ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МАУСЫМДЫҚ ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕСКЕ САЛДЫ

Денсаулық сақтау министрлігінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова эпидемиологиялық маусымда вирустық жағдайлардың барысын болдырмауға немесе жеңілдетуге мүмкіндік беретін қарапайым алдын алу шаралары туралы еске салды.

Сонымен, эпидемиологтың айтуынша, тұмау кенеттен басталып, температураның күрт өсуімен бірге жүреді.

"Дененің айқын интоксикациясы пайда болады, оның келесі белгілері бар: қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артындағы ауырсынумен құрғақ жөтел.

Кез-келген басқа вирустық инфекцияда (ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалар) катаральды белгілер басым болады, яғни мұрынның ағуы басталады, тамақ ауырады, содан кейін ғана осы катаральды құбылыстардың аясында температура пайда болады", - деп түсіндірді Роза Кожапова бүгін ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде.

Аурудың алдын алу үшін қадағалау басқармасының басшысы қарапайым алдын алу шараларын сақтауды ұсынды, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, үй-жайларды үнемі желдету, антисептиктерді қолдана отырып дезинфекциялық режимді күшейту, науқас адамдармен байланысын шектеу, оларды оқшаулау.

"Науқастардың 80% - ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге жібермеу және уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет", - деді Роза Қожапова.
В МИНЗДРАВЕ НАПОМНИЛИ О ВАЖНОСТИ ПРОФИЛАКТИКИ СЕЗОННОГО ГРИППА

О простых мерах профилактики, которые позволят избежать или смягчить течение вирусных состояний в эпидсезон напомнила Руководитель Управления эпидемиологического надзора за инфекционными заболеваниями КСЭК Министерства здравоохранения Роза Кожапова.

Так, по словам эпидемиолога, грипп начинается внезапно и сопровождается резким скачком температуры.
«Появляется выраженная интоксикация организма, которая имеет следующие симптомы: озноб, адинамия, мышечные и головные боли, ломота во всем теле, сухой кашель с болями за грудиной.

При любой другой вирусной инфекции (ОРВИ, аденовирусная инфекция и другие) обычно преобладают катаральные симптомы, то есть начинается насморк, болит горло, и только потом, на фоне этих катаральных явлений, появляется температура», - пояснила Роза Кожапова, выступая сегодня на брифинге в СЦК.

Для предупреждения заболевания глава Управления эпиднадзора порекомендовала соблюдать простые меры профилактики, среди которых ограничение посещения мест массового скопления людей, регулярное проветривание помещений, усиление дезинфекционного режима с использованием антисептических средств, ограничение контактов с больными людьми, их изоляция.

«Учитывая, что 80% заболевших - дети, при появлении симптомов гриппа и ОРВИ, необходимо оставлять детей дома и не отправлять в дошкольные организации, школы и своевременно обращаться за медицинской помощью», - сказала Роза Кожапова
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 9,5 % - Ы ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ

Бүгінгі брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін және Қазақстандықтардың 9,5 % - ы тұмауға қарсы вакцина алғанын атап өтті.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресей өндірген "ГРИППОЛ +" вакцинасының 2,3 млн.дозасы сатып алынған. Бұл ДДСҰ ұсынған кемінде 10%-дан республиканың жалпы халқының 12%–ын қамтуға мүмкіндік береді.

Мәселен, КСЭК өкілінің ақпараты бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлеріне арналған білім беру ұйымдарының балалары; эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинацияланады.

"Қазан айының басынан бастап халыққа тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Республика бойынша тұмауға қарсы 1 806 710 адам немесе республиканың жалпы халқының 9,5% егілді. Оның 97,3 пайызы жергілікті бюджет қаражатынан, 1,6 пайызы жұмыс берушілер есебінен, ал ақылы негізде 1,1 пайызы вакцинацияланған. Вакцинацияланғандардың жалпы санынан: 14 жасқа дейінгі балалар – 392 076 (21,2%), ересектер– 1 423 287 (78,8 %)", - Роза Қожапова вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелмегенін атап өтті.
9,5 % КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ ВАКЦИНУ ПРОТИВ ГРИППА - МИНЗДРАВ

Наиболее эффективным способом профилактики заболевания является вакцинация, 9,5 % казахстанцев уже получили вакцину против гриппа, отметила на брифинге руководитель Управления эпидемиологического надзора за инфекционными заболеваниями КСЭК МЗРК Роза Кожапова.

По ее словам, в текущем году на бюджетные средства закуплено 2,3 млн. доз вакцины «ГРИППОЛ +», производства Россия. Это позволит охватить 12% от общего населения республики, при рекомендуемом ВОЗ – не менее 10%.

Так, по информации представителя КСЭК, за счет средств государственного бюджета вакцинируются наиболее уязвимые группы населения: медицинские работники; дети, состоящие на диспансерном учете в медицинских организациях; дети организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, домов ребенка; по эпидемиологическим показаниям.

«С начала октября проводится вакцинация населения против гриппа. По республике привито против гриппа 1 806 710 человек или 9,5 % от общего населения республики. Из них 97,3 процента вакцинировано из средств местного бюджета, 1,6 процент - за счет работодателей, и на платной основе – 1,1% вакцинированных. Из общего числа привитых вакцинировано: детей до 14 лет – 392 076 (21,2%), взрослых – 1 423 287 (78,8 %)», - сказала Роза Кожапова, подчеркнув, что поствакцинальных осложнений не зарегистрировано.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 4 қарашадағы ақпарат

4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 4.11.2022г.

На 4 ноября лечение от КВИ продолжают получать 735 человек (–590+ и 145 КВИ-), из них в стационарах находится – 79 пациент, на амбулаторном уровне – 656 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 4 пациента,
• в состоянии крайней степени тяжести – 3 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 1 пациент.
4.11.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 4.11.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 4.11 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 843 720 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 606 256 адам. Ревакцинацияланды – 5 619 798

*

I компонентом 10 843 720 человек провакцинировано в Казахстане на 4.11.2022 г, II компонентом 10 606 256 человек. Ревакцинировано – 5 619 798
Денсаулық сақтау министрлігінде онкологиялық көмекті одан әрі дамыту мәселесі талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде министр Ажар Ғинияттың төрағалығымен онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті, онда ағымдағы жағдай мен 2023-2025 жылдарға арналған даму перспективалары талқыланды.

Кеңес жұмысына өңірлік онкологиялық Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, жетекші онкологтар, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас онкологы, вице-министрлер және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас онкологы, академик, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрағасы Д. Қайдарованың баяндамасы сәйкес 2022 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы бойынша сырқаттанушылықтың өсуі 4,6% -ды құрады, онкологиялық аурулардан өлім-жітім 8,5% - ға төмендеді.

Аурушаңдық құрылымында жетекші орында: сүт безі обыры, өкпе обыры, тоқ ішек обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры. Өлім-жітім құрылымында жетекші орында: өкпе обыры, асқазан обыры, тоқ ішек обыры, сүт безі обыры, ұйқы безі обыры.

Сондай-ақ, үйлестіру кеңесінде қатерлі ісіктердің ауыртпалығын төмендету бойынша онкологиялық көмекті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бес бағыт бойынша талқыланды: тәуекел факторларының алдын алу және басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, ғылым мен кадрлық әлеуетті дамыту.
Тұжырымдама профилактиканы жетілдіруге, радиологиялық және зертханалық-диагностикалық жабдықтарды жаңғыртуға, цифрлық маммографтар, сәулелік аппараттар мен бейнеэндоскоптар паркін жаңартуға, аз инвазивті хирургияның заманауи аппараттарымен және операциялық-реанимациялық жабдықтармен жарақтандыруға, ісікке қарсы препараттардың спектрін кеңейтуге, жоғары мамандандырылған кадрларды даярлауға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған орталықтарды салу және реконструкциялау мәселелеріне бағытталған.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша министр ерте кезеңдерде қатерлі ісіктерді анықтауды күшейту, өңірлердегі ахуалдық орталықтардың "жасыл дәліз" мониторингі бойынша жұмысы жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Дальнейшее развитие онкологической помощи обсудили в МЗ

В Министерстве здравоохранения РК под председательством министра Ажар Гиният состоялся Координационный совет по онкологическим заболеваниям на котором обсуждены текущая ситуация и перспективы развития на 2023-2025 годы.

В работе Корсовета приняли участие руководители региональных онкологических организаций здравоохранения, ведущие онкологи, главный внештатный онколог МЗ РК, вице-министры и руководители структурных подразделений Министерства.

По докладу главного внештатного онколога МЗ РК, академика, председателя правления АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии» Д. Кайдаровой за 9 месяцев 2022 года по Республике Казахстан прирост заболеваемости составил 4,6%, смертность от онкологических заболеваний снизилась на 8,5%7.

В структуре заболеваемости лидируют: рак молочной железы, рак легкого, колоректальный рак, рак желудка, рак шейки матки. В структуре смертности лидируют: рак легкого, рак желудка, колоректальный рак, рак молочной железы, рак поджелудочной железы.

А также на кординационном совете была обсуждена Концепция развития онкологической помощи на 2023-2025 годы по снижению бремени от злокачественных новообразований по пяти направлениям: профилактика и управление факторами риска, высокоэффективная ранняя диагностика, развитие специализированного лечения, паллиативная помощь и реабилитация, развитие науки и кадрового потенциала.
Концепция направлена на совершенствование профилактики, модернизацию радиологического и лабораторно-диагностического оборудования, обновление парка цифровых маммографов, лучевых аппаратов и видеоэндоскопов, оснащение современными аппаратами малоинвазивной хирургии и операционно-реанимационным оборудованием, расширение спектра противоопухолевых препаратов, подготовку высокоспециализированных кадров, а также вопросы строительства и реконструкции действующих центров.

По итогам Координационного Совета министром дан ряд поручений по работе ситуационных центров, мониторингу раннего выявления по принципу «зеленого коридора».

Также, дано поручение до конца ноября текущего года разработать Комплексный план по совершенствованию онкологической помощи населению на 2023-2025 годы.
АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ОМЫРТҚАҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен 45 жастағы әйел белі мен сегізкөзі қатты ауыратынын айтып шағымданған. Айтуынша, бел омыртқасының ауырып жүргеніне 2 жыл болыпты, деп хабарлайды ОҚКА баспасөз қызметі.

Дәрігерлер оны тездетіп аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызу туралы шешім қабылдады. Тексеру барысында бел омыртқаның (L3) оң жағында экстрадуралды ісік бары анықталды.

«Экстрадуралды ісік жұлын сыртындағы қатты қабықтан тысқары жерде пайда болады. Кейде ісіктің бұл түрі омыртқалардың арасындағы тесік арқылы да таралуы мүмкін. Оның таралу аумағы мен жылдамдығы ісіктің түріне байланысты әртүрлі болады. Бұл жолы пациенттің омыртқасындағы ісікті тез арада алып тастау қажет болды», - дейді Нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматов.

Мамандар нейромониторинг әдісін пайдалана отырып, ісікті хирургиялық ультрадыбыстық аспиратордың көмегімен кесіп алып тастады. 3 сағатқа созылған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жасалды.

Операция сәтті өтті, қазір пациенттің жағдайы жақсы, хирургиялық манипуляциядан кейін жүйке жүйесінде ешқандай ауытқушылық пайда болған жоқ.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, мұндай ісіктер ағзадағы ақаулар мен өзгерістерге, қоршаған ортадағы жағымсыз факторлардың организмге кері әсеріне байланысты туындайды. Сонымен қатар мамандар оның тұқым қуалайтынын да жоққа шығармайды.

Ауру белгілері де ісіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады. Көбіне бел омыртқа тұсы отырғанда да, жатқанда да ауырады, кейде ауырсыну сезімі арқаға, аяқ пен қолға беріледі. Ісік болуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда невропатологтар магнитті-резонанстық немесе компьютерлік томографияға, кей жағдайда биопсияға жолдама береді.
АЛМАТИНСКИЕ ВРАЧИ ПРОВЕЛИ СЛОЖНЕЙШУЮ ОПЕРАЦИЮ НА ПОЗВОНОЧНИКЕ

45-летняя женщина поступила в Центральную городскую клиническую больницу с жалобами на острую боль в пояснично-крестцовом отделе позвоночника, сообщает пресс-служба ЦГКБ.

Боли беспокоили ее в течении последних 2-х лет. Врачи госпитализировали ее в плановом порядке в нейрохирургическое отделение. При обследовании выяснилось, что у нее экстрадуральное образование на уровне L3 позвонка справа.

«Экстрадуральное образование прорастает в тело L3 позвонка и на корешок L3 справа. Как правило, связаны с распространением метастазов. Иногда экстрадуральная опухоль может распространяться через межпозвонковые отверстия, располагаясь частично внутри, частично снаружи спинального канала. Опухоли позвоночника увеличиваются в размерах с разной скоростью в зависимости от типа. Нашей пациентке срочно нужно было удалить ее», - говорит зав. отд. нейрохирургии Марат Алматов.

Специалисты провели микрохирургическое тотальное удаление образования под 32 канальным нейромониторингом с использованием хирургического ультразвукового аспиратора-деструктора SONOPET. Операция, которая проведена в рамках ОСМС, продлилась 3 часа.

Как говорит врач, операция прошла успешно, пациентка чувствует себя хорошо, без неврологических осложнений.

По словам специалистов, опухоль спинного мозга образуется в результате бесконтрольного размножения и роста клеточных элементов, что обусловлено сбоем в системе сдерживающих и стабилизирующих механизмов.

В настоящее время остается неясной причина развития новообразований. Предполагается, что определенное место занимают генетические дефекты, которые могут передаваться по наследству.

Симптомы и признаки варьируют по мере роста опухоли. В течение заболевания могут быть боли локализованные в месте роста опухоли, не связанные с физической активностью или другими заболеваниями. Может появляться в состоянии покоя, лежа, во время сна. Боли в спине, распространяющаяся в руки, ноги. Чтобы установить точный диагноз, необходимо провести тщательное обследование.

При подозрении на опухоль позвоночника выполняются МРТ или КТ, возможно направят на биопсию для более точного определения типа опухоли.
Құрметті журналистер!

​2022 жылғы 7 қарашада Сіздерді медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамытудың басым бағыттарына және МСАК-тың көпбейінді бригадаларындағы мейіргерлердің рөлін кеңейтуге арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Дөңгелек үстелге Қазақстан және Тәжікстан Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы және ДДҰ-ның МСАК жөніндегі Еуропалық офисінің басшысы қатысады.

2022 жылғы наурызда ДДҰ Еуропалық бюросы Алматы облысының Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпбейінді ауруханасының базасында ДДҰ МСАК демонстрациялық платформасы – инновациялық өнімді іске қосты. Өкілдері Қазақстанның МСАК-ты реформалаудағы озық тәжірибесін қабылдауға келетін үшінші ел Тәжікстан (бірінші ел Өзбекстан мен Қырғызстан болды).

Тәжікстан делегациясы өкілдерінің сапары барысында мейіргер ісінің реформаторлары қазіргі таңда оң нәтиже беретін өз жұмыстарын таныстырады және трансформация тәжірибесімен бөліседі. Делегация сонымен қатар С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мейіргер бөлімшесінің басшысымен кездесіп, мейіргер ісі мамандарының жаңа буынын оқыту мәселелерін талқылайды.
Алматы, Қазақстан 2022 жылғы 7 қараша

Сағат 9.30-10.30 БҰҰ ғимараты, Байзақов көшесі, 303
Іс-шараға аккредиттеу және сұхбат жазу мәселелері бойынша Әсел Жабасоваға +7 777 470 43 66 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Уважаемые журналисты!
 

7 ноября 2022г. приглашаем вас посетить круглый стол, посвящённый приоритетным направлениям развития первичной медико-санитарной помощи (ПМСП) и расширению роли медсестёр в многопрофильных бригадах ПМСП. В круглом столе участвуют представители Министерств здравоохранения Казахстана и Таджикистана, руководитель Управления здравоохранения Алматы и глава Европейского офиса ВОЗ по ПМСП.

В марте 2022 года Европейское бюро ВОЗ запустило инновационный продукт – Демонстрационную платформу ПМСП ВОЗ на базе Енбекшиказахской межрайонной многопрофильной больницы в г. Есик Алматинской области. Таджикистан – третья страна, представители которой приезжают, чтобы перенять передовой опыт Казахстана в реформировании ПМСП. (Первыми странами были Узбекистан и Кыргызстан).
 
Во время визита представителей делегации Таджикистана реформаторы медсестринского дела представят свою работу и поделятся опытом трансформации, который сейчас приносит положительные результаты. Делегация также встретится с руководителем сестринского отделения Казахского Национального медицинского университета имени Асфендиярова и обсудит вопросы обучения совершенно нового поколения профессионалов сестринского дела.
 
Алматы, Казахстан 7 ноября 2022
9.30–10.30 здание ООН, ул.Байзакова 303

По вопросам аккредитации на мероприятие и записи интервью можно обращаться к Асель Джабасовой по тел: +7 777 470 43 66