ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулық сақтау министрлігінің аптадағы басты оқиғалары (12.09.2022-18.09.2022)
Сіздерді 2022 жылғы 22-23 қыркүйекте Астана қаласында өтетін «Transplantation in Central Asia: Innovation, Cooperation, Compassion» халықаралық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты орган донорлығының өзекті мәселелерін және трансплантологиялық қызметті дамытудың маңызды аспектілерін талқылау болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – «UMC» Корпоративтік Қоры, КеАҚ «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» және «Жүрек Орталығы» Корпоративтік Қоры.

Өтетін орны: Назарбаев Университеті Медицина мектебі, Керей мен Жәнібек хандар, к-сі,
5/1.

Барлық мүдделі тұлғаларды іс-шараның бағдарламасымен танысуға және
конференцияның ресми сайтында тіркелуге шақырамыз www.transplantconference.kz.
Приглашаем вас принять участие в международной конференции «Transplantation in Central Asia: Innovation, Cooperation, Compassion», которая состоится 22 - 23 сентября 2022 года в городе Астана.

Целью конференции является обсуждение актуальных вопросов органного донорства и
важных аспектов развития трансплантологической службы. Организаторами мероприятия
выступают Корпоративный Фонд «UMC», НАО «Национальный Научный
Кардиохирургический Центр» и Корпоративный Фонд «Центр Сердца».

Место проведения: Школа Медицины Назарбаев Университета, ул. Керей и Жанибек хандар, 5/1.

Приглашаем всех заинтересованных лиц ознакомиться с программой мероприятия и пройти регистрацию на официальном сайте конференции www.transplantconference.kz.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ҰСЫНДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.

Бұл құжат Мемлекет басшысының Денсаулық сақтау министрлігіне ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы заң жобасын дайындау кезінде халықаралық заңнамаға, сот статистикасына және 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардың тарапынан келіп түскен өтініштерге 14 мыңнан астам талдау жүргізілгенін атап өтті.
Осылайша, Министрлік медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың түрлі модельдеріне талдау жүргізді.

Осы модельге сәйкес шағымды қарауды медиация элементтерін қолдана отырып, медициналық ұйым ішкі аудит қызметі және сақтандыру компанияларының деңгейінде жүзеге асырады.

Пациент аудит қызметінің шешімімен келіспеген жағдайда шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілетін болады. Шағым материалдары бойынша оң нәтиже шығарылған жағдайда, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына берілетін болады.
Бұл ретте 2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыру ұсынылады, ал 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысының сомасын медициналық ұйым мен медицина қызметкерінің арасында бөлу ұсынылады, бұл ортақ жауапкершілікке әкеледі.

Заң жобасы шеңберінде: біржолғы сыйлықақы ұсынумен 3 атақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» (Заслуженный врач РК), «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурстың 17 жеңімпазына мемлекеттік және ведомстволық наградаларды енгізу ұсынылатынын атап кеткен жөн.
ГЛАВА МЗ РК ПРЕДСТАВИЛА ЗАКОНОПРОЕКТ ПО СТРАХОВАНИЮ ПРОФОТВЕТСТВЕННОСТИ МЕДРАБОТНИКОВ
 
Министр здравоохранения РК Ажар Гиният на заседании Мажилиса Парламента РК представила законопроект «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам здравоохранения», предусматривающий внедрение системы страхования профессиональной ответственности медицинских работников.

Глава Минздрава РК отметила, что при подготовке законопроекта был проведен анализ международного законодательства, судебной статистики и поступивших обращений со стороны физических и юридический лиц за 2018 – 2020 годы в количестве более 14 тысяч.

«С учетом опыта предыдущих лет, на основе анализа международной практики, а также по итогам проведенных обсуждений с участием общественности, государственных органов и страховых компаний принята модель вмененного страхования профессиональной ответственности медицинских работников через действующие страховые компании, страхователем будет выступать работодатель - медицинская организация», - сообщила А.Гиният.

Согласно данной модели, рассмотрение жалобы будет осуществляться медицинской организацией на уровне службы внутреннего аудита и страховых компаний с применением элементов медиации.

В случае несогласия пациента с решением службы аудита, жалоба будет передана в территориальное подразделение Комитета медицинского и фармацевтического контроля для предоставления экспертного заключения.

При этом с 2023 года страхование предлагается осуществлять за счет работодателя, а с 2025 года предлагается разделить сумму страховой премии между медицинской организацией и медицинским работником, что приведет к солидарной ответственности.

Стоит отметить, что в рамках законопроекта предлагается внедрить государственные и ведомственные награды: 3 звания «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» (Заслуженный врач РК) с предоставлением единовременной премии, а также 17 победителям республиканского конкурса «Лучший по профессии».
👍1
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жол апатынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтады
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қайғыра көңіл айтады.
Жол-көлік апатынан Балқаш қаласындағы “Жезған медициналық орталығы” ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина  қызметкер зардап шекті. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы “Қазақмыс” компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы  жүк автокөлігімен соқтығысып,  жол апатына ұшырады.  
Министрлік атынан қапияда көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының  жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз.
Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды.
МИНЗДРАВ РК ВЫРАЖАЕТ ГЛУБОКИЕ СОБОЛЕЗНОВАНИЯ В СВЯЗИ С ГИБЕЛЬЮ ВРАЧЕЙ В ДТП
Министерство здравоохранения РК выражает глубокие соболезнования в связи с трагедией, произошедшей возле поселка Сарышаган в Актогайском районе Карагандинской области. В дорожно-транспортном происшествии погибли 2 врача и пострадали 8 медицинских работников поликлиники г. Балхаш ТОО «Медицинский центр Жезказган». Врачи возвращались с профосмотра работников компании «Казахмыс» в г. Балхаш, когда автобус, перевозивших их, столкнулся с грузовой автомашиной марки МАЗ.
Министерство приносит глубокие соболезнования родным и близким безвременно ушедших Кенжехановой Виктории Ислямовны и Кыстаубаевой Бакыт Рашитовны.
.Отоларинголог Виктория Кенжеханова и врач-офтальмолог Бакыт Кыстаубаева были настоящими
профессионалами, отдавшими охране здоровья граждан десятки лет. Здравоохранение региона понесло невосполнимую утрату.
 
👍3
ҚР АУЫЛДАРЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОБЪЕКТІЛЕРІ САЛЫНУДА

Қазақстанда «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде медициналық объектілердің құрылысы және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту қамтамасыз етілді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«Ауылдық елді мекендерде 6 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды, 17объекті салынуда, ғимараттарды жалдау арқылы 8 объектіні ашу жоспарлануда», - деді А.Ғиният.

Сонымен қатар, аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен жабдықтау 84%-ға дейін жеткізілді.

Көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейінде «алтын сағат» қағидатын шұғыл пациенттерге қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Шу қаласында жұмыс істеп тұрған 12 ауруханаға ауданаралық аурухана ұйымдастырылды.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асырудың арқасында ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен және консультациялық-диагностикалық қызметтермен қамту жоспардағы 47%-дан 49%-ға дейін жеткізілді. ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмектің көлемі 56%-ға дейін жеткізілді.

ҚР ДСМ Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіргенін айта кетейік. Нәтижесінде ауылдарда 50 адамға дейін медициналық көмек көрсетуді мейіргер үй-жайсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бірден үшке дейін ұлғайтылды.

Шалғайдағы ауылдардың 800 мыңнан астам тұрғынына 149 жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер, скрининг, дәрі-дәрмектер ұсына отырып, медициналық көмек көрсетті.

Биыл 10 өңірдегі 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды.
🤩1
ОБЪЕКТЫ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ СТРОЯТСЯ В СЕЛАХ РК

В Казахстане в рамках реализации Национального проекта «Качественное и доступное здравоохранение для каждого гражданина «Здоровая нация» обеспечено строительство медицинских объектов и развитие инфраструктуры здравоохранения.

Об этом на заседании Правительства РК сообщила министр здравоохранения РК Ажар Гиният.
«В сельских населенных пунктах завершено строительство 6 фельдшерско-акушерских, медицинских пунктов и врачебных амбулаторий, ведется строительство 17 объектов, путем аренды зданий планируется открыть 8», - сказала А. Гиният.

Наряду с этим, оснащение районных больниц современными компьютерными томографами, рентген аппаратами, доведено до 84 %.
Для обеспечения принципа «золотого часа» экстренным пациентам на уровне многопрофильных центральных районных больниц, к 12 действующим организована межрайонная больница в г. Шу Жамбылской области.

Благодаря реализации вышеуказанных мероприятий охват сельских населенных пунктов первичной медико-санитарной помощью и консультативно-диагностическими услугами при плане 47 % доведена до 49 %.  Объем медицинской помощи на амбулаторном уровне в рамках ГОБМП и системе ОСМС доведен до 56%.
Напомним, МЗ РК усовершенствован Государственный норматив сети организаций здравоохранения. В результате оказание медицинской помощи в селах до 50 человек осуществляется медицинской сестрой без помещения, а в селах с проживанием 500 человек увеличено количество медицинских работников с одного до трех.

Для более 800 тыс. жителей отдаленных сел 149 передвижными медицинскими комплексами оказана   медицинская помощь с предоставлением консультативно-диагностических услуг, скрининга,  лекарств.

В этом году возобновлена работа 2 медицинских поездов «Жәрдем» и «Саламатты Қазақстан», которые оказали медицинскую помощь 38 тысяч жителям в 10 регионах.
👍1
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ВАКЦИНАМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ДЕН ҚОЮ ЖҮЙЕСІН ТЕСТІЛЕУГЕ КІРІСТІ

​«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын орындау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруда.

Ведомство басшысы Ажар Ғиният ҚР Үкіметінің отырысында осы бағыттағы жұмыс және елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Министр жалпы, республикадағы инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.

«2022 жылдың өткен кезеңінде 25 инфекциялық ауру, оның ішінде тырысқақ, оба, туляремия, паратиф, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, қызамық бойынша жағдай тіркелген жоқ. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 нозология бойынша сырқаттанушылық төмендеді», - деді А.Ғиният.

Ағымдағы жылғы 21 мамырда Мемлекет басшысы биологиялық қауіптерді ерте анықтауға, ден қоюға және алдын алуға бағытталған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңға қол қойды.

«2021 жылдан бастап біз инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың заманауи моделіне көштік, коронавирус инфекциясын болжау және оған ден қою жүйесі құрылды, бұл инфекцияның профилактикасы және оған ден қою шараларын жедел түзетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы біз вакцинамен басқарылатын инфекцияларды үлгілеуге, болжауға және ден қоюға кірістік», - деп атап өтті ҚР ДСМ басшысы.

Ұлттық жобаның шеңберінде түрлі өнімдердің – тамақ өнімдерінің, ойыншықтардың, балаларға арналған өнімдердің, құрылыс материалдарының және басқа да өнім түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар іске асырылады.

Мәселен, тауарлар қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде ағымдағы жылы тамақ өнімдерінің 23 мыңға жуық үлгісі зерттелді, оның ішінде 3 мыңнан астам сынама немесе 13,2%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.
Өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту жүргізілуде.

Мәселен, ағымдағы жылы бірқатар өңірлерден дәлдігі жоғары жабдықтар сатып алынды.
МИНЗДРАВ РК ПРИСТУПИЛ К ТЕСТИРОВАНИЮ СИСТЕМЫ РЕАГИРОВАНИЯ НА ВАКЦИНОУПРАВЛЯЕМЫЕ ИНФЕКЦИИ
 
В рамках исполнения Национального проекта «Качественное и доступное здравоохранение для каждого гражданина «Здоровая нация» министерство здравоохранения РК реализует меры по обеспечению санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

Глава ведомства Ажар Гиният на заседании Правительства РК доложила о работе в данном направлении и об эпидемиологической ситуации в стране.

Министр отметила, что, в целом, эпидемиологическая ситуация в республике по инфекционным заболеваниям стабильная. 

«За истекший период 2022 года не зарегистрированы случаи                          25 инфекционным заболеваниям, в том числе холерой, чумой, туляремией, паратифами, брюшным тифом, столбняком, дифтерией, полиомиелитом, краснухой. В сравнении с аналогичным периодом 2021 года достигнуто снижение заболеваемости по 12 нозологиям», - сообщила А.Гиният.

21 мая текущего года Главой государства подписан Закон «О биологической безопасности Республики Казахстан», направленный на раннее выявление, рагирование и предотвращение биологических угроз.
«С 2021 года мы перешли на современную модель эпидемиологического надзора за инфекционными заболеваниями, была создана система прогнозирования и реагирования на коронавирусную инфекцию, что позволило оперативно корректировать меры реагирования и профилактики инфекции. В текущем году мы приступили к моделированию, прогнозированию и реагированию на вакциноуправляемые инфекции», - отметила глава МЗ РК.

В рамках национального проекта также реализуются мероприятия направленные на обеспечение безопасности различной продукции – пищевой продукции, игрушек, продукции предназначенной для детей, строительных материалов и других видов продукции.

Так, в рамках мониторинга безопасности товаров в текущем году исследовано порядка 23 тысяч образцов пищевой продукции, из них более 3 тыс. проб или 13,2% не соответствовали требованиям технических регламентов.

В целях повышения эффективности контроля за безопасностью продукции проводится укрепление материально-технической базы лабораторий.
Так, в текущем году закуплено высокоточное оборудование в ряде регионов.
ҚР ДСМ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде ана мен бала денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін қабылдауда. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ведомство басшысы Ажар Ғиният хабарлады.

​«Жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту 2%-ға ұлғайды және 82%-ды құрады, жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 10 аптаға дейін 11%-ға өсіп, 40%-ға жетті, бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік берді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп тобы бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Пренаталдық УДЗ скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандартын бекітті, 18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ға артып, 79%-ды құрады.
Сонымен қатар, тандемді масс-спектрометрия әдісімен зат алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, қауіп тобындағы барлық балалар зерттеліп-қаралды.

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін артты.

Сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында даму бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар 3 жасқа дейінгі балалар үшін 2 ерте араласу орталығы ашылды және 2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланып отыр.

МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7 есеге, оның ішінде балалар үшін 27%-ға ұлғайды. 2022 жылы балаларды оңалтуға 15 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
Дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат енгізілді, 16 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтар бойынша даярлауға гранттар саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды», - деп хабарлады А.Ғиният.

Дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат енгізілді, 16 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
😱1
МИНЗДРАВ РК РЕАЛИЗУЕТ МЕРЫ ПО СОХРАНЕНИЮ ЗДОРОВЬЯ БЕРЕМЕННЫХ ЖЕНЩИН ДЕТЕЙ

Министерством здравоохранения РК в рамках Национального проекта «Качественное и доступное здравоохранение для каждого гражданина «Здоровая нация» предпринимает комплекс мероприятий по обеспечению охраны материнства и детства.

Об этом на заседании Правительства РК информировала глава ведомства Ажар Гиният.

«Увеличен охват беременных женщин индивидуальным и междисциплинарным дородовым наблюдением на 2% и составил 82 %, коэффициент раннего выявления беременности до 10 недель вырос на 11%, достигнув 40%, что позволило своевременно установить и спрогнозировать возможные осложнения беременности», - сказала министр здравоохранения РК.

Также МЗ РК для обследования и консультирования детей и беременных, в том числе детей с группами риска утвержден новый Стандарт организации проведения пренатального УЗИ скрининга, организованы 18 Центров охраны плода. В результате увеличился охват пренатальным скринингом беременных на 6% и составил 79 %.

Наряду с этим, запущен пилотный проект по проведению скрининга новорожденных на 49 наследственных заболеваний обмена веществ методом тандемной масс-спектрометрии, все дети из группы риска обследованы.
Повышен охват детей до 1 года проактивным наблюдением и скринингом до 81 %.

Также открыты 2 центра раннего вмешательства для детей до 3-х лет с нарушениями развития и рисками их возникновения в Алматинской и Восточно-Казахстанской области, и до конца 2023 года запланировано открытие 13 центров с охватом свыше 10 тысяч детей.

С внедрением системы ОСМС финансирование медицинской реабилитации увеличилось по сравнению с 2019 годом в 7 раз, из них для детей на 27%. В 2022 году на реабилитацию детей выделено более 15 млрд тенге.

В перечень лекарственных средств включены 17 препаратов для лечения орфанных и тяжелых заболеваний у детей, выделено свыше 16 млрд тенге.

«Для укрепления кадрового потенциала медицинских организаций увеличено количество грантов в резидентуре до полутора тысяч на подготовку медицинских кадров, в том числе узких и дефицитных специальностей, таких как акушер-гинекологов, неонатологов и анестезиологов-реаниматологов», - информировала А. Гиният.

В перечень лекарственных средств включены 17 препаратов для лечения орфанных и тяжелых заболеваний у детей, выделено свыше 16 млрд тенге.
ТҮРКІСТАНДА ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

22-23 қыркүйекте Түркістанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXXV-ші отырысы өтеді.
Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті ұйымдастырды.
Іс-шара 1992 жылғы 26 маусымда құрылған кеңес шеңберінде ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының 30 жылдығы белгісімен өтеді. Достастықтың 10 елі - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина халық денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Кеңестің мақсаты халықтың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту, халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, фармация, медицина ғылымы мен техникасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту және нығайту саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.
Бұл отырыс 2022 жылы Қазақстан Республикасының ТМД-ға төрағалығы шеңберінде өткізіледі.
Іс – шараның мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының денсаулығын қорғау ісіндегі ынтымақтастықты жандандыру болып табылады.
Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х.Клуге, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады. ТМД-ның 11 елінен барлығы 70-ке жуық қатысушы болады.
Іс-шараға қатысушылар қант диабетінің, онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеудегі, туберкулездің таралуының алдын алудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Отырыс аясында қозғалатын көптеген сұрақтар COVID-19-ға қатысты осындай тақырыптарға арналады: коронавирустың өршуі кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау, пандемия уақытында пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлердің эмоционалды күйзелісі, сондай-ақ COVID -19-бен ауыратын науқастардағы психикалық бұзылулардың алдын алу, диагноз қою, емдеу және қалпына келтіру.
Отырыста сондай-ақ ұлттық қан қызметтерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, ТМД аймағында тұрақты даму мақсаттарын орындау, инфекциялық емес аурулардың алдын алу және емдеу, цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру және т. б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Сонымен қатар, отырыста Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдаудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылады.

Өтетін орны: «Ұлы Дала Елі» орталығы , конференц-зал, 1- қабат
Уақыты: 23.09.2022 – сағ. 10.00

БАҚ-ты тіркеу үшін:
Асель Артакшинова 8 701 255 9479
Асыл Төлегенова 8 702 297 99 72
Малика Игембекова 8 777 256 3111
Гүлдана Рахымбекова 8 747 361 64 92
👍1
ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО СОТРУДНИЧЕСТВУ В ОБЛАСТИ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ СНГ ПРОЙДЕТ В ТУРКЕСТАНЕ
 
22-23 сентября в Туркестане состоится XXXV заседание Совета по сотрудничеству в области здравоохранения Содружества Независимых Государств.
 
Организатором мероприятия являются Министерство здравоохранения РК и Исполнительный комитет Содружества Независимых Государств.
 
Мероприятие пройдет под знаком 30-летия взаимодействия государств – участников СНГ в рамках Совета, который был создан 26 июня 1992 года. 10 Стран содружества - Армения, Беларусь, Казахстан, Кыргызстан, Молдова, Россия, Таджикистан, Туркменистан, Узбекистан и Украина подписали Соглашение о сотрудничестве в области охраны здоровья населения.
 
Целью Совета является содействие всестороннему сотрудничеству в области сохранения, восстановления и улучшения здоровья населения, охраны здоровья и обеспечения санитарно-эпидемиологического благополучия населения, развития и укрепления межгосударственных отношений в области фармации, медицинской науки и техники.
 
Данное заседание также проводится в рамках председательства Республики Казахстан в СНГ в 2022 году.
 
Участие в мероприятии примут министры здравоохранения, главные государственные санитарные врачи государств-участников СНГ, Директор Европейского регионального бюро Всемирной организации здравоохранения Х. Клюге, а также представители Исполкома СНГ. Всего около 70 участников из 11 стран СНГ.
 
Участники мероприятия обсудят вопросы, касающиеся сотрудничества в профилактике и лечении сахарного диабета, онкологических заболеваний, предупреждении распространения туберкулёза.
 
В рамках заседания множество вопросов также будут посвящены темам, связанным с COVID-19: психическое здоровье и психосоциальная поддержка в условиях вспышки коронавируса, эмоциональное выгорание медицинского персонала при оказании медпомощи пациентам в период пандемии, а также профилактика, диагностика, лечение и реабилитация психических расстройств у пациентов, перенесших COVID-19.
 
На заседании также планируется обсудить вопросы организации и функционирования национальных служб крови, выполнения Целей устойчивого развития в регионе СНГ, профилактики и лечения неинфекционных заболеваний, развития цифрового здравоохранения и телемедицины,
а также повышение кадрового потенциала в области здравоохранения и др.
 
Кроме того, на заседании будет презентована Дорожная карта в поддержку здоровья и благополучия в Центральной Азии на 2022-2025 гг.

Время: 23.09.2022 – 10.00
Место проведения: Центр «Ұлы Дала Елі», конференц-зал, 1-й этаж

Для регистрации СМИ:
Асель Артакшинова 8 701 255 9479
Асыл Төлегенова 8 702 297 99 72
Малика Игембекова 8 777 256 3111
Гульдана Рахымбекова 8 747 361 64 92
ТҮРКІСТАНДА ТМД-ДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің 35-ші мерейтойлық отырысы аясында Түркістанда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен "Цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырысқа ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мүшелері, ТМД электрондық денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін интеграциялау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның өкілетті өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының, Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар дирекциясының өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
ҚР ДСМ-нің басшысы отырыс барысында қазіргі Қазақстан әлемдік үрдістерден тыс қалмайтынын және медицина саласы ауруларды анықтау, алдын алу, ден қою және бақылау саласында жаңа білімді қалыптастыру және практикалық шаралар әзірлеу үшін цифрлық құралдарды белсенді пайдаланатынын атап өтті.
"Пандемия Қазақстан үшін қоғамдық денсаулыққа байланысты төтенше жағдайларға дайындық және онымен күрес саласындағы процестер мен деректерді цифрландыруға көбірек көңіл бөлуге түрткі болды", - деп атап өтті А.Ғиният.
ҚР ДСМ-нің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Фархад Бекболатов дөңгелек үстелге қатысушыларды денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде пандемиямен күресу үшін белсенді пайдаланылған, Қазақстанда іске асырылған бірнеше цифрлық жобалар туралы хабардар етті.
Тұрғындар үшін пациенттің жеке кабинетіндегі eGov электрондық үкімет порталындағы және eGovMobile мобильдік қосымшасындағы бірқатар цифрлық сервистер іске асырылған. Олар: вакцинация паспорты; " Вакцинация","вакцинацияға жазылу"; клиникалық қызметтерді көрсету бағыттары мен нәтижелері; электрондық рецептілер; ауруханаға жатқызу жолдамалары мен үзінді көшірмелер.
Цифрлық трансформация аясында eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа сандық архитектурасына көшу жұмыстары басталды.
eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа «eGov.Densaulyk» бөлімі әзірленуде, ол халыққа арналған неғұрлым ауқымды ақпаратты, атап айтқанда донорлық мәртебесі (өмір бойғы); электрондық рецептілер; медициналық су таратқыштар туралы мәліметтер; жүкті әйелдерді есепке алу; диспансерлік есепке алу; емдеуге жатқызу фактісі; вакцинациялау; зертханалық зерттеулер нәтижелері; көрсетілген клиникалық-диагностикалық қызметтер және еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша ақпаратты қамтиды.
Беларусь, Өзбекстан, Армения және Ресей өкілдері де өз елдеріндегі цифрлық денсаулық сақтауды дамыту туралы баяндады.
👍1