ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.25K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚЫЗЫЛОРДАДА 300 ТӨСЕК-ОРЫНДЫҚ ЖАҢА АУРУХАНА МЕН ЕКІ ЕМХАНА САЛЫНУДА

🏥 Қызылордада 300 төсектік көпбейінді аурухана мен бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхананы қамтитын ірі медициналық кешеннің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар №5 қалалық емхана да салынуда. Жаңа нысандар диагностикалау мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, облыс орталығының тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

🩺 Ауылдық жерлердегі медицинаны дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде республика бойынша 655 медициналық нысан салынды. Қызылорда облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін жоспарланған 27 нысанның барлығы пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде ауыл тұрғындары өздері тұратын жерінде медициналық алғашқы көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Медициналық нысандар салумен қатар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау жұмыстары да жалғасуда.

👥 Облыс тұрғындарымен кездесу барысында вице-министр денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, Қызылорда облысында 39 дәрігерге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Олардың 30-ы ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Сонымен қатар 33 медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілді.


📌 Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жедел медициналық жәрдем, инфекциялық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің жекелеген санаттағы қызметкерлеріне 30%-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы төлеу көзделген.

Жұмыс сапары шеңберінде Тимур Мұратов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен өңірдің медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен «Денсаулық сақтауға инвестициялар» атты дөңгелек үстелге де қатысты.

Қатысушылар емханалар желісі мен медициналық алғашқы көмек көрсететін басқа да нысандарды дамытуға қатысты жаңа тәсілдерді талқылады. Құрылыс нысандарын жоспарлау кезінде халық саны, елді мекендердің орналасуы, медициналық қызметтерге деген қажеттілік және кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі ескерілуі қажет екені атап өтілді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
В КЫЗЫЛОРДЕ СТРОЯТ НОВУЮ БОЛЬНИЦУ НА 300 КОЕК И ДВЕ ПОЛИКЛИНИКИ

🏥 В Кызылорде продолжается строительство крупного медицинского комплекса, который объединит многопрофильную больницу на 300 коек и поликлинику на 100 посещений в смену. Одновременно ведётся строительство городской поликлиники №5. Новые объекты позволят расширить возможности диагностики и лечения, а также сделать медицинскую помощь доступнее для жителей областного центра.

С ходом строительства в рамках рабочей поездки ознакомился вице-министр здравоохранения РК Тимур Муратов.

🩺 Особое внимание уделяется развитию медицины в сельской местности. В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в республике построено 655 медицинских объектов. В Кызылординской области уже введены в эксплуатацию все 27 запланированных объектов первичной медико-санитарной помощи.

Благодаря этому жители сельских населённых пунктов получили дополнительные возможности обращаться за первичной медицинской помощью по месту проживания.

👥 Наряду со строительством медицинских объектов продолжается работа по поддержке врачей и медицинского персонала.
В ходе встречи с населением области вице-министр рассказал о принимаемых мерах по развитию здравоохранения и ответил на вопросы граждан.

В частности, в Кызылординской области меры социальной поддержки получили 39 врачей, из которых 30 работают в сельской местности. Ещё 33 медицинских работника обеспечены жильём.


📌 Кроме того, с 1 января 2026 года предусмотрены доплаты в размере до 30% для отдельных категорий работников скорой медицинской помощи, инфекционной и санитарно-эпидемиологической служб.

В рамках рабочей поездки Тимур Муратов также принял участие в круглом столе «Инвестиции в здравоохранение» с участием представителей Всемирной организации здравоохранения и медицинских организаций региона.

Участники обсудили новые подходы к развитию сети поликлиник и других объектов первичной медицинской помощи. При планировании строительства предлагается учитывать численность населения, расположение населённых пунктов, потребность в медицинских услугах и обеспеченность кадрами.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎬 БАЛА АЗ СӨЙЛЕЙ МЕ? «ӨЗІ ӨСЕ КЕЛЕ СӨЙЛЕП КЕТЕДІ» ДЕП КҮТПЕҢІЗ!🧸

👩‍⚕️ Бала аз сөйлей ме, атымен шақырғанда жауап бермей ме немесе бұрын айтқан сөздерін айтпай қалды ма? Бұл — маманға жүгінуге себеп.

💙 Дамуындағы ықтимал қиындықтар неғұрлым ерте анықталса, бала соғұрлым ерте қажетті көмек алады.

📍 Тіркелген емханаңыздағы педиатрға жүгініңіз. Қажет болған жағдайда дәрігер бейінді мамандарға жолдайды.

👩‍⚕️ Ұсыныстармен Алматы қаласы №11 Қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Райқұл Асылзат Болатовна бөліседі.

❤️ Балаңыздың дамуына қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз!

——

🎬 РЕБЁНОК МАЛО ГОВОРИТ? НЕ ЖДИТЕ, ЧТО ПЕРЕРАСТЁТ! 🧸

👩‍⚕️ Ребёнок мало говорит, не откликается на имя или перестал произносить знакомые слова? Это повод обратиться к специалисту.

💙 Чем раньше выявить возможные трудности, тем раньше ребёнок получит необходимую помощь.

📍 Обратитесь к педиатру в своей поликлинике. При необходимости врач направит к профильным специалистам.

👩‍⚕️ Рекомендациями делится Райқұл Асылзат Болатовна, заведующая отделением педиатрии городской поликлиники № 11 Алматы.

❤️ Не откладывайте заботу о развитии малыша!

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ҚАЗАҚСТАНДА СКРИНИНГТЕРДІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 150 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 8 миллионнан астам скринингтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 150 мыңнан астам адам медициналық бақылауға алынды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында глаукоманы анықтау мақсатында 1,74 миллион адам скринингтен өтті. Олардың шамамен 4,6 мыңы медициналық бақылауға алынды.

Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын қадағалап, бақылау тексерулерін жүргізеді және қажет болған жағдайда ем тағайындайды.

Басқа бағыттар бойынша да миллиондаған қазақстандық тексеруден өтті. Қант диабетін анықтауға арналған скринингпен 1,66 миллион адам қамтылып, олардың шамамен 30,7 мыңы медициналық бақылауға алынды. Артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруын анықтау үшін 1,47 миллион адам тексерілді. Олардың 97 мыңы медициналық бақылауға жіберілді.

Ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтауға арналған скринингтен 281 мың адам өтті. Оның ішінде 14,2 мыңы медициналық бақылауға алынды.

Скринингтік бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – онкологиялық ауруларды ерте анықтау. Сүт безі обырына 1,09 миллионнан астам әйел, жатыр мойны обырына 777 191 әйел тексерілді.

Колоректалдық обырды анықтауға арналған скринингпен 1,35 миллион адам қамтылды.
Тексеру нәтижесінде сүт безі обырының 2 037, жатыр мойны обырының 374 және колоректалдық обырдың 601 жағдайы анықталды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда глаукоманы анықтау скринингінің қамту көрсеткіші 81%-дан 91,2%-ға, ал қант диабетін анықтау көрсеткіші 79,4%-дан 84,2%-ға өсті.

Артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруын анықтау бойынша көрсеткіш 84,8%-дан 79,7%-ға төмендеді.
Қазақстанда скринингтік бағдарламалар да кеңейтіліп келеді. 2025 жылы бірқатар тексеру түрлері бойынша жоғарғы жас шегі 76 жасқа дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ 50–76 жас аралығындағы ерлер үшін ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтауға арналған скрининг енгізілді.

Скрининг аурудың белгілері пайда болмай тұрып, оның ықтимал белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер тексеру нәтижелері қосымша нақтылауды қажет етсе, азаматтар тереңдетілген тексеруге жіберіледі.

Сондықтан нысаналы топқа кіретін азаматтар денсаулығына шағымы болмаса да, скринингтен уақытылы өткені маңызды.
Тексеруден тіркелген емхана бойынша тегін өтуге болады. Ал жұмыс істейтін азаматтарға осы мақсатта күнтізбелік жыл ішінде жұмыс орны мен орташа жалақысы сақтала отырып, үш жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс беріледі.

2027 жылғы қаңтардан бастап емханалар азаматтарды тексеруге цифрлық денсаулық сақтау сервистері, телефон байланысы және басқа да арналар арқылы қосымша шақыра алатынын айта кеткен жөн.

Биылғы 19 қазаннан бастап Ақмола облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 нөмірі арқылы скринингтен өту қажеттігі туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасын іске қосу жоспарланған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ПОСЛЕ СКРИНИНГОВ СВЫШЕ 150 ТЫС ЧЕЛОВЕК ВЗЯТЫ ПОД МЕДИЦИНСКОЕ НАБЛЮДЕНИЕ

За январь-сентябрь 2026 года в организациях первичной медпомощи проведено более 8 млн скрининговых обследований, в результате которых свыше 150 тысяч человек взяты под медицинское наблюдение.

Так, по данным Национального научного центра развития здравоохранения имени Салидат Каирбековой МЗ РК, с января по сентябрь 2026 года скрининг на глаукому прошли 1,74 млн человек. Около 4,6 тыс. из них взяли под медицинское наблюдение.

Врачи будут следить за их состоянием, проводить контрольные обследования и при необходимости назначать лечение.

Обследования по другим направлениям также охватили миллионы казахстанцев. Скрининг на сахарный диабет прошли 1,66 млн человек, под медицинское наблюдение взяли около 30,7 тыс. Обследование на артериальную гипертензию и ишемическую болезнь сердца прошли 1,47 млн человек, наблюдение назначили 97 тыс. из них.

Скрининг для раннего выявления нарушений кровообращения головного мозга прошёл 281 тыс. человек, 14,2 тыс. из них взято под медицинское наблюдение.

Отдельное направление программы - онкологические скрининги. Обследование на рак молочной железы прошли более 1,09 млн женщин, на рак шейки матки – 777 191 женщина. Колоректальный скрининг прошли 1,35 млн человек.

По итогам обследований зарегистрировано 2 037 случаев рака молочной железы, 374 случая рака шейки матки и 601 случай колоректального рака.

По сравнению с тем же периодом прошлого года охват скринингом на глаукому вырос с 81% до 91,2%, на сахарный диабет - с 79,4% до 84,2%. Показатель по обследованиям на артериальную гипертензию и ишемическую болезнь сердца снизился с 84,8% до 79,7%.

В Казахстане также расширяются сами программы скрининга. В 2025 году верхнюю возрастную границу для ряда обследований повысили до 76 лет, а для мужчин 50–76 лет ввели скрининг для раннего выявления нарушений кровообращения в мозге.

Скрининг помогает выявить возможные признаки заболевания до появления симптомов. Если результат требует уточнения, человека направят на дополнительное обследование. Поэтому тем, кто входит в целевую группу, важно пройти скрининг, даже если ничего не беспокоит.

Обследование можно пройти бесплатно в поликлинике по месту прикрепления. Работающим гражданам для этого предоставляют до трёх рабочих дней социального отпуска в календарном году с сохранением места работы и средней заработной платы.

Напомним, с января 2027 года поликлиники смогут дополнительно приглашать граждан на обследования через цифровые сервисы здравоохранения, телефонную связь и другие каналы.

С 19 октября этого года в Акмолинской области, областях Абай и Ұлытау планируют запустить пилотные SMS-напоминания о скринингах через 1414.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

🏥 Қазақстанда медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртудың жаңа кезеңі басталады. Еліміздің өңірлерінде 70 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа арнаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты жыл сайынғы Жолдауында мәлімдеді.

«Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық жәрдем станциялары, балаларды оңалту орталықтары, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың сұранысына сай спорт залдары салынады», – деді Мемлекет басшысы.


Басты бағыттардың бірі – ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті дамыту. Қазіргі уақытта елімізде шамамен 7 млн бала тұрады, ал жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Жоспарланған жобаларды іске асыру балаларға күрделі мамандандырылған медициналық көмекті ел ішінде көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, пациенттерді шетелге жіберу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Негізгі жобалар:

* 8 перинаталдық орталық – жалпы төсек қоры 1 900-ден асады. Олардың құрылысы Астана, Шымкент қалаларында басталды.
* 9 көпбейінді балалар ауруханасы – жалпы төсек қоры 1 950-ден асады.
* 3 Ұлттық балалар медицинасы орталығы: Астанада 200 төсектік Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы мен 350 төсектік Балалар хирургиясы орталығы, сондай-ақ Алматы қаласында немесе Алматы облысында 500 төсектік Республикалық көпбейінді педиатриялық клиника салынады.
* медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін 25 амбулаториялық-емханалық нысан.
* 8 көпбейінді аурухана, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем нысандары, перзентханалар, инфекциялық ауруханалар, қан орталықтары және басқа да мамандандырылған мекемелер салынады.

Сонымен қатар қолданыстағы балалар ауруханаларын реконструкциялау және жаңғырту көзделген. Бұл медициналық инфрақұрылымды жаңартып, мамандандырылған көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

🏗️ Бұдан бөлек, 300 төсектік Өскемен көпбейінді ауруханасын, Қызылорда қаласындағы 300 төсектік аурухананы, емханалар мен мамандандырылған корпустарды қоса алғанда, 8 ірі денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталуға жақын.

Жобаларды іске асыру өңірлік денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, диагностика мен емдеудің қолжетімділігін арттыруға және жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға бағытталған.

Жаңа нысандар салу және қолданыстағы медициналық ұйымдарды жаңғырту – Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін кешенді дамытудың маңызды бөлігі болып табылады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ НАЧИНАЕТСЯ НОВЫЙ ЭТАП МАСШТАБНОГО ОБНОВЛЕНИЯ МЕДИЦИНСКОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ

🏥 В Казахстане начинается реализация нового этапа масштабной модернизации инфраструктуры: 70 новых объектов здравоохранения будет построено в регионах страны, сказал сегодня в ежегодном Послании народу «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом периоде» Президент РК Касым-Жомарт Токаев.

«Появятся родильные дома, больницы, станции скорой медицинской помощи, детские реабилитационные центры, а также спортивные залы, отвечающие потребностям детей с особыми потребностями”, - отметил в своем выступлении Глава государства.


Одним из главных направлений станет развитие медицинской помощи матерям и детям. В стране проживают около 7 млн детей, а ежегодно рождается более 330 тыс. малышей. Реализация проектов позволит расширить возможности оказания сложной специализированной помощи детям внутри страны и снизить необходимость направления пациентов за рубеж.

Ключевые проекты:

• 8 перинатальных центров общей мощностью более 1 900 коек. Строительство уже началось в Астане и в Шымкенте.
• 9 многопрофильных детских больниц более чем на 1 950 коек.
• 3 национальных центра детской медицины: Центр детской неотложной помощи на 200 коек и Детский хирургический центр на 350 коек в Астане, а также Республиканская многопрофильная педиатрическая клиника на 500 коек в Алматы или Алматинской области.
• 25 амбулаторно-поликлинических объектов для повышения доступности медицинской помощи на уровне первичного звена.
• 8 многопрофильных больниц, а также объекты скорой медицинской помощи, родильные дома, инфекционные больницы, центры крови и другие специализированные учреждения.

Параллельно предусмотрены реконструкция и модернизация действующих детских больниц. Это позволит обновить инфраструктуру и расширить возможности оказания специализированной помощи.

🏗️ Кроме того, завершается строительство 8 крупных объектов здравоохранения, включая многопрофильную больницу на 300 коек в Усть-Каменогорске, больницу на 300 коек в Кызылорде, поликлиники и специализированные корпуса.

Реализация проектов направлена на укрепление региональной системы здравоохранения, повышение доступности диагностики и лечения, развитие высокотехнологичной медицинской помощи.

Строительство новых объектов и модернизация действующих медицинских организаций – важная часть системного развития здравоохранения Казахстана.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ҮШ ІРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕДИЦИНАСЫ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

🏗️ Қазақстанда 2029 жылға дейін ана мен балаға жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау саласының 20 жаңа нысаны салынады.

«Елімізде халық саны қарқынды өсіп келеді. Сондықтан денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі әрі жедел дамыту – аса маңызды міндеттердің бірі. Ауқымды құрылыстың бірінші кезеңінде еліміздің барлық өңірінде 8 заманауи перинаталдық орталық салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында 7 көпбейінді балалар ауруханасы, ал Астанада тағы екі медициналық нысан салынады», – деп атап өтті бүгінгі Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар денсаулығын сақтау нысандарын ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр.

Перинаталдық орталықтардың құрылысы Астана мен Шымкент қалаларында басталды. Жобаларды одан әрі іске асыру босандыру қызметінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, өңірлік инфрақұрылымды нығайтуға және әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа медициналық ұйымдар балалар ауруларын, соның ішінде әртүрлі бейіндегі мамандардың қатысуын қажет ететін күрделі жағдайларды диагностикалау және емдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қазақстанда көп жылдан бері алғаш рет балалар медицинасы бағытындағы үш ірі заманауи республикалық орталық салу жоспарланып отыр:

* Астанадағы 200 төсектік Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы;
* Астанадағы 350 төсектік Балалар хирургиясы орталығы;
* Алматыдағы 500 төсектік Республикалық көпбейінді педиатриялық клиника.

🙌 Бұл орталықтарды құру балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді дамытуға, озық тәжірибе мен мамандардың кәсіби құзыреттерін шоғырландыруға және ел ішінде күрделі мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Сонымен қатар бұл шаралар кішкентай пациенттерді емделу үшін шетелге жіберу қажеттілігін азайтуға ықпал етеді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ВПЕРВЫЕ БУДУТ ПОСТРОЕНЫ ТРИ КРУПНЫХ РЕСПУБЛИКАНСКИХ ЦЕНТРА ДЕТСКОЙ МЕДИЦИНЫ

🏗️ В Казахстане до 2029 года будет построено 20 новых объектов здравоохранения для оказания высокотехнологичной специализированной помощи матерям и детям.

“Численность населения страны быстро растёт. Поэтому системное и оперативное развитие инфраструктуры здравоохранения — одна из важнейших задач. На первом этапе масштабного строительства мы планируем возвести по всей стране восемь современных перинатальных центров. Кроме того, в городах Атырау, Актобе, Алматы, Шымкенте, Каскелене, Семее и Актау будут построены семь многопрофильных детских больниц, а в Астане — ещё два медицинских объекта”, – подчеркнул сегодня в своем Послании Президент РК Касым-Жомарт Токаев.


По поручению Главы государства планируется масштабное обновление объектов детского здравоохранения.

Строительство перинатальных центров началось в Астане и в Шымкенте. Дальнейшая реализация проектов позволит увеличить мощности службы родовспоможения, укрепить региональную инфраструктуру и повысить доступность специализированной медицинской помощи женщинам и новорождённым.

Новые медицинские организации расширят возможности диагностики и лечения детских заболеваний, в том числе сложных случаев, требующих участия специалистов разных профилей.

Впервые в Казахстане за многие годы запланировано строительство трех крупных современных республиканских центров детского профиля:

• Центр детской неотложной помощи на 200 коек в Астане;
• Детский хирургический центр на 350 коек в Астане;
• Республиканская многопрофильная педиатрическая клиника на 500 коек в Алматы.

🙌 Создание этих центров позволит развивать высокотехнологичную детскую медицину, концентрировать передовые компетенции и расширять возможности оказания сложной специализированной помощи внутри страны. Это также будет способствовать сокращению необходимости направления маленьких пациентов на лечение за рубеж.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1