повышения доступности и качества медицинской помощи. Медицинским работникам области оказана консультативно-методическая и практическая поддержка, проведены лекции, семинары и консультации пациентов с участием профильных специалистов.

В рамках рабочей программы М.Е. Рамазанов встретился с Акимом Мангистауской области, после чего ознакомился с деятельностью Областного перинатального центра. Вице-министр посетил приемное отделение, родильный блок, операционные, отделение неонатальной службы и «Клинику одного дня», оценив организацию работы ключевых подразделений.

Также Вице-министр посетил Многопрофильную областную больницу, где ознакомился с деятельностью приемного отделения, операционного блока, отделения общей реанимации и госпитальной фармации.

Кроме того, в рамках визита были посещены Многопрофильная областная детская больница, реабилитационный центр «Қамқорлық» и Каракиянская центральная районная больница.

Во второй день рабочей поездки М.Е. Рамазанов выступил сопредседателем заседания выездного Координационного совета по снижению материнской и младенческой смертности.

В заседании приняли участие представители всех 20 регионов страны. Участники рассмотрели предварительные результаты работы республиканской мониторинговой группы, обсудили выявленные системные вопросы и определили первоочередные меры, направленные на дальнейшее совершенствование медицинской помощи.

По итогам работы мониторинговой группы будут подготовлены адресные рекомендации и сформирован план мероприятий по устранению выявленных проблемных вопросов. В документе будут определены конкретные задачи, ответственные исполнители и сроки реализации. Исполнение плана будет находиться на постоянном контроле Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

Проведение выездных координационных советов и работа республиканских мониторинговых групп в регионах являются важным инструментом повышения эффективности системы здравоохранения. Такая практика позволяет оперативно выявлять направления для развития, обмениваться успешными решениями и обеспечивать дальнейшее повышение качества медицинской помощи населению.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда алғаш рет кохлеарлық имплантаттау бойынша халықаралық мастер-класс өтуде

Есту қабілеті ауыр бұзылған балалар алдағы уақытта жоғары технологиялық медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алу мүмкіндігіне ие болады. Атырау облыстық балалар ауруханасында Батыс Қазақстанда алғаш рет балалардың дыбысты қабылдауына, сөйлеу қабілетін дамытуына және күнделікті өмірге бейімделуіне мүмкіндік беретін кохлеарлық имплантаттау бойынша халықаралық мастер-класс өтуде.

Кохлеарлық имплантаттау есту қабілеті айқын төмендеген немесе толық саңырау балаларға, кәдімгі есту аппараттары қажетті нәтиже бермеген жағдайда жасалады. Бұған дейін мұндай операциялар негізінен Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы ірі медициналық орталықтарда ғана жүргізіліп келген.

Халықаралық мастер-кластың шеңберінде жетекші мамандар өңір дәрігерлерімен бірлесіп оқыту жұмыстарын жүргізіп, диагностика мен хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауда, сондай-ақ көрсетілімдік операциялар орындауда. Бұл өңірдің оториноларингологтары мен хирургтері үшін облыстық балалар ауруханасының базасында тәжірибелік дағдыларды меңгеріп, заманауи технологияларды игеруге мүмкіндік береді.

Оқыту аяқталып, мамандар толық дайындықтан өткеннен кейін кохлеарлық имплантаттауды Атырау облысында биылғы жылдың соңына қарай жүргізу жоспарланып отыр. Бұл бұрын басқа қалалардағы медициналық орталықтарға жүгінуге мәжбүр болған өңір тұрғындары үшін мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттырады.

Қазіргі уақытта Атырау облысында есту қабілеті бұзылған балалар мамандардың бақылауында. Олардың бір бөлігі бұған дейін еліміздің өзге өңірлерінде кохлеарлық имплантаттаудан өткен. Жаңа бағыттың іске қосылуы өңірде жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мастер-класс өңірдегі жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытудағы маңызды кезең болмақ. Алынған білім мен тәжірибелік дағдылар мұндай операцияларды өз бетінше орындай алатын мамандар тобын қалыптастырып, Атырау облысында кохлеарлық имплантаттау бағытын одан әрі дамытуға негіз болады.

Сарапшылар мен өңір дәрігерлерінің бірлескен жұмысы емдеудің заманауи әдістерін енгізуге, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға және Атырау облысында кохлеарлық имплантаттауды тұрақты негізде жүргізуге қажетті жағдай жасауға ықпал етеді.
Впервые в Атырау проходит мастер-класс по кохлеарной имплантации

Дети с тяжелыми нарушениями слуха в будущем смогут получать высокотехнологичную медицинскую помощь ближе к дому. В Атырауской областной детской больнице впервые в Западном Казахстане проходит международный мастер-класс по кохлеарной имплантации — операции, которая помогает детям воспринимать звуки, развивать речь и легче адаптироваться в повседневной жизни.

Кохлеарная имплантация применяется детям с выраженной потерей слуха или полной глухотой, когда обычные слуховые аппараты не обеспечивают необходимого эффекта. Ранее такие операции проводились преимущественно в крупных медицинских центрах Астаны, Алматы и Туркестана.

В рамках международного мастер-класса ведущие специалисты совместно с врачами региона проводят обучение, разбирают современные подходы к диагностике и хирургическому лечению, а также выполняют показательные операции. Для местных оториноларингологов и хирургов это возможность получить практический опыт и освоить современные технологии непосредственно на базе областной детской больницы.

После завершения обучения и подготовки специалистов кохлеарную имплантацию планируется начать проводить в Атырауской области уже в конце текущего года. Это позволит сделать специализированную помощь более доступной для семей региона, которым раньше приходилось обращаться в медицинские центры других городов.

Сегодня в Атырауской области под наблюдением специалистов находятся дети с нарушениями слуха, часть из которых уже ранее прошла кохлеарную имплантацию в других регионах страны. Запуск нового направления позволит значительно расширить возможности оказания высокотехнологичной медицинской помощи на месте.

Организаторы отмечают, что мастер-класс станет важным этапом в развитии высокотехнологичной медицинской помощи в регионе. Полученные знания и практический опыт помогут сформировать команду специалистов, способных самостоятельно выполнять такие операции и развивать направление кохлеарной имплантации в Атырауской области.

Совместная работа экспертов и врачей региона способствует развитию современных методов лечения, повышению квалификации местных специалистов и созданию условий для проведения кохлеарной имплантации в Атырауской области.
🤔1
Қазақстандағы мектеп медицинасы цифрлық форматқа көшуде: балалардың денсаулығы технологиялар көмегімен бақыланады

🧑‍💻 Мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулері цифрлық диагностикалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіліп, тексеру нәтижелері цифрлық медициналық жүйелерде тіркелетін мектеп медицинасының жаңа моделін 400-ден астам маман талқылады.

🩺 6–7 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында мектеп медицинасының дамуына арналған көшпелі кеңестер өткізді. Талқылауға 400-ден астам маман – денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының өкілдері, мектеп медицинасы қызметкерлері және бейінді мамандар қатысты.

Қағаз түріндегі тексерулерден денсаулықты цифрлық мониторингілеуге дейін

Жаңа модельдің негізгі элементтерінің бірі – мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулерін цифрландыру.

📊 Тексеру жүргізу кезінде заманауи цифрлық диагностикалық құрылғыларды пайдалану, ал алынған нәтижелерді ақпараттық жүйелерде автоматты түрде тіркеу жоспарлануда. Бұл баланың денсаулық жағдайы туралы неғұрлым толық мәлімет қалыптастыруға және оның өзгерістерін динамикада бақылауға мүмкіндік береді.

👩‍⚕️ Егер оқушыда белгілі бір қауіп факторлары немесе денсаулық көрсеткіштерінде өзгерістер анықталса, ақпаратты одан әрі бақылау, қосымша тексеру жүргізу немесе медициналық көмек көрсету үшін МСАК мамандарына жедел жіберуге болады.

Осылайша, мектеп медицинасы бір реттік профилактикалық тексерулерден баланың денсаулығын жүйелі түрде цифрлық сүйемелдеуге біртіндеп көшуде.

Негізгі басымдық – профилактика және ерте анықтау

🔍 Жаңа модель профилактикалық бағытты күшейтуді көздейді. Негізгі міндет – денсаулықтағы ықтимал бұзылыстар мен қауіп факторларын ерте кезеңдерде анықтау. Бұл кезде уақытылы профилактикалық шаралар барынша тиімді нәтиже бере алады.

🍎 Бұл ретте мектеп медицинасы қызметкерлері аталған жүйенің маңызды бөлігіне айналады. Олардың жұмысы медициналық тексерулер жүргізумен ғана шектелмейді. Ол аурулардың алдын алуды, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді, балалардың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруды және МСАК ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтиды.

«Саламатты мектеп»: денсаулық – мектеп мәдениетінің бір бөлігі

✅Кеңестер барысында оқушылардың салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыруға және профилактикалық мәдениетті дамытуға бағытталған «Саламатты мектеп» жобасы да таныстырылды.

🔗 Мектеп медицинасының кадрлық қамтамасыз етілуіне, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және медициналық ұйымдардың жаңа тәсілдерді енгізуге дайындығына ерекше назар аударылды.

📌 Маңғыстау және Атырау облыстарында өткен көшпелі кеңестер өңірлердің жаңа модельді іс жүзінде енгізуге дайындығын бағалауға және мектеп медицинасының дамуы бойынша алдағы қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.

⚡️ Жаңа модель мектеп медицинасының заманауи, цифрлық және профилактикалық сипатын күшейтуге бағытталған. Бұл баланың денсаулық жағдайын белгілі бір уақыттағы көрсеткіш бойынша ғана бағалап қоймай, оның өзгерістерін динамикада тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1