ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.93K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА «БУРАБАЙ» САНАТОРИЙІНІҢ БАЗАСЫНДА КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛДЫ

«Бурабай» республикалық оңалту орталығының базасында Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылды, ол Қазақстандағы курортологияны дамытудың бірыңғай ғылыми-әдістемелік орталығы болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылған Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты санаторийлік-курорттық саланы дамыту үшін табиғи емдік балшықтарды, минералды суларды, өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ғылыми, сараптамалық және кешенді зерттеулер жүргізетін болады.

ҒЗИ-дың базасындағы бірыңғай әдістемелік орталық осы саладағы бірыңғай стандарттарды әзірлеуді өз мойнына алады, профилактикалық және қалпына келтіру медицинасындағы жаңа технологиялардың жолсерігі, құқықтық және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарының кураторы болады, сондай-ақ кадрлық, материалдық-техникалық, консультациялық-әдістемелік сипаттағы мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігі санаторийлік-курорттық емдеу халықты сауықтыру ісінде пәрменді шара болуға тиіс екенін атап өтті.
В КАЗАХСТАНЕ СОЗДАН НИИ КУРОРТОЛОГИИ И МЕДИЦИНСКОЙ РЕАБИЛИТАЦИИ

На базе Республиканского центра реабилитации «Бурабай» создан Научно-исследовательский институт курортологии и медицинской реабилитации, который станет единым научно-методическим центром развития курортологии в Казахстане.

Созданный НИИ курортологии и медицинской реабилитации Министерства здравоохранения Республики Казахстан будет проводить научные, экспертные и комплексные исследования природных лечебных грязей, минеральных вод, климатических особенностей регионов для развития санаторно-курортной отрасли.
Единый методический центр на базе НИИ возьмет на себя разработку единых стандартов в этой сфере, станет проводником новых технологий в профилактической и восстановительной медицине, куратором правовой и научно-организационной работы, также будет способствовать решению вопросов кадрового, материально-технического, консультативно-методического характера.

В Министерстве здравоохранения отметили, что санаторно-курортное лечение должно стать действенной мерой в деле оздоровления населения.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы ақпарат

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 754 адам коронавирус инфекциясынан (–2 578+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 247 пациент стационарда, 2 507 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 30.12.2022г.

На 30 декабря лечение от КВИ продолжают получать 2 754 человек (–2 578+ и 176 КВИ-), из них в стационарах находится – 247 пациент, на амбулаторном – 2 507 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 6 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациента.
30.12.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 30.12.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 30.12 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 855 566 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 624 621 адам. Ревакцинацияланды – 5 730 822

*

I компонентом 10 855 566 человек провакцинировано в Казахстане на 30.12.2022 г, II компонентом 10 624 621 человек. Ревакцинировано – 5 730 822
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ОТШАШУЛАР: ҚАУІПСІЗДІК БІРІНШІ ОРЫНДА!

Жаңа жыл қарсаңында көрушілерді отшашумен қуанту үшін көптеген адамдар пиротехникалық бұйымдарды сатып алады. Алайда, ең алдымен, күйік пен жарақаттануды болдырмау үшін таңдау кезінде де, қолдану кезінде де осындай өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

Алдын алу мақсатында ұсынамыз:

1. Үйде жасалған өнімдерді пайдаланбаңыз!

2. Пиротехникалық өнімді сатып ала отырып, сәйкестік сертификатының, нұсқаулықтың, жарамдылық мерзімінің болуын тексеріңіз!

3. Пиротехникалық құралдарды таңдағанда, олардың сыртқы түріне назар аударыңыз. Мыжылған, суланған, сызаттары бар және корпусқа немесе фитильге басқа да зақым келтіретін бұйымдарды алмаңыз!

4. Мұндай өнімдерге кіретін жанғыш заттар мен оқ-дәрі отқа қауіпті екенін есте ұстаған жөн. Оларды абайсызда ұстасаңыз немесе дұрыс сақтамасаңыз, олар оңай тұтанып, өр немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.

Осындай қарапайым ережелерді сақтау мерекелерді денсаулыққа зиян келтірместен өткізуге көмектеседі.

Сіздерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз!