ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️АСТАНАДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

⚡️О НЕОБХОДИМОСТИ ИНВЕСТИЦИЙ И ПОДДЕРЖКЕ ИНИЦИАТИВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОВОРИЛИ УЧАСТНИКИ ГЛОБАЛЬНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ В АСТАНЕ
👍2
⚡️АСТАНАДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: МСАК-ТЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ – ІС-ҚИМЫЛҒА ШАҚЫРУ

⚡️ГЛОБАЛЬНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ В АСТАНЕ: НОВАЯ СТРАТЕГИЯ ПМСП – ОТ ПРИЗЫВОВ К ДЕЙСТВИЯМ
👍5
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАДАҒЫ БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ

⚡️ГЛАВНЫЕ СОБЫТИЯ МИНИСТЕРСТВА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ЗА НЕДЕЛЮ

16.10.2023-22.10.2023
👍2🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияның пленарлық отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл және Астана декларациясына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жаһандық конференцияның пленарлық отырысына қатысты.

✔️Мемлекет басшысы конференция қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық жүйесін жетілдіру ісінде Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор екенін атап өтті.

– Осыдан 45 жыл бұрын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің әлеуметтік тұрғыда әділетті моделіне негіз болған Алматы декларациясы қабылданды. Бұл декларация әлемдік денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясына айналып, көптеген елдің халық денсаулығын жақсарту үшін шара қабылдауына, оны адамның іргелі құқығы ретінде мойындауына түрткі болды. Алматы декларациясы біраз елде ана мен бала өлімінің деңгейін жүйелі түрде төмендету, болжамды өмір сүру жасын ұзарту үшін шешуші рөл атқарды. Бүгінде көптеген елде ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жолға қойылған. Онда медициналық-санитариялық алғашқы көмекке айрықша мән беріледі. Бұл бес жыл бұрын қол қойылған Астана декларациясында нақтыланады, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, МСАК жүйесі эпидемияның алғашқы белгілерін анықтау және тосын сын-қатерлерге қарсы әрекет ету ісінде маңызды рөл атқарады

➤ Мемлекет басшысы қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің орнықтылығын және туындаған жағдайға тез бейімделе алатынын көрсеткеніне назар аударды.

➤ Президент адамзаттың COVID пандемиясын еңсеруіне үлес қосқаны үшін барлық медицина қызметкеріне алғыс айтты.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, барлық ықтимал қауіп-қатерді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесі кез келген күрделі жағдайға әрдайым дайын болуы үшін оған қолдау көрсету керек. Ауру-сырқаудың белгілерін бастапқы кезеңінде анықтау және тосын сын-қатерлерге дер кезінде назар аудару үшін әлеуетті арттыра беру қажет.

t.me/aqorda_resmi
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Как подчеркнул Касым-Жомарт Токаев, система ПМСП играет важнейшую роль в выявлении ранних признаков эпидемий и в реагировании на непредвиденные вызовы. Поэтому нужно просчитывать все возможные риски и поддерживать систему здравоохранения в постоянной готовности

➤ По его словам, организации общественного здравоохранения показали свою устойчивость и способность к быстрой адаптации.

➤ Глава государства выразил благодарность всем медицинским работникам за вклад в борьбу человечества с COVID.

t.me/aqorda_resmi
👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға арнайы тоқталды

– Елімізде барлық баланы профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ісі жолға қойылған. Әрбір ірі елді мекенде жастардың денсаулық орталықтары жұмыс істейді деуге болады. Жыл сайын үш миллионға жуық ересек адам скрининг және кәсіби тексеру бағдарламасынан өтеді. Ауыл тұрғындарының медициналық қызмет алуына бірдей мүмкіндік жасау үшін біз бірқатар реформа жүргіздік. Нәтижесінде, 2018 жылдан бастап ауылдардағы алғашқы көмек көрсету пункттерінің саны 3 еседен астам көбейді. Сонымен қатар телемедицина және қашықтан мониторинг жасау сияқты цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бұл алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады, – деді Мемлекет басшысы.

▪️Президент сөзін қорытындылай келе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды. Бұл бірлестік денсаулық сақтау және аурудың алдын алу қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету саласын, жалпы денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуда жастарға зор сенім артатынын атап өтті.

▪️Мемлекет басшысы жастармен кездескен сайын спортпен шұғылданудың маңыздылығы туралы айтатынын еске салып, оларды еңбекқор және мақсаттарына адал болуға шақырды.

t.me/aqorda_resmi
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев отдельно остановился на реализуемых мерах по развитию системы здравоохранения в стране

– Все детское население страны охватывается профилактическими медицинскими осмотрами. Практически в каждом крупном населенном пункте действуют молодежные центры здоровья. Ежегодно через программу скринингов и профессиональных осмотров проходит около трех миллионов человек взрослого населения. Для обеспечения жителей села равными возможностями в получении медицинских услуг нами проведен ряд реформ. В результате, с 2018 года, количество пунктов первичного звена для села было увеличено более чем в 3 раза. Наряду с этим активно внедряются цифровые технологии, такие как телемедицина и удаленный мониторинг, которые значительно повышают доступность первичной медицинской помощи, – подчеркнул Глава государства.

▪️В завершение Президент предложил при поддержке ВОЗ создать Коалицию стран по первичной медико-санитарной помощи. Данное объединение позволит продвигать принципы профилактики и охраны здоровья, вырабатывать совместные рекомендации по развитию первичной медико-санитарной помощи.

▪️Также Глава государства отметил, что возлагает большие надежды на молодежь в дальнейшем развитии сферы первичной медико-санитарной помощи, и в целом системы здравоохранения.

▪️Президент акцентировал внимание, что на встречах с молодежью всегда подчеркивает важность занятий спортом, а также призывает быть трудолюбивыми и целеустремленными.

t.me/aqorda_resmi
👍2