ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.38K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ БІРҚАТАР ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Бүгін Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният COVID-19-ға қарсы шектеу шараларының одан әрі жеңілдегені туралы хабарлады.

Жалпы елдің және барлық өңірлердің "жасыл аймақта" болуын, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, ВАК "сары" және "жасыл" эпидемиологиялық қатер аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде мынадай шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:
- Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
- әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы талаптар;
- міндетті термометрия туралы талаптар.
Сондай-ақ, эпидемиологиялық қауіп-қатері бар аймақтарда далада маскаларды міндетті түрде кию тоқтатылды.
Сонымен қатар:
-COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері) алынып тасталды;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеуден өту тәртібі күшін жойды.

Вакцинациялауға жататын ересек халықтың бірінші компонентімен қамтылуы 82,7% – ды, жалпы халықтың 54,2% – ын, екінші компонентімен жалпы халықтың 79,5% - ын және 51,1% - ын құрады.

Ревакцинацияны 2 млн 906 мың адам немесе тиісті халықтың 51,9% алды.
ГЛАВА МИНЗДРАВА РК СООБЩИЛА ОБ ОТМЕНЕ РЯДА ОГРАНИЧИТЕЛЬНЫХ МЕР – МВК

Сегодня на очередном заседании Межведомственной комиссии по недопущению распространения коронавирусной инфекции министр здравоохранения Ажар Гиният сообщила о дальнейших послаблениях ограничительных мер против COVID-19.

С учетом нахождения страны в целом и всех регионов в «зеленой зоне», стабилизацию эпидемиологической ситуации, МВК принято решение об отмене следующих ограничений на всех объектах в регионах, находящихся в «желтой» и «зеленой» зонах эпидемиологического риска:
- обязательное использование мобильного приложения Ashyq;
- требований о соблюдений социальной дистанции;
- требований об обязательной термометрии.
Также отменено обязательное ношение масок на открытом воздухе во всех зонах эпидемиологического риска.

Кроме того, отменены:
- ограничения допуска на работу в очном режиме (объекты сферы услуг) для работников, не получивших вакцинацию против COVID-19.

- обязательное лабораторное тестирование методом ПЦР при въезде и выезде с вахты для сотрудников организаций, работающих вахтовым методом.

Охват вакцинацией первым компонентом от подлежащего взрослого населения составил 82,7%, от общего населения – 54,2%; вторым компонентом – 79,5% и 51,1% общего населения.

Ревакцинацию получили 2 млн 906 тысяч человек, или 51,9% от подлежащего населения.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📸 «Сенбілік сурет»

🗞 Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды.

Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан.

📍 Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл

📝 «Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін».

Президенттің сұхбатынан үзінді
17 ақпан, 2022 жыл



📸 «Субботнее фото»

🗞 Президент со студенческой скамьи читает много газет и журналов.

📍 Москва, общежитие МГИМО, 1975 год

📝 «Я регулярно просматриваю прессу. Это моя давняя привычка... В целом, я много читаю. Когда я вижу хорошую статью или интервью, я делаю необходимые пометки. Если издание поднимает актуальную проблему, я даю конкретные поручения».

Отрывок из интервью Президента
17 февраля, 2022 год
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулық сақтау министрлігінің аптадағы басты оқиғалары (07.03.2022-13.03.2022)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (07.03.2022-13.03.2022)
ҚАЗАҚСТАН УКРАИНАҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ ДӘРІЛІК КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Бүгін, 2022 жылғы 14 наурызда Алматы қаласының әуежайынан Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады.

ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.

Украина аумағына жүктерді қауіпсіз жеткізу үшін Қазақстан Үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келісімге келді.

Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды.

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тоннаны құрайды, оған 17 дәрі-дәрмек кіреді: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар.
КАЗАХСТАН НАПРАВИЛ ГУМАНИТАРНУЮ ЛЕКАРСТВЕННУЮ ПОМОЩЬ ДЛЯ УКРАИНЫ

Сегодня, 14 марта 2022 года, из аэропорта города Алматы, во исполнение Протокола заседания Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи, а также исполнения поручения Президента Республики Казахстан, Министерством здравоохранения РК направлена гуманитарная помощь в Украину. Гуманитарная помощь гражданам Украины будет направлена двумя рейсами 14 и 15 марта 2022 года из аэропорта города Алматы.

Комиссией по вопросам оказания международной гуманитарной помощи при Правительстве РК принято решение о выделении населению Украины партии медицинских препаратов.

Казахстан оказывает гуманитарную помощь в ответ на официальное обращение со стороны другого государства.

После получения такого обращения от украинской стороны Президент Касым-Жомарт Токаев дал конкретное поручение срочно оказать гуманитарную помощь украинскому народу.

Для безопасной доставки грузов на территорию Украины, Правительство Казахстана договорилось с соседними государствами, где развернуты хабы для получения и распределения международной гуманитарной помощи Украине.

Так, Министерством здравоохранения РК совместно с Министерством индустрии и инфраструктурного развития РК был проработан вопрос доставки гуманитарного груза по маршруту Алматы-Катовице (Польша) воздушным судном.

Общий вес гуманитарной помощи составит 28,2 тонны, куда вошло 17 наименований лексредств: антибиотики, противоспалительные, противокашлевые и антигипертезивные препараты.
ҚР Премьер-Министрі Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

Кеше, 14 наурыз күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Отырыста дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды.  Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.

«Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді», — деді А. Ғиният.

Қалған 9 өңір бойынша ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған.

Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше бақылауда екенін хабарлады.

Дереккөз: https://primeminister.kz
Премьер-Министр РК провел очередное заседание Оперативного штаба по антикризисным мерам

Вчера, 14 марта, в Үкімет Үйі состоялось очередное заседание Оперативного штаба по антикризисным мерам под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова. На заседании были рассмотрены вопросы по обеспечению лекарственными средствами и транспорту. Министр здравоохранения РК А. Гиният проинформировала о ситуации с обеспечением лекарственными средствами.

«В настоящее время в 8 регионах республики – Алматы, Восточно-Казахстанской, Северо-Казахстанской, Алматинской, Павлодарской, Костанайской, Акмолинской, Туркестанской областях – функционируют стабилизационные фонды лекарственных средств на сумму свыше 5 млрд тенге», — сказала Ажар Гиният. В остальных 9 регионах сформирован запас лекарственных средств в крупных оптовых аптечных складах.

Вопросы, связанные с обеспечением лекарственными средствами находятся на особом контроле, сообщила глава ведомства.

Источник: https://primeminister.kz/
ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖМК МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРМЕН ҚАМТУ 1,8 ЕСЕГЕ АРТТЫ

ҚР Президентінің медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шалғай ауылдарда тұратын халыққа медициналық қызметтерді ұсыну және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Негізгі элементтердің бірі-көлік медицинасын енгізу және дамыту. Қазіргі таңда жылжымалы медициналық кешендер саны 149 бірлікті құрайды.

2021 жылы ЖМК медициналық қызметтерімен 2542 шалғай ауылдың 1,8 млн.тұрғыны қамтылды, оның ішінде 413 853 бала, 2020 жылмен салыстырғанда қамту 1,8 есеге артты.

Диагностикалық зерттеулер саны 4,3 есеге артты, яғни, 870 мыңға жуығы өткізілді. Жүргізілген зертханалық зерттеулер саны үш есеге жуық артып, олардың саны 542 мыңнан асты. Ауыл тұрғындары 2021 жылы бейінді мамандардың консультацияларын 3,1 есе артық алды. Олардың саны 2021 жылы 1 448 600 құрады.

Көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша 132 070 науқас, оның ішінде 14 630 немесе 11% қант диабетімен ауыратыны, 812 немесе 0,6% глаукомамен, 8 850 немесе 6,7% қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратыны, 58 немесе 0,04% әйелдерде сүт безі қатерлі ісігі және басқа да инфекциялық емес аурулар бар екені анықталды.

Анықталған науқастардың 17% (22 557 адам) МСАК мамандарының динамикалық бақылауына алынды, оның ішінде 8 806 бала (6,7%) бар.
В 1,8 РАЗА УВЕЛИЧЕН ОХВАТ МЕДУСЛУГАМИ ПМК ЖИТЕЛЕЙ ОТДАЛЕННЫХ СЕЛ

В рамках исполнения поручений Президента РК по обеспечению равного доступа к медицинским услугам Министерством здравоохранения РК проводится работа по обеспечению доступности и предоставления медицинских услуг населению, проживающему в отдаленных селах.

Одним из ключевых элементов является внедрение и развитие транспортной медицины. Так, количество передвижных медицинских комплексов на сегодняшний день составляет 149 единиц.

В 2021 году медицинскими услугами ПМК было охвачено порядка 1,8 млн. жителей 2542 отдаленных сел, в том числе 413 853 детей, в сравнении с 2020 годом отмечается увеличение охвата в 1,8 раза.

Количество диагностических исследований увеличилось в 4,3 раза, их было проведено более 870 тысяч. Почти втрое выросло количество проведенных лабораторных исследований и их число превысило 542 тысячи. Жители сел получили в 3,1 раза больше консультаций профильных специалистов в 2021 году. Их количество составило в 2021 году 1 448 600.

По результатам оказанных услуг выявлено 132 070 больных, в том числе 14 630 или 11% пациентов с сахарным диабетом, 812 или 0,6% с глаукомой, 8 850 или 6,7% с болезнями системы кровообращения, 58 или 0,04% рака молочной железы у женщин и другие неинфекционные заболевания.

Из числа выявленных больных 17% (22 557 человек) были взяты на динамическое наблюдение специалистами ПМСП, в том числе 8 806 детей (6,7%).
БАЛАЛАР САНАТОРИЙЛЕРІ ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ - БАЛАЛАР ЖЫЛЫ

Атырау облысына сапар барысында денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жыл сайын 350-ден астам бала сауықтырылатын облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийіне барды.

Балалар контингентінің басым бөлігі мұнда туберкулез инфекциясы ошағынан, иммунитеті әлсіреген және көбінесе көп балалы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан аурудан ұзақ емдеу курстарынан өткен балалар жіберіледі.

Санаторийде балалардың жағдайын бақылайтын дәрігерлер мен мұғалімдер бар, олар қажет болған жағдайда медициналық процедураларды, медициналық терапияны тағайындайды, сонымен қатар қолайлы психо-эмоционалды атсмоферына да жасайды.
Дұрыс тамақтануға аса ерекше назар аударылады, өйткені тамақ күшті иммунитеттің негізі.

Әр түрлі жастағы балалардың 2 жастан 16 жасқа дейін санаторийінде болуы өте ұзақ уақыт алады, 12 айға дейін және кейбір жағдайларда одан да көп уақытқа созылуы мүмкін, сондықтан кішкентай пациенттерді үй қамқорлығымен және жылулықпен қоршау өте маңызды.

Кәдімгі мектептегідей мұғалімдер олармен айналысып, бос уақытында санаторий қызметкерлері түрлі ойын-сауық және танымдық бағдарламалар ұйымдастырады.

Балалар санаторийі Оралдың жағасында орналасқан, сондықтан емдік ауа, күн шуағы балалардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.
Денсаулық сақтау министрлігі медицинаның профилактикалық бағытын дамыту міндетін қойып отыр, сондықтан мұндай сауықтыру санаторийлерінің рөлі ерекше маңызды.

Шипажай директоры Ұлжан Мұхтарованың айтуынша, мұнда емделіп жатқан бірде-бір бала көп жылдар бойы қайтадан ауырмаған.
Бұл балалар денсаулығын нығайту, иммунитетті жоғарылату бірінші орынға шығады дегенді білдіреді, осылайша бұл басқа аурулардан, қайта инфекциядан және суықтан қорғайды.
Ел Президенті жариялаған бала жылында жергілікті деңгейде де, бизнестің басқа да мүдделі мемлекеттік органдары тарапынан да осындай санаториялық мекемелерді қолдау мен қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру барынша маңызды.
ДЕТСКИЕ САНАТОРИИ ТРЕБУЮТ ПОДДЕРЖКИ - ГОД РЕБЁНКА В КАЗАХСТАНЕ

В ходе нашей поездки в Атыраускую область представители Министерства здравоохранения посетили Областной детский противотуберкулезный санаторий, где ежегодно проходят оздоровление свыше 350 детей.

Большая половина детского контингента направляются сюда из очага туберкулезной инфекции либо перенесшие длительные курсы лечения от болезни, с ослабленным иммунитетом и чаще всего из многодетных социально не обеспеченных семей.

Санаторий располагает штатом врачей и педагогов, которые следят за состоянием детей, назначают им лечебные процедуры, медикаментозную терапию при необходимости, при этом всячески создают благоприятную психо-эмоциальную атсмоферу.

Особенное внимание уделяется усиленному питанию, ведь это фундамент крепкого иммунитета.
Время пребывания в санатории деток разных возрастов – от 2 до 16 лет довольно длительное, до 12 месяцев и в отдельных случаях еще больше, поэтому так важно окружить маленьких пациентов домашней заботой и теплотой.

Как и в обычной школе, здесь с ними занимаются педагоги, в свободное время персонал санатория организует различные развлекательные и познавательные программы.

Детский санаторий расположен на берегу живописного Урала, поэтому целебный воздух, солнечное ванны вносят свой вклад в улучшение здоровья подопечных.

Министерство здравоохранения ставит задачу развивать профилактическое направление медицины, поэтому роль подобных оздоровительных санаториев особенно важна.

По словам директора санатория Улжан Мухтаровой, ни один ребёнок, находившиеся здесь на лечении и реабилитации за многие годы повторно не заболел.

Это значит, что укрепление детского здоровья, повышение иммунитета выходит на первый план, ведь тем самым создаётся защита от других болезней, повторного инфицирования, частных простудных заболеваний.
Ещё важнее в провозглашённый Президентом страны Год ребёнка всячески поддержать благоустройство и оснащение современным оборудованием таких санаторных учреждений, как на местном уровне, так и со стороны всех других заинтересованных государственных органов бизнеса.
🔹Бүгінде Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткілікті қоры бар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "ORDA.KZ" ақпараттық-порталында жарияланған инсулин мен басқа да негізгі дәрі-дәрмектердің болжамды "тапшылығы" туралы мақалаға қатысты келесіні хабарлайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттардың бар-жоғы мониторингіне сәйкес тапшылық байқалмайды.

Препараттардың қолжетімділігі мақсатында дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, ірі көтерме дәріхана қоймаларында қор қалыптастырылған.

2022 жылға ТМККК және МӘМС шеңберінде 11,1 млрд теңге сомаға инсулиндердің 20 атауы сатып алынды. Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында инсулиннің жеткілікті қоры бар.

Айта кететін жайт, инсулиндер халыққа дәрігерлердің рецептері бойынша, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған пациенттерге тегін беріледі. Демек, бұл препараттар заттық-сандық есепте тұр. Препараттарды рецептімен босату рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі және Министрліктің ерекше бақылауында болады. Дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасына келетін болсақ, олардың бағасы белгіленген шекті бағалар аясында қалыптасатынын атап өткен жөн.

Дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеудің арқасында сұраныс пен сатудың маусымдылығын, сондай-ақ жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып, бағаларды оңтайлы деңгейде ұстап тұруға болады.

Дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Инсулин - бұл температура режимін сақтауды қажет ететін ақуыз. Сондай-ақ, арнайы сақтау талаптары мен жедел жеткізу шарттары ескерілмесе, инсулин бұзылып кетуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жалған ақпарат таратпауға, дүрлікпе тудырмауға және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми көздерінен ақпарат алуға шақырамыз.
👍1