ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАСТЫРАДЫ – ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары жөнінде баяндады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жұмысына келсек, біз денсаулық сақтауды қаржыландыру тәсілін қайта қарастыруды ұсынамыз», – деді А.Ғиният.

Біріншісі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шығыстарын (жыл сайын шамамен 200 млрд. теңге) және халықтың жеңілдіктер алатын 15 санаты үшін медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекеттің аударатын жарнасын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау.
Екіншісі – қаражатты әкімшілендіруді оңтайландыру және оны тиімді пайдалану үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) пакеттерінің қаржылық шығынын біріктіруді заң тұрғысынан реттеу. Сондай-ақ МӘМС пен ТММКК пакеттерінің айқын конфигурациялары анықталады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды (ЕМС) іске қосу үшін ерікті медициналық сақтандырумен өтелетін медициналық көмектің бағыттары мен қызметтер тізбесі айқындалатын болады, сондай-ақ шетелдіктерге, атап айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерге міндеттелетін медициналық сақтандыру заңнамамен бекітіледі және іске асады, деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
😱1
МИНЗДРАВОМ РК БУДУТ ПЕРЕСМОТРЕНЫ ПОДХОДЫ К ФИНАНСИРОВАНИЮ МЕДПОМОЩИ – РЕАЛИЗАЦИЯ ПОСЛАНИЯ

Сегодня на заседании правительства министр здравоохранения Ажар Гиният информировала о мерах по реализации поручений в рамках Послания Главы государства от 1 сентября 2022 года.

«По вопросу функционирования социального медицинского страхования, нами предлагается пересмотреть подходы к финансированию здравоохранения», - сказала А.Гиният.

Первое – будет проработан вопрос дофинансирования расходов на гарантированный объем бесплатной медицинской помощи и взносов государства на ОСМС за 15 льготных категорий населения.

Второе – предполагается законодательно урегулировать объединение финансовых потоков пакетов ГОБМП и ОСМС для упрощения администрирования средств и в целях их эффективного использования. Также будут определены четкие конфигураций пакетов ОСМС и ГОБМП.

Для запуска добровольного медицинского страхования (ДМС) в условиях работы ОСМС будут определены направления медицинской помощи и перечни услуг для покрытия ДМС, а также законодательно закреплены и реализованы права иностранцев в системе медстрахования, в частности трудовых мигрантов и иностранных студентов, пояснила глава Минздрава.
👍5
А.ҒИНИЯТ АУЫЛДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары жөнінде баяндады.

Ол Президенттің ауыл халқының медициналық көмекке сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық жобаның іске асу барысы туралы хабарлады.
Министр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі мақсаты – медициналық инфрақұрылымды жақсарту есебінен есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты қысқарту және ауыл халқына шұғыл әрі арнаулы медициналық көмекті уақытылы қамтамасыз ету екенін еске салды.

Мәселен, ұлттық жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісі, оның ішінде жаңа 228 объекті және қолданыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің орнына 427 объекті салынады.

Сондай-ақ 32 көп бейінді орталық аудандық ауруханалар ұйымдастырылады. Оның ішінде қолданыстағы 12 аурухананы жетілдіру қамтамасыз етіледі.
Бұған қоса, А.Ғинияттың айтуынша, инфаркт, инсульт, босану, жарақат алу кезінде және басқа жағдайларда «Алтын сағат» қағидатын сақтай отырып шұғыл медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ ірі қалаларға бармай-ақ телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы арнаулы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын жаңа көпбейінді орталық аудандық ауруханалар ашу қарастырылған.

Баяндамада айтылғандай, ұлттық жобаны іске асыру арнаулы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, ауыл тұрғындары арасында қан айналымы жүйесі ауруларының өлім-жітімін 23,6%-ға төмендетуге (100 мың тұрғынға шаққанда 166,7-ден 134,85-ке дейін), 4 миллионнан астам ауыл тұрғынын сапалы, жедел әрі жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
А.ГИНИЯТ ИНФОРМИРОВАЛА О РЕАЛИЗАЦИИ НАЦПРОЕКТА ПО МОДЕРНИЗАЦИИ СЕЛЬСКОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

Сегодня на заседании правительства министр здравоохранения Ажар Гиният информировала о мерах по реализации поручений в рамках Послания Главы государства от 1 сентября 2022 года.

Она рассказала об исполнении поручения Президента по обеспечению реализации национального проекта, нацеленного на обеспечение потребностей сельских жителей в медицинской помощи.

Министр напомнила, что основной целью нацпроекта «Модернизация сельского здравоохранения» является сокращение дисбалансов между городским и сельским здравоохранением за счет улучшения медицинской инфраструктуры, а также повышения своевременности оказания экстренной и специализированной медицинской помощи сельскому населению.

Так, в рамках нацпроекта будет обеспечено строительство 655 объектов ПМСП, в том числе строительство новых 228 объектов и 427 взамен действующих объектов ПМСП, организация работы 32 многопрофильных центральных районных больниц (МЦРБ), в том числе совершенствоания 12 действующих больниц.

Кроме того, по словам А.Гиният, предусмотрено открыть новые многопрофильные центральные районные больницы, которые смогут оказывать экстренную медицинскую помощь при инфарктах, инсультах, травмах и при родах с соблюдением принципа «золотого часа», а также предоставлять специализированную и высокотехнологичную медицинскую помощь без необходимости посещения крупных городов, в том числе посредством телемедицины и дистанционных медицинских услуг.

Как было отмечено в докладе, реализация нацпроекта позволит позволит обеспечить доступность специализированной медицинской помощи и снизить смертность от болезней системы кровообращения на 23,6% среди сельских жителей (с 166,7 до 134,85 на 100 тысяч населения), обеспечить качественной, экстренной и высокотехнологичной медицинской помощью более 4 млн сельских жителей.
А.ҒИНИЯТ САЛАНЫ КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕ БАЯНДАДЫ

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысының дәрігер мамандарды даярлауды жетілдіру жөніндегі тапсырмасына орай, Денсаулық сақтау министрлігі үш медициналық жоғары оқу орнының жанынан көпбейінді университеттік аурухана мен клиника ашуды қарастырып отыр.

Сонымен қатар, А.Ғинияттың айтуынша, алдағы үш жыл ішінде резидентураға бөлінетін грант санын жыл сайын 70% -ға дейін – 2023 жылы 1 мың 700-ден 2025 жылы 3 мың 400-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сөзін қорытындылай келе, министр Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында берілген барлық тапсырмаларын белгіленген уақытта орындайтынын атап өтті.
О ПОВЫШЕНИИ КАЧЕСТВА КАДРОВОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ ОТРАСЛИ ИНФОРМИРОВАЛА А.ГИНИЯТ

Сегодня на заседании правительства министр здравоохранения Ажар Гиният информировала о мерах по реализации поручений в рамках Послания Главы государства от 1 сентября 2022 года.

Что касается поручения Главы государства о совершенствовании кадровой подготовки врачей, то здесь Министерством здравоохранения расматривается создание при медицинских вузах многопрофильных университетских больниц и клиник.

Наряду с этим, по словам А.Гиният, планируется в течение трех лет ежегодное увеличение на 70% количества грантов на резидентуру – с 1 тыс. 700 в 2023 году до 3 тыс. 400 в 2025 году.

Резюмируя свое выступление, министр подчеркнула, что все поручения, данные Главой государства в Послании народу Казахстана от 1 сентября 2022 года «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество» Министерством здравоохранения будут реализованы в указанные сроки.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 4 қыркүйектегі ақпарат

4 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 272 адам коронавирус инфекциясынан (–16 971+ және 301 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 435 пациент стационарда, 16 837 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 11 адамның жағдайы ауыр,
• 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 4.09.2022г.

На 4 сентября лечение от КВИ продолжают получать 17 272 человек (–16 971+ и 301 КВИ-), из них в стационарах находится – 435 пациент, на амбулаторном уровне – 16 837 пациентов.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 11 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 8 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациентa.
👍2
4.09.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 4.09.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 4.09 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 825 435 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 572 790 адам. Ревакцинацияланды – 5 468 159

*

I компонентом 10 825 435 человек провакцинировано в Казахстане на 4.09.2022 г, II компонентом 10 572 790 человек. Ревакцинировано – 5 468 159
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулық сақтау министрлігінің аптадағы басты оқиғалары (29.08.2022-4.09.2022)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (29.08.2022-4.09.2022)