ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
11.09.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 11.09.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 11.09 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 828 884 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 579 039 адам. Ревакцинацияланды – 5 494 178

*

I компонентом 10 828 884 человек провакцинировано в Казахстане на 11.09.2022 г, II компонентом 10 579 039 человек. Ревакцинировано – 5 494 178
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (5.09.2022-11.09.2022)
ҚАЗАҚСТАН ЕУРОДДҰ-ҒА МҮШЕ-МЕМЛЕКЕТТЕРДІ СУБӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік комитетінің 72-ші сессиясының жұмысына қатысып жатыр.

ДДҰ-ның Еуропа аумағындағы денсаулық сақтаудың жалпылама жағдайына қатысты талқылауда ҚР ДСМ басшысы денсаулық сақтау қызметімен жаппай қамтудың өзекті мәселелері және тұрақты даму бағытындағы мақсаттарға жету туралы өз ойын ортаға салды.

«Қазақстан 2030 жылға қарай тұрақты даму мақсаттарына жету жолында қабылдаған міндеттерін орындау үшін жүйелі саясат жүргізіп келеді», – деп мәлімдеді А.Ғиният.

Министрдің айтуынша, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында қолжетімді және сапалы медициналық көмек, Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру, елімізде өндірілген қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту секілді бағыттар бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
«Біз ЕуроДДҰ-ға мүше-мемлекеттерді барлық өңір азаматтарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бірлесе күш салуға шақырамыз. Ортақ проблемаларды шешіп, ортақ мақсатқа жұмылу үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ахуалы мен денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы ұқсас елдерді жұмыс тобы мен бастамаларға қарай біріктіру арқылы Субөңірлер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру өте маңызды», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Бұл орайда ол Орталық Азиядағы денсаулық сақтау мен саламаттылықты қолдау бойынша жол картасының әзірленуін субөңірлік қарым-қатынастың жарқын мысалы ретінде келтірді. Құжат Өңірлік директордың қолдауымен әзірленіп, Орталық Азия денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен өткен 72-ші сессияда қабылданған еді.
КАЗАХСТАН ПРИЗЫВАЕТ ГОСУДАРСТВА-ЧЛЕНЫ ЕВРОВОЗ К СУБРЕГИОНАЛЬНОМУ СОТРУДНИЧЕСТВУ
 
Министр здравоохранения РК Ажар Гиният принимает участие в работе 72-ой сессии Европейского регионального комитета Всемирной организации здравоохранения.

Так, в ходе Общей дискуссии касательно общего состояния здравоохранения в Европейском регионе ВОЗ глава МЗ РК высказалась об актуальных вопросах достижения всеобщего охвата услугами здравоохранения и целей в области устойчивого развития.

«Казахстан проводит целенаправленную политику по исполнению принятых на себя обязательств по достижению Целей устойчивого развития к 2030 году», - отметила А. Гиният.
В рамках Национального проекта «Качественное и доступное здравоохранение для каждого гражданина «Здоровая нация» продолжается работа по таким направлениям, как доступная и качественная медпомощь; формирование современной системы эпидемиологического прогнозирования; доступные отечественные лексредства и медизделия; увеличение доли населения, ведущего здоровый образ жизни, и развитие массового спорта.
«Мы призываем государства-члены ЕвроВОЗ направить совместные усилия на реализацию долгосрочных стратегических целей для обеспечения безопасности и здоровья граждан всего региона. Субрегиональное сотрудничество играет важное значение через объединение стран со схожей ситуацией в области общественного здоровья и организацией систем здравоохранения в рабочие группы и инициативы для решения общих проблем и достижения совместных целей», - подчеркнула министр здравоохранения РК.
При этом она добавила, что ярким примером такого субрегионального взаимодействия является Дорожная карта в поддержку здоровья и благополучия в Центральной Азии, которая была разработана при поддержке Регионального директора и принята на полях 72-ой сессии при участии Министров здравоохранения стран Центральной Азии.
🔹А.ҒИНИЯТ ИЗРАИЛЬГЕ ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

🔸А.ГИНИЯТ ПРОВЕЛА РЯД ВСТРЕЧ В ХОДЕ РАБОЧЕГО ВИЗИТА В ИЗРАИЛЬ

📎 https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/425319?lang=kk

📎 https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/425319?lang=ru
ҚР ДСМ: СОҢҒЫ 10 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНДА 2 МЫҢНАН АСА АҒЗА МҮШЕСІНІҢ ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Бүгін елордадағы «Барыс Аренада» Трансплантациядан кейінгі адамдар мен және диализдегі пациенттер арасында өткен Еуропалық спорт чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасының қорытынды баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күляйм Біржанова елімізде трансплантациялық қызметте дамытудың жүйелі шаралары туралы баяндады.

«2012 жылы 8 тамызда Қазақстанда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының базасында алғаш рет донор жүрегінің трансплантациясы жасалды. 2012 жылдан қазірге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына 2000-нан аса ағза мүшесінің трансплантациясы орындалды, оның ішінде 87-сі жүректі алмастыру бойынша жасалды.

Қазақстанда туыстас донордан жасалатын трансплантацияның үлесі 84,2%-ды, өлі донордан жасалатын трансплантация 15%-ды құрайды» , – деп мәлімдеді К.Біржанова.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директор орынбасарының айтуынша, Елімізде ағза мүшесі донорлығын дамыту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар жүйелі шаралар қабылдады. Мәселен, нормативтік-құқықтық база жетілдірілді, атап айтқанда: азаматтардың қайтыс болғаннан кейін ағза мүшесі доноры болуға ықтиярын egov.kz порталында іс жүзінде білдіру құқығы реттеліп, донорлық ұйымдардың өлі донорларды кондициялау шығындарын өтеу механизмін енгізілді, электронды форматтағы «күту тізімі» жасақталды, «Трансплантацияны үйлестіру» дәрігерлік мамандығы «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына», ал республикалық, өңірлік және стационарлық деңгейдегі трансплантация үйлестірушісі лауазымы «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымы номенклатурасына» енгізілді.

Еске сала кетейік, 2022 жылы тамызда Қазақстан құрамасы Трансплантациядан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттер арасында өткен Еуропа чемпионатында 12 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 18-ші орын алған болатын.

Чемпионатқа Трансплантациядан кейінгі және диализдегі пациенттердің Еуропалық спорт федерациясына мүше 26 елден 400-ден аса спортшы қатысты. Бұл федерацияға 2018 жылдан бері Қазақстан атынан «Өмір тынысы» трансплантация жасалған науқастардың қоғамдық бірлестігі өкілдік етеді.

Биылғы Еуропа чемпионатына Қазақстан құрама командасы сапында 2019 жылы республикалық жарыста жүлдегер атанған, жүрек және бүйрек трансплантациясын бастан өткерген, сондай-ақ диализдегі 16 спортшы қатысты. Олар жүзу, үстел теннисті, дартс, боулинг, волейбол спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.
👍1
БОЛЕЕ 2 ТЫС. ТРАНСПЛАНТАЦИЙ ОРГАНОВ ПРОВЕДЕНО В РК ЗА ПОСЛЕДНИЕ 10 ЛЕТ – МЗ РК

На столичном «Барыс-Арене» состоялся итоговая пресс-конференция, посвященная участию сборной Казахстана в Европейском спортивном чемпионате среди людей после трансплантации и пациентов на диализе, в ходе которого заместитель директора Департамента организации медицинской помощи Министерства здравоохранения РК Куляим Биржанова информировала о системных мерах по развитию трансплантационной службы в стране.

«8 августа 2012 года в Казахстане на базе Национального научного кардиохирургического центра впервые проведена трансплантация донорского сердца. Всего за период с 2012 года по настоящее время в Республике Казахстан выполнено более 2000 трансплантаций органов, в том числе 87 пересадок сердца. Доля родственных пересадок в Казахстане составляет 84,2% от всех трансплантаций, от посмертного донора – 15,8%», - информировала К.Биржанова.

Как отметила Замглавы ДОМП, для развития органного донорства в страня Министерством здравоохранения РК принят ряд системных мер. Совершенствована нормативная правовая база: практическая реализация права граждан на регистрацию волеизъявления на донорство органов после смерти на портале egov.kz; внедрение механизма возмещения затрат донорских организаций по кондиционированию посмертных доноров; сформирован «лист ожидания» в электронном формате; специализация врача «Трансплантационная координация» внесена в «Номенклатуру специальностей и специализаций в области здравоохранения», а также в «Номенклатуру должностей работников здравоохранения» включены должности республиканского, регионального и стационарного трансплантационных координаторов.

Напомним, в августе сборная команда Казахстана заняла 18-е общекомандное место Европейском чемпионате среди людей после трансплантации и пациентов на диализе, завоевав 12 медалей.

Всего в чемпионате участвовали более 400 спортсменов из 26 стран-членов Европейской федерации спорта среди людей после трансплантации и пациентов на диализе. Казахстан в данной Федерации с 2018 года представляет общественное объединение трансплантированных больных «Өмір тынысы».

Сборная Казахстана состояла из 16 спортсменов, призеров республиканских соревнований 2019 года, перенесших трансплантацию сердца и почек, а также находящихся на диализе.

Они состязались в соревнованиях по таким видам спорта как плавание, настольный теннис, дартс, боулинг и волейбол.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
21 -27 тамыз аралығында ағылшынның Оксфорд қаласында трасплантациядан кейінгі және диализдегі адамдар арасырда Еуропалық чемпионат өтті. Қазақстан құрамасы чемпионатта 12 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 14-орын алды.

С 21 по 27 августа в английском городе Оксфорд прошел Европейский чемпионат среди людей после трансплантации и находящихся на диализе. Сборная Казахстана завоевала на чемпионате 12 медалей и заняла 14-место в общекомандном зачете.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді

Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын.

Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған.

2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды. Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келді.
В рамках программы «Аңсаған сәби» родились более 2 тыс. детей

Глава Государства выражая серьезную обеспокоенность семейно-демографической ситуацией В Послании народу Казахстана от 1 сентября 2020 года поручил Правительству запустить с 2021 года специальную программу «Аңсаған сәби», Увеличить количество квот по программам ЭКО до 7 тысяч, то есть в 7 раз.

По программе предусмотрено ежегодное выделение 7000 квот на ЭКО до 2025 г.

По итогам 2021 года 7000 женщинам стали доступны вспомогательные репродуктивные технологии. В результате более 3 218 женщин взяты на учет по беременности, родились 2212 долгожданных детей.
👍1
АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖОЮ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Алматыда 2022 жылғы 22-23 қыркүйекте ҚР Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының 90 жылдығына арналған "Орталық Азиядағы туберкулез індетін жою: озық тәжірибелер, сын-қатерлер мен мүмкіншіліктер" атты алтыншы халықаралық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты ДДСҰ стратегиясы - туберкулез індетін тоқтату мақсатына қол жеткізу үшін туберкулезді бақылаудың үздік тәжірибелерін енгізу бойынша интеграция мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Іс-шара жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният, Орталық Азия елдері мен АҚШ, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Беларусь, Украина, Германия елдерінің басшылары мен жетекші мамандары, ДДСҰ сарапшылары, халықаралық ұйымдардың (USAID, Жаһандық қор, Stoptb, Partners in Health, KNCV, Ғаламдық дәрілік қор (GDF), Abt Associates) өкілдері қатысады.

Келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://elimtbc.online/
👍1
МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ПО ЛИКВИДАЦИИ ТУБЕРКУЛЁЗА В ЦА ПРОЙДЁТ В АЛМАТЫ

 
В Алматы 22-23 сентября 2022 года состоится шестая международная конференция «Ликвидация эпидемии туберкулеза в Центральной Азии: лучшие практики, вызовы и перспективы», посвященная 90-летию Национального научного центра фтизиопульминологии РК.

Целью конференции является укрепление интеграции и международного сотрудничества по внедрению лучших практик контроля над туберкулезом для достижения цели стратегии ВОЗ - положить конец эпидемии туберкулеза.

В работе мероприятия примут участие министр здравоохранения Республики Казахстан А.Гиният, руководители и ведущие специалисты в области борьбы с туберкулезом из стран Центральной Азии и США, Китая, России, Азербайджана, Грузии, Молдовы, Беларуси, Украины, Германии, эксперты ВОЗ, представители международных организаций (USAID, Глобального Фонда, Партнерства StopTB, Partners in Health, KNCV, Глобального лекарственного фонда (GDF), Abt Associates).

В рамках конференции пройдут пленарные заседания, заседания рабочих групп по приоритетным направлениям контроля туберкулеза, также специалистами ведущих мировых научных центров будут проведены мастер-классы для лабораторных специалистов и фтизиохирургов.

Пройти регистрацию можно по ссылке: https://elimtbc.online/
👍1