ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Президенттік сайлау күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келді - Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін, 20 қарашада, Президенттік сайлау күні елімізде 634 кішкентай азамат дүниеге келді, оның ішінде 6 егіз, 328 ұл және 306 қыз дүниеге келді.
В день президентских выборов в Казахстане родилось 634 детей - Минздрав

Сегодня, 20 ноября, в день президентских выборов в стране появились на свет 634 маленьких граждан, среди них 6 двойни, 328 мальчика и 306 девочки.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулық сақтау министрлігінің аптадағы басты оқиғалары (14.11.2022-20.11.2022)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (14.11.2022-20.11.2022)
👍1
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖҮРЕК ПЕН АСҚАЗАНҒА ЕКІ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯНЫ БІР УАҚЫТТА ЖАСАДЫ

Павлодар Кардиоорталығының хирургтары жүрек пен асқазанға операция қажет болған ауыр жағдайдағы пациентке тап болды.
Науқас кардиологтың ұсынысы бойынша Кардиологиялық орталыққа жоспарлы коронарография (КАГ) жүргізу үшін түсті. Зерттеу нәтижелері бойынша коронарлық арнаның көп тамырлы зақымдануы анықталып, өмірлік көрсеткіштер бойынша ашық жүрекке операция жасау ұсынылды.
Дегенмен, операцияға дайындық барысында қосымша тексеру кезінде қолқа қақпақшасының патологиясы және асқазанның қатерлі түзілуі анықталды. Биопсия асқазанның қатерлі ісігін растады.

Барлығы шұғыл түрде жүрекке де, асқазанға да операция жасау керек екенін түсінді. Әрбір операцияны бөлек жасау науқас үшін физикалық және психикалық тұрғыдан өте ауыр. Әр операциядан кейін оңалту уақыты қажет, яғнт сәтті өту мүмкіндігі азаяды.
Қиын жағдайды ескере отырып, кардиохирургтер Павлодар онкодиспансерінің онкологиялық дәрігерлерімен бірлесіп консилиум өткізді. Барлық тәуекелдерді бағалай отырып, кардиохирургтар мен онкологтар бригадалары бір уақытта бір жалпы анестезияда бірнеше хирургиялық араласулар жасау туралы шешім қабылдады.

2022 жылғы 15 қарашада Алмас Антикеевтің басшылығымен кардиохирургтар бригадасы қолқа қақпағын протездеу және коронарлық артерияны айналып өту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Ульфат Борамбаевтың басшылығымен онкологтар тобы Гофмейтер-Финстерер модификациясында Билрот 2 бойынша асқазанның лапароскопиялық субтотальды резекциясын жүргізді.

"Ота нәтижесінде науқастың асқазанындағы ісік толығымен алынып, кардиохирургиялық ем – шунттау және клапан патологиясын түзету жасалды. Науқас қазірдің өзінде бөлімшеге ауыстырылып, өзін жақсы сезінуде", - дейді дәрігерлер.

Айта кетері, жоғары технологиялық медициналық көмек МӘМС есебінен толық көрсетілді.
ДВЕ СЛОЖНЫЕ ОПЕРАЦИИ НА СЕРДЦЕ И ЖЕЛУДОК ОДНОМОМЕНТНО ПРОВЕЛИ ВРАЧИ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ

Хирурги Павлодарского кардиоцентра столкнулись с тяжелым случаем, когда требовалась операция на сердце и на желудок.

Пациент поступил в Кардиоцентр по рекомендации кардиолога для проведения плановой коронорографии (КАГ). По результатам обследования было выявлено многососудистое поражение коронарного русла и по жизненным показаниям рекомендована операция на открытом сердце.

Однако в процессе подготовки к операции при проведении дополнительного обследования была выявлена патология аортального клапана и злокачественное образование желудка. Проведенная биопсия подтвердила рак желудка.
Все понимали, что срочно нужно оперировать и сердце, и желудок. Делать каждую операцию по отдельности – довольно травматично для пациента и физически, и морально. После каждой операции требуется время на реабилитацию, а значит шансы на успех сокращаются.
Учитывая непростую ситуацию, кардиохирурги совместно с врачами онкологами Павлодарского онкодиспансера провели консилиум. Оценив все риски было решено одномоментно бригадами кардиохирургов и онкологов провести несколько хирургических вмешательств за один общий наркоз.

15 ноября 2022г. бригада кардиохирургов под руководством Алмаса Антикеева провела протезирование аортального клапана и аортокоронарное шунтирование. Параллельно бригада онкологов под руководством Ульфата Борамбаева провела лапароскопическую субтотальную резекцию желудка по Бильрот 2 в модификации Гофмейтера-Финстерера.

"В результате операции одномоментно пациенту полностью удалили опухоль желудка и провели кардиохирургическое лечение – шунтирование и коррекцию клапанной патологии. Пациент уже переведен в отделение, чувствует себя хорошо", - отмечают врачи.

К слову, высокотехнологичная медицинская помощь была полностью оказана за счет ОСМС.
А. ҒИНИЯТ АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕДІ

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлары талқыланды.
Ведомство басшысы Ажар Ғиният ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттарына назар аударды, бұл ауылдағы профилактикалық медицинаны күшейту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін жақсарту, білікті медицина кадрларымен қамтамасыз ету және жаңа денсаулық сақтау объектілерін қайта құру және салу арқылы ауылдық инфрақұрылымды айтарлықтай жаңарту.

«Ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық қарап-тексерулер енгізілуде. Халықтың жыныстық-жас құрамын, денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ және ауыл халқының көрсетілетін қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап ауылдарда профилактикалық қарап-тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізілуде», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният.

Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде биылғы жылы қалалық және ауылдық пациенттерді амбулаториялық деңгейде препараттармен тең тегін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын заңнамалық нормалар қабылданды, деп хабарлады министр.

Мәселен, биылғы жылы салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру жөніндегі норма енгізілді.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап 230 елді мекенде 75 мемлекеттік дәріхана және 161 жеке дәріхана ашылды. Бұдан басқа, ауылдық жерлерде дәрігер болмаған кезде тегін рецептті фельдшер жазуға құқылы, дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттарды медицина қызметкері МСАК объектілері арқылы, сондай-ақ жылжымалы дәріхана пункттері арқылы тегін жібереді.
А.ГИНИЯТ РАССКАЗАЛА О ПЕРСПЕКТИВАХ СЕЛЬСКОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

Сегодня на заседании Правительства обсудили планы по реализации национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», нацеленного на улучшение качества жизни и здоровья сельских жителей страны.
Глава ведомства Ажар Гиният акцентировала внимание на основных направлениях развития сельского здравоохранения, это усиление профилактической медицины на селе, улучшение доступности лекарственного обеспечения, обеспечение квалифицированными медицинскими кадрами и существенное обновление сельской инфраструктуры путем реконструкции и строительства новых объектов здравоохранения.

«Для раннего выявления и своевременного лечения заболеваний внедряются масштабные профилактические осмотры. С учетом половозрастного состава, анализа здоровья населения расширена целевая группа и перечень услуг сельского населения. С 20 октября текущего года профилактические осмотры в селах проводятся по всей стране», - отметила министр здравоохранения А.Гиният.

По части лекарственного обеспечения сельчан, в этом году приняты законодательные нормы, создающие условия для равного бесплатного обеспечения препаратами городских и сельских пациентов на амбулаторном уровне, прожолжила министр.

Так, в этом году в отраслевое законодательство внесена норма по созданию аптечных пунктов в сельских медицинских организациях.

С июля текущего года уже открыты 75 государственных аптечных пунктов и 161 частных аптек в 230 населенных пунктах. Кроме того, в сельской местности при отсутствии врача бесплатный рецепт вправе выписать фельдшер, в сельских населенных пунктах, где отсутствует аптека, лекарственные средства бесплатно отпускаются через объекты ПМСП медицинским работником, а также через передвижные аптечные пункты.
АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫН КАДРЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ӘКІМДІКТЕРДІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ - А. ҒИНИЯТ

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлары талқыланды.

«Ұлттық жобаның мақсаттарының бірі - 655 МСАК объектісін салу және реконструкциялау және 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана ұйымдастыру арқылы ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту. Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 655 МСАК объектісін, оның ішінде 253 - медициналық пункт, 160 - дәрігерлік амбулатория және 242 - фельдшерлік-акушерлік пункт салу бойынша дайындық жұмыстары басталды», - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Ауылда жүргізілген медициналық объектілерді инвентаризация қорытындысы бойынша 200-ден астам елді мекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық медициналық объекті жалға алынған, авариялық, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Осылайша, ауылдық жерлерде МСАК медициналық инфрақұрылымының тозуы 50%-дан асады.

32 көпбейінді аудандық орталық ауруханаларды (КАОА) ұйымдастыру 12 жұмыс істеп тұрғанды жаңғыртуды және 20 жаңасын ұйымдастыруды көздейді.

Аудандық ауруханалар базасында инсульт және кардиология, ТАЕ орталықтары, реанимация және қарқынды терапия, аз инвазивті хирургия, травматология және оңалту бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, КАОА-ны заманауи медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық сыныпты УДЗ, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтар, медициналық оңалту үшін) жарақтандыру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

Инфрақұрылымды жаңартуға байланысты кадрларды даярлау мәселесіне қатысты министр жобаның кадрларға қосымша қажеттілігі МСАК ұйымдары үшін 307 және көп бейінді аудандық орталық ауруханалар үшін 793 медицина қызметкерін құрайтынын атап өтті. Әкімдіктермен бірлесіп бұл мәселе медицина кадрларын әлеуметтік қолдау және қайта даярлау шеңберінде шешілетін болады.
КАДРОВОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ СЕЛЬСКОЙ МЕДИЦИНЫ БУДЕТ РЕШАТЬСЯ ПРИ ПОДДЕРЖКЕ АКИМАТОВ – А.ГИНИЯТ

Сегодня на заседании Правительства обсудили планы по реализации национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», нацеленного на улучшение качества жизни и здоровья сельских жителей страны.

«Одна из целей нацпроекта – улучшить доступность медпомощи на селе путем строительства и реконструкции 655 объектов ПМСП и организации 32 многопрофильных центральных районных больниц. Совместно с акиматами регионов начата подготовительная работа по строительству 655 объектов ПМСП, из них 253 - медпункта, 160 - врачебные амбулатории и 242 - фельдшерско-акушерских пункта», - отметила в своем выступлении Ажар Гиният.

По итогам проведенной инвентаризации медобъектов на селе, более 200 населенных пунктов не имеют медицинских объектов, порядка 400-х медицинских объектов находятся в арендованных, аварийных, приспособленных зданиях. Таким образом изношенность медицинской инфраструктуры ПМСП в сельской местности составляет более 50%.
Организация 32 многопрофильных центральных районных больниц (МЦРБ), предусматривает модернизацию 12 действующих и организацию 20 новых.

На базе районных больниц планируется открытие отделений – инсультных и кардиологических, ЧКВ центров, реанимации и интенсивной терапии, отделений малоинвазивной хирургии, травматологии и реабилитации. Также предусмотрено оснащение МЦРБ современным медицинским оборудованием (КТ, МРТ, ангиограф, УЗИ экспертного класса, эндоскопическое, реанимационное оборудование, для мед. реабилитации) и проведение капитальных ремонтных работ.

Касаясь вопроса подготовки кадров в связи с обновлением инфраструктуры, министр отметила, что дополнительная потребность проекта в кадрах составляет 307 мед. работников для организаций ПМСП и 793 для многопрофильных центральных районных больниц. Совместно с акиматами данный вопрос будет решен в рамках социальной поддержки и переподготовки медицинских кадров.
Достар, дене белсенділігінің жақсы көңіл-күй мен толыққанды жайлы өмірдің кепілі екені құпия емес. Дене шынықтыруды бастауға ешқашан кеш болмайды.
ДДҰ ересектерге де, балаларға да қалыпты дене жүктемесін ұстануға кеңес береді. Осылайша өзіңіздің өміріңізді ұзартып қана қоймай, аурудың пайда болу қаупін азайтасыз.

Денсаулықты жақсартуға емдеуші дәрігердің ұсыныстарына байланысты орташа және қарқынды дене белсенділік ықпал етеді.
Мысалы, 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер орташа қарқындылықтан жоғары қарқындылыққа дейін дене белсенділігіне күніне кемінде 60 минут бөлуі керек. Сондай-ақ, қаңқа-бұлшықет жүйесін дамытуға бағытталған жаттығуларды аптасына кемінде үш рет жасау керек.

18-64 жас аралығындағы ересектерге аптасына кемінде 150 минут орташа дене белсенділігімен немесе аптасына кемінде 75 минут жоғары қарқынды дене белсенділігімен айналысу немесе орташа және жоғары қарқынды дене белсенділігіне ұқсас жүктемеге уақыт бөлу ұсынылады.

Аптасына кемінде 150 минут физикалық белсенділік 65 жастағы және одан асқан ересектерге ұсынылады. Бұл жағдайда олар тепе-теңдікті жақсартуға және құлау қаупін болдырмауға бағытталған физикалық белсенділікпен аптасына үш рет немесе одан да көп айналысқан жөн.

Дене белсенділігінің пайдасы қандай?
Дене белсенділігі жалпы холестеринді төмендетеді және атеросклерозға байланысты аурулардың даму қаупін азайтады, дене салмағының төмендеуіне ықпал етеді және семіздіктің дамуына жол бермейді, тромб түзілу қаупін азайтады, жалпы хал-жағдайды, көңіл-күйді жақсартып, стресс пен депрессияға төзімділікті арттырады.
Сонымен қатар, дене шынықтыру остеопороздың және сүйектердің сынуының алдын алады, қаңқа-бұлшықет жүйесі ауруларының қаупін азайтады, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының, әртүрлі қатерлі ісіктердің, қант диабетінің, бронх демікпесінің қаупін азайтады.

Күнделікті өмірге дене жүктемесін енгізу туралы шешім қабылдамас бұрын, дәрігермен кеңесіп барып, ұсынылған тексерулер мен қорытындылардан кейін ғана әрекетке кірісу керек екенін тағы бір рет атап айтамыз.
Деніңіз сау болсын!
👍1
Друзья, не секрет, что физическая активность – залог хорошего самочувствия и полноценной комфортной жизни. Начать заниматься физической культурой никогда не поздно.
ВОЗ рекомендует не пренебрегать умеренными физическими нагрузками как взрослым так и детям. Этим вы не только продлите собственную жизнь, но и уменьшите риск возникновения заболеваний.
Причем улучшению здоровья способствует как умеренная, так и интенсивная физическая активность, в зависимости от рекомендаций лечащего врача.
К примеру, дети и подростки в возрасте 5-17 лет должны уделять физической активности от умеренной до высокой интенсивности не менее 60 минут в день. При этом упражнениями, направленными на развитие скелетно-мышечной системы, следует заниматься, как минимум, три раза в неделю.

Взрослым людям люди в возрасте 18-64 лет рекомендовано заниматься умеренной физической активностью не менее 150 минут в неделю или физической активности высокой интенсивности не менее 75 минут в неделю, либо уделять время аналогичному по нагрузке сочетанию физической активности средней и высокой интенсивности.

Физическая активность по времени не менее 150 минут в неделю рекомендуется взрослым людям в возрасте 65 лет и старше. При этом им предпочтительно заниматься физической активностью, направленной на улучшение равновесия и предотвращение риска падений, три раза в неделю или чаще.

Какова польза от физической активности?

Физическая активность снижает уровень общего холестерина и уменьшает риск развития заболеваний, обусловленных атеросклерозом, способствует снижению массы тела и предупреждает развитие ожирения, уменьшает риск тромбообразования, в целом улучшает самочувствие, настроение и повышает устойчивость к стрессам и депрессии.
Кроме того, физкультура предупреждает остеопороз и переломы костей, снижает риск заболеваний скелетно-мышечной системы, снижает риск заболеваний сердечно-сосудистой системы, злокачественных новообразований различной локализации, сахарного диабета, бронхиальной астмы.
Еще раз подчеркну: прежде, чем принять решение вводить в свою повседневную жизнь физические нагрузки необходимо проконсультироваться со своим лечащим врачом и только после рекомендованных обследований и заключений приступать к занятиям.
Будьте здоровы!
👍1
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 24 қарашадағы ақпарат

24 қарашадағы мәлімет бойынша, 817 адам коронавирус инфекциясынан (–666+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 24.11.2022г.

На 24 ноября лечение от КВИ продолжают получать 817 человек (–666+ и 151 КВИ-), из них в стационарах находится – 122 пациент, на амбулаторном уровне – 695 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 7 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациента.
🔥1
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТА ПРОТЕЗДЕУ ОПЕРАЦИЯСЫ ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде жамбас және тізе буындарының 500-ге жуық эндопротезі имплантатталады.

Алайда, уақыт өте келе эндопротездерді ауыстыру керек, өйткені тіпті сапалы шетелдік протездердің де қызмет ету мерзімі бар және тозады. Мұндай операцияның құны шамамен екі миллион теңгені құрайды, бірақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандар үшін барлығы тегін жасалады.

Тарбағатай ауданындағы Құйған ауылының тұрғыны 60 жастағы Кеңесжан Шектібаев жақында тізе буынының тозған протезін ауыстыру бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметті пайдаланды. Бұл ревизиялық протездеу деп аталады.

«Мен қарапайым өмірге қайта оралдым, өйткені ауылдан келген адам үшін бұл өте маңызды, мен әрдайым ат үстінде болдым – шынын айтсам ауырған кезде кез-келген қозғалыс проблемаға айналды. Бұл ауыр болды, өйткені тізедегі барлық сұйықтық жоғалып кетті, бұл деформацияға әкелді», - дейді ер адам.
Бүгінде ол үйде өзіне-өзі қарай алады, ауырсынуды ұмытып, ештеңе болмағандай атқа да мінеді.

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Думан Төлеубекұлының айтуынша, қайта (ревизиялық) протездеу күрделі араласу болып табылады, бастапқы араласумен салыстырғанда асқыну қаупі жоғары. Операция тіндердің тыртық өзгерістерімен, сүйектердің жұқаруымен, пайда болған сүйек ақауларымен, пациенттің прогрессивті ауруларымен және басқа факторлармен қиындайды.

Жыл сайын біздің ауруханада жамбас пен тізе буындарына 30-ға жуық ревизиялық протездеу жүргізіледі, - дейді дәрігер. - Кейде біздің дәрігерлер дайындаған сүйек тінінің өз банкінен донорлық импланттар қолданылады.
Эндопротездің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Думан Бакербеков пациенттерге инфекциялардан, қабынулардан аулақ болуға, салмақты бақылауға, белсенді өмір салтын ұстануға, бірақ шамадан тыс жүктемелерсіз, остеопороздың профилактикасына, жарақаттанудан аулақ болуға кеңес береді. Егер осы шарттар орындалса, қазіргі заманғы сапалы эндопротездер пациентке өмір бойы алмастырусыз қызмет ете алады.
👍3