ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
2022 жылға ««Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында 6 жоғары технологиялық жабдық бірлік сатып алу жоспарлануда.  Олар ЕАЭО Техникалық регламенттеріндегі көрсеткіштер тізбесін (қоршаған ортадағы улы элементтерді (ауа, су және топырақ), ойыншықтарды, халық тұтынатын тауарлар мен консерванттарды, гормондарды, тағамдық қоспаларды, бояғыштарды, амин қышқылдарын, Тамақ өнімдеріндегі антибиотиктерді анықтау) кеңейтуге мүмкіндік береді.
👍2
На 2022 год в рамках Национального проекта «Качественное и доступное здравоохранение для каждого гражданина «Здоровая нация» запланировано приобретение 6 ед. высокотехнологического лабораторного оборудования, которое позволит расширить перечень показателей, регламентируемых в подконтрольных Технических регламентах ТР ЕАЭС (определение токсичных элементов в окружающей среде (воздух, вода и почва), игрушках, товарах народного потребления и консервантов, гормонов, пищевых добавок, красителей, аминокислот, антибиотиков в пищевых продуктах).
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (22.08.2022-28.08.2022)
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
1995 жылы 30 тамызда адамның басты құндылықтарын, құқықтары мен бостандығын айқындаған Ата заңымыз қабылданды. Конституцияның 29-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы бекітілген. Азаматтарымыз заңмен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.
Негізгі құқықтық қайнаркөзіміз саналатын Конституциядағы нормалар мен принциптер Қазақстан мемлекеттігін дамытудың мызғымас іргетесіне айналды. Еліміздің әлеуметтік және саяси тұрақтылығын, халқымыздың бейбітшілігі мен ынтымақтастығын нығайтты.

Осы орайда мемлекетіміз әлеуметтік жаңғыру және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту бағдарын ұстана отырып, азаматтар алдындағы міндеттемелерін орындауды ұдайы жетілдіріп келетінін айта кеткім келеді.
Атап айтқанда, 2020 жылы 7 шілдеде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, сондай-ақ «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының орындалуы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әрдайым басты назарында. Өскелең ұрпақтың саулығына, ана мен балаға, қарттарға қамқорлық, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті сапалы ұйымдастыру, елімізде озық технологияларды игерген инновациялық клиникалар ашу – мұның бәрі біздерден – денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен кәсібилікті, зор жігер мен мақсаткерлікті талап етеді.
Осынау айтулы мерекеде барша қазақстандықтарды, әріптестерімді азаматтарымыздың игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуге шақырамын. Әрбір отандасыма шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еліміздің келешегі кемел, аспанымыз ашық болсын!
ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР СІЗДЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Қымбатты достар, ата-аналар, оқушылар мен студенттер, 1 қыркүйек - оқу жылының басталуы әрқайсымыз үшін бала кезімізден ерекше әсерлі мереке.

Отбасылық әл-ауқаттың, ата-ана бақытының, сәтті оқудың негізі біздің балаларымыздың денсаулығы екенін бәріміз білеміз.

Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде балалардың денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің кепілді қамтамасыз етуінде тұрғанын айта кеткен жөн.
2020 жылы Қазақстанда алғаш рет мектеп медицинасы медициналық көмек пакетімен жеке бағыт болды, оған білім алушы контингенттің тікелей оқу орнында профилактикалық тексеріп-қараулары, оның ішінде бейінді мамандардың, стоматологтың консультациялары кіреді.
Ауру белгілері, қандай да бір ағзалар жұмысының бұзылуы анықталған кезде бала бекітілген емхана арқылы тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жіберіледі.

Осылайша, мектеп медицинасы, әсіресе диспансерлік есепте тұрған балалардың денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауға, шұғыл жағдайларда көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Бұл ретте бастапқы медициналық ұйымдардың деңгейінде профилактикалық бағытты күшейту ерекше маңызға ие.

Барлық қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтай отырып, әрбір оқушы мен студентке мықты денсаулық тілеймін, ол қарапайым ережелерді – тамақтану режимін, физикалық белсенділікті және оң көзқарасты сақтауға байланысты!
Мемлекет басшысы Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін күшейтіп, медициналық көмектің сапасын арттыруды тапсырды

ҚР Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жолдауында медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығына тоқталып, қаржыландыруға сәйкес медициналық көмек сапасын арттыруды тапсырды.
«Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.
Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді.
Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі.
Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.
Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы

t.me/bort_01
⚡️ Президент:

«Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.

Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.
Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді.

Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі.

Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.

Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен»

t.me/bort_01
🤔1
 
Екі жыл ішінде 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады – Президент Жолдауы

"Мен келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының  мұқтаждықтарына бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдадым.
Екі жыл ішінде қазіргі кезде  медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер  салынып,  толықтай жабдықталады.  Осылайша мемлекет  миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді.
Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып,  ауданаралық көпбейінді медициналық мекеме ретінде қайта құрылады.  Онда инсульт орталығы,  хиругия, жан сақтау және оңалту бөлімдері пайда болады" - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында.
Бұл төрт миллионнан аса азаматымыз үшін медициналық қызмет сапасын арттырады.  Сонымен қатар,  шалғай аудандардың тұрғындарының білікті  көмек алуына мүмкіндік беретін телемедицина дамиды.

t.me/bort_01
⚡️ Глава государства:

«Большую угрозу здоровью нации несет растущее потребление синтетических наркотиков.

Динамика резко отрицательная: за последние три года объем изымаемой из оборота «синтетики» вырос в 10 раз. Синтетические наркотики с каждым годом становятся дешевле и доступнее. Они практически беспрепятственно продаются через социальные сети, мессенджеры и даже доставляются на дом.

С учетом масштаба этой крайне опасной социальной болезни борьба с производством и распространением синтетических наркотиков должна принять общенациональный характер.

Поэтому необходимо разработать Комплексный план по борьбе с наркоманией и наркобизнесом»

t.me/bort_01
👍1
 *Мемлекет басшысы синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды*

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық ескірткінің таралуынан  ұлт денсаулығына төнген қауіпке арнайы тоқталып, нақты тапсырмалар берді
«Ұлт денсаулығына  синтетикалық ескіртіні тұтынудың өсуі  үлкен қауіп төндіріп тұр.  Динамика  бірден теріс жағына өзгерді: соңғы үш жылда айналымнан алынатын «сентетиканың»  көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық ескіртілер жыл өткен сайын арзандап, қолжетімді болып бара жатыр.  Олар әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы кедергісіз сатылып жатыр. Тіпті  үйге дейін жеткізіледі», - деп атап өтті Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Кемелұлы осынау өте қауіпті әлеуметтік дерттің ауқымын ескере отырып,  сентетикалық ескіртінің өндірісі және таралуымен  күрес жалпыұлттық сипат алуға тиіс екенін айтты.  Нашақорлықпен және ескірті бизнесімен күрес жөнінде Кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.
ӨҢІРЛЕРДІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ: ТҮРКІСТАН ЕМХАНАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ

Бас дәрігер Райымбек Берікұлы Тасырбаевтың басшылығымен Түркістан қалалық емханасында үздік практика орталығының енгізілуімен негізгі индикаторлар бойынша шағымдар айтарлықтай төмендеді.

Атап айтқанда, "дәл қазір және дәл осы жерде" қағидатымен жұмыс істеудің арқасында, тіркелген өтініштердің саны 2021 жылмен салыстырғанда 37 жағдайға, яғни 78-ден 41 жағдайға төмендеді.

Пациенттердің пікірлері бойынша жүргізілген талдау арқылы проблемалық мәселелерді жедел шешу халықтың медициналық көмекке қанағаттану деңгейін 2021 жылғы 78% - дан 2022 жылы 91% - ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Ерлер мен әйелдерге арналған жеке қарау және дәрігерге дейінгі кабинеттер ұйымдастырылды, олардың қызмет көрсету саны ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есеге артты. 2021 жылы 15924 адам қаралса, 2022 жылы 32388 азамат тексерілді, онкологиялық ауруларды анықтау саны 962-ден 1692-ге дейін артты. Бұл І-ІІ сатыдағы онкологияны анықтау үлесін 2021 жылы 46,3% - ға, 2022 жылы 64% - ға арттыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, қалалық емханада ауруларды басқару бағдарламасы бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Мәселен, созылмалы аурулар бойынша жеке емдеу жоспарының бағдарламасын жиі бұзатын пациенттерге еске салулар түрінде жалпы жағдайын бақылау және дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау үшін смарт-сағат беріледі. Аталған жоба енгізілгеннен кейін емдеу жоспарын бұза отырып диспансерлік есепте тұрған науқастар арасында қан айналымы жүйесінің ауру фактілері 143 жағдайға, 2022 жылы 43 жағдайға, 2021 жылы 186 жағдайға азайды.

Бұдан басқа, патронаждың әмбебап прогрессивті моделін енгізумен учаскелік қызметтің жұмысы, әсіресе тәуекел тобы бар балалардың патронажы жақсарды.. Осының арқасында 2022 жылы сәбилер өлімі фактілерінің саны 2021 жылмен салыстырғанда 9 жағдайға азайды (0-1 жас: 2021 ж – 16, 2022 ж - 7 жағдай) және 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша үйдегі өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.