ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
2022 жылғы 20.12 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 854 095 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 618 473 адам. Ревакцинацияланды – 5 704 725

*

I компонентом 10 854 095 человек провакцинировано в Казахстане на 20.12.2022 г, II компонентом 10 618 473 человек. Ревакцинировано – 5 704 725
В.Дудник Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Астана қаласындағы медициналық орталықтардың жетекші мамандарымен (ҰНО бас балалар нейрохирургы Өленбай Г.И., балалар анестезиолог-реаниматологы Аяғанов А. Н., ҰАБО балалар травматологы-ортопед Жакилин А. Б.) бірге жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесті. Мамандар жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен барлық балаларды қарап шықты, науқастарды емдеу мен жүргізудің одан әрі тактикасы туралы келісімге келді.

Зардап шеккен балалардың туыстарымен әңгіме жүргізіліп, балалардың қазіргі жағдайы, көрсетілген ем көлемі, сондай-ақ зардап шеккендерді одан әрі қарау шаралары түсіндірілді.

Сондай-ақ, республикалық мамандар облыстық балалар стационарының медицина қызметкерлері көрсеткен шұғыл медициналық көмектің жоғары деңгейі мен уақтылылығын атап өтті.

Жаттықтырушының жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр, көпсалалы облыстық аурухананың мамандары М. Оспанов атындағы БҚМУ профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен консилиум өткізді. Сонымен қатар, пациентті одан әрі қарау тактикасын келісу үшін Нейрохирургия орталығының (Астана) мамандарымен телемедициналық кеңес өткізілді.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
В.Дудник ознакомился с состоянием детей, пострадавших в ДТП в Актюбинской области

По поручению Министра здравоохранения А. Гиният пострадавших в ДТП детей посетил вице-министр здравоохранения Вячеслав Дудник совместно с ведущими специалистами медицинских центров г. Астана (главный детский нейрохирург НЦН Оленбай Г.И., детский анестезиолог-реаниматолог ННЦМиД Аяганов А.Н., детский травматолог-ортопед ННЦМиД Жакилин А.Б.). Специалистами были осмотрены все дети, пострадавшие в результате ДТП, согласована дальнейшая тактика лечения и ведения пациентов.

С родственниками пострадавших детей проведена беседа, разъяснено текущее состояние детей, объемы проведенного лечения, а также дальнейшее ведение за пострадавшими.

Также необходимо отметить что республиканские специалисты отметили высокий уровень и своевременность оказанной экстренной медицинской помощи медицинскими работниками областного детского стационара.

Состояние тренера остается тяжелым, специалистами многопрофильной областной больницы проведен консилиум с участием профессорско-преподавательского состава ЗКМУ им. М. Оспанова. Дополнительно проведена телемедицинская консультация со специалистами Центра нейрохирургии (г. Астана) для согласования дальнейшей тактики введения пациента.

В настоящее время всем пострадавшим медицинская помощь оказывается в полном объеме.
АЖАР ҒИНИЯТ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ АРАЛАП, ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ұлытау облысына жұмыс сапары шеңберінде Сәтбаев қаласындағы 143 төсекке есептелген ауруханасына барды, оның ішінде 118 тәулік бойы стационарлық блокта, 25 төсек стационарды алмастыратын медициналық көмек бөлімшесінде болды.
Ведомство басшысы аурухананы аралап, медициналық ұйым басшылығымен қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.

Ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аурухананы жедел қарқынмен жөндеуді аяқтауды, ұйымның сыртқы аудитін жүргізуді, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерінің шешімін табуды тапсырды.

Әрі қарай А. Ғиният Сәтбаев қаласындағы қалалық емхананың жұмысымен танысты.

Ведомство басшысы онкологиялық ауруларды ерте сатыларда анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуді, пациенттерді қолдау қызметтері арқылы халықпен өзара іс-қимылды жандандыра отырып, МСАК-тың озық практикаларын кеңінен енгізуді, сондай-ақ емдеуге жатқызу үшін пациенттердің нысаналы санатын айқындау мақсатында күндізгі стационарда емделген жағдайлардың құрылымын зерделеуді тапсырды.

Содан кейін министр Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханада болды, онда аурухана директорының міндетін атқарушы аурухананың құрылымын, кадрлық-материалдық және қаржылық қамтамасыз етілуін, стационар қызметі көрсеткіштерінің динамикасын таныстырды.

Министр аурухананы аралап, қабылдау бөлмесінің, перзентхананың, инсульт орталығының және басқа да бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Өңірдің медициналық жұртшылығымен кездесу барысында министрге еңбекақы төлеу, өңірге келген жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі сұрақтар қойылды.

Министр тұрғын үй мәселесі бойынша дәрігерлерге пәтер жалдау төлемдерін өтеу арқылы шешім табуды ұсынды,» «ең бастысы-оларды жоғалтпау, қазір қолдау көрсету», - деп қосты ол.
АЖАР ГИНИЯТ ПОСЕТИЛА МЕДИЦИНСКИЕ ОБЪЕКТЫ И ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С МЕДИКАМИ В УЛЫТАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Министр здравоохранения Ажар Гиният в рамках рабочей поездки в Улытаускую область посетила больницу города Сатпаев, рассчитанную на 143 койки, из них 118 круглосуточных в стационарном блоке, 25 коек стационарзамещающей медпомощи.
Глава ведомства совершила обход больницы, обсудила с руководством медорганизации проблемные вопросы по оказанию качественной медпомощи населению города.

Она поручила совместно с местными исполнительными органами завершить ремонт больницы ускоренными темпами, провести внешний аудит организации, найти решение вопросов кадрового обеспечения.

Далее А.Гиният ознакомилась с работой городской поликлиники в городе Сатпаев.

Глава ведомства поручила усилить работу по выявлению онкологических заболеваний на ранних стадиях, широко внедрять передовые практики ПМСП, активизируя взаимодействие с населением через Службы поддержки пациента, а также изучить структуру пролеченных случаев в дневном стационаре с целью определения целевой категории пациентов для госпитализации.

Затем министр посетила областную многопрофильную больницу в г.Жезказган, где и.о. директора больницы презентовал структуру, кадрово-материальное и финансовое обеспечение больницы, динамику показателей деятельности стационара.
Министр провела обход больницы, ознакомилась с работой приемного покоя, родильного дома, инсультного центра и других отделений.

В ходе встречи с медицинской общественностью региона, министру адресовали вопросы выплаты заработной платы, социальной поддержки молодых врачей, прибывающих в регион.

Министр предложила найти решение по жилищному вопросу, через возмещение платежей за аренду квартир для врачей, «главное не потерять их, оказать поддержку уже сейчас», добавила она.