ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.91K subscribers
18.8K photos
1.6K videos
28 files
4.39K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
МИНЗДРАВ РК ПРЕДЛОЖИЛ СОКРАТИТЬ АВИАСООБЩЕНИЯ С РЯДОМ СТРАН

Несмотря на то, что все регионы Казахстана находятся в зеленой зоне по заболеваемости коронавирусной инфекцией, в ряде стран мира ситуация ухудшается.

В этой связи в ходе заседания правительства Министр здравоохранения Алексей Цой, в целях предотвращения заноса и распространения инфекции, предложил с 5 октября:
- приостановить возобновление авиасообщений с другими странами;
- не увеличивать количество рейсов со странами, с которыми возобновлено авиасообщение;
- сократить число рейсов в Турцию.

«Для лиц, прибывающих из стран второй категории установить следующие обязательные требования: термометрия, анкетирование, наличие справки об обследовании на COVID-19 с даты получения которой прошло не более 3 суток.
При отсутствии справки прибывшие изолируются в карантинном стационаре до 2-х суток для проведения лабораторного обследования на COVID-19. Аналогичные требования предлагается применить к лицам, пересекающим госграницу в пунктах пропуска на автопереходах со странами ЕАЭС и Узбекистаном», - сказал глава МЗ РК.

В этой связи, он попросил поручить акимам областей, городов Алматы, Нур-Султан и Шымкент обеспечить разворачивание карантинных стационаров в местах пересечения государственной границы и тестирование въезжающих лиц.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар елдермен әуе қатынастарын азайтуды ұсынды

Қазақстанның барлық аймақтары коронавирустық инфекциямен аурудың жасыл аймағында болғанына қарамастан, әлемнің бірқатар елдерінде жағдай ушығып барады.

Осыған байланысты Үкімет отырысында ДСМ министрі Алексей Цой инфекцияның енуіне және таралуына жол бермеу мақсатында 5 қазаннан бастап:
- шет елдермен әуе қатынастарын қалпына келтіруді тоқтата тұру;
- әуе қатынасы қалпына келтірілген елдермен рейстер санын арттырмау;
- Түркияға рейстер санын азайту.

«Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін мынадай міндетті талаптар белгіленсін: термометрия, сауалнама, алынған күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт аралығында COVID-19-ға тексеру туралы анықтаманың болуы. Анықтама болмаған жағдайда шетелден келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады.
Осыған ұқсас талаптарды ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен автоөтпе жолдардағы өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға қолдану ұсынылады», - деді ДСМ министрі.

Осыған байланысты ол облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдеріне карантиндік ауруханалардың шекара бекеттерінде орналасуын және келушілерді тексеруден өткізуді тапсыруды сұрады.
01.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 59 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 813 науқас жатыр. 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

***

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 01.10.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 3 308 человека, среди которых 59 детей. В стационарах находится – 1 813 пациент, на амбулаторном уровне – 1 495.
94 человек находятся в тяжелом состоянии, 13 – крайней степени тяжести, 21 - на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

Информация по регионам будет предоставляться на еженедельной основе в ходе пресс-брифингов официального представителя Минздрава.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)
2.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 279 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 745 науқас жатыр. 1 534 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

***

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 2.10.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 3 279 человека, среди которых 64 детей. В стационарах находится – 1 745 пациент, на амбулаторном уровне – 1 534.
97 человек находятся в тяжелом состоянии, 11 – крайней степени тяжести, 20 - на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

Информация по регионам будет предоставляться на еженедельной основе в ходе пресс-брифингов официального представителя Минздрава.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ

Пандемияға қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне әлеуметтік өтемақы төлеу Денсаулық сақтау министрлігі алдындағы маңызды мәселенің бірі болып қала береді. Бұл тақырыпты бүгін Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының депутаттары талқылады.

Елімізде 12 830 медицина қызметкері коронавирус инфекциясы мен пневмония жұқтырған, өңірлердегі комиссия 8 333 өтінішті қарап, оның 5 626-сын растады, ал 3 603 медицина қызметкері үстемақы алды.

Еліміздің барлық өңірінде өтемақы төлеу ісі баяу жүруде. Өйткені медицина қызметкерлеріне төлемдерді рәсімдеу кезінде көптеген заңбұзушылыққа жол беріледі. Мысалы, аймақтар Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық базасына 958 өтінімді мүлдем енгізбеген, ал өңірлер берген мәліметтердің сапасыз болуына байланысты 567 өтінім Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне қабылданбады.

Кері қайтарылған өтінім, әсіресе, Атырау облысында көп – 188, ШҚО – 151, Алматы қаласында – 97, Алматы облысында – 52, Қызылорда облысында – 37, Нұр-Сұлтан қаласында - 22 тіркеледі.

Көбіне диагноз стационарлық науқастардың электрондық тіркелімінде табылмаған және құжаттар толық емес. МӘСҚ тарапынан 265 өтініш қабылданбаған.

Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына өтемақы төлеу мәселесіне келсек. Өңірлік комиссиялар 80 өтінімді қарап, 55-ін мақұлдады, деректер толық болмағандықтан олардың 12-сін Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек министрлігі қабылдамады.

"Мемлекет басшысының әріптестерімізге өтемақы төлеу жөніндегі тапсырмасын сапалы жүзеге асыруға кедергі келтіретін бірқатар өзекті проблема бар екенін біз мойындаймыз", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, елімізде маусым-шілде айларында ауру шарықтау шыңына жетті, дәл осы кезеңде медицина қызметкерлерінің 75% сырқаттанып қалды. Бірақ адам ресурстарының лимиті бізге инфекцияны уақтылы тексеруге мүмкіндік бермеді. Қажетті құжаттар кеш енгізілген.

Клиникалық хаттамалардың жиі толықтырылуына байланысты - 13 рет қайта қаралды, коронавирус инфекциясының вирустық ықтимал жағдайын (ПТР -) кодтаудың бірыңғай тәсілі болмады. Сондай-ақ, СЭС мамандарының жетіспеушілігінен эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде жұқтыру көзін анықтауда қиындықтар болды және банктік шоттар, ЖСН, төлқұжат деректері қате толтырылған, ақпараттық жүйелерге өтінім толық ұсынылмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін онлайн жұмыс тобын құрды, МӘСҚ-мен бірлесіп типтік қателерді талдау бойынша кеңес өткізді, сондай-ақ біз ауруларды кодтау әдісін тағы да түсіндірдік. Осының барлығы МӘСҚ деңгейінде қабылданбаған өтінімдер санын екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді.
О СОЦВЫПЛАТАХ МЕДИКАМ

Вопрос единовременной социальной выплаты работникам системы здравоохранения, которые участвовали в борьбе с пандемией, остается приоритетом для Министерства здравоохранения.

Сегодня говорили об этом с депутатами Мажилиса на фракции «Nur Otan».
Коронавирусной инфекцией и пневмонией в стране заразились 12 830 медработников, региональными комиссиями рассмотрено 8 333, подтверждено 5 626 заявок, а выплаты получили лишь 3 603 медработника.

Низкая доля выплаты отмечается по всем регионам. Очень много нарушений допускается при оформлении выплат медикам. Например, 958 заявок регионы вообще не внесли в информационную базу Минздрава, 567 - отклонены информационной системой Минздрава по причине некачественного внесения данных регионами.

Самый большой уровень отказов фиксируется по Атырауской области – 188, ВКО – 151, г.Алматы – 97, Алматинской – 52, и Кызылординской – 37, г.Нур-Султан - 22.

Самые распространенные причины – диагноз не найден в электронном регистре стационарных больных и некомплектность документов. Аналогичная ситуация по отказам со стороны ГФСС, которым отклонено 265 заявлений.

Такая же ситуация сложилась и по выплатам в связи со смертью медицинских работников. Региональные комиссии рассмотрели 80 заявок, одобрили 55, из которых на уровне Минздрава и Минтруда по причине некачественного предоставления данных отклонено 12.

Мы провели анализ и выявили ряд существенных проблем, которые мешают качественной реализации поручения Главы государства по выплатам компенсаций нашим коллегам. Дело в том, что пик заболеваемости в стране пришелся на июнь-июль месяц, именно в этот период заболели 75% медработников. Но лимит человеческих ресурсов не позволил нам своевременно проводить расследование случаев заражения. Этим обусловлено позднее внесение необходимых документом.

Из-за частой доработки клинических протоколов, а они пересматривались 13 раз, отсутствовали единые подходы к кодированию заболеваемости вирусной вероятных случаев коронавирусной инфекции (ПЦР-). А также сложности определения источника заражения при проведении эпидрасследований из-за нехватки специалистов СЭС и некачественное предоставление заявок в информсистемы, включая неправильные паспортные данные, ИИН и банковские счета.

Для решения данных проблем Минздравом создана рабочая группа, которая онлайн занималась решением всех вышеперечисленных проблем, совместно с ГФСС проведено совещание по разбору типичных ошибок, а также мы еще раз разъяснили кодировки заболеваний.
Все это позволило сократить количество отклоненных заявок на уровне ГФСС в два раза.
Алик Шпекбаев пен Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ДСМ денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Басқосудың алғы сөзінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомства жүргізген жұмыстармен таныстырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған іс-шаралар туралы хабарлады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою бойынша сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

«Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерін сынауға және біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол біздің жұмысымыздың кейбір салаларының жетілмегендігін байқатып, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді көрсетті. Бұған қоса, олардың ішінде сыбайлас жемқорлық компоненттері де болды», - деп атап өтті ол.

Денсаулық сақтауды дамыту - мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.
Мемлекет азаматтардың әл-ауқатын арттырудың бір тетігі ретінде медициналық қызметтің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында бюджеттен қомақты қаражат бөледі.

Соңғы 15 жылда денсаулық сақтауды қаржыландыру кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыруды ұсыну, эпидемиологияға қарсы күресуді қоса алғанда 8 есеге өсті (2005 ж. - 191,4 млрд. теңге, 2020 ж. - 1,6 трлн. теңге).

COVID – 19 эпидемиясына қарсы күрес жөніндегі шараларға қосымша 300 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның үштен бірінен астамы Денсаулық сақтау министрлігі арқылы бөлінді. Шамамен 60 млрд теңге карантиндік іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау қызметкерлерін үстемеақыға және қосымша ынталандыруға бағытталған.

«Бұл қаражатты иемденуге немесе жымқыруға жол бермеу маңызды. Әр бөлінген теңге адресаттарға медициналық қызметтер, ЖҚҚ, дәрігерлерге арналған сыйлықақы түрінде жетуі керек. Дәрігерлер өз денсаулығына қауіп төндіріп, пандемияның алғы шебінде тұрады, халыққа көмектеседі. Бұл үшін мен оларға Агенттік атынан ерекше алғыс білдіргім келеді. Екінші жағынан, оң күш-жігердің әсері сыбайлас жемқорлықты жояды. Өкінішке орай, бұл құбылыс министрлікті және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау басқармаларын айналып өткен жоқ », - деді Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.

Спикер Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жаңғырту бойынша президенттік реформалардың үш пакетінде белгіленген шараларды қабылдау қажеттілігін ерекше атап өтті.

Кеңес барысында пандемия кзінде шешілмеген мәселелер талқыланды Олардың кейбіреулері жүйелі сипатқа ие және ерекше назар аударуды қажет етеді.
Агенттік пен министрлік әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы талдауды Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында өткізуді жоспарлап отыр.

Талдауға азаматтық қоғамды кеңінен тарту маңызды аспект болып табылады. Спикерлер денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бақылауды дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Министрлік «COVID-19 Қазақстанның қоғамдық бақылауы» дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын бақылау бойынша қоғамдық белсенділер қозғалысына жан-жақты қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесіне «жаңадан дем беріп», сарапшылар қауымдастығының білікті өкілдерінің сындарлы қатысу мүмкіндіктерін кеңейту керек.

Сондай-ақ, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Агенттік пен Министрлік арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу туралы ынтымақтастық меморандумы, биылғы жылы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы ұйымдастырылды, оның Жарғысы бекітілді. Агенттік осы бағыттағы жұмыстардың қарқынды әрі нәтижелі боларына сенім артады.
Алик Шпекбаев и Алексей Цой обсудили вопросы
противодействия коррупции в системе здравоохранения


2 октября т.г. Агентством по противодействию коррупции и Министерством здравоохранения проведено совещание по вопросам противодействия коррупции в сфере здравоохранения.

Открывая совещание, Министр здравоохранения Алексей Цой представил проводимую ведомством работу, озвучил принимаемые антикоррупционные меры и выразил готовность к конструктивному сотрудничеству в вопросах выявления и устранения коррупционных рисков.

«Пандемия стала экзаменом на прочность всей системы здравоохранения и внесла существенные коррективы в наши планы. Она обнажила годами копившиеся проблемы, показав несовершенство некоторых участков нашей работы. И даже более того, действовавшие внутри них коррупционные составляющие», - отметил он.

Развитие здравоохранения является одним
из ключевых приоритетов социальной политики государства.
На доступность и качество медицинских услуг, как одного из столпов благополучия наших граждан, государством выделяются значительные бюджетные средства.

За последние 15 лет финансирование здравоохранения увеличилось в 8 раз (2005 – 191,4 млрд тенге, 2020 – 1,6 трлн тенге) с учетом роста обеспечения объема гарантированной бесплатной медицинской помощи и медицинского страхования.
Дополнительно на противоэпидемиологические меры по борьбе
с COVID-19 выделено более 300 млрд тенге, из них свыше трети – через Минздрав. Почти 60 млрд тенге направлены на надбавки и дополнительное стимулирование работников здравоохранения, задействованных в карантинных мероприятиях.

«Важно не допустить расхищение либо нецелевое расходование этих средств. Каждый выделенный тенге должен дойти до адресатов
в виде медицинских услуг, СИЗов, надбавок медикам. Врачи, рискуя своим здоровьем, находятся на передовой в период пандемии, оказывая помощь населению. За это хотел бы выразить им особую благодарность от лица Агентства. С другой стороны, эффект положительных усилий нивелирует коррупция. К сожалению, это явление не обошло министерство и его подведомственные организации, равно как и управления здравоохранения на местах.», - сказал Председатель Агентства Алик Шпекбаев.

Спикер особо подчеркнул необходимость принятия мер, обозначенных в трех пакетах президентских реформ по дальнейшей модернизации антикоррупционной политики Казахстана.
В ходе совещания обсужден ряд нерешенных проблем, особенно выразившихся с приходом пандемии. Отдельные из них – системного характера и требуют особого внимания.

Агентством и Министерством подписан совместный приказ
о проведении внешнего анализа коррупционных рисков в Фонде социального медицинского страхования.
Антикоррупционная служба также планирует провести подобный анализ и в центральном аппарате Минздрава.

Важным аспектом является широкое привлечение гражданского общества к проведению анализа. Спикеры уделили особое внимание необходимости развития общественного контроля в области здравоохранения.

Министерством проводится всесторонняя поддержка движения общественных активистов по контролю лекарственного обеспечения и качества оказания медицинской помощи «Общественный контроль COVID-19 Казахстан».

Наряду с этим, Общественному совету Минздрава необходимо «придать свежее дыхание», расширив возможности конструктивного участия компетентных представителей экспертного сообщества.
Также, в рамках исполнения Антикоррупционной стратегии
на 2015-2025 годы, а также Меморандума о сотрудничестве между Агентством и Министерством по вопросам профилактики коррупционных правонарушений, в текущем году организована работа проектного офиса «Адалдық алаңы», утвержден его Устав.
Агентство надеется на стремительное позитивное развитие
в данном направлении работы.