ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.93K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА «БУРАБАЙ» САНАТОРИЙІНІҢ БАЗАСЫНДА КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛДЫ

«Бурабай» республикалық оңалту орталығының базасында Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды, ол Қазақстандағы курортологияны дамытудың бірыңғай ғылыми-әдістемелік орталығы болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылған Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты санаторийлік-курорттық саланы дамыту үшін табиғи емдік балшықтарды, минералды суларды, өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ғылыми, сараптамалық және кешенді зерттеулер жүргізетін болады.

ҒЗИ-дың базасындағы бірыңғай әдістемелік орталық осы саладағы бірыңғай стандарттарды әзірлеуді өз мойнына алады, профилактикалық және қалпына келтіру медицинасындағы жаңа технологиялардың жолсерігі, құқықтық және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарының кураторы болады, сондай-ақ кадрлық, материалдық-техникалық, консультациялық-әдістемелік сипаттағы мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі санаторийлік-курорттық емдеу халықты сауықтыру ісінде пәрменді шара болуға тиіс екенін атап өтті.