ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.93K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2022 жылы қазақстандықтар 20 мыңға жуық жоғары технологиялық медициналық қызмет алды

Қазақстанда стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мамандандырылған кардиохирургиялық және кардиологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР-да 2022-2023 жылдарға арналған қанайналым жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілді және іске асырылуда.

Республикада жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде ҚЖА-дан болатын өлім-жітім 32,2% - ға, оның ішінде гипертониялық аурудан 36%-ға, жүректің ишемиялық ауруынан 42%-ға, стенокардиядан 62,8% - ға, жіті миокард инфарктісінен 23,5%-ға, инсульттан 29,4%-ға төмендеді.

Республикада 75 инсульт орталығы жұмыс істейді, оның 4-еуі 2022 жылы ашылған, 41-і жедел коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) орталығы.

Бұл ретте 2022 жылы ғана Астана, Шымкент және Түркістан қалаларында 2-деңгейдегі 3 ТКА орталығы ашылды.
Болашақта ТКА орталықтары мен инсульт орталықтарының желісін дамыту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Мәселен, 2023 жылы 2 деңгейдегі 8 инсульт орталығын және 4 ТКА орталығын ашу жоспарлануда.
Өткен жылы инсульт орталықтары МҚЖБ бар 40 мыңнан астам пациентті емдеді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 498 пациентке немесе 1,2%-ға артық.

ЖКС бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін ТКА-орталықтардың жедел деректері бойынша 2022 жылы емделген пациенттердің саны 2021 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға өсіп, 27 212-ні құрады.

Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде сәтті бәсекелесіп жатқанын айта кеткен жөн.

Осылайша, біздің елімізде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілді. Өткен жылы қазақстандықтар 20 мыңнан астам жоғары технологиялық медициналық қызмет алды, 209 ағзаны трансплантаттау (162 бүйрек, 40 бауыр, 4 жүрек, 3 өкпе) жүзеге асырылды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық.
МИНЗДРАВ РК: свыше 20 тысяч высокотехнологичных медуслуг получили казахстанцы в 2022 году

В Казахстане проводится работа по совершенствованию стационарной и стационарозамещающей медицинской помощи.

Для обеспечения доступность специализированной кардиохирургической и кардиологической помощи утверждена и реализуется Дорожная карта по совершенствованию оказания медицинской помощи при болезнях системы кровообращения в РК на 2022 – 2023 годы.

В результате проводимой работы в республике смертность от БСК снизилась на 32,2 %, в том числе от гипертонической болезни на 36 %, ИБС на 42%, от стенокардии на 62,8%, острого инфаркта миокарда на 23,5%, инсультов на 29,4%.

В республике действуют 75 инсультных центров, 4 из которых открыты в 2022 году, 41 центров чрескожного коронарного вмешательства (ЧКВ) для оказания помощи больным с острым коронарным синдромом.

При этом только в 2022 году открыто 3 Центра ЧКВ 2 уровня в городах Астана, Шымкент и Туркестан.
В дальнейшем будет продолжаться работа по развитию сети центров ЧКВ и инсультных центров. Так, в 2023 году планируется открытие 8 инсультных центров 2 уровня и 4 ЧКВ-центров.

В прошлом году инсультными центрами было пролечено свыше 40 тысяч пациентов с ОНМК, что на 498 пациентов или на 1,2% больше, чем в 2021 году.

По оперативным данным ЧКВ-центров, оказывающих медицинскую помощь пациентам с ОКС, количество пролеченных пациентов за 2022 год составило 27 212 с приростом на 9,7% по сравнению с 2021 годом.

Следует отметить, что в Казахстане ряд направлений медицины уже успешно конкурируют на международном уровне. Так, в нашей стране обеспечена доступность населению по 80 видам высокотехнологичной медицинской помощи.
В минувшему году казахстанцы получили свыше 20 тысяч высокотехнологичных медуслуг, было осуществлено 209 трансплантаций органов (162 почки, 40 печень, 4 сердце, 3 легкое), что на 22% больше в сравнении с 2021 годом.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 20 қаңтардағы ақпарат

20 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 949 адам коронавирус инфекциясынан (–1 796+ және 153 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 10 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 20.01.2023 г.

На 20 января лечение от КВИ продолжают получать 1 949 человек (–1 796+ и 153 КВИ-), из них в стационарах находится – 156 пациент, на амбулаторном – 1 793 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 10 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациента.
20.01.2023 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 20.01.2023 г. в разрезе регионов
2023 жылғы 20.01 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 858 865 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 629 710 адам. Ревакцинацияланды – 5 746 905

*

I компонентом 10 858 865 человек провакцинировано в Казахстане на 20.01.2023 г, II компонентом 10 629 710 человек. Ревакцинировано – 5 746 905
ҚАЗАҚСТАНДА ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің қолдауымен психикалық денсаулық бірыңғай ақпараттық қызметінің пилоттық жобасын іске қосады.

Енді жаңа қызметтің көмегімен психикалық денсаулыққа қатысты кез-келген сұрақтар туындаған жағдайда, жауап, ақпарат алу мүмкіндігі бар:
1) Телеграмм боты - @Mental_SupportBot
2) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін 3580 нөмірі бойынша Call орталығына қоңырау шалу (қоңырау шалу тегін).

Сондай-ақ, Сіз психологтың тегін кеңесіне жазыла аласыз. Ол үшін www.mentalcenter.kz сайтында "Психолог консультациясы" бөлімін таңдап, өтінім нысанын толтырыңыз.
👍1
В КАЗАХСТАНЕ ЗАПУСКАЕТСЯ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ЕДИНОЙ ИНФОРМАЦИОННОЙ СЛУЖБЫ ПСИХИЧЕСКОГО ЗДОРОВЬЯ

Республиканский научно-практический центр психического здоровья совместно с Национальном центром общественного здравоохранения при поддержке Странового офиса Всемирной организации здравоохранения в Казахстане, запускает Пилотный проект Единой информационной службы психического здоровья.

Теперь с помощью новой службы в случае возникновения любых вопросов в области психического здоровья, есть возможность получить ответ, информацию, посредством:
1) Телеграм бота - @Mental_SupportBot
2) Звонка в Call центр по номеру 3580, с понедельника по пятницу с 9:00 до 17:00 (звонок бесплатный)

Можно также записаться на бесплатную консультацию психолога. Для этого на сайте www.mentalcenter.kz выбрать раздел «Консультация психолога» и заполнить форму заявки.
👍3
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 21 қаңтардағы ақпарат

21 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 835 адам коронавирус инфекциясынан (–1 681+ және 154 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 21.01.2023 г.

На 21 января лечение от КВИ продолжают получать 1 835 человек (–1 681+ и 154 КВИ-), из них в стационарах находится – 139 пациент, на амбулаторном – 1 696 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 8 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациента.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ОНКОЛОГИЯНЫҢ ӘРБІР ТӨРТІНШІ ЖАҒДАЙЫ ЕРТЕ САТЫСЫНДА АНЫҚТАЛДЫ

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бірқатар медициналық объектілерді аралап, бас дәрігерлермен бірлесіп денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.

Өңірдің онкологиялық қызметі жұмысының қорытындысы бойынша өткен жылғы негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы атап өтілді. Егер 2021 жылы 855 жағдай немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 117,2 жағдай анықталса, 2022 жылы 1000 жағдай немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 132,4 жағдай анықталды. Мәселен, онкопатологияның динамикада анықталуының өсуі 2021 жылмен салыстырғанда 12,9%-ды құрады.
Әрбір төртінші пациент немесе жағдайлардың 25%-ы аурудың бірінші сатысында анықталды, өсу динамикасы 37,4 %. Ауру құрылымында сүт безі обыры - 11,0%, жатыр мойны обыры – 8,3%, коллоректалдық обыр -7,4%, асқазан обыры – 6,9% және өңеш обыры – 6,8% сияқты нозологиялар басым.

Онкологиялық науқастардың жартысынан көбі (53,4%) бес жылдық өмір сүру шегінен асады және бұл көрсеткіш жыл сайынғы оң динамикаға ие. Обырдан болатын өлім-жітімнің төмендеу динамикасы 17,3%-ды құрайды. Егер 2021 жылы өлім-жітім 368 жағдайды немесе 100 мың адамға шаққанда 50,5-ті құраса, 2022 жылы - 312 жағдайды немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 41,3 жағдайды құрады.

Скринингтік бағдарламаларды іске асыруға келетін болсақ, өткен жылы 2021 жылға қарағанда әйелдердің саны 39%-ға көп сүт безі обырын анықтау скринингінен өтті, жатыр мойны обырын скринингпен қамту 161,6%-ға өсті.

Бірінші вице-министр қызмет кураторларына қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау бойынша жұмысты күшейтуді, пациенттерге уақтылы медициналық көмек алу үшін «жасыл жолды» қамтамасыз етуді, сондай-ақ ахуалдық орталық жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды.
2022 жылы Маңғыстау облысында жабдықтары, оның ішінде - желілік үдеткіш, брахиотерапияға арналған аппарат, С-доға, жоспарлы жүйесі бар КТ, МРТ, стереотактикалық жүйесі және томосинтезі бар цифрлық маммограф, эндо-УДЗ, ашық және аз инвазивті тәсілмен операциялар жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, сондай-ақ емдеу-диагностикалық қызметке арналған басқа да жабдықтармен жарақтандырылған әрленген операциялық бөлмелері мен реанимация бөлімшесі бар онкологиялық диспансердің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.