ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.38K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният СҚО-да дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін тексерді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласындағы № 3 қалалық емханада болды.

Қалалық емхананың стационары 33 төсектік, күн сайын 1000-нан астам пациентті қабылдайды. Емханада 106 дәрігер және 281 орта буын медицина қызметкері, 46 кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Министр қабылдауға жазудан бастап рецепт бойынша дәрі-дәрмек алуға дейінгі пациенттер маршрутының электрондық жүйесімен танысты. Әрі қарай Ажар Ғиният емделушілердің оңалту емі, оның ішінде постковидті оңалту өтетін кабинеттердің жабдықталуын тексерді.

Емхана директоры Асхат Өтебаевтың айтуынша, мұнда клиникалық хаттама аясында физиотерапия, ингаляция, массаж, кинезиотерапия сияқты медициналық қызметтердің барлық спектрі ұсынылған.

Сонымен қатар, министр балалар скринингінен өту жағдайларына, кадрлар мен жабдықтардың болуына қызығушылық танытты.

Министр емхана дәрігерлерімен әңгіме барысында Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары білікті медициналық кадрларды шығаруға және нарық қажеттіліктерін болжауға, барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері үшін лайықты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған кадр саясаты туралы айтты.

Сондай-ақ, министр көпбейінді облыстық ауруханаға барып, онда шұғыл пациенттерді қабылдау жағдайларын, реанимациялық блок пен КТ-мен жабдықталған диагностикалық бөлімшені, тамыр аурулары бар науқастарға эндоваскулярлық операциялар жүргізуге арналған ангиографиялық қондырғыны қарап шықты. Тек өткен жылы осы жабдықтың көмегімен инсульт алған пациенттерге 500-ден астам операция жасалды.

Ажар Ғиният өңірдің дәрі-дәрмек нарығындағы жағдайды зерттеу үшін тағы екі нысанды аралады. Бұл облыс орталығындағы әлеуметтік дәріхана және "Аманат" компаниясының ірі дәрілік препараттар қоймасы.

Фармкомпанияның басшысының айтуынша, қоймада 6 мыңнан астам дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры сақталған, тапшылық байқалмайды, дәрі-дәрмектерді елден тыс жерлерде жаппай сатып алу және қайта экспорттауда ешқандай проблемалар жоқ.

Министр дәрі-дәрмектерді қабылдау және сақтау жағдайларын, дәрі-дәрмектерді босатудың электрондық жүйесін қарап шықты, сондай-ақ жеткізушілерді ассортимент бойынша да, баға саясаты тұрғысынан да халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында тұрақтылықты сақтауға шақырды.
Глава Минздрава А.Гиният проверила доступность лекарственного обеспечения в СКО

Сегодня в ходе рабочей поездки в Северо-Казахстанскую область министр здравоохранения Ажар Гиният посетила городскую поликлинику #3 в г. Петропавловск.

Городская поликлиника со своим стационаром на 33 койкоместа, принимает ежедневно более 1000 пациентов. В поликлинике работает 106 врачей и 281 медработник среднего звена, 46 работников младшего медперсонала.
Министр ознакомилась с электронной системой маршрута пациентов, начиная с записи на приём до получения лекарств по рецептам. Далее Ажар Гиният осмотрела оснащение кабинетов, где пациенты проходят восстановительное лечение, в том числе постковидную реабилитацию.
По словам директора поликлиники Асхата Утелбаева, здесь предоставляется весь спектр медуслуг, а это физиотерапия, ингаляция, массаж, кинезиотерапия, в рамках клинического протокола.

Министр интересовалась условиями для прохождения детских скринингов, наличием кадров и оборудования.

В беседе с врачами поликлиники, министр рассказала о кадровой политике Министерства здравоохранения, направленной на выпуск высококвалифицированных медицинских кадров и прогнозирование потребностей рынка, создание достойных условий труда для медработников всех уровней.

Далее министр посетила многопрофильную областную больницу, где она также осмотрела условия приема экстренных пациентов, реанимационный блок и диагностическое отделение, оснащенное КТ, ангиографической установкой для проведения эндоваскулярных операций больным с сосудистыми нарушениями. Только в прошлом году с помощью данного оборудования здесь было проведено свыше 500 операций, в основном пациентам, перенесшим инсульт.

Для изучения ситуации на лекарственном рынке региона, Ажар Гиният посетила ещё два объекта. Это социальная аптека в областном центре и крупный склад лекарственных препаратов компании «Аманат».

По словам руководителя фармкомпании, на складе хранятся достаточные запасы свыше 6 тысяч наименований препаратов, дефицита не наблюдается, никаких проблем с массовым закупом и реэкспортом лекарств за пределы страны не существует.

Министр осмотрела условия приема и хранения препаратов, электронную систему отпуска лекарств, также призвала поставщиков сохранять стабильность в сфере лекарственного обеспечения населения, как по ассортименту, так и в части ценовой политики.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 16 сәуірдегі ақпарат

16 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 921 адам коронавирус инфекциясынан (–925+ және 996 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 141 пациент стационарда, 1 780 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 14 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 16.04.2022г.

На 16 апреля лечение от КВИ продолжают получать 1 921 человек (–925+ и 996 КВИ-), из них в стационарах находится – 141 пациент, на амбулаторном уровне – 1 780 пациентов.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 14 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациента.
👍1
16.04.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 16.04.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 16.04 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 9 471 277 адам вакцина салдырды, II компонентпен 9 212 190 адам. Ревакцинацияланды – 3 642 672

*

I компонентом 9 471 277 человек провакцинировано в Казахстане на 16.04.2022 г, II компонентом 9 212 190 человек. Ревакцинировано – 3 642 672
2022 жылғы 16 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда PFIZER вакцинасын алған адамдар саны

*

Количество людей, получивших вакцину PFIZER в Казахстане по состоянию на 16 апреля 2022 года
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулық сақтау министрлігінің аптадағы басты оқиғалары (11.04.2022-17.04.2022)