ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният Ақмола облысында халықпен кездесу өткізді

Бүгін медициналық нысандарды аралап шыққаннан кейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысында тұрғындармен кездесу өткізді, оған 500-ден астам адам қатысты.

Министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, олар: бастапқы медициналық-санитариялық қызмет (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен баланы қорғау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасын әзірледі.

Ақмола облысында ауылда 38 МСАК нысанын салу жоспарланған. Сондай-ақ, республика бойынша пилоттық жоба шеңберінде 32 көп бейінді аудандық орталық ауруханаларды ашу және қайта жаңарту, оның ішінде Ақмола облысындағы 2 аурухананы қайта жарақтандыру жоспарлануда - бұл Атбасар және Бұланды аудандарындағы көп бейінді ауданаралық ауруханалар.

Министр соңғы екі жылда медициналық көмек көлемін ұлғайтуға қол жеткізілгенін, атап айтқанда консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 1,5 есеге ұлғайғанын, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жұмсайтын жеке шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан әрі Ажар Ғиният министрге операция жүргізу, ауылдағы скринингтер және Новорыбинка ауылында дәрігерлік амбулатория салу, сирек кездесетін аурулары бар препараттармен қамтамасыз ету мәселелерімен жүгінген азаматтарды жеке қабылдады.

Министр өңір тұрғынының әрбір өтінішіне толық жауап беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауға алып, ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.

Коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында Ажар Ғиният жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап берді.
МИНИСТР ЗДРАВООХРАНЕНИЯ А.ГИНИЯТ ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С НАСЕЛЕНИЕМ В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Сегодня после обхода медицинских объектов министр здравоохранения Ажар Гиният провела встречу с населением в Акмолинской области, где присутствовали более 500 человек.
В своём вступительном слове министр обозначила несколько приоритетных направлений развития здравоохранения, это расширение охвата и обеспечение доступности медуслуг в организациях первичной медико-санитарной службы (ПМСП), развитие сельской медицины, охрана материнства и детства, улучшение лекарственного обеспечения.

В соответствии с поручением Главы государства Министерством здравоохранения разработан пилотный проект «Модернизация сельского здравоохранения».

В Акмолинской области запланировано строительство 38 объектов ПМСП на селе. Также, в рамках пилотного проекта по республике планируется открытие и реконструкция 32-х многопрофильных районных центральных больниц, в том числе дооснащение 2-х больниц в Акмолинской области – это многопрофильные межрайонные больницы в Атбасарском и Буландинском районах.

Министр отметила, что в последние два года удалось нарастить объемы медпомощи, в частности количество консультативно-диагностических услуг увеличилось в 1,5 раза, что позволит повысить доступность ранней диагностики заболеваний и снизить частные расходы населения на здравоохранение.

Министр напомнила, что с 20 октября в стране стартовала масштабная кампания по проведению профилактических осмотров сельского населения с целью выявления наиболее опасных неинфекционных заболеваний.

Жители региона адресовали министру ряд вопросов, касающихся доступности медицинской помощи и лекарственного обеспечения для детей-инвалидов, проблемы оказания медпомощи гемодиализным больным, свободного прикрепления к поликлиникам и обслуживания в частных стоматологических клиниках.
Далее Ажар Гиният провела личный прием граждан, которые обратились к министру с вопросами по проведению операции, скринингам на селе и строительству врачебной амбулатории в селе Новорыбинское, обеспечению препаратами с редкими заболеваниями.
Министр дала исчерпывающие ответы на каждое обращение жителя региона, взяв ряд вопросов на личный контроль, поручила отработать решения профильным департаментам ведомства.

На региональной площадке службы коммуникаций Ажар Гиният ответила на вопросы журналистов местных и республиканских СМИ.
Журналисты поднимали вопросы проблемы с питьевой водой, обеспечение лекарствами для онкобольных.

Также глава Минздрава дала ответы на вопросы представителей СМИ о получении квоты на процедуру ЭКО, выдаче свидетельства о присвоении инвалидности, перспективах сельского здравоохранения.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 17 қарашадағы ақпарат

17 қарашадағы мәлімет бойынша, 786 адам коронавирус инфекциясынан (–609+ және 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 90 пациент стационарда, 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 17.11.2022г.

На 17 ноября лечение от КВИ продолжают получать 786 человек (–609+ и 177 КВИ-), из них в стационарах находится – 90 пациент, на амбулаторном уровне – 696 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 8 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациента.
ҚАЗАҚСТАНДА ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ КҮТІМІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін, 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туылған нәрестелер күні атап өтіледі. Қазақстанда неонатологтардың құзыреттілігі мен отандық орталықтарды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етудің арқасында балаларды оңалту жоғары деңгейде өтуде.

Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби 40 аптада мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға дейін осындай сәбилер (4,9-5%) туылады, неонатологтардың жұмысының арқасында балалардың өмір сүру көрсеткіші артып, бүгінде 70-80 пайызға жетіп отыр.

2022 жылдың 9 айында елімізде 299 711 сәби дүниеге келді, олардың 16,3 мыңы - мерзімінен бұрын туылған сәбилер.
2008 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шала туылған нәрестелерді күту жөніндегі бағдарламасына қосылды, оған сәйкес республикада 2008 жылдан бастап тірі туылу критерийлері енгізілді: жүктіліктің 22-ші аптасында (алты айдан басталатын мерзім) дене салмағы 500 грамм және одан да көп туылған нәрестелерді күту.

Шала туылған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамуда.

Біздің елімізде барлық жүкті әйелдер ұрықтың дамуын міндетті түрде скринингтік тексеруден өткізеді (перинаталдық скрининг). Қандай да бір патология анықталған кезде бейінді аралас мамандардың консилиумы жүргізіліп, онда әйелдің одан әрі босану тактикасы, әдісі және орны айқындалады.

Қазақстанда 39 перинаталдық орталық және 2 республикалық деңгейдегі акушерлік ұйым жұмыс істейді, оларда жаңа туған нәрестеге дер кезінде медициналық көмек көрсету және қажет болған жағдайда босанғаннан кейінгі алғашқы күндері хирургиялық араласу жасау үшін әйел босанғанға дейін ауруханаға жатқызылады.