ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.38K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
☎️ Обращаясь в службу поддержки пациентов, вы экономите свое время, а главное бережете силы!
👍1
Денсаулық сақтау министрі Ресей Федерациясымен шекаралас "Қарақоға" бекетіндегі жағдаймен танысты

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында қазақстандық және шетелдік азаматтардың шекарадан өту тәртібімен және карантин режимін сақтаумен танысу мақсатында "Қарақоға" шекара бекетінде болды.

Министр Қазақстандағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында COVID-19 ауруының ықтимал өсуіне дайындық және карантиндік шараларды сақтау қажеттілігі мәселелерін көтерді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерінің мәліметтері бойынша, шекарадан өткен 100 адамға ревакцинацияның болмауына байланысты шамамен 3-4 адам вакцинация мен  тікелей постта ПТР тест тапсырады.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап Ресей Федерациясымен, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен құрлықтағы өткізу пункттерінде ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдіктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту бойынша шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.
👍1
Глава Минздрава ознакомилась с ситуацией на Пограничном посту «Карағоға» с РФ

Сегодня министр здравоохранения Ажар Гиният в ходе рабочей поездки в Северо-Казахстанскую область посетила Пограничный пост «Карағоға» с целью ознакомления с порядком прохождения через границу казахстанских и иностранных граждан и соблюдением карантинного режима.

Министр подняла вопросы готовности к вероятному подъему заболеваемости COVID-19 и необходимости соблюдения карантинных мер в целях сохранения стабильной эпидемиологической ситуации в Казахстане.

По сведениям сотрудника департамента санитарно-эпидемиологического контроля, на 100 человек, пересекающих границу, примерно 3-4 человека сдают анализы на ПЦР-тест прямо на посту из-за отсутствия вакцинации и ревакцинации.

Напомним, что с учетом стабилизации эпидемиологической ситуации Межведомственной комиссией по недопущению распространения коронавирусной инфекции на территории РК с 11 апреля текущего года принято решение о снятии ограничений по пересечению гражданами РК, лицами без гражданства и иностранцами Государственной границы Республики Казахстан в сухопутных пунктах пропуска с Российской Федерацией, Республиками Узбекистан и Кыргызстан.
А. Ғиният Мағжан Жұмабаев ауданының дәрігерлерімен және тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Бұланов ауылындағы аудандық аурухана медицина қызметкерлерінің ұжымымен кездесті.

Аудандық аурухана 2014 жылы салынған, мұнда ауысымына 250 келушіге арналған 6 бөлімше жұмыс істейді, төсек орын сыйымдылығы – 95, ұжымда 520 қызметкер, оның ішінде 39 дәрігер бар.

"Бүгінде ауылдағы адамдарға "алтын сағат" ережесі бойынша шұғыл көмекті қоса алғанда, медициналық көмек алу бөлігінде барлық жағдай жасау, аудандық ауруханаларда Травматология және перинатология орталықтарын ашу қажет", - деді Ажар Ғиният медицина қызметкерлеріне арнаған сөзінде.

Сондай-ақ, Министр дәрігерлердің жалақысын одан әрі арттыру мәселесін еске салды.

Ол сонымен қатар амбулаториялық препараттар тізбесін кеңейту бағытын қайта қарау туралы хабарлады. Медициналық пункттерде адамдар жүздеген шақырымға дәрі-дәрмек алуға бармауы үшін дәріхана киоскілері ашылатынын қоса айтты.
Дәрігерлердің құқықтарын қорғау бөлігінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметін сақтандыру жөніндегі заң жобасы туралы айтып берді, ол оқыс оқиғалар жағдайында қатерлерді нивелирлеу тетігін құруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрігерлердің арнайы мамандардың тапшылығы, ақпараттық жүйелердің жұмысы туралы сұрақтарына жауап беріп, бейінді дәрігерлерге жолдама алу алгоритмі бойынша ведомствоның жаңа бұйрықтарының мазмұнын түсіндірді.

Ауданның ардагерлер ұйымының басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, министрге шалғайдағы ауылдың мұқтаждықтарына назар аударғаны үшін алғыс айтты.

Ардагер шалғайдағы ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы өтініш білдірді.

Одан әрі сапар бағыты бойынша Ажар Ғиният Булаево ауылындағы дәріханаға барып, онда дәрі-дәрмектердің болуына, олардың бағасына қызығушылық танытты.
👍1
А. Гиният провела встречу с медиками и жителями района Магжана Жумабаева

Сегодня в ходе рабочей поездки министра здравоохранения Ажар Гиният в Северо-Казахстанскую область состоялась встреча с коллективом медработников районной больницы в селе Буланов района имени Магжана Жумабаева.

Районная больница была построена в 2014 году, здесь работает 6 отделений, на 250 посещений в смену, коечная мощность – 95, в коллективе 520 сотрудников, из них 39 врачей.

«Сегодня нужно создать все условия для людей на селе в части получения медпомощи, включая экстренную помощь по правилам «золотого часа», открывать центры травматологии и перинатологии в районных больницах», - сказала Ажар Гиният, обращаясь к медработникам.

Министр напомнила о дальнейшем повышении
заработной платы врачей.

Она сообщила также о пересмотре перечня амбулаторных препаратов, в сторону расширения. В медпунктах будут открыты аптечные киоски, чтобы люди не ездили за лекарствами за сотни километров, добавила министр.
В части защиты прав врачей, глава Минздрава рассказала о законопроекте по страхованию профессиональной деятельности медработников, который позволит создать механизм нивелирования рисков в случае инцидентов.

Глава Минздрава ответила на вопросы врачей о дефиците узких специалистов, работе информационных систем, разъяснила содержание новых приказов ведомства по алгоритму получения направлений к профильным врачам.

Глава ветеранской организации района поблагодарил министра за внимание к нуждам сельской глубинки, исполняя таким образом поручение Главы государства.

Ветеран адресовал просьбу о решении вопроса обеспечения медикаментами жителей отдалённых сел.

Далее по маршруту поездки Ажар Гиният посетила в селе Булаево аптеку, где интересовалась наличием лекарств, ценами на препараты.
👍2
А. Ғиният Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық денсаулық сақтау нысандарын аралады

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Бірінші кезекте Қызылжар ауданы Знаменское ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны көрді, онда бүгінде пациенттерді екі ЖПД дәрігері, 5 орта буын маманы және 2 кіші буын қызметкері қабылдайды.

Дәрігерлік амбулатория 4 төсек-орынға, күніне 17 келушіге есептелген, 5 жыл бұрын ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген.

Знаменка амбулаториясында 3360 ауыл тұрғыны медициналық көмек алуда, оның ішінде диспансерлік есепте 455 пациент, бір жасқа дейінгі 19 бала патронажда, 11 жүкті әйел бақылауда тұр.

Министр медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбек жағдайлары, еңбекақысы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелерін көтерді.
Солтүстік Қазақстан облысында 530 МСАК нысаны жұмыс істейді - бұл елдегі медициналық көмектің бастапқы деңгейіндегі барлық ұйымдардың 10% – ға жуығы. Оның ішінде қалада барлығы 4 объект орналасқан, ауылдағы негізгі саны – 526. Бұл ретте, осы ұйымдар ғимараттарының тозуы 74,8% - ды құрайды.

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жергілікті атқарушы органдардың назарын ауылдағы медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жақсарту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Медициналық көмектің қолжетімділігі мәселелерін қозғай отырып, А.Ғиният, бірінші кезекте, бүгінгі күні әртүрлі бейіндегі 18 дәрігер жетіспейтін өңірдегі ауылдық денсаулық сақтауды кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешудің өткірлігін атап өтті.
"Жергілікті бюджет есебінен студенттер мен медицина қызметкерлерін оқытуға қаражат бөлуді, тұрғын үй беруді және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын, сараланған еңбекақы төлеуді қолдануды қоса алғанда, жас кадрларды ауылда орнықтыру үшін мотивация жасау қажет",- деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, министр ауыл тұрғындары үшін чекап түрінде кәсіби тексерулер тізбесін кеңейту, өткізілетін скринингтердің қолжетімділігін арттыру, ауылдық медицина қызметтеріне бірқатар тарифтерді арттыру бойынша жоспарлар туралы айтты. А.Ғинияттың айтуынша, бұл шаралар, сақтандырылмаған халықты қоса алғанда, ауыл тұрғындарын кәсіби тексерулермен қамтуды ұлғайтуға, нәтижесінде созылмалы аурулардың және асқынған жағдайлардың өсуін азайтуға мүмкіндік береді.

Аймақтағы қатынауы қиын ауылдық елді мекендердің көптігін ескере отырып, министр жылжымалы медициналық кешендердің (ЖМК) жұмысымен танысты.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, облыста 10 ЖМК жұмыс істейді, олар 2021 жылы 270-тен астам ауылдық елді мекенге барған, бұл ретте ЖМК қызметтерімен 36 мыңға жуық адам қамтылған, бұл 2020 жылдың көрсеткіштерінен жеті есе көп.

Бұл ретте Ажар Ғиният ЖМК әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды, кәсіптік тексерулер жүргізу кезінде ауыл тұрғындарын неғұрлым мұқият және сапалы тексеруді қамтамасыз етуді ұсынды.

Келесі нысан М.Жұмабаев атындағы аудандағы Ноғайбай ауылындағы 150 тұрғынға қызмет көрсететін медициналық пункт болды. Министр емдеу кабинетін, күндізгі стационардың 2 палатасын, акушерлік - гинекологиялық кабинетті және жергілікті дәріхана пунктін қарап шықты.

Барлық нысандарда ведомство басшысы пациенттердің әл-ауқатына қызығушылық танытып, олардың ауылдағы медициналық көмекті жақсарту жөніндегі тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Өңірді аралау барысында Ажар Ғиният медицина жұртшылығымен, облыс халқымен жекелеген кездесулер өткізуге, медициналық көмек көрсетудің аса толғандыратын мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауға, сондай-ақ брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беруге ниетті.
👏1