ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 29 қыркүйектегі ақпарат

29 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 1 366 адам коронавирус инфекциясынан (–1 248+ және 118 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 29.09.2022г.

На 29 сентября лечение от КВИ продолжают получать 1 366 человек (–1 248+ и 118 КВИ-), из них в стационарах находится – 131 пациент, на амбулаторном уровне – 1 235 пациентов.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 7 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 6 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациента.
29.09.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 29.09.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 29.09 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 834 783 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 591 106 адам. Ревакцинацияланды – 5 532 311

*

I компонентом 10 834 783 человек провакцинировано в Казахстане на 29.09.2022 г, II компонентом 10 591 106 человек. Ревакцинировано – 5 532 311
РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРЫ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНДА АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысында ауылдағы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру мақұлданды.

"Сіздің тапсырмаңыз бойынша ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға арналған "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы әзірленді. Жобаны тиімді іске асыру үшін халықтың денсаулық статистикасы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы және ауылдағы кадрлармен қамтамасыз ету талданды", - деп баяндады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, ауылдағы нысандарға алдын-ала түгендеу жүргізілді, ол 200-ден астам елді мекенде медициналық нысандар жоқ, 400-ге жуық медициналық нысандар жалға алынған, апатты, бейімделген ғимараттарда орналасқан, сондай-ақ күрделі жөндеуді қажет ететіндігін көрсетті.
Ауылдағы кадрлармен қамтамасыз етуді талдау 1700-ден астам медицина қызметкеріне қажеттілікті көрсетеді, оның 1000-нан астамы дәрігерлер.

"Жоба екі тапсырманы қамтиды. Біріншісі, жетіспейтін медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарын: медициналық пункттерді, ФАП-тарды, дәрігерлік амбулаторияларды салу арқылы барлық ауылдық елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Бұл ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, оның ішінде профилактикалық тексерулер, скринингтік тексерулер, сондай-ақ ауруларды ерте анықтау және пациенттерге бағытталған жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті министр.

Президент ауыл халқының 100% - ын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздейтін жобаның жоғары әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.
НА ЗАСЕДАНИИ ВЫСШЕГО СОВЕТА ПО РЕФОРМАМ ОДОБРЕН ПРОЕКТ МОДЕРНИЗАЦИИ СЕЛЬСКОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

На заседании Высшего совета по реформам под председательством Президента РК Касым-Жомарта Токаева одобрен для реализации Национальный проект «Модернизация сельского здравоохранения», направленного на повышение качества и доступности медицинской помощи на селе.

“По Вашему поручению разработан проект «Модернизация сельского здравоохранения», призванный улучшить состояние здоровья сельских жителей. Для эффективной реализации проекта проанализирована статистика здоровья населения, инфраструктура медицинских организаций и кадровое обеспечение на селе”, - доложилась глава Минздрава РК.

По ее словам, проведена предварительная инвентаризация объектов на селе, которая показала, что более 200 населенных пунктов не имеют медицинских объектов, порядка 400-х медицинских объектов находятся в арендованных, аварийных, приспособленных зданиях, а также нуждаются в капитальном ремонте.
Анализ кадрового обеспечения на селе свидетельствует о потребности более 1700 медицинских работников, из которых более 1 тыс. врачи.

«Проект включает две задачи. Первое – обеспечить все сельские населенные пункты медицинской инфраструктурой путем строительства недостающих организаций первичной медико-санитарной помощи: медпунктов, ФАПов, врачебных амбулаторий. Это позволит повысить доступность и качество медицинских услуг на селе, в том числе профилактических осмотров, скринингов, а также раннее выявление заболеваний и возможность внедрить новые подходы, ориентированные на пациента», - отметила министр.

Президент отметил высокое социальное значение проекта, который предусматривает обеспечение 100 % сельского населения качественной первичной медицинской помощью.
👍2
Қазақстанда алғаш рет онкологтар 3D-технологияның көмегімен жамбас сүйегін қайта құру операциясын жүргізді
 
Қазақстанда алғаш рет онкохирургтер 3D-технологияның көмегімен жамбас сүйегін қайта жаңарту операциясын жүргізді.

Операция Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сүйектердің, жұмсақ тіндердің және меланомалардың ісіктері Орталығында жүргізілді.
 
23 жастағы науқасқа «Хондросаркома”диагнозы қойылды.
 
«Науқасқа ҚазОжРҒЗИ-да мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы кеңес берді. Бұрын бұндай жағдайларда хирургтар жамбас сүйектерінің зақымдалған аймағын алып тастауға мәжбүр болды. Бұл жамбас қуысының тұтастығын бұзады, адамның жүрісінің бұзылуына, науқас омыртқасының қисаюына әкеледі. Бірақ емделушінің жасын ескере отырып, онкохирургтар өз алдына ісікті алып тастап қана қоймай, науқастың өмір сапасын да сақтап қалу мақсатын қойды», - деді онкохирург, «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Сүйектердің, жұмсақ тіндердің және меланомалардың ісіктері орталығының басшысы Ғани Серікбаев.
 
Осы жобаны іске асыру үшін Coln3d (Гонконг, Қытай) компаниясымен ұзақ мерзімді меморандум жасалды. Науқастың КТ-деректері Гонконгқа жіберілді. Гонконгта 3D-басып шығару арқылы кобальт-хром қорытпасынан арнайы протез жасалды.
 
Операция 2022 жылдың қыркүйек айында ҚазОжРҒЗИ-да өтті. Операция барысында пациенттің қыр-мықын сүйегінің қанаты, сондай-ақ ісіктен зардап шеккен жұмсақ тіндер алынып тасталды.

Жамбас қуысын қалпына келтіру үшін компьютерлік және 3D технологияларды қолдана отырып, жеке мәліметтер бойынша жасалған жеке эндопротезбен жамбас сүйектерін қайта құру жүргізілді. Ота 3 сағат жалғасты.
 
Науқастың отадан кейінгі кезеңі жақсы өтуде, науқас операциядан кейін 5-ші күні белсенді болды.
РЕКОНСТРУКЦИЯ КОСТИ ТАЗА С ПОМОЩЬЮ 3D-ТЕХНОЛОГИИ ВПЕРВЫЕ ПРОВЕДЕНА В РК
 
Впервые в Казахстане онкохирургами проведена операция по реконструкции кости таза с помощью 3D-технологии.
 
Уникальная операция проведена на базе Центра опухолей костей, мягких тканей и меланом Казахского НИИ онкологии и радиологии.
 
Пациент – молодой человек, 23 года, которому был поставлен диагноз «ходросаркома».
 
«Пациент был проконсультирован в КазНИИОиР междисциплинарной бригадой врачей, с такой патологией в нашем Центре опухолей костей, мягких тканей и меланом сталкивались и ранее. Раньше в таких случаях хирургам приходилось удалять пораженный участок костей таза. Это нарушает целостность тазового кольца, что приводит к нарушению походки, искривлению позвоночника. Учитывая молодой возраст пациента, хирурги Центра поставили перед собой цель не только удалить опухоль, но и сохранить качество жизни больного», - рассказал онкохирург, руководитель центра опухолей костей, мягких тканей и меланом КазНИИОиР Гани Серикбаев.
 
Для реализации данного проекта был заключен долгосрочный меморандум с китайской компанией Coln3d. В Гонконг были отправлены данные компьютерной томограммы пациента, путем 3D-принтирования из кобальт-хромового сплава был изготовлен специальный протез.
 
В сентябре 2022 года в КазНИИОиР пациенту было удалено крыло подвздошной кости, а также мягкие ткани, пораженные опухолью.
 
Далее онкохирурги для восстановления тазового кольца провели реконструкция костей таза индивидуальным эндопротезом, созданным по 3D-технологии.
 
Послеоперационный период проходит без осложнений, пациент активизирован на 5 сутки после операции.
👏2
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 30 қыркүйектегі ақпарат

30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 1 334 адам коронавирус инфекциясынан (–1 210+ және 124 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 133 пациент стационарда, 1 201 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 30.09.2022г.

На 30 сентября лечение от КВИ продолжают получать 1 334 человек (–1 210+ и 124 КВИ-), из них в стационарах находится – 133 пациент, на амбулаторном уровне – 1 201 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 3 пациента,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациента.
30.09.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 30.09.2022 г. в разрезе регионов