ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.23K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА 300-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТУДЕ

Қазақстанда перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының 300-ден астам басшысын аттестаттау басталды. Бірінші кезең – тестілеу 2026 жылғы 14 қазанда басталды.

20 қазандағы жағдай бойынша Қызылорда облысы, Ұлытау облысы және Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдардың 44 басшысы тестілеуден өтті.

Аттестаттау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қатысушылар кәсіби білімдері мен басқарушылық құзыреттерін, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын көрсетеді.

Бағалау тек аталған ұйымдардың басшыларына қатысты жүргізілетінін айта кеткен жөн. Қатардағы дәрігерлер, мейіргерлер және басқа да медицина қызметкерлері аттестаттауға қатыспайды.

Бағалау қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарды басқаруды жетілдіру және олардың жұмыс тиімділігін арттыру бағыттары айқындалады.

Аттестаттау медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру деңгейін, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ кадр саясаты мен қаржы қаражатын жұмсау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ БОЛЕЕ 300 РУКОВОДИТЕЛЕЙ МЕДОРГАНИЗАЦИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОХОДЯТ АТТЕСТАЦИЮ

В Казахстане началась аттестация более 300 руководителей организаций родовспоможения, детских стационаров и станций скорой медицинской помощи. Первый этап – тестирование стартовал 14 октября 2026 года.

По состоянию на 20 октября тестирование уже прошли 44 руководителя медицинских организаций Кызылординской области, области Ұлытау и города Шымкент.

Аттестация проходит по утверждённому графику. Участники демонстрируют профессиональные знания и управленческие компетенции, а также навыки организации работы медучреждений и рационального использования ресурсов.

Необходимо отметить, что оценка касается только руководителей указанных организаций. Рядовые врачи, медицинские сёстры и другие медицинские работники в аттестации не участвуют.

По итогам оценки определят направления для совершенствования управления медицинскими организациями и повышения эффективности их работы.

Аттестация позволит улучшить уровень организации, качество и безопаность оказываемой медицинской помощи, повысить эффективность кадровой политики и расходования финансовых средств.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ-ТЫҢ ЖЕТЕКШІ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАР ОБЫРЫН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

⚜️ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Самарқандта АҚШ-тың балалар онкологиясы саласындағы жетекші орталықтарының бірі — St. Jude Children’s Research Hospital өкілдерімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесуде балалар обырын емдеудің заманауи әдістерін енгізу, қазақстандық мамандарды даярлау және ісікке қарсы дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

👥 Кездесу госпитальдің атқарушы вице-президенті, St. Jude Global халықаралық бағдарламасының жетекшісі Карлос Родригес-Галиндоның қатысуымен өтті.

🙌 Тараптар балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді дамыту мүмкіндіктерін, соның ішінде сүйек кемігін трансплантаттау, молекулалық диагностика және жасушалық терапияның перспективалы әдістерін талқылады.

🏥 Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында заманауи көпбейінді госпиталь кешенін салу жобасына ерекше назар аударылды. Жоспарға сәйкес, ол Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Абай облысының балаларына мамандандырылған медициналық көмек көрсететін өңіраралық орталыққа айналмақ.

🤝 Ақмарал Әлназарова St. Jude орталығының тарапынан жобаға сараптамалық қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ қазақстандық дәрігерлерді оқытуды, бірлескен медициналық консилиумдар мен ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды ұсынды.

💊 Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Қазақстанның балаларға арналған ісікке қарсы дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған St. Jude және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық бағдарламасына қосылу мүмкіндігі болды.

📝 Бағдарламаға қатысушы елдерді балалардағы онкологиялық ауруларды емдеуге арналған сапалы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету көзделген. Қазақстанның бағдарламаға қатысу шарттары халықаралық әріптестермен бірлесіп қосымша пысықталатын болады.

⚡️ Қазіргі уақытта қазақстандық медициналық ұйымдар St. Jude Global Alliance халықаралық желісінің құрамына кіреді. Бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз қалайды.

👫 Басты мақсат — балалардың заманауи диагностика мен емдеу әдістеріне қолжетімділігін кеңейтіп, кішкентай пациенттердің көбірек бөлігіне қажетті медициналық көмекті өз елінде, отбасыларының жанында алуға мүмкіндік жасау.

✅ Кездесу қорытындысы бойынша балалар онкологиясы, медицина кадрларын даярлау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағыттарындағы бірлескен жобаларды нақты пысықтауды жалғастыру ұсынылды.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН И ВЕДУЩИЙ ОНКОЦЕНТР США ОБСУДИЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ЛЕЧЕНИЯ ДЕТСКОГО РАКА

⚜️ Министр здравоохранения Казахстана Акмарал Альназарова в Самарканде обсудила перспективы сотрудничества с одним из ведущих детских онкологических центров США — St. Jude Children’s Research Hospital. Основное внимание уделено внедрению современных методов лечения детского рака, подготовке казахстанских специалистов и повышению доступности противоопухолевых препаратов.

👥 Встреча состоялась с исполнительным вице-президентом госпиталя, руководителем международной программы St. Jude Global Карлосом Родригесом-Галиндо.

🙌 Стороны обсудили возможности развития высокотехнологичной медицинской помощи детям, включая трансплантацию костного мозга, молекулярную диагностику и перспективные методы клеточной терапии.

🏥 Отдельное внимание уделено проекту современного многопрофильного госпитального комплекса в Восточно-Казахстанской области. Планируется, что он станет межрегиональным центром, обеспечивающим специализированную помощь детям Восточно-Казахстанской, Павлодарской областей и области Абай.

🤝 Акмарал Альназарова предложила рассмотреть возможность экспертного сопровождения проекта со стороны St. Jude, а также организации обучения казахстанских врачей, совместных медицинских консилиумов и научных исследований.

💊 Одной из ключевых тем встречи стала возможность присоединения Казахстана к международной программе St. Jude и Всемирной организации здравоохранения по повышению доступности противоопухолевых препаратов для детей.

📝 Программа направлена на обеспечение стран-участниц качественными лекарствами для лечения детских онкологических заболеваний. Возможные условия участия Казахстана предстоит дополнительно проработать с международными партнёрами.

⚡️ Казахстанские медицинские организации уже входят в международную сеть St. Jude Global Alliance, что создаёт основу для дальнейшего расширения сотрудничества.

👫Главная цель — расширить доступ детей к современным методам диагностики и лечения, чтобы больше маленьких пациентов могли получать необходимую медицинскую помощь в Казахстане, рядом со своими семьями.

✅ По итогам встречи предложено продолжить предметную проработку совместных проектов в сфере детской онкологии, подготовки медицинских кадров и лекарственного обеспечения.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тимур Екибаев: қант диабетінің ауыр асқынулары кезінде аяқты сақтап қалу жолындағы күрес

🇰🇿 Республика күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Республикалық эндокринология және диабет орталығының хирург-подологы Тимур Рүстемұлы Екибаев туралы баяндаймыз.

🩺 Қант диабеті ауыр асқынуларға әкелген жағдайда пациентке ампутация қаупі төнуі мүмкін. Мұндай кезде дәрігердің басты міндеті – аурудың асқынуын тоқтатып қана қоймай, аяқты сақтап қалу, оның қызметін қалпына келтіру және адамның қалыпты өміріне оралуына көмектесу.

🖇️ Тимур Екибаев өзінің кәсіби қызметін дәл осы бағытқа арнаған. Ол диабеттік табан синдромын, соның ішінде терең трофикалық ойық жараларды, диабеттік гангренаны, іріңді-некроздық зақымдануларды, сондай-ақ табан сүйектері мен буындарының бұзылуын емдеуге маманданған.

👥 Дәрігер ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жаралары бар пациенттерге ерекше көңіл бөледі. Мұндай пациенттер көбіне ұзақ уақыт нәтижесіз емделгеннен кейін маманның көмегіне жүгінеді. Бұл жағдайда зақымданған тіндерді алып тастау және инфекцияны бақылауда ұстаумен қатар, сау тіндерді барынша сақтай отырып, жараның жазылуына қолайлы жағдай жасау маңызды.

🦶 Оның жұмысының тағы бір маңызды бағыты – Шарконың диабеттік нейроостеоартропатиясын емдеу. Бұл – табанның сүйек-буын жүйесі бұзылып, деформациялар пайда болатын және ойық жаралардың түзілу қаупі артатын ауыр асқыну. Мұндай пациенттерді емдеуде иммобилизациялау және зақымданған аймаққа түсетін салмақты азайту әдістері қолданылады. Солардың бірі – Total Contact Cast технологиясы, яғни салмақты табанға біркелкі таратып, зақымданған тіндерді қорғауға көмектесетін арнайы жеке гипс таңғышы.

Гангрена дамып, аяқтан айырылу қаупі төнген ең күрделі жағдайларда дәрігер ағза мен тіндерді барынша сақтауға бағытталған тәсілді ұстанады. Ол тіршілікке қабілетсіз тіндерді алып тастап, инфекциялық үдерісті бақылауға алады және сау анатомиялық құрылымдарды мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысады.

🎓 Тимур Екибаев Қазақ-Ресей медицина университетін тәмамдап, доктор Рүстем Нұралиннің подиатрия бойынша оқу курсынан өткен. Кәсіби тәжірибесін «Диабеттік табан» медициналық орталығында және Есік қаласының аудандық орталық ауруханасында жинақтаған.

📚 Кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіру мақсатында Мәскеу қаласындағы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Эндокринология ұлттық медициналық зерттеу орталығында тағылымдамадан өтіп, диабеттік табанды емдеу саласындағы мамандардың тәжірибесін зерделеген. Сонымен қатар испандық профессор Миньоранстың жетекшілігімен білім алып, подология мен созылмалы жараларды емдеудің заманауи тәсілдерін меңгерген.

Бүгінде оның қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – қант диабетінің ауыр асқынулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті дамыту, кешенді емдеу әдістерін енгізу және диабеттік табан синдромының алдын алу.

💙 Әрбір сақтап қалған аяқтың артында адам тағдыры тұр. Бұл – өздігінен жүріп-тұру, еңбек ету, отбасына қамқор болу және тәуелсіздігін сақтау мүмкіндігі. Сондықтан мұндай мамандардың еңбегі айрықша маңызды. Уақтылы әрі кәсіби емдеу пациентке аурудың ауыр зардаптарынан сақтанып, өмір сапасын сақтауға көмектеседі.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тимур Екибаев: борьба за сохранение конечностей при тяжёлых осложнениях сахарного диабета

🇰🇿 В преддверии Дня Республики рассказываем о Тимуре Рустемовиче Екибаеве — хирурге-подологе Республиканского центра эндокринологии и диабета НИИ кардиологии и внутренних болезней.

🩺 Когда сахарный диабет приводит к тяжёлым осложнениям, пациент может столкнуться с угрозой ампутации. В таких случаях главная задача врача — не только остановить развитие заболевания, но и сохранить конечность, восстановить её функцию и помочь человеку вернуться к привычной жизни.

🖇️ Именно этому направлению посвятил свою профессиональную деятельность Тимур Екибаев. Он специализируется на лечении синдрома диабетической стопы, включая глубокие трофические язвы, диабетическую гангрену, гнойно-некротические поражения и разрушение костей и суставов стопы.

👥 Особое внимание врач уделяет пациентам с длительно незаживающими ранами, которые нередко обращаются за помощью после продолжительного и безуспешного лечения. В таких случаях важно не только устранить повреждённые ткани и контролировать инфекцию, но и создать условия для заживления раны, максимально сохранив здоровые ткани.

🦶 Отдельное направление его работы — лечение диабетической нейроостеоартропатии Шарко. Это тяжёлое осложнение, при котором разрушается костно-суставной аппарат стопы, возникают деформации и повышается риск образования язв. Для лечения таких пациентов применяются современные методы иммобилизации и разгрузки, в том числе технология Total Contact Cast — специальная индивидуальная гипсовая повязка, которая помогает равномерно распределить нагрузку и защитить повреждённые ткани.

В наиболее сложных случаях, когда развивается гангрена и возникает угроза потери конечности, врач придерживается органосохраняющего подхода: удаляет нежизнеспособные ткани, контролирует инфекционный процесс и стремится максимально сохранить здоровые анатомические структуры.

🎓 Тимур Екибаев окончил Казахстанско-Российский медицинский университет, прошёл подиатрический курс доктора Рустема Нуралина. Профессиональный опыт приобретал в медицинском центре «Диабетическая стопа» и Центральной районной больнице города Иссык.

📚 Для дальнейшего совершенствования навыков он проходил обучение в Национальном медицинском исследовательском центре эндокринологии Минздрава России в Москве, где изучал опыт специалистов по лечению диабетической стопы. Также обучался у испанского профессора Миньоранса, осваивая современные подходы к подологии и лечению хронических ран.

Сегодня важная часть его работы — развитие специализированной помощи пациентам с тяжёлыми осложнениями сахарного диабета, внедрение комплексных методов лечения и профилактика синдрома диабетической стопы.

💙 За каждой сохранённой конечностью стоит человеческая судьба. Это возможность самостоятельно передвигаться, работать, заботиться о семье и сохранять независимость. Именно поэтому работа таких специалистов имеет особое значение: своевременное и профессиональное лечение может помочь пациенту избежать тяжёлых последствий заболевания и сохранить качество жизни.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
РЕАНИМАЦИЯДАҒЫ 70 КҮН: ДӘРІГЕРЛЕР САЛМАҒЫ 679 ГРАММ НӘРЕСТЕНІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Реанимацияда 70 күн, өкпені жасанды желдету аппаратында 43 күн, СИПАП әдісімен тыныс алуды қолдау кезінде тағы 25 күн өткізген сәби ақыры анасымен қауышты. Алматы қаласындағы № 2 қалалық перинаталдық орталықтың мамандары салмағы небәрі 679 грамм болып туған шала нәрестені аман алып қалды.

Ұл бала 2026 жылғы 8 тамызда жүктіліктің 26 аптасы мен 6 күнінде дүниеге келген. Анасы шұғыл түрде перинаталдық орталыққа жеткізілген. Жүктілік кезіндегі асқынуларға байланысты медициналық көрсетілімдер бойынша кесар тілігі жасалған.

Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап нәрестеге қарқынды медициналық көмек қажет болды. Осы уақыт бойы медицина мамандары оның жағдайын тәулік бойы бақылап, қажетті ем-дом жүргізді.

Өмір үшін ұзаққа созылған күрестен кейін көптен күткен сәт туды: сәби реанимациядан шығып, анасының қасына жатқызылды.

Қазір нәрестенің туғанына 75 күн болды. Салмағы 1 800 грамға жетті. Үшінші күн қатарынан анасымен бірге палатада жатыр.

Бұл көрсеткіштердің артында дәрігерлердің тынымсыз еңбегі, тәулік бойғы күтімі және күн сайын ширап, нығайып келе жатқан кішкентай өмір тұр.

Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында жаңа туған нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізді. Тірі туған әрбір 1 000 нәрестеге шаққанда өлім көрсеткіші 3 жағдайды құрайды.


Бұл – перинаталдық көмекті жүйелі дамыту, заманауи технологияларды енгізу және ана мен балаға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру нәтижесі.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
70 ДНЕЙ В РЕАНИМАЦИИ: ВРАЧИ ВЫХОДИЛИ МАЛЫША ВЕСОМ 679 ГРАММОВ


70 дней в реанимации, 43 дня на искусственной вентиляции лёгких, ещё 25 дней на поддержке методом СИПАП — и, наконец, долгожданная встреча с мамой. Специалисты Городского перинатального центра № 2 Алматы выходили глубоко недоношенного малыша, родившегося с весом всего 679 граммов.

Мальчик родился 8 августа 2026 года на сроке 26 недель и 6 дней. Его маму экстренно доставили в центр. Роды прошли путём кесарева сечения по медицинским показаниям на фоне осложнений беременности.

С первых минут жизни ребёнку требовалась интенсивная медицинская помощь. Всё это время медицинская команда круглосуточно следила за его состоянием и проводила необходимое лечение.

После долгих недель борьбы за жизнь наступил долгожданный момент: малыш смог покинуть реанимацию и оказаться рядом с мамой.

Сегодня ребёнку 75 суток. Он весит уже 1 800 граммов и третий день находится в палате совместного пребывания с мамой.

За этими цифрами — кропотливый труд врачей, круглосуточная забота и маленькая жизнь, которая с каждым днём становится крепче.

Казахстан достиг самого низкого показателя смертности новорожденных среди стран Центральной Азии – это 3 случая на 1000 живорождений.


Это стало результатом последовательного развития перинатальной помощи, внедрения современных технологий и совершенствования системы медицинского сопровождения матерей и детей.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БЕСКӨЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЗАМАНАУИ ЕМХАНА АШЫЛДЫ

🏥 Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы жаңа емханаға барды. Сондай-ақ Петропавл қаласында салынып жатқан көпбейінді облыстық аурухана мен жедел медициналық жәрдем станциясының құрылыс барысымен танысты.

Бұған дейін емхана акушерлік-гинекологиялық қызметке арналып салынған, үлгілік емес ғимаратта орналасқан болатын. Тар әрі бейімделген үй-жайларда медицина қызметкерлері екі ауысыммен жұмыс істеуге мәжбүр болды.

🔹 Енді жаңа ғимаратта 44 дәрігерді қоса алғанда, 184 қызметкер жұмыс істейтін болады. Биыл аудандық ауруханаға 16 дәрігер келді, олардың 12-сі – жас мамандар.

🔹 Кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған министр соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған заңнамалық өзгерістердің үш пакеті қабылданғанын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау шараларының көлемі жеті есе артты. Бүгінде біз депутаттармен бірлесіп, медицина қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жаңа түзетулер әзірлеп жатырмыз», – деді ведомство басшысы.


🔹 Қызылжар ауданы ардагерлерінің атынан сөз сөйлеген Уәлихан Қаражігітов көптен күткен нысанның ашылуына орай облыс басшылығы мен Денсаулық сақтау министрлігіне алғыс білдірді.

«Бұл – аудан тұрғындары үшін зор қолдау. Жас әріптестеріме айтарым: енді жұмыс істеуге барлық қолайлы жағдай жасалды. Осы емхана ауданымызға денсаулық пен өркендеу әкелсін», – деді Уәлихан Қаражігітов.


🔹 Жаңа нысан Қызылжар ауданы тұрғындары үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта медициналық учаскелерге 40 мыңнан астам адам тіркелген.

Жаңа ғимаратта ересектер мен балаларды қабылдауға арналған жеке сүзгі кабинеттері, сондай-ақ туберкулез қызметіне арналған оқшауланған кіреберістер қарастырылған.

Заманауи жоспарлау дәрігерлердің бір ауысымда жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, пациенттер үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға жол ашады.

Жаңа емханада пациенттерді толыққанды қабылдау мекемені қажетті жабдықтармен жарақтандыру және дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін, 2027 жылғы қаңтарда басталады деп жоспарланып отыр.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В СЕЛЕ БЕСКОЛЬ СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТКРЫЛАСЬ НОВАЯ СОВРЕМЕННАЯ ПОЛИКЛИНИКА

🏥Сегодня в рамках рабочей поездки в Северо-Казахстанскую область министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова посетила новую поликлинику в селе Бесколь Кызылжарского района, а также ознакомилась с ходом строительства многопрофильной областной больницы и станции скорой медицинской помощи в Петропавловске.

Прежняя поликлиника располагалась в нетиповом здании, которое изначально предназначалось для акушерско-гинекологической службы. В условиях тесных приспособленных помещений медикам приходилось работать в две смены.

🔹Теперь в новом здании будут работать все 184 сотрудника, в их числе 44 врача. В этом году в районную больницу прибыли 16 докторов, 12 из которых молодые специалисты.

🔹Касаясь вопроса обеспечения кадрами министр отметила, что за последние три года в Казахстане приняли три пакета законодательных изменений, направленных на улучшение условий труда и социальной защиты медработников.

«В семь раз выросли меры социальной поддержки, которые оказывают местные исполнительные органы. Сегодня мы вместе с депутатами работаем над новыми поправками, чтобы обеспечить достойные условия труда для медицинских работников», – отметила глава ведомства.


🔹От имени ветеранов Кызылжарского района выступил Уалихан Каражигитов поблагодарил руководство области и министерство здравоохранения за долгожданный объект.

«Это колоссальная поддержка для жителей района. Молодым коллегам хочу сказать, что теперь у нас есть прекрасные условия для работы. Пусть эта поликлиника приносит нашему району здоровье и процветание», – сказал Уалихан Каражигитов.


🔹Новый объект позволит повысить доступность и качество первичной медико-санитарной помощи для жителей Кызылжарского района. В настоящее время к медицинским участкам прикреплены более 40 тысяч человек.

В новом здании предусмотрены отдельные фильтры для взрослых и детей, обособленные входы для туберкулезной службы.

Современная планировка позволит организовать работу врачей в одну смену и создать более комфортные и безопасные условия для пациентов.

Полноценный прием пациентов в новой поликлинике планируется начать в январе 2027 года, после завершения оснащения учреждения и необходимой подготовки.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM