ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.25K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
МИНЗДРАВ ПРЕДОТВРАТИЛ ИЗБЫТОЧНЫЕ ЗАКУПКИ ЛЕКАРСТВ В АЛМАТЫ НА 15,8 МЛРД ТЕНГЕ

Министр здравоохранения потребовала обеспечить прозрачность лекарственного обеспечения и соблюдение правил закупок. Каждое обращение о задержке выдачи препарата должно рассматриваться по существу – с установлением причин, принятием мер и обеспечением пациента назначенным лечением, заявила Акмарал Альназарова на заседании коллегии Управления общественного здравоохранения города Алматы по итогам работы за 9 месяцев 2026 года.

«Отдельно отмечены факты закупок медицинскими организациями препаратов, которые должны приобретаться через Единого дистрибьютора. Комитету фармации совместно с прокуратурой Алматы поручено проверить законность таких закупок. Также необходимо проверить факты реализации бесплатных лекарственных средств в розничной сети, установить цепочку их движения и причастных лиц, а при подтверждении нарушений принять предусмотренные законом меры», - заявила в своем выступлении на коллегии министр здравоохранения.


При этом благодаря корректировке потребности в лекарственных средствах удалось предотвратить избыточные закупки на сумму более 42,5 млрд тенге, в том числе на 15,8 млрд тенге по Алматы.

В ходе коллегии также акцентирована необходимость укрепления финансовой дисциплины. Бюджет системы здравоохранения Алматы на 2026 год увеличен до 393,7 млрд тенге.

Министр подчеркнула, что использование средств ГОБМП и ОСМС должно сопровождаться прозрачностью расходов, достоверностью медицинской документации и ответственностью руководителей за финансовые и клинические результаты.

В числе стратегических задач для Алматы обозначены развитие первичной медико-санитарной помощи, сокращение сроков ожидания приёма, адресное планирование кадровой потребности, внедрение цифровых решений и повышение качества управления медицинскими организациями.

Подводя итоги, Акмарал Альназарова подчеркнула, что каждый из озвученных вопросов должен получить конкретное решение, сроки исполнения и ответственных лиц.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі балалар санының өсуіне байланысты медициналық инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту қажеттігін атап өтті.

🏗️ Осы басым міндеттерді іске асыру шеңберінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Астана қаласында Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығын салу жоспарланып отыр.

Жоба 200 төсектік заманауи жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жарақтандырылған және медициналық көмектің 21 бағыты бойынша қызмет көрсететін 9 клиникалық департаментті біріктіретін көпбейінді балалар стационарын құруды көздейді.

Орталықтың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:

🔹 балалар хирургиясы;
🔹 балалардың шұғыл хирургиясы;
🔹 неонатология;
🔹 нейрохирургия және офтальмология;
🔹 травматология және ортопедия;
🔹 оториноларингология және жақ-бет хирургиясы;
🔹 урология және гинекология;
🔹 екі педиатриялық департамент.

Жаңа орталықтың ашылуы балаларға көрсетілетін мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмектің мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ түрлі аурулары бар және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін кішкентай пациенттерді емдеуге қажетті жағдай жасалады.

⚡️⚡️⚡️

⚜️ В Послании народу Казахстана Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев подчеркнул необходимость опережающего развития медицинской инфраструктуры в условиях роста детского населения страны.

🏗️ В рамках реализации обозначенных приоритетов на базе Национального координационного центра экстренной медицины планируется строительство Центра детской неотложной помощи в городе Астане.

Проект предусматривает создание современного детского стационара на 200 коек, оснащённого высокотехнологичным медицинским оборудованием и объединяющего 9 клинических департаментов по 21 профилю медицинской помощи.

В структуру центра войдут:
🔹 детская хирургия;
🔹 детская неотложная хирургия;
🔹 неонатология;
🔹 нейрохирургия и офтальмология;
🔹 травматология и ортопедия;
🔹 оториноларингология и челюстно-лицевая хирургия;
🔹 урология и гинекология;
🔹 два педиатрических департамента.

Создание центра позволит расширить возможности оказания специализированной и высокотехнологичной медицинской помощи детям, повысить её доступность и обеспечить условия для лечения маленьких пациентов с различными заболеваниями и неотложными состояниями.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА НЕФРОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР АШЫЛЫП, ДИАЛИЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

🔹 ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын арттыруды және оны қаржыландыру тәсілдерін жетілдіруді тапсырды.

📄 Тиісті тапсырмалар Алматы қаласында өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасының көшпелі отырысында берілді.

Ведомство басшысы бүйрек ауруларын ерте диагностикалауды күшейту және емханалар мен өңірлік медициналық ұйымдар деңгейінде нефрологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Бүгінде Қазақстанда созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын 40 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұр. Сонымен қатар алғаш рет анықталған әрбір үшінші пациент медициналық көмекке аурудың терминалдық сатысында, яғни бүйрек функциясын алмастырушы терапия қажет болған кезде жүгінеді.

«Қаржыландыру көлемі жыл сайын 10–12%-ға артып келеді. Алайда пациенттердің бір бөлігі ауруды дер кезінде анықтап, емдеген жағдайда бүйрек функциясын сақтап қалуы мүмкін еді. Сондықтан емханадан бастап мамандандырылған орталықтарға дейінгі нефрологиялық қызметтің тиімді жүйесін қалыптастыру қажет», – деді Ақмарал Әлназарова.


🩺 Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше қосымша зертханалық зерттеулерді енгізудің нәтижесінде созылмалы бүйрек ауруын анықтау көрсеткіші 2025 жылғы 26 мың жағдайдан 2026 жылдың тоғыз айында 40 мыңнан астам жағдайға дейін өскен.

🏥 Қазіргі уақытта нефрология бойынша құзыреттілік орталықтары тоғыз өңірде жұмыс істейді. Министр 2026 жылдың соңына дейін жетіспейтін орталықтарды ашуды тапсырды.

Алқа отырысында гемодиализдік көмектің сапасын бақылау және медициналық деректердің анықтығын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге де ерекше назар аударылды.

Медициналық ақпараттық жүйелерге жүргізілген талдау барысында өткізілген емшаралар туралы мәліметтерді тіркеуде қосымша нақтылауды және бастапқы медициналық құжаттамамен салыстырып тексеруді қажет ететін жекелеген сәйкессіздіктер анықталған.

Атап айтқанда, 6 400 пациенттің деректерін талдау кезінде соңғы гемодиализ жүргізілген күн мен пациенттің қайтыс болған күні сәйкес келетін жағдайлар, сондай-ақ медициналық көмек көрсету хронологиясын нақтылауды қажет ететін жекелеген жазбалар анықталған.

Министр бейінді комитетке ақпаратты қосымша тексеріп, медициналық қызметтердің электрондық есебіндегі деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Мұндай жағдайлардың барлығын толық қайта тексеру қажет», – деп атап өтті министр.


Сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық диализ орталықтарының қызметіне кешенді бағалау жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте медициналық көмектің сапасына, қауіпсіздігіне және емдеудің үздіксіздігіне басымдық беріледі.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі көрсетілетін көмектің сапасы мен емдеудің клиникалық нәтижелерін ескере отырып, гемодиализді қаржыландыру тәсілдерін жетілдіруді көздеп отыр.

Тағы бір басым бағыт – бүйрек трансплантаттауын, әсіресе балаларға жасалатын трансплантаттауды дамыту болады. Бүгінде күту парағында 4,2 мыңнан астам қазақстандық тұр. Министр балаларды шетелде трансплантаттауға жіберу өлшемшарттарын қайта қарауды және қажетті қаржылық есептеулерді әзірлеуді тапсырды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша бүйрек ауруларын ерте диагностикалау мүмкіндіктерін кеңейту, нефрологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту, амбулаториялық құзыреттілік орталықтарын дамыту, диализ сапасына бақылауды күшейту және трансплантациядан кейінгі пациенттерді бақылау тапсырылды. Сонымен қатар гемодиализ емшараларын жүргізуге арнайы даярланған орта буын медицина қызметкерлерін кеңінен тарту көзделіп отыр.

📌 Қабылданып жатқан шаралардың басты мақсаты – бүйрек ауруларын ерте кезеңде анықтау, ауыр асқынулар қаупін азайту және тұрғылықты өңіріне қарамастан Қазақстан азаматтарына қолжетімді әрі сапалы нефрологиялық көмек көрсету болып табылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ОТКРОЮТ НОВЫЕ НЕФРОЛОГИЧЕСКИЕ ЦЕНТРЫ И УСИЛЯТ КОНТРОЛЬ КАЧЕСТВА ДИАЛИЗА

🔹 Министр здравоохранения Акмарал Альназарова поручила до конца года открыть центры компетенций по нефрологии в регионах Казахстана, повысить качество диализной помощи и совершенствовать подходы к её финансированию.

📄 Соответствующие поручения даны на выездном заседании коллегии Министерства здравоохранения РК в Алматы.

Глава ведомства подчеркнула необходимость усиления ранней диагностики заболеваний почек и повышения доступности нефрологической помощи на уровне поликлиник и региональных медицинских организаций.

Сегодня в Казахстане под наблюдением находятся более 40 тысяч пациентов с хронической болезнью почек. При этом каждый третий впервые выявленный пациент обращается за помощью уже на терминальной стадии заболевания, когда требуется заместительная почечная терапия.

«Финансирование ежегодно увеличивается на 10–12%. При этом часть пациентов могла бы сохранить функцию почек при своевременной диагностике и лечении. Необходимо выстроить эффективную нефрологическую службу — от поликлиники до специализированных центров», — отметила Акмарал Альназарова.


🩺 По данным Минздрава, внедрение дополнительных лабораторных исследований позволило увеличить выявляемость хронической болезни почек с 26 тысяч случаев в 2025 году до более 40 тысяч за девять месяцев 2026 года.

🏥 В настоящее время центры компетенций по нефрологии действуют в девяти регионах. Министр поручила обеспечить открытие недостающих центров до конца 2026 года.

Отдельное внимание на коллегии уделено совершенствованию системы мониторинга качества гемодиализной помощи и достоверности медицинских данных.

В ходе анализа медицинских информационных систем выявлены отдельные особенности отражения сведений о проведённых процедурах, требующие дополнительного уточнения и сверки с первичной медицинской документацией.

В частности, при анализе данных о 6 400 пациентах установлены случаи совпадения даты последнего гемодиализа с датой смерти пациента, а также отдельные записи, требующие уточнения хронологии оказания медицинской помощи.

Министр поручила профильному комитету провести дополнительную сверку информации и обеспечить достоверность электронного учёта медицинских услуг.

«Необходимо полностью перепроверить все такие случаи», — указала министр.


Также планируется комплексная оценка деятельности диализных центров независимо от формы собственности с акцентом на качество, безопасность и непрерывность лечения пациентов.

Кроме того, Минздрав намерен совершенствовать подходы к финансированию гемодиализа с учётом качества оказываемой помощи и клинических результатов лечения.

Ещё одним приоритетом станет развитие трансплантации почек, прежде всего для детей. Сегодня в листе ожидания находятся более 4,2 тысячи казахстанцев. Министр поручила пересмотреть критерии направления детей на трансплантацию за рубеж и подготовить необходимые финансовые расчёты.

По итогам коллегии также поручено расширить возможности ранней диагностики заболеваний почек, укрепить кадровый потенциал нефрологической службы, развивать амбулаторные центры компетенций, усилить контроль качества диализа и наблюдение пациентов после трансплантации, а также расширить участие обученного среднего медперсонала в проведении процедур гемодиализа.

📌 Главная цель принимаемых мер — выявлять заболевания почек на ранних стадиях, снижать риск тяжёлых осложнений и обеспечивать казахстанцам доступную и качественную нефрологическую помощь независимо от региона проживания.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏗️ Елімізде медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жақын арада жаңа 70 медициналық нысан - ауруханалар, емханалар, перинаталдық және балаларды оңалту орталықтары ашылмақ.

🏥 Қаржыландыру республикалық бюджет пен Инфрақұрылымды дамыту қорынан бөлінеді. Медициналық нысандардың бір бөлігі мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынып жатқанын атап өткен жөн. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Дәулет Жақыпбаев «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында толығырақ айтып берді.

***

🏗️ В стране продолжается масштабная модернизация медицинской инфраструктуры. В скором времени появится 70 новых больниц, поликлиник, перинатальных и детских реабилитационных центров.

🏥 Финансирование выделяется из республиканского бюджета и Фонда инфраструктурного развития. Что важно – часть медицинских объектов возводится за счёт активов, возвращённых государству. Об этом в интервью телеканалу «24KZ» подробно рассказал заместитель директора Департамента инвестиционной политики Министерства Здравоохранения РК Даулет Жакипбаев.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ПРОФИЛАКТИКАНЫ ЖАҚСАРТУЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ БІРҚАТАР НОЗОЛОГИЯ БОЙЫНША СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ТӨМЕНДЕДІ

🍎 Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Аурулардың профилактикасына, қауіп факторларын ерте анықтауға, медициналық инфрақұрылымды дамытуға және кадрлық әлеуетті нығайтуға ерекше назар аударылып отыр.

👍 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматыда негізгі ауру түрлерінің көрсеткіші төмендегені байқалады.

Атап айтқанда, қант диабетімен сырқаттанушылық 26,3%-ға, онкологиялық аурулар 24,7%-ға, қанайналым жүйесі мен тыныс алу ағзаларының аурулары 14%-ға, туберкулез 7,1%-ға, жарақаттар мен улану жағдайлары 18%-ға төмендеді.


🏗️ Алматыда медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мегаполисте 11 денсаулық сақтау нысаны салынып, қайта жаңғыртылып жатыр.

2026 жылдың соңына дейін Айтеке би, Алтай және Шұғыла шағын аудандарында үш емхананың, сондай-ақ Шұғыла шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысын аяқтау жоспарланған.

№7 қалалық аурухананы, №1 және №2 перзентханаларды, №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасын және басқа да медициналық нысандарды салу әрі қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

🏥 Жаңа емханалар бір ауысымда қосымша 1 700 адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені азайтады.

👩 Репродуктивті денсаулық саласында да оң динамика байқалады. Жүктілікке дейінгі дайындықтан өткен әйелдердің үлесі 64,6%-ды құрады. Бұл жоспарланған 55% көрсеткіштен жоғары. Заманауи контрацепция әдістерімен қамту деңгейі 61,9%-ға жетті (жоспар – кемінде 51%). Ал жүкті әйелдердің арасындағы анемия көрсеткіші нысаналы көрсеткіш – 20%-дан аспауы тиіс болған кезде 3,3%-ды құрады.

📄 Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 2026–2029 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасының ана мен репродуктивті денсаулықты сақтауға қатысты нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

🦷 Балалардың арасындағы аурулардың профилактикасы да маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. «Болашаққа – сау тіспен» жол картасы аясында 2026 жылдың соңына дейін мектептерде стоматологиялық профилактикаға арналған 17 кабинетті ашу жоспарланып отыр. Ал 2027–2028 жылдары тағы 23 кабинет ашу көзделген. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтарды сатып алу және орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мектеп оқушыларының 88%-ы профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде 50 мыңға жуық ауру жағдайы анықталып, 32 мыңға жуық бала сауықтыру шараларынан өтті. Бұл – өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және ерте жастан профилактика мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды нәтижесі.

Медициналық кадрлардың әлеуетін нығайту да қала денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарының бірі. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарында дәрігерлермен жасақталу деңгейі 95%-ға, орта медицина қызметкерлерімен қамтылу 96%-ға жетті.

Сонымен қатар дәрігер тапшылығы 22,14%-ға, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы шамамен 50%-ға төмендеді. Жыл басынан бері қаладағы медициналық ұйымдарға резидентураны тәмамдаған 160 жас маман жұмысқа орналасты.

🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр тарту және жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары да жалғасуда. Тоғыз айдың ішінде 93 маман кардиология, онкология, хирургия, педиатрия, оңалту және мейіргер ісі сияқты басым бағыттар бойынша шетелде білімін жетілдірді.

👏 Бұл нәтижелер Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тарапынан денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Басты басымдық – халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету, аурулардың профилактикасы және қала тұрғындарының денсаулығын сақтау болып табылады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В АЛМАТЫ ЗА СЧЕТ УЛУЧШЕНИЯ ПРОФИЛАКТИКИ СНИЗИЛАСЬ ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ ПО РЯДУ НОЗОЛОГИЙ

🍎 Управление общественного здравоохранения Алматы продолжает системную работу по повышению доступности и качества медицинской помощи. Особое внимание уделяется профилактике заболеваний, раннему выявлению рисков, развитию медицинской инфраструктуры и укреплению кадрового потенциала.

👍 По итогам 9 месяцев 2026 года в Алматы отмечается снижение заболеваемости по основным направлениям.

Заболеваемость сахарным диабетом снизилась на 26,3%, онкологическими заболеваниями — на 24,7%, болезнями системы кровообращения и органов дыхания — на 14%, туберкулёзом — на 7,1%, травмами и отравлениями — на 18%.


🏗️ В Алматы развивается медицинская инфраструктура. На сегодняшний день в мегаполисе строятся и реконструируются 11 объектов здравоохранения.

До конца 2026 года планируется завершить строительство трёх поликлиник в микрорайонах Айтеке би, Алтай и Шугыла, а также семейно-врачебной амбулатории в Шугыла.

Продолжается строительство и реконструкция городской больницы №7, родильных домов №1 и №2, Детской городской клинической больницы №2 и других медицинских объектов.

🏥 Новые поликлиники обеспечат дополнительно 1 700 посещений в смену, повысив доступность медицинской помощи и снизив нагрузку на действующие медорганизации.

👩 Положительная динамика отмечается в сфере репродуктивного здоровья. Охват женщин прегравидарной подготовкой составил 64,6% при плановом показателе 55%, а современными методами контрацепции — 61,9% при плане не менее 51%. Заболеваемость анемией среди беременных составила 3,3% при целевом значении не более 20%.

📄 По итогам отчётного периода достигнуты целевые показатели Концепции развития здравоохранения на 2026–2029 годы в части охраны материнства и репродуктивного здоровья.

🦷 Важным направлением остаётся профилактика заболеваний у детей. В рамках дорожной карты «Болашаққа – сау тіспен» до конца 2026 года планируется открыть 17 школьных кабинетов стоматологической профилактики. Ещё 23 кабинета предусмотрено открыть в 2027–2028 годах. Сейчас проводится закупка и установка необходимого оборудования.

Профилактическими медицинскими осмотрами охвачено 88% школьников. По результатам обследований выявлено около 50 тысяч случаев заболеваний, почти 32 тысячи детей прошли оздоровление. Это важный результат системной работы по сохранению здоровья подрастающего поколения и формированию культуры профилактики с раннего возраста.

🧑🏻‍⚕️👩🏻‍⚕️ Укрепление кадрового потенциала — ещё один приоритет развития городской медицины. По итогам девяти месяцев 2026 года укомплектованность медицинских организаций Алматы врачами достигла 95%, средним медицинским персоналом — 96%.

При этом дефицит врачей снизился на 22,14%, а среднего медицинского персонала — практически на 50%. С начала года в медицинские организации города трудоустроены 160 выпускников резидентуры.

Продолжается целенаправленная работа по привлечению специалистов востребованных направлений и повышению профессионального уровня действующих медицинских работников. За девять месяцев 93 специалиста прошли обучение за рубежом по приоритетным направлениям, включая кардиологию, онкологию, хирургию, педиатрию, реабилитацию и сестринское дело.

👏 Результаты отражают системную работу УОЗ Алматы по развитию здравоохранения. Главный приоритет — доступная и качественная медицинская помощь, профилактика заболеваний и сохранение здоровья жителей города.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM