ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 1 қазандағы ақпарат

1 қазандағы мәлімет бойынша, 1 276 адам коронавирус инфекциясынан (–1 150+ және 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 134 пациент стационарда, 1 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 1.10.2022г.

На 1 октября лечение от КВИ продолжают получать 1 276 человек (–1 150+ и 126 КВИ-), из них в стационарах находится – 134 пациент, на амбулаторном уровне – 1 142 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 4 пациента,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациента.
1.10.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 1.10.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 1.10 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 835 581 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 593 094 адам. Ревакцинацияланды – 5 540 977

*

I компонентом 10 835 581 человек провакцинировано в Казахстане на 1.10.2022 г, II компонентом 10 593 094 человек. Ревакцинировано – 5 540 977
Ажар Ғиният Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында 75 төсек-орынға есептелген Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты.
Бүгінде мұнда алапеспен ауыратын 50 науқас емделуде.
Министр ауыр жұқпалы ауруды емдеу әдістерін жетілдіру, науқастарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне қызығушылық танытты.

Лепрозорий ұжымында 12 дәрігер, 36 орта буын медицина қызметкері, барлығы 185 қызметкер бар.

Алапес Қазақстанда халық денсаулығының проблемасы болып табылмайды. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бізде 381 науқас тіркелді. Бірақ соңғы он жылда елде бұл дерттің бес жағдайы жаңадан, ал тағы бесеуі қайталанумен анықталды. Жекелеген эндемиялық өңірлерде науқастардың жеткілікті саны шоғырланған (барлық санның 80 пайызы). Сондықтан бұл қиын инфекцияны толығымен жою туралы айту әлі ерте.

Мамандандырылған мекемедегі науқастарға зертханалық диагностика, физиотерапия, оңалту, массаж сияқты барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, дәріхана бар.

Алапес (Ханзен ауруы, ескірген атауы – алапес)-терінің, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының, перифериялық жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалардың әртүрлі клиникалық көріністерімен сипатталатын алапес микобактериялары тудыратын адамның созылмалы жұқпалы ауруы. Кеш диагноз қойылған және уақтылы емделмеген жағдайда ауру ауыр мүгедектікке әкеледі.
👍1
Ажар Гиният посетила Казахский республиканский лепрозорий

Министр здравоохранения Ажар Гиният в ходе рабочей поездки в Кызылординскую область посетила Казахский Республиканский лепрозорий, рассчитанный на 75 коек.
На сегодня здесь получают лечение 50 больных лепрой.
Министр интересовалась вопросами совершенствования методов лечения тяжёлого инфекционного заболевания, социальной реабилитации больных.

В коллективе лепрозория 12 врачей, 36 медицинских работников среднего звена, всего 185 сотрудников.

В Казахстане лепра не является проблемой общественного здравоохранения. На 1 января 2019 года у нас зарегистрирован 381 больной. Но за последние десять лет в стране вновь выявлено пять случаев этого заболевания, и еще пять случаев – с рецидивом. В отдельных эндемичных регионах сконцентрировано достаточное количество больных (80 процентов от всего количества). Поэтому говорить о полной ликвидации этой коварной инфекции еще преждевременно.
Пациенты специализированного учреждения получают весь необходимый перечень медпомощи, включая лабораторную диагностику, физиотерапию, реабилитацию, массаж, имеется аптечный пункт.
Лепра (болезнь Ханзена, устаревшее название – проказа) – хроническое инфекционное заболевание человека, вызываемое микобактериями лепры, характеризующееся разнообразными по клиническим проявлениям гранулематозными поражениями кожи, слизистых верхних дыхательных путей, периферической нервной системы, костно-мышечного аппарата и внутренних органов. В случае поздней диагностики и несвоевременного лечения болезнь приводит к тяжелой инвалидизации.
А. Ғиният Қызылорда облысындағы бірқатар ауылдық денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты

Министр Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласынан 150 шақырым жердегі 1500 тұрғынға қызмет көрсететін Шиелі ауданы Досбол би ауылдық округінің отбасылық дәрігерлік амбулаториясында болды.

Амбулаторияда 6 медицина қызметкері, оның ішінде 2 жалпы практика дәрігері медициналық көмек көрсетеді.

«Жарты ғасырлық ғимараттың тозығы жеткенін ескере отырып, Мемлекет басшысы бекіткен ұлттық жоба аясында мұнда жаңа дәрігерлік амбулатория салынады», - деді А.Ғиният дәрігерлермен және аудан басшылығымен кездесу барысында.

"Бірақ ғимаратты салу және жабдықтау - бұл бір нәрсе, енді оны қалай толтыру керектігін, ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін медициналық көмектің қандай түрлерін іске қосуға болатынын ойластыру керек", - деп жалғастырды министр.

Оның айтуынша, мысал ретінде, оңалту орталығын ашуға болады, оған физиокабинет, массаж, ингаляция кіреді, телемединиялық консультациялар жүргізу дағдыларын меңгеру, дәріхана пунктін ең қажетті дәрі-дәрмектер тізімімен орналастыру қажет.

Одан әрі министр Шиелі ауданындағы 78 мың тұрғынға медициналық көмек көрсететін ауданаралық аурухана базасында медицина қауымымен кездесу өткізді.

Министр аудандық аурухананың негізгі көрсеткіштерімен танысып, сырқаттанушылықты талдауға, әсіресе ауруханаға жатқызудың қайталанған, шұғыл жағдайларына ерекше назар аударды.

"Алдын алуға назар аударыңыздар, инсульттан кейінгі найқастың жағдайы қандай, ол диспансерлік есепке алынды ма, оңалту жүргізіліп жатыр ма, мұның бәрін қадағалау және басқа қызметтермен үйлесімді жұмыс істеу маңызды, осыдан кейін пациент өз денсаулығының жақсарғанын сезінеді", - деп Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрігерлермен талқылау барысында атап өтті.
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Шиелі аудандық ауруханасы КТ, МРТ, ангиографпен және басқа да жабдықтармен жабдықталады, инсульт орталығы, травматология, кардиология бөлімшесі ашылады.
Министр ғимараттардың дайындығы, жаңа жағдайларда жұмыс істеу үшін персоналдың біліктілігін арттыру, науқастардың ағымы ұлғайған кезде пациенттің маршруттарын әзірлеу мәселесін көтерді.
Медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында министр соңғы жаңалықтар туралы айтып, проблемалық мәселелерді тыңдап, медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарын берді.