ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.23K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
В КАЗАХСТАНЕ РАСШИРЯЕТСЯ РАННЯЯ ДИАГНОСТИКА РАКА: ОХВАТ ОНКОСКРИНИНГАМИ ВЫРОС ДО 41,7%, ОБЪЕМ ИССЛЕДОВАНИЙ ПЭТ/КТ – НА 21,6%

🔍 В рамках развития онкологической помощи в стране расширяются возможности высокоточной диагностики. За первое полугодие 2026 года проведено 17,4 тыс. исследований ПЭТ/КТ, что на 21,6% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

🧬 Существенно увеличилось и количество проведенных иммуногистохимических исследований – с 33,6 тыс. в 2024 году до 65,1 тыс. в 2025 году. Эти исследования позволяют определить характеристики опухоли и подобрать более точную тактику лечения.

🔬 Пациенты с новообразованиями получают самые современные виды лучевой терапии: охват этим видом лечения расширился до 65%. После запуска нового корпуса Национального научного онкологического центра в Казахстане впервые стала доступна протонная терапия. За первое полугодие 2026 года проведено 3 897 процедур протонной терапии и 9 239 сеансов лучевой терапии.

За первое полугодие 2026 года охват населения онкологическими скринингами увеличился с 37,6% до 41,7%.

В 2025 году онкологические центры большинства регионов получили современное медицинское оборудование на сумму свыше 27 млрд тенге.


До конца 2026 года планируется дальнейшее развитие инфраструктуры онкологической службы, в том числе запуск первых референс-центров высокоточной диагностики, нового ПЭТ/КТ-центра в Карагандинской области и дополнительное оснащение региональных медицинских организаций.

🙌 Основная задача – сокращать путь пациента от раннего выявления заболевания до точной диагностики и своевременного современного лечения, обеспечивая доступность медицинских технологий независимо от места проживания.

⚡️ Развитие онкологической помощи осуществляется в рамках Комплексного плана по борьбе с онкологическими заболеваниями на 2023–2027 годы.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
ҚАЗАҚСТАНДА ОБЫРДЫ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ КЕҢЕЙТІЛУДЕ: ОНКОСКРИНИНГТЕРМЕН ҚАМТУ 41,7%-ҒА, ПЭТ/КТ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 21,6%-ҒА АРТТЫ

🔍 Елімізде онкологиялық көмекті дамыту шеңберінде дәлдігі жоғары диагностиканың мүмкіндіктері кеңейтілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 17,4 мың ПЭТ/КТ зерттеуі жүргізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға көп.

🧬 Иммуногистохимиялық зерттеулердің саны да айтарлықтай артты – 2024 жылғы 33,6 мыңнан 2025 жылы 65,1 мыңға дейін өсті. Бұл зерттеулер ісіктің ерекшеліктерін анықтауға және емдеудің неғұрлым дәл тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.

🔬 Ісіктері бар пациенттер сәулелік терапияның заманауи түрлерімен қамтамасыз етілуде. Бұл емдеу түрімен қамту 65%-ға дейін кеңейді. Қазақстанда Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы іске қосылғаннан кейін алғаш рет протондық терапия қолжетімді болды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 897 протондық терапия емшарасы және 9 239 сәулелік терапия сеансы жүргізілді.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықты онкологиялық скринингтермен қамту көрсеткіші 37,6%-дан 41,7%-ға дейін өсті.

2025 жылы өңірлердің басым бөлігіндегі онкология орталықтары жалпы сомасы 27 млрд теңгеден астам заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.


2026 жылдың соңына дейін онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарлануда. Оның ішінде дәлдігі жоғары диагностика бойынша алғашқы референс-орталықтарды, Қарағанды облысында жаңа ПЭТ/КТ орталығын іске қосу және өңірлік медициналық ұйымдарды қосымша жарақтандыру көзделген.

🙌 Негізгі міндет – ауруды ерте анықтаудан бастап нақты диагноз қоюға және уақтылы заманауи ем жүргізуге дейінгі пациенттің жолын қысқарту, медициналық технологиялардың тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімділігін қамтамасыз ету.

⚡️ Онкологиялық көмекті дамыту Онкологиялық аурулармен күрестің 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏥 Ақтөбе облысындағы Алтықарасу дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Шүренов Жамбыл Ерболұлы ауылдың 2 200 тұрғынына медициналық көмек көрсетілетін жаңа медициналық нысанның мүмкіндіктері туралы айтып берді.

🙌 Жаңа дәрігерлік амбулатория ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Мұнда дәрігерге дейінгі тексеру және акушерлік қабылдау кабинеттері, сондай-ақ вакцинациялау және стерилизациялау жүргізуге арналған жеке бөлмелер қарастырылған.

Сонымен қатар, тұрғындар осы жерде күндізгі стационар жағдайында ем қабылдап, физиотерапия және операциялардан, инсульттен кейінгі оңалту сеанстарынан өте алады.

✅ Енді ауыл тұрғындары дәрігердің консультациясын алу немесе басқа да медициналық емшаралардан өту үшін ауданға немесе облыс орталығына бару қажеттілігі жоқ.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏥 Врач Алтықарасуской амбулатории в Актюбинской области Шуренов Жамбыл Ерболович рассказывает о возможностях нового медицинского объекта, где получают медицинскую помощь 2200 жителей села.

🙌 Новая врачебная амбулатория построена в рамках нацпроекта по модернизации сельского здравоохранения и оснащена самым современным медицинским оборудованием.

Здесь имеются кабинеты доврачебного осмотра и ведения акушерских приемов, отдельно прививочные и стерилизационные помещения.

Кроме того, сюда жители приходят пройти лечение в условиях дневного стационара, получить сеансы физиотерапии и реабилитации после операций, инсультов.

✅ Теперь сельчанам не нужно выезжать в район или область для консультации врача или другими процедурами.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ӨҢІРЛЕРДЕГІ АУРУХАНАЛАРДЫ РЕНОВАЦИЯЛАУ ШЕҢБЕРІНДЕ 26 ЖАҢА БЕЙІНДІ БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

Қазақстанда өңірлерде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстық көпбейінді ауруханаларды жаңарту бағдарламасы іске асырылуда.

2026 жылдың басынан бері стационарлар базасында 403 төсекке арналған 26 жаңа бейінді бөлімше ашылды.

Олар терапиялық бағыттағы ең сұранысқа ие: гастроэнтерология, ревматология, пульмонология, эндокринология, нефрология, гематология және кардиология сияқты жеті бейін бойынша құрылды.

Жаңа бөлімшелер тұрғындар өздері тұратын өңірде тікелей диагностикадан өтіп, ем ала алуы және облыстық әрі республикалық орталықтарға шығу қажеттілігін азайту мақсатында ашылуда.

Ақтөбе облысында 16 төсектен тұратын екі жаңа бөлімше – гастроэнтерология және нефрология бөлімшелері ашылды. Бұған дейін мұнда ревматология бөлімшесі құрылған болатын.

Қостанай облысында 25 төсекке арналған гастроэнтерология, 20 төсекке арналған эндокринология және 30 төсекке арналған пульмонология бөлімшелерін ашу көзделген.

Қызылорда облысында 20 төсекке арналған ревматология және 20 төсекке арналған гастроэнтерология бөлімшелері ашылды.

Павлодар облысында 20 төсектен тұратын пульмонология және гастроэнтерология бөлімшелері, ал Жетісу облысында 10 төсекке арналған пульмонология, 15 төсекке арналған гастроэнтерология және 10 төсекке арналған нефрология бөлімшелері ашылды.

Бағдарлама шеңберінде халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, төсек қорын бейіндер бойынша қайта бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Бейінді бөлімшелердің кеңеюі ауруларды уақтылы анықтауға, емдеуді ерте кезеңдерде бастауға және асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі жетілдіріліп, телемедицина дамытылуда, құзырет орталықтары құрылып, медицина кадрларын жергілікті жерде даярлау және олардың біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдері енгізілуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В РАМКАХ РЕНОВАЦИИ БОЛЬНИЦ В РЕГИОНАХ ОТКРЫТО 26 НОВЫХ ПРОФИЛЬНЫХ ОТДЕЛЕНИЙ


В Казахстане продолжается реализация программы реновации областных многопрофильных больниц в целях доступности специализированной медицинской помощи в регионах.

С начала 2026 года в на базе стационаров открыто 26 новых профильных отделений на 403 койки.

Они созданы по семи наиболее востребованным терапевтическим направлениям: гастроэнтерология, ревматология, пульмонология, эндокринология, нефрология, гематология и кардиология.

Новые отделения открываются для того, чтобы жители регионов могли получать диагностику и лечение непосредственно по месту проживания, без необходимости выезжать в областные и республиканские центры.

В Актюбинской области открылись два новых отделения — гастроэнтерологии и нефрологическое по 16 коек, ранее было создано отделение ревматологии.

В Костанайской области предусмотрены отделения гастроэнтерологии на 25 коек, эндокринологии на 20 и пульмонологии на 30 коек. В Кызылординской области — ревматологии на 20 и гастроэнтерологии на 20 коек.

В Павлодарской области — пульмонологическое и гастроэнтерологическое отделения по 20 коек. В области Жетісу — пульмонологическое на 10 коек, гастроэнтерологическое на 15 и нефрологическое на 10 коек.

В рамках программы проводится перепрофилирование коечного фонда с учетом реальной потребности населения.

Расширение профильных отделений позволит своевременно диагностировать заболевания, начинать лечение на ранних стадиях и снижать риск осложнений.

Одновременно совершенствуется организация медицинской помощи, развивается телемедицина, создаются центры компетенций, внедряются современные подходы к подготовке и повышению квалификации медицинских кадров на местах.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
ТӘЖІКСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАСЫ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

🤝 Тәжікстанда Қазақстан медицинасы күндері басталды, оның шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар басым бағыттары бойынша озық тәжірибе мен клиникалық жетістіктер алмасуға бағытталған кең ауқымды бірлескен іс-шаралар бағдарламасы жоспарланған.

🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Қазақстан делегациясының құрамында кардиология, онкология, акушерия және гинекология, педиатрия, травматология салаларындағы республикалық ғылыми орталықтардың басшылары мен жетекші мамандары, медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері бар. Делегацияға Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов жетекшілік етуде.

📝 Сапар бағдарламасында Қазақстан мен Тәжікстанның медициналық ұйымдарының жетекші мамандарының қатысуымен пациенттерге консультациялар беру, хирургиялық операциялар жасау, мастер-кластар өткізу, клиникалық жағдайларды талдау, дәрістер және білім беру іс-шаралары қарастырылған.

🔗 Практикалық бөлім кардиология және кардиохирургия, эндокринология, травматология, акушерия және гинекология, сондай-ақ басқа да медициналық бағыттардың кең ауқымын қамтиды.

Негізгі назар мамандардың тікелей жұмысына және практикалық тәжірибе алмасуға аударылды. Бірлескен операциялар мен мастнр-кластар дәрігерлерге заманауи клиникалық тәсілдермен алмасуға, күрделі жағдайларды талқылауға және алған білімдерін медициналық практикада тікелей қолдануға мүмкіндік береді.

Душанбе қаласындағы Тәжікстан акушерия, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу институтының базасында қазақстандық дәрігерлер акушерлік корпустың жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. Олар босандыру бөлімшесін, акушерлік реанимацияны, босанғаннан кейінгі бөлімшені, консультациялық-диагностикалық емхананы және ғылыми зертхананы аралады.


📌 Бағдарлама заманауи клиникалық дағдыларды практика жүзінде пысықтауға бағытталған симуляциялық сабақтарды өткізуді қамтиды. Бұл екі ел мамандарына акушерлік және перинатология саласына озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық сарапшылар әріптестеріне «Акушерлік қан кетулер» тақырыбында бейінді презентация ұсынып, осы патологиямен күресудің заманауи әдістерін таныстырды.


📌 Сапар барысында Республикалық онкология ғылыми орталығының базасында қалқанша безінің қатерсіз түйінді ісіктерін емдеудің заманауи термиялық әдістеріне, атап айтқанда радиожиілікті абляцияны (РЖА) қолдану мүмкіндіктеріне арналған білім беру семинары өтті.

🫀 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігері Арман Асқарұлы Ибраев тәжікстандық әріптестерімен бірлесіп, қалқанша безі аурулары бар пациенттерді қарап, консультация жүргізді.

Дәрігерлер клиникалық жағдайларды, аз инвазивті емдеуге көрсетілімдерді және қалқанша безінің қатерсіз түйінді түзілістері бар пациенттерді емдеу тактикасын таңдаудың ерекшеліктерін талқылады.

Тәжікстан Республикасының жетекші дәрігерлерімен бірлесіп ЛОР-хирургия, балалар және ересектер травматологиясы, неонаталдық хирургия, балалар ауруларын қадағалап-қарау және онкоурология бағыттары бойынша мастер-кластар өткізу жоспарланған.

👥 Қазақстан медицинасы күндерінің қорытындысы бойынша бейінді ведомстволардың басшылары, медициналық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың өкілдері қатысатын Қазақстан-Тәжікстан бірлескен форумы өтеді деп жоспарлануда. Форумның шеңберінде жетекші ғылыми-зерттеу институттарының басшылары баяндама жасап, денсаулық сақтау саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады.

⚜️ Сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның медициналық ұйымдарының арасында бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарлануда. Бұл қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітіп, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM