ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 1 қарашадағы ақпарат

1 қарашадағы мәлімет бойынша, 812 адам коронавирус инфекциясынан (–668+ және 144 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 74 пациент стационарда, 738 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 1.11.2022г.

На 1 ноября лечение от КВИ продолжают получать 812 человек (–668+ и 144 КВИ-), из них в стационарах находится – 74 пациент, на амбулаторном уровне – 738 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 3 пациента,
• в состоянии крайней степени тяжести – 4 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 1 пациент.
1.11.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 1.11.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 1.11 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 842 967 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 604 954 адам. Ревакцинацияланды – 5 609 917

*

I компонентом 10 842 967 человек провакцинировано в Казахстане на 1.11.2022 г, II компонентом 10 604 954 человек. Ревакцинировано – 5 609 917
А. Ғиният Ыстамбұлда өткен Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресі аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Конгресс барысында Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Түркия Республикасының экс-Премьер-Министрі, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым мырзамен, түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен инвестицияларды тарту, медицина кадрларының біліктілігін арттыру, ғылыми-практикалық және техникалық-консультативтік аспектілерде тәжірибе және жетістіктермен алмасуды қоса алғанда, денсаулық сақтау мәселелері бойынша әріптестікті жандандыру бойынша кездесті.

Министр Ажар Ғиният Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мырзамен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, форумды ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін түрік тарапына алғысын білдірді.

«Біз денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығына ерекше мән береміз және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркия Республикасы Үкіметінің қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз», - деді Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Ол жоғары деңгейде қол қойылған келісімдер мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамытуға, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, А.Ғиният Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Теймур Юсиф оглу Мұсаевпен, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Бекзод Мұсаевпен, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Гүлнара Баатыровамен кездесулер өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы алғысын білдіріп, көпжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

"Денсаулық сақтау саласында ақпараттық технологияларды енгізуде, дәрі-дәрмек сатып алуда, МСАК, жедел жәрдемде консультациялық көмек көрсету бойынша ынтымақтастықты жандандыруға дайынбыз. Өткен жылы әріптестеріңіз Қазақстандағы электрондық денсаулық сақтау және т.б. жетістіктерімен танысты", - деді кездесу барысында А. Ғиният.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Түркияның «Атабай», «Нобель», «Абди Ибрахим» сынды ірі фармацевтикалық компанияларының басшыларымен Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіру бойынша бұрын қабылданған келісімдердің орындалу аспектілерін талқылады. Нәтижесінде халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібінің өсуін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.
А.Гиният провела ряд важных встреч рамках Всемирного тюркского медицинского конгресса в Стамбуле

В ходе Конгресса глава казахстанского Минздрава Ажар Гиният встретилась с экс-Премьер-Министром Турецкой Республики, заместителем председателя Партии справедливости и развития Турции г-ом Бинали Йылдырым, с Генеральным секретарем Организации Тюркских государств Багдатом Амреевым по активизации партнерства по вопросам здравоохранения, включая привлечение инвестиций, повышение квалификации медицинских кадров, обмен опытом и достижениями в научно-практическом и техническо-консультативных аспектах.

Министр Ажар Гиният провела встречу с Министром здравоохранения Турецкой Республики г-ном Фахреттином Коджа, и отметила важность активизации двустороннего сотрудничества и поблагодарила турецкую сторону за высокий уровень организации форума.

«Мы придаем особое значение казахстанско-турецкому сотрудничеству в области здравоохранения и пользуясь случаем выражаем благодарность за поддержку оказываемой Правительством Турецкой Республики», - сказала глава Минздрава Казахстана.

Она выразила уверенность, что подписанные на высшем уровне Соглашения придадут новый импульс двустороннему сотрудничеству между нашими государствами, также позволят развивать отечественное производство лекарственных средств и медицинских изделий, наращивать научный и кадровый потенциал и др.

Также А.Гиният провела встречи с Министром здравоохранения Азербайджанской Республики Мусаевым Теймур Юсиф оглу, с Министром здравоохранения Республики Узбекистан Бекзодом Мусаевым, с Министром здравоохранения Кыргызской Республики Гулнарой Баатыровой. По итогам встреч глава казахстанского Минздрава выразила признательность и отметила важность многостороннего сотрудничества.

«Мы готовы активизировать взаимодействие в части оказания консультативной помощи в вопросах внедрения информационных технологий в области здравоохранения, закупа лекарственных средств, ПМСП, скорой помощи. В прошлом году ваши коллеги были ознакомлены с достижениями электронного здравоохранения Казахстана и др», - сказала в ходе встречи А.Гиният.

Глава Минздрава РК также обсудила аспекты реализации ранее принятых Соглашений с главами крупных турецких фармацевтических компаний, аких как Атабай, Нобель, Абди Ибрахим по производству лекарственных препаратов в Казахстане.По итогам достигнута договорённость в активизации вопроса роста фармацевтической промышленности в Казахстане, направленного на улучшение обеспечения населения качественными лекарственными препаратами.
👍2
ЗАРДАП ШЕККЕН КЕНШІЛЕРГЕ БАРЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ-ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Шахтинск қаласында (Қарағанды облысы)Ленин атындағы шахтадағы («АрселорМиттал Теміртау» АҚ )болған оқиғаның нәтижесінде зардап шеккен 4 шахта жұмысшысы Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала диагноз – метанмен улану.

Зардап шеккендердің екеуі Қарағанды қаласындағы Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинск қаласында жатыр.
Консилиум өткізу үшін құрамында екі нейрохирург және екі реаниматолог, мамандары бар санавиация бригадасы Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға келді.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мәселелерін бақылауда ұстайды, дәрігерлер кеншілердің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан бес кенші қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қайғырып көңіл айтады.
ПОСТРАДАВШИМ ГОРНЯКАМ ОКАЗЫВАЕТСЯ ВСЯ МЕДИЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ – МИНЗДРАВ РК

В результате происшествия на шахте им.Ленина (АО «АрселорМиттал Темиртау») в г. Шахтинск (Карагандинская область) 4 пострадавших работников шахты доставлены в Центральную городскую больницу. Предварительный диагноз – отравление метаном.

Двое из пострадавших переведены в токсикологическое отделение многопрофильной больницы имени Х.Ж.Макажанова в Караганде. Двое других, получивших помимо отравления травмы различной степени тяжести, находятся в г.Шахтинск.

Для проведения консилиума прибыла бригада санавиации в составе двух нейрохирургов и двух реаниматологов, специалистов МБ им. Макажанова.

Министерство здравоохранения держит на контроле вопросы оказания медицинской помощи пострадавшим, врачи делают все возможное для спасения жизни горняков.

По предварительным данным в результате трагедии пятеро горняков погибли.

Министерство здравоохранения выражает глубокие соболезнования семьям погибших шахтеров.
👍1
АСТАНАДА АКАДЕМИК НҰРЛАН БӘТПЕНОВКЕ АРНАЛҒАН ЕСТЕЛІК БЮСТ АШЫЛДЫ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың қатысуымен клиникасы есімімен аталған ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының негізін қалаушы және бірінші директоры Нұрлан Жұмағұлұлы Батпеновке арналған естелік бюст ашылды.

«Осындай сәтте академик Нұрлан Бәтпеновті еске ала отырып, біз Ұлы дәрігерге, ғалымға, денсаулық сақтау мен ғылымды ұйымдастырушыға, теориялық білім мен серпінді қолданбалы зерттеулердің маңыздылығын терең түсінген адамға құрмет көрсетеміз. Оның өмір жолы бүгінгі жас зерттеуші дәрігерлер үшін шабыттандыратын үлгі екені сөзсіз», – деп атап өтті А.Ғиният.

Нұрлан Жұмағұлұлының басшылығымен қысқа мерзім ішінде оның қажымас энергиясының арқасында Орталық жақын және алыс шетелдердің белгілі бейінді институттарының деңгейіне жетті.

Н.Ж. Бәтпеновтің жетекшілігімен 2015 жылы «Эндопротездеуді қолдана отырып, ұршықбуын хирургиясында инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» атты жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Қазіргі уақытта Германияда Н. Бәтпеновтің моделі бойынша «Kaz Niito» ұршықбуынының эндопротездерін шығару жолға қойылған.

«Нұрлан Жұмағұлұлын білетін адамдардың өз естелігі бар. Онымен кездескен кезде мен оның керемет мейірімділігі мен даналығына, шығармашылығына және оның аса зор қабілетіне таң қалдым», - деді министр.

А. Ғиният Академик Н.Ж. Бәтпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының ұжымын және аты аңызға айналған қазақстандық дәрігердің отбасын ескерткіштің ашылуымен құттықтап, оның ісінің лайықты жалғасын, клиниканың жас дәрігерлеріне үлкен кәсібптік биіктерге жетуін тіледі.
В АСТАНЕ ОТКРЫТ ПАМЯТНЫЙ БЮСТ АКАДЕМИКУ НУРЛАНУ БАТПЕНОВУ

Сегодня с участием министра здравоохранения Ажар Гиният состоялось открытие памятного бюста Нурлану Джумагуловичу Батпенову, основателю и первому директору Национального научного центра травматологии и ортопедии, именем которого названа клиника.

«В такой момент, вспоминая нашего академика Нурлана Батпенова, мы отдаем дань памяти великому врачу, учёному, организатору здравоохранения и науки, человеку, глубоко понимавшему важность теоретических знаний и значимость прорывных прикладных исследований. Несомненно, его жизненный путь – вдохновляющий пример для сегодняшних молодых врачей исследователей», - подчеркнула в своем выступлении А.Гиният.

Под руководством Нурлана Джумагуловича за короткий период, благодаря его неутомимой энергии центр достиг уровня известных профильных институтов ближнего и дальнего зарубежья.

Коллектив авторов НИИТО под руководством Н.Д. Батпенова в 2015 году удостоился звания лауреата Государственной премии Республики Казахстан в области науки и техники за работу «Разработка и внедрение инновационных технологий в хирургии тазобедренного сустава с применением эндопротезирования». В настоящее время в Германии налажен выпуск эндопротезов тазобедренного сустава «Kaz NIITO» по модели Н. Батпенова.

«У каждого из нас, кто знал Нурлана Джумагуловича, остались свои глубоко личные воспоминания. При встречах с ним я всегда поражалась его невероятной доброте и мудрости, разнообразию его творческих интересов и какое плодотворное воплощение все это находило в работе», - сказала министр.