ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
БУЛЛИНГ: БЕЛГІЛЕРІ МЕН БАЛАҒА ТИГІЗЕТІН САЛДАРЫ ТУРАЛЫ
ЮНИСЕФ мектептегі буллинг немесе қудалау сияқты қазіргі заманның күрделі мәселесін көтеруде.
ЮНЕСКО-ның "Сандар нені білдіреді? Мектептегі зорлық-зомбылық пен қорқытуды жою" деген баяндамасына сәйкес әлемдегі әрбір үшінші оқушы өз құрдастары немесе сыныптастары тарапынан әртүрлі қорлау мен зорлық-зомбылыққа тап болады.
Өкінішке орай, бұл адамды жарақаттайтын тәжірибе із-түзсіз жоғалып кетпейді және уақыт өте келе психологиялық жарақатқа айналуы мүмкін.
Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстандағы әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды. Балалар келбетінің өзгеше болуы, сәнді нәрсеге қызығушылық танытпау, жалпы процестерге қатысқысы келмеу, тұйықтық сияқты түрлі себептерге байланысты буллингтің құрбаны болуы мүмкін. Агрессор мен жәбірленушінің күштерінің теңсіздігі, қайталануы, жәбірленушінің өткір эмоционалды реакциясы буллингтің маңызды белгілері болып табылады.
Буллингтің алдын алуда ерте араласу өте маңызды, бала зорлық-зомбылықпен бетпе-бет жалғыз қалмауы керек. Мұнда мұғалімдер мен ата аналардың назары мен ұстанымы өте маңызды.
Баланың буллингке ұшырағанының белгілері назар аудару проблемалары, депрессия, жабырқау, тұнжырап жүру, ашуланшақтық, сенімсіздікті сезіну, сезімталдықтың жоғарылауы, асқазанның ауыруы, шаршау, тәбеттің болмауы, әлеуметтік байланыстардың аз болуы, қорқыныш белгілері, мысалы, кеуде тұсының қысылуы, тершеңдік, арқаның, желкенің, бұлшықететердің ауыруы, ұйқының бұзылуы болуы мүмкін.
Егер ата-аналар баласында осы белгілерді байқаса, шұғыл шаралар қабылдау керек және ең алдымен мұғалімдерге хабарлап, психологтарды және қажет болған жағдайда ювеналды инспекция қызметкерлерін тартқанға шейін бұл мәселені бірлесіп шешу керек.
Құрдастары тарапынан буллингке бейім баланың отбасындағы атмосфераға назар аудару қажет. Мұндай балалар, әдетте, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы ата-аналарының озбырлығы мен өктемшілдігіне негізделген отбасыларда өседі, онда үлкендер кішілерді бағындыруға мәжбүр етіп, бала осал және өзін қорғансыз сезінеді. Үйден тыс жерде мұндай бала әлсіздерді қорлауға тырысады.
Оқу орындарында басқа адамдарға құрметпен және төзімділікпен қарау тақырыбында сынып сағаттарын өткізу маңызды. Педагогтар мен психологтар сыныптармен бірге ұжымды біріктіруге, басқаларға төзімділікпен, жанашырлықпен қарауды дамытуға бағытталған тренингтер өткізуі керек.
Ақпараттық технологиялардың дамуымен әлеуметтік желілерде қудалау, қорқыту, ізіне түсу, бопсалау және манипуляция сияқты кибербуллинг көрінісі де таралды. Баланың кибербуллингтен аулақ болуындағы маңызды рөл ата-аналарға беріледі, олар балаларының интернеттегі әрекеттерін қадағалап, зиянды сайттарға кіруге тыйым салып, балаларымен мүмкіндігінше сенімді қарым-қатынас орнатуы керек. Бала интернетте қудалауға тап болса, әрқашан ата-анасынан қолдау мен көмек таба алатынын білуі керек.
Бұл көрініспен мемлекеттік деңгейде, ең алдымен заңнамалық тұрғыдан күресу үшін бірқатар шаралар қабылдау қажет.
БУЛЛИНГ: О ПРИЗНАКАХ И ПОСЛЕДСТВИЯХ ДЛЯ РЕБЕНКА

ЮНИСЕФ все чаще поднимает такую серьёзную проблему современности, как буллинг или травля в школе.

Согласно докладу ЮНЕСКО «Что стоит за цифрами? Искоренение насилия и запугивания в школе», каждый третий ученик в мире сталкивается с разными формами травли и насилия со стороны своих сверстников или одноклассников.

К сожалению, этот травмирующий опыт не проходит бесследно и может со временем перерасти в психологическую травму.

Исследования показали, что каждый пятый школьник в Казахстане подвергается буллингу. Жертвами буллинга можно стать по разным причинам – необычной внешности, незаинтересованности в том, что модно, нежелании вовлекаться во всеобщие процессы, замкнутости. Неравенство сил агрессора и жертвы, повторяемость, острая эмоциональная реакция жертвы – существенные признаки буллинга.

В профилактике буллинга очень важно раннее вмешательство, ребенок не должен остаться один на один с насилием. И здесь очень важна внимательность и позиция учителей и родителей.
Признаками того, что ребенок подвергся буллингу могут быть проблемы с концентрацией внимания, подавленность, угнетенное состояние, раздражительность, чувство неуверенности, повышенная чувствительность, боли в желудке, усталость, отсутствие аппетита, бедность социальных контактов, симптомы страха, например, давление в области груди, приступы потливости, боли в спине, в затылке, в мышцах, нарушение сна.
Если родители заметили у своего ребенка эти признаки, необходимо принять срочные меры и, прежде всего, сообщить об этом учителям и солидарно решать эту проблему, вплоть до привлечения психологов и, при необходимости, сотрудников ювенальной инспекции.

Необходимо обратить внимание на атмосферу в семье ребенка, который склонен к буллингу сверстников. Такие дети, как правило растут в семьях, где взаимодействие друг с другом строится на агрессии и авторитарности родителей, где старшие принуждают подчиняться младших, где ребенок уязвим и не чувствует себя защищенным. Вне дома такой ребенок, как правило, пытается унизить тех, кто слабее.

В учебных заведениях важно проводить классные часы на тему уважительного и толерантного отношения к другим людям. Педагоги и психологи должны проводить с классами тренинги, направленные на сплочение коллектива, развитие терпимости, эмпатии в отношении окружающих.

С развитием информационных технологий нашло распространение и такое явление как кибербуллинг – травля в социальных сетях, запугивание, преследование, шантаж и манипуляции. Важная роль в том, чтобы ребенок избежал кибербуллинга, отводится родителям, которые должны отслеживать деятельность своих детей в Интернете, устанавливать запреты на посещение токсичных сайтов и наладить со своими детьми максимально доверительные отношения. Ребенок должен знать, что всегда может найти у своих родителей поддержку и помощь, если столкнется в травлей в Интернете.
На государстенном уровне также необходимо принять ряд мер по борьбе с этим явлением, прежде всего, законодательных.
👍1
МОЙЫН-ЖЕЛКЕ АЙМАҒЫНДА ТУА БІТКЕН АНОМАЛИЯСЫ БАР 6 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛАҒА СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Қыз бала елордадағы нейрохирургия орталығына Алматы облысынан жеткізілді. Ата-анасы қол- аяқтарының әлсіздігіне, қозғалыстардың шектелуіне және мойынның мәжбүрлі жағдайына шағымданды.
Анасының айтуы бойынша, қызы бес жасқа дейін толық жүре алмай, балерина сияқты аяғының ұшымен жүрген. Алты жасында ол күрт өсе бастағасын аяқ ұшымен жүруді тоқтатып, төсек тартып қалды.
МРТ зерттеуі мойын-желке аймағының омыртқаларының дамуындағы туа біткен аномалияны көрсетті. Нейрохирургия орталығының дәрігерлері кеңес өткізіп, одан әрі емдеу тактикасы анықталды.
Қыз баланың бірнеше омыртқасының жетіспеуіне баланысты жағдай күрделене түсті, яғни, бұл бастың алға қарай жылжуына әкелді.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирургі Сапарбек Сейтбековтың айтуынша, операция кезіндегі басты міндет – жұлынды сәтті босату, физиологиялық лордоз жасау және мойын омыртқасын бекіту.
4 сағат бойы ҚР ҰҒА академигі Талғат Керімбаевпен бірге Ұлттық нейрохирургия орталығының хирургиялық бригадасы, 30 жылдан астам тәжірибелік жұмыс өтілі бар, дәрігер-нейрохирург, PhD Виктор Алейников және балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігер-нейрохирургы Сапарбек Сейтбеков омыртқаларды реконструкциялау бойынша аса күрделі операция жасады.
«Операция кезінде омыртқаларға қол жеткізуде техникалық қиындықтар туындады, бұл толық параличке немесе өлімге әкелуі мүмкін ми бағанасы мен жұлынның, қан тамырларының зақымдалу қаупімен қатар жүрді. Мұндай күрделі операциялар сирек және нейрохирургияның жетекші мамандандырылған орталықтарының деңгейінде ғана жасалады», - деп атап өтті ҰНО перифериялық жүйке жүйесінің омыртқа нейрохирургиясы, патологиясы бөлімінің меңгерушісі Талғат Керімбаев.
Бақытымызға орай, операция сәтті өтті, қазір спастиканың регрессиясы, төменгі аяқтың бұлшық еттерінің күшеюі түріндегі динамика байқалады, дейді емдеуші дәрігер.
Бұл қымбат операция кішкентай пациентке МӘМС есебінен тегін жүргізілді.
6-ЛЕТНЕЙ ДЕВОЧКЕ С ВРОЖДЕННОЙ АНОМАЛИЕЙ ШЕЙНО-ЗАТЫЛОЧНОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛИ ЮВЕЛИРНУЮ ОПЕРАЦИЮ

Девочку в столичный центр нейрохирургии привезли из Алматинской области. Родители жаловались на слабость рук и ног, ограничение движений и вынужденное положение шеи.

По словам матери, до пяти лет ее дочь не могла полноценно ходить, ходила на носочках, как балерина. К шести годам, когда она пошла резко в рост, перестала ходить на носочках и находилась только в постельном режиме.

МРТ-исследование показало врожденную аномалию развития позвонков шейно-затылочной области. Врачами Центра нейрохирургии был проведен консилиум, где была определена дальнейшая тактика лечения.

Сложность ситуации заключалось в том, что у девочки отсутствовали несколько позвонков, что привело к полному смещению головы вперед.

По словам врача-нейрохирурга отделения детской нейрохирургии Сапарбека Сейтбекова, первостепенной задачей во время операции было успешно освободить спинной мозг, создать физиологический лордоз и зафиксировать шейный позвоночник.

На протяжении 4 часов хирургическая бригада Национального центра нейрохирургии в составе с академиком НАЕН РК Талгатом Керимбаевым, с практическим стажем работы более 30 лет, врачом-нейрохирургом, PhD Виктором Алейниковым и врачом-нейрохирургом отделения детской нейрохирургии Сапарбеком Сейтбековым проводили сверхсложную операцию по реконструкции позвонков.

«Во время операции возникали технические трудности доступа к позвонкам, это сопровождалось высоким риском повреждения ствола головного и спинного мозга, сосудов, что может обернуться полным параличем или летальным исходом. Подобные сложные операции проводятся редко и только на уровне ведущих специализированных центров нейрохирургии», - отметил заведующий отделением спинальной нейрохирургии, патологии периферической нервной системы НЦН Талгат Керимбаев.

К счастью операция прошла благополучно, ребенка активизировали, сейчас отмечается динамика в виде регресса спастики, увеличения силы мышц нижних конечностей, рассказал лечащий врач.

Данная дорогостоящая операция проводилась для маленькой пациентки бесплатно, за счет ОСМС.\
👍2👏1
АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ: хал-жағдайыңызды қалай бақылауда ұстауға болады?
АРТЕРИАЛЬНАЯ ГИПЕРТЕНЗИЯ: как держать под контролем свое самочувствие?
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 26 қарашадағы ақпарат

26 қарашадағы мәлімет бойынша, 908 адам коронавирус инфекциясынан (–763+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 777 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 26.11.2022г.

На 26 ноября лечение от КВИ продолжают получать 908 человек (–763+ и 145 КВИ-), из них в стационарах находится – 131 пациент, на амбулаторном уровне – 777 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 6 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 1 пациент.
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Бүгін біз ел өміріндегі шынайы тарихи айтулы оқиғаның куәсі болдық-отандастарымыздың көпшілік даусымен сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлаудағы сенімді жеңісі Ұлт бірлігінің үлгісі, республиканың барлық азаматтарының мемлекет өмірінің барлық салаларында жаңғырту бағытын жалғастыра отырып, жаңа әділ Қазақстан құруға ұмтылысы болды.

Қазақстан Президенті өзінің инаугурациялық сөзінде ауыл тұрғындарын қолдаудың рөлін атап өтті, бұл ауылдарда тұратын миллиондаған отандастарымыздың өмірі мен денсаулығының сапасын жақсартуға бағытталған жақында қабылданған ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасына да қатысты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің қоғамдағы дәрігерлер мен педагогтардың рөлін әділ атап өтті, олар ерекше құрмет пен мәртебеге лайық.

Жақын арада медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін неғұрлым нақты айқындауға және оларды сақтандыру тетіктері арқылы тиімді қорғауды қамтамасыз етуге арналған бірқатар заңнамалық нормаларды қабылдау қажет.
Қазақстандықтардың көпшілігі әділ Қазақстанды одан әрі құру, әлеуметтік әл-ауқат, экономиканың өсуі және ауқымды бастамаларды іске асыру үшін өздерінің саналы таңдауын жасады.

Жаңа Қазақстанға бейбітшілік, бірлік тілеймін, еліміз өркендеп, гүлдене берсін!
УВАЖАЕМЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ!

Сегодня мы стали свидетелями поистине исторического судьбоносного события в жизни страны – прошла инаугурация Президента Республики Казахстан, избранного большинством голосов наших соотечественников.

Уверенная победа Касым-Жомарта Токаева на внеочередных выборах стала примером единения нации, стремлением всех граждан республики строить новый Справедливый Казахстан, продолжая курс модернизации во всех сферах жизни государства.

В своей инаугурационной речи Президент Казахстана подчеркнул роль поддержки сельского населения, это касается и принятой недавно программы модернизации сельского здравоохранения, которая нацелена улучшить качество жизни и здоровья миллионов наших соотечественников, живущих в аулах.

Касым-Жомарт Кемелевич совершенно справедливо отметил роль врачей и педагогов в нашем обществе, они заслуживают особого почтения и статуса. В скором времени необходимо принять ряд законодательных норм, которые призваны будут более четко определять профессиональную ответственность медработников и обеспечить их эффективную защиту через механизмы страхования.

Большинство казахстанцев уже сделали свой осознанный выбор в пользу дальнейшего построения справедливого Казахстана, социального благополучия, роста экономики и реализации масштабных инициатив.

Желаю новому Казахстану мира, единства и процветания!
👍1
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 27 қарашадағы ақпарат

27 қарашадағы мәлімет бойынша, 990 адам коронавирус инфекциясынан (–839+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 859 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 27.11.2022г.

На 27 ноября лечение от КВИ продолжают получать 990 человек (–839+ и 151 КВИ-), из них в стационарах находится – 131 пациент, на амбулаторном уровне – 859 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 6 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 1 пациент.
👍2
ТҰМАУМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ?


Тұмау - кез-келген адам ауырып қалуы мүмкін жедел жұқпалы ауру. Тұмаудың қоздырғышы – ауру адамдар түшкіргенде және жөтелгенде қоршаған ортаға енетін вирус.

Көптеген адамдар жеңіл тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулері ауыр түрімен, кейде асқынулармен де ауырады.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу - бұл адам ағзасына ауру тудыратын вирустармен инфекцияның алдын алуға бағытталған шаралар кешені.

Профилактикалық қорғаныс әдістері спецификалық және спецификалық емес болып бөлінеді.

Тұмаудың спецификалық профилактикасы халықты жыл сайын вакцинациялау болып табылады.
Тұмау вирустары мутацияға бейім болғандықтан, вакцина жыл сайын түзетіледі.

Заманауи вакцина ересектерде де, балаларда да 80% жағдайда тұмаудан ғана емес, сонымен қатар асқынулардан және өлімнен де қорғай алады.

Тұмау мен ЖРВИ-дің спецификалық емес алдын алуы - бұл жалпы шаралар кешенін сақтау, олар: бөлмені желдету, дұрыс тамақтану, маскаларды қолдану, қолды жуу, дәрі-дәрмектерді қабылдау, адамдар көп жиналатын жерлерде қашықтықты сақтау.

Жеке гигиенаға келетін болсақ, көптеген аурулар жуылмаған қолмен байланысты. Егер тұмау жұқтырған адаммен үнемі байланыста болу керек болса, қолды сабынмен бірнеше рет жуып тұрған дұрыс.
Осы кезеңде қол алысудан аулақ болып, есік тұтқаларын, қоғамдық орындардағы тұтқаларды ұстағаннан кейін, антисептик қолдану немесе қолды тазалап жуу қажет.

Мұрынды шаюды ұмытпаған жөн!

Енді дәрігерлер эпидемия кезінде мұрынды шайып, жууға кеңес береді. Мұны тұзды ерітіндімен (бір литр суға 1 шай қасық тұз) немесе дәріханаларда сатылатын арнайы тұзды спрейлермен жасауға болады.

Вирус жылы және шаңды бөлмелерді жақсы көреді, сондықтан ылғалды тазалауға және желдетуге уақыт бөлген жөн.
Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу керек. Осы кезеңде театрларға, цирктерге, кафелерге және жұқтырған адамдар болуы мүмкін және вирусты жұқтыру мүмкіндігі жоғары басқа жерлерге барудан бас тартқан дұрыс.

Тұмау мен ЖРВИ-ді емдеу үшін тұмаудың клиникалық белгілерін жеңілдететін және аурудың ұзақтығын орта есеппен 1,5 — 3 күнге қысқартатын дәрі-дәрмектерді қолдану қажет. Олар: дене температурасы жоғарылаған кезде - қызу түсіргіш дәрілер, тамақ ауруы кезінде - жергілікті антисептиктер және қабынуға қарсы препараттар, жөтел кезінде - қақырық шығаратын дәрілер.
Вирусқа қарсы препараттарға келетін болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмауды емдеу үшін балаларға, ересектерге және жүкті әйелдерге арналған оселтамивир препаратын бекітті.

Бұл препаратпен емдеу ауру басталғаннан кейінгі алғашқы 48 сағат ішінде қабылданған жағдайда ғана тиімді болады.


Аман-сау болыңыздар!
👍1🤯1
КАК БОРОТЬСЯ С ГРИППОМ?

Грипп — это острое инфекционное заболевание, заболеть которым может любой человек. Возбудителем гриппа является вирус, который от болеющих людей при чихании и кашле попадает в окружающую среду.

Большинство людей болеют гриппом в легкой форме всего лишь несколько дней, но некоторые переносят серьёзно, иногда с осложнениями.

Профилактика гриппа и ОРВИ – это комплекс мероприятий, направленных на предупреждение заражения организма человека вирусами, вызывающими заболевание.

Профилактические способы защиты подразделяются на специфические и не специфические.

Специфическая профилактика гриппа – это ежегодное введение вакцины населению.
В связи с тем, что вирусы гриппа имеют склонность к мутациям, ежегодно вакцину корректируют.

Современная вакцина способна защитить не только от заболевания гриппом в 80% случаев как взрослого населения, так и детей, но и от осложнений и летальных исходов.

Неспецифическая профилактика гриппа и ОРВИ – это комплекс общих мероприятий, среди которых: проветривание помещения, полноценное питание, использование масок, мытье рук, прием препаратов, соблюдение дистанций в местах большого скопления людей.

Что касается личной гигиены, то множество заболеваний связано с немытыми руками. Источник, как и прежде, больной человек. Если приходится постоянно контактировать с зараженным, лучше лишний раз помыть руки с мылом.
Избегать в этот период необходимо рукопожатий, после соприкосновений с ручками дверей, поручнями в общественных местах, обработать руки антисептиком или тщательно их вымыть.

Не забываем промывать нос!
Сейчас доктора советуют увлажнять или промывать в период эпидемий нос. Это можно сделать при помощи солевого раствора (на литр воды 1 ч. ложка соли) или специальными соляными спреями, которых в аптеках множество.

Вирус любит теплые и пыльные помещения, поэтому стоит уделить время влажной уборке и проветриванию.
Также следует избегать массовых скоплений людей. В этот период лучше воздержаться от походов в театры, цирки, кафе и прочие места, где могут оказаться инфицированные люди и где будет шанс поймать вирус высок.

Для лечения гриппа и ОРВИ при повышении Т тела - жаропонижающие, при боли в горле - местные антисептики и противовоспалительные препараты, при кашле - отхаркивающие, которые облегчают клинические симптомы гриппа и уменьшают продолжительность болезни в среднем на 1,5 — 3 дня.

Касательно противовирусных препаратов, для лечения гриппа одобрен ВОЗ - оселтамивир - детям, взрослым и беременным.

Лечение им эффективно только в случае их приема в течение первых 48 часов после начала заболевания.

Будьте здоровы!
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 28 қарашадағы ақпарат

28 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 007 адам коронавирус инфекциясынан (–858+ және 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 28.11.2022г.

На 28 ноября лечение от КВИ продолжают получать 1 007 человек (–858+ и 149 КВИ-), из них в стационарах находится – 131 пациент, на амбулаторном уровне – 876 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 6 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 1 пациент.