ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді

Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын.

Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған.

2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды. Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келді.
В рамках программы «Аңсаған сәби» родились более 2 тыс. детей

Глава Государства выражая серьезную обеспокоенность семейно-демографической ситуацией В Послании народу Казахстана от 1 сентября 2020 года поручил Правительству запустить с 2021 года специальную программу «Аңсаған сәби», Увеличить количество квот по программам ЭКО до 7 тысяч, то есть в 7 раз.

По программе предусмотрено ежегодное выделение 7000 квот на ЭКО до 2025 г.

По итогам 2021 года 7000 женщинам стали доступны вспомогательные репродуктивные технологии. В результате более 3 218 женщин взяты на учет по беременности, родились 2212 долгожданных детей.
👍1
АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖОЮ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Алматыда 2022 жылғы 22-23 қыркүйекте ҚР Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының 90 жылдығына арналған "Орталық Азиядағы туберкулез індетін жою: озық тәжірибелер, сын-қатерлер мен мүмкіншіліктер" атты алтыншы халықаралық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты ДДСҰ стратегиясы - туберкулез індетін тоқтату мақсатына қол жеткізу үшін туберкулезді бақылаудың үздік тәжірибелерін енгізу бойынша интеграция мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Іс-шара жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният, Орталық Азия елдері мен АҚШ, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Беларусь, Украина, Германия елдерінің басшылары мен жетекші мамандары, ДДСҰ сарапшылары, халықаралық ұйымдардың (USAID, Жаһандық қор, Stoptb, Partners in Health, KNCV, Ғаламдық дәрілік қор (GDF), Abt Associates) өкілдері қатысады.

Келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://elimtbc.online/
👍1
МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ПО ЛИКВИДАЦИИ ТУБЕРКУЛЁЗА В ЦА ПРОЙДЁТ В АЛМАТЫ

 
В Алматы 22-23 сентября 2022 года состоится шестая международная конференция «Ликвидация эпидемии туберкулеза в Центральной Азии: лучшие практики, вызовы и перспективы», посвященная 90-летию Национального научного центра фтизиопульминологии РК.

Целью конференции является укрепление интеграции и международного сотрудничества по внедрению лучших практик контроля над туберкулезом для достижения цели стратегии ВОЗ - положить конец эпидемии туберкулеза.

В работе мероприятия примут участие министр здравоохранения Республики Казахстан А.Гиният, руководители и ведущие специалисты в области борьбы с туберкулезом из стран Центральной Азии и США, Китая, России, Азербайджана, Грузии, Молдовы, Беларуси, Украины, Германии, эксперты ВОЗ, представители международных организаций (USAID, Глобального Фонда, Партнерства StopTB, Partners in Health, KNCV, Глобального лекарственного фонда (GDF), Abt Associates).

В рамках конференции пройдут пленарные заседания, заседания рабочих групп по приоритетным направлениям контроля туберкулеза, также специалистами ведущих мировых научных центров будут проведены мастер-классы для лабораторных специалистов и фтизиохирургов.

Пройти регистрацию можно по ссылке: https://elimtbc.online/
👍1
ТОП-10 СҰРАҚ: ЕМХАНАҒА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ?

Қазақстанда емханаға тіркеу науқаны жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында жүреді. Емханаға кім тіркелуі керек, отбасының барлық мүшесі бір медициналық ұйымда болуы керек пе? Оны қалай таңдайды? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ең өзекті сауалдарға жауап әзірледі.

Емханаға тіркеу өтінімі қанша уақыт қаралады?
Тіркеуге өтінімді электронды үкімет порталы арқылы берген жағдайда, тіркеу (немесе тіркеуден нақты себептермен бас тарту) 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Егер басқа емханаға тіркеу өтінімі тіркелу науқаны кезінде берілсе, пациент ол жерде медициналық көмекті қашаннан бастап алады?
Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүреді, ал оның нәтижесі келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Яғни, пациент (сол емхана оның тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) өзге емханадан медициналық көмекті келесі жылдың басынан бастап алады.
Өзге емханаға тіркелген кезде, бұрынғысынан автоматты түрде есептен шығарылады.

Тағы да қандай себептерге байланысты емхананы ауыстыруға болады?
Еске сала кетейік, тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Оны жылына бір мәрте еркін таңдау құқығы бойынша жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша мекен жайын, жұмысын не оқуын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе, немесе өзі тіркелген емхана жабылып қалса не қайта құрылса, т.б. жағдайда емханасын ауыстыра алады.
Егер сізде қосымша сауалдар болса, жауабын емханаңыздың Пациенттерді қолдау қызметіне жолығып біле аласыз. Егер сізге ол жерде көмектесе алмаса, өтініміңізді өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жолдай аласыз:
Ресми сайт fms.kz
Байланыс орталығы 1406
Мобильдік қосымша Qoldau 24/7
Телеграм-бот SaqtandyryBot
ТОП-10 ВОПРОСОВ: КАК ПРИКРЕПИТЬСЯ К ПОЛИКЛИНИКЕ?

Сегодня в Казахстане стартует кампания прикрепления к поликлинике, которая проводится ежегодно с 15 сентября по 15 ноября. Фонд социального медицинского страхования подготовил ответы на самые актуальные вопросы по этой теме.

В течение какого времени рассматривается обращение на прикрепление к поликлинике?
В случае подачи заявки на прикрепление через портал электронного правительства, прикрепление (или мотивированный отказ от прикрепления) осуществляется в течение 1 рабочего дня.
Если была подана заявка на прикрепление в другую поликлинику в период кампании по прикреплению, когда пациент сможет начать получать там медпомощь?

Кампания прикрепления ведется с 15 сентября по 15 ноября, а ее результаты вступают в силу с 1 января следующего года. Медицинскую помощь в другой поликлинике (в случае подтверждения данной поликлиникой его заявки на прикрепление) пациент сможет получать с начала нового года.
При прикреплении к другой поликлинике от прежней открепление производится автоматически.

Если у вас остались вопросы, вы можете задать их в своей поликлинике, обратившись в Службу поддержки пациента. Если помочь на месте вам не смогли, то можно направить обращение в Фонд социального медицинского страхования по удобному каналу связи: официальный сайт fms.kz, контакт-центр 1406, мобильное приложение Qoldau 24/7 и SaqtandyryBot в Telegram.