ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ 
ВЕНГРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 _______________________

⚡️ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ СОТРУДНИЧЕСТВА С ВЕНГЕРСКОЙ РЕСПУБЛИКОЙ  ОБСУЖДЕНЫ В МИНЗДРАВЕ
 
 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥1
💬ОТАНДЫҚ ХИРУРГТАР ПАЦИЕНТТІҢ ӨЗ ТІНДЕРІНЕН ТРАХЕЯСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

💬ОТЕЧЕСТВЕННЫЕ ХИРУРГИ ВОССТАНОВИЛИ ТРАХЕЮ ИЗ СОБСТВЕННЫХ ТКАНЕЙ ПАЦИЕНТА
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16👏3🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛 АСТАНАДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ФОРУМЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАМАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

📌


🏛🏛 В АСТАНЕ В РАМКАХ ФОРУМА ДЕПУТАТОВ МАСЛИХАТОВ ОБСУЖДАЛИСЬ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНОГО БЛАГОПОЛУЧИЯ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏5👍2🔥1
⭐️АЛМАТЫДА ІШКІ АУРУЛАР МАМАНДАРЫНЫҢ БІРІНШІ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСІ ӨТУДЕ 🩺

Іс-шара Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Түркия, Швеция және Украинадан келген ішкі аурулар саласының мамандарын жинады. Ұйымдастырушылар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Ішкі медицина мамандарының қазақстандық қауымдастығы және Ішек ауруларын зерделеу жөніндегі Қазақ ғылыми қоғамы болды.

Конгреске онлайн және офлайн форматтарда 3300-ден астам маман қатысады. Қатысушылардың қатарына терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, кардиологтар, нефрологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар және еліміздің барлық өңірлерінен келген басқа да мамандар кіреді.

Негізгі мақсат - ішкі медицинаның өзекті бағыттарында тәжірибе алмасу және диагностика мен емдеудегі әлемдік үрдістерді талқылау. Іс-шара заманауи білім мен тәжірибені ықпалдастырудың есебінен Қазақстандағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

Бағдарламаның шеңберінде халықаралық сарапшылардың сөз сөйлеуі, панельдік пікірталастар мен практикалық сессиялар көзделген. Мамандар отандық дәрігерлердің тәжірибесіне озық әдістерді енгізуге мүмкіндік беретін пәнаралық өзара іс-қимыл мен ауруларды емдеу тәсілдері мәселелерін талқылайды.

⭐️ПЕРВЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ КОНГРЕСС СПЕЦИАЛИСТОВ ВНУТРЕННЕЙ МЕДИЦИНЫ ПРОХОДИТ В АЛМАТЫ🩺

Мероприятие собрало специалистов различных направлений внутренней медицины из Казахстана, Кыргызстана, России, Узбекистана, Азербайджана, Грузии, Германии, Турции, Швеции и Украины. Организаторами выступили Министерство здравоохранения РК, НИИ кардиологии и внутренних болезней, Казахская ассоциация специалистов внутренней медицины и Казахское научное общество по изучению заболеваний кишечника.

Участие в конгрессе в онлайн и офлайн форматах принимают более 3300 специалистов. В числе участников – терапевты, врачи общей практики, эндокринологи, кардиологи, нефрологи, пульмонологи, гастроэнтерологи и другие специалисты из всех регионов страны.

Основная цель – обмен опытом в актуальных направлениях внутренней медицины и обсуждение мировых тенденций в диагностике и лечении. Мероприятие направлено на улучшение качества медицинской помощи в Казахстане за счет интеграции современных знаний и практик.

В рамках программы предусмотрены выступления международных экспертов, панельные дискуссии и практические сессии. Специалисты обсуждают вопросы междисциплинарного взаимодействия и подходы к лечению заболеваний, что позволит внедрить передовые методы в практику отечественных врачей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16
АСТАНАДА ФОРУМ АЛАҢЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНУДА 🔵
 
 
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Білім беру сапасын арттыру - ақпараттық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының стратегиялық даму феномені ретінде» атты Орталық Азия халықаралық форумының ашылуына қатысты.
 
Ведомство басшысы өзінің құттықтау сөзінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау сапасына басымдық беретінін атап өтіп, аккредиттеу орталықтарының білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы құралы ретіндегі рөліне тоқталды.
 
Қазақстанда білім беру бағдарламалары тұрақты негізде жетілдірілуде, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның тәуелсіз емтихан жүйесі енгізілді, инфрақұрылым жетілдірілуде, жаңа жабдықтар мен әдебиеттер сатып алынуда.
 
Ведомство басшысы бұл форум жоғары білім сапасын қамтамасыз ету ісінде жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеу үшін пайдалы диалог алаңына айналатынына сенім білдірді.
 
В АСТАНЕ НА ПЛОЩАДКЕ ФОРУМА ОБСУЖДАЮТСЯ ВОПРОСЫ КАЧЕСТВА МЕДИЦИНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ 🔵
 
 
Сегодня министр здравоохранения Акмарал Альназарова приняла участие в открытии Центрально-Азиатского Международного форума «Повышение качества образования – как феномен стратегического развития вузов в информационном пространстве».
 
В своем приветственном слове глава ведомства отметила роль аккредитационных центров как внешнего инструмента обеспечения качества образования, подчеркивая, что Министерство здравоохранения уделяет приоритетное  внимание качеству подготовки медицинских кадров.
 
В Казахстане на постоянной основе совершенствуются образовательные программы, введена система независимой экзаменации студентов и профессорско-преподавательского состава, совершенствуется инфраструктура, закупается новое оборудование и литература.
 
Глава ведомства выразила уверенность, что данный форум станет полезной диалоговой площадкой для поиска новых идей и подходов в деле  обеспечения качества высшего образования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ХИРУРГТАР ЖАС ҚЫЗҒА СКОЛИОЗДЫҢ АУЫР ТҮРІНЕН ҚҰТЫЛУҒА КӨМЕКТЕСТІ 🔗

Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында хирургтар жас пациент Наргизға ауыр сколиоз бойынша түзету операциясын жасады.
Орталық мамандары омыртқа патологиясын түзету бойынша алғашқы сәтті операцияны 2013 жылы жасаған болатын.
«Біз Наргизға денсаулығын қалпына келтіруге көмектесе алғанымызға қуаныштымыз, операция сәтті өтті, енді қыз бала ұзақ жылдар бойы оны мазалаған ауырсынудан құтылып, ұзақ өмір сүреді», — деп түсіндірді емдеуші дәрігер Максим Николаевич Орловский.
МӘМС жүйесінің арқасында мұндай күрделі хирургиялық араласулар қолжетімді болды. Наргиз әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысудың арқасында құны шамамен 2,5 млн теңгені құрайтын операциядан өте алды.

ХИРУРГИ ПОМОГЛИ МОЛОДОЙ ДЕВУШКЕ ИЗБАВИТЬСЯ ОТ ТЯЖЕЛОЙ ФОРМЫ СКОЛИОЗА 🔗

В Национальном научном центре травматологии и ортопедии им. академика Н.Д. Батпенова хирурги провели коррекционную операцию при тяжелом сколиозе молодой пациентке Наргиз.
Первую успешную операцию по исправлению патологии позвоночника специалисты центра сделали еще в 2013 году.
«Мы рады, что смогли помочь Наргиз в восстановлении здоровья, Операция прошла успешно, и теперь девушка сможет двигаться и жить без боли и ограничений, которые её преследовали все эти годы», — прокомментировал лечащий врач Максим Николаевич Орловский.
Благодаря системе ОСМС такие сложные хирургические вмешательства стали доступными. Наргиз смогла пройти операцию, стоимость которой составила бы около 2,5 млн тенге, совершенно бесплатно благодаря участию в программе социального медицинского страхования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ДДҰ АЛМАТЫДА МСАК ЕЛДЕРІ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҒЫН ҚҰРУҒА КЕЛІСТІ ⚡️
 
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ДДҰ-ның Алматыдағы МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы офисінің базасында МСАК елдері Коалициясының хатшылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстандағы ДДҰ өкілдерімен кездесу өткізді.
«Қазақстанның Коалиция құру және ДДҰ ГҚО-сын Коалиция хатшылығының жаһандық орталығына өзгерту жөніндегі бастамасын одан әрі іске асыру мақсатында ҚР Үкіметі мен ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының арасында Коалиция хатшылығын құру жөніндегі келісімді әзірлеу қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы ДДҰ-ның МСАК жөніндегі офисінің Басшысы Мелита Якабқа.
Кездесу барысында атап өтілгендей, іс-шара денсаулық сақтау жүйелерін бүкіл әлем бойынша МСАК-қа түбегейлі қайта бағдарлау үшін маңызды қадам болады.
Тараптар Коалиция хатшылығын құру және МСАК бастамаларын ілгерілету жөніндегі одан арғы жұмыс туралы келісімнің жобасына ұсыныстар беруге, сондай-ақ осы бағыт бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
 
МИНЗДРАВ КАЗАХСТАНА И ВОЗ ДОГОВОРИЛИСЬ СОЗДАТЬ СЕКРЕТАРИАТ КОАЛИЦИИ СТРАН ПМСП В АЛМАТЫ⚡️
 
Сегодня министр здравоохранения Акмарал Альназарова провела встречу с представителями ВОЗ в Казахстане по вопросам организации Секретариата Коалиции стран ПМСП на  базе Географически удаленного офиса ВОЗ по ПМСП в Алматы.
«В целях дальнейшей реализации инициативы Казахстана по созданию Коалиции и трансформации ГУО ВОЗ в глобальный центр секретариата Коалиции, необходима разработка Соглашения между Правительством РК и Европейским региональным бюро ВОЗ по созданию Секретариата Коалиции», - отметила глава ведомства, обращаясь к Руководителю офиса ВОЗ по ПМСП  Мелите Якаб.
Как было отмечено в ходе встречи, мероприятие станет важным шагом для фундаментальной переориентации систем здравоохранения на ПМСП во всем мире.
Стороны договорились представить предложения к проекту Соглашения о создании Секретариата Коалиции и дальнейшей  работе по продвижению инициатив ПМСП, также продолжить сотрудничество по данному направлению.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14
БҮГІН ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ! ✅

Бүгін профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы Қарағанды көпбейінді ауруханасының барлық 350 пациенті АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беруге қатысты.

_________________

СЕГОДНЯ ВАЖЕН ГОЛОС КАЖДОГО! ✅

Сегодня все 350 пациентов Карагандинской Многопрофильной больницы имени профессора Х.Ж. Макажанова приняли участие в голосовании на референдуме по строительству АЭС.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥1
80 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕР ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ❤️

🔽

Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісінде көптеген елдерде Халықаралық дәрігерлер күні (International Doctor's Day) атап өтіледі. Мерекені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамалады.

Біз дәрігерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз, олар күн сайын адамдарға ауруларды жеңуге, денсаулықты қалпына келтіруге көмектеседі, өмірді жалғастыруға үміт береді.

Өткен жылдың өзінде 3 млн қазақстандық стационарларда медициналық көмек алды.
Біздің емханаларда 90 млн астам өтініш тіркелген, сәтті босану нәтижесінде 360 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Жедел медициналық көмек диспетчерлері 8 млн. шақырту қабылдады.

Бұл нәтижелерге 270 мыңнан астам медицина қызметкерінің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілді, оның 80 мыңнан астамы – дипломы бар дәрігерлер.

Біздің барлық дәрігерлерімізді Халықаралық дәрігер күнімен құттықтаймыз!

СВЫШЕ 80 ТЫСЯЧ КАЗАХСТАНСКИХ ВРАЧЕЙ ПОМОГАЮТ ПАЦИЕНТАМ ВОССТАНОВИТЬ ЗДОРОВЬЕ❤️

🔽

Ежегодно в первый понедельник октября во многих странах отмечают Международный день врача (International Doctor’s Day). Праздник инициирован Всемирной организацией здравоохранения.

Мы гордимся успехами наших врачей, ежедневно они помогают людям справиться с болезнями, восстановить здоровье, дарят надежду на продолжение жизни.

Только за прошлый год 3 млн казахстанцев получили медпомощь в стационарах. Свыше 90 млн обращений зарегистрировано в наших поликлиниках, в результате благополучных родов на свет появилось свыше 360 тысяч новорождённых.

Диспетчеры скорой медицинской помощи приняли 8 млн вызовов. Эти результаты достигнуты благодаря самоотверженному труду свыше 270 тысяч медицинских работников, из них более 80 тысяч – это дипломированные врачи.

Поздравляем всех наших докторов с Международным днем врача!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏7👍2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАРАҒАНДЫДА ЖАРАҚАТ АЛҒАННАН КЕЙІН БАЛАҒА ТИТАН ПЛАСТИНАЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН БЕТ ПЕН МҰРЫН СҮЙЕКТЕРІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

🔺Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жағдайында құрамында лор дәрігер, нейрохирург бар жоғары дәрежелі мамандар командасы Мақажанов атындағы КБА-ның жақ-бет хирургымен бірлесіп бет қаңқасы мен мұрын кешенінің сүйектері зақымданған балаға күрделі операция жасады.

🟡Бала апаттан кейін шұғыл түрде келіп түсті, жағдайының ауырлығы бойынша реаниматолог дәрігерлердің бақылауымен қарқынды терапия бөлімшесінде болды.

Жағдай тұрақтанғаннан кейін титан пластинкаларын қолдана отырып, Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының қабырғаларында осындай күрделі операция жасау туралы қауіпті шешім қабылдау қажет болды.

Бұған дейін мұндай жағдайдағы балаларға елордалық клиникалар мен республикалық орталықтарда операция жасалған болатын. Қарағандылық дәрігерлердің біліктілігінің арқасында операция асқынусыз сәтті өтті.

Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.

Титан пластиналарын қолданатын қымбат операция пациентке әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен тегін жасалады.


В КАРАГАНДЕ ПОСЛЕ ТРАВМЫ РЕБЕНКУ ВОССТАНОВИЛИ КОСТИ ЛИЦА И НОСА С ПОМОЩЬЮ ТИТАНОВЫХ ПЛАСТИН

🔺В условиях Многопрофильной областной детской больницы командой высококлассных специалистов в составе лор-врача, нейрохирурга совместно с челюстно-лицевым хирургом МПБ им. Макажанова проведена сложная операция ребёнку с повреждением костей лицевого скелета и носового комплекса.

🟡Ребёнок поступил в экстренном порядке после ДТП, по тяжести состояния находился в отделении интенсивной терапии, под контролем врачей реаниматологов.

После стабилизации состояния необходимо было принять рискованное решение о проведении такой сложной операцию в стенах Многопрофильной областной детской больницы с использованием титановых пластинок.

Ранее детей в таком состоянии оперировали в столичных клиниках и Республиканских центрах. Благодаря профессионализму карагандинских докторов операция прошла успешно, без осложнений.

В настоящее время ребёнок выписан домой, в удовлетворительном состоянии.

Дорогостоящая операция с использованием титановых пластин проведена бесплатно для пациента, за счет средств социального медицинского страхования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏7👍4🔥3
Денсаулық сақтау министрлігі мен Halyk медициналық қызметтерді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

🟡ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Halyk медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және халықтың медициналық көмек алуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірлескен инновациялық жобалар туралы келісті. Бұл үшін банктің цифрлық технологиялары белсенді пайдаланылатын болады деп жоспарлануда. Тиісті меморандумға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова қол қойды.

✍️Құжатта денсаулық сақтауды цифрландыру, әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы бағдарламаларын қолдау және шалғай өңірлерді қоса алғанда, Қазақстанның барлық азаматтары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылған.

✍️«Halyk Bank-пен ынтымақтастық денсаулық сақтау жүйесіне озық технологияларды енгізуге және сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді. Біз еліміздің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуда шешуші рөл атқаратын ірі қаржы институттарымен әріптестікте зор әлеуетті көріп отырмыз»,— деп атап өтті министр Ақмарал Әлназарова.

Өз тарапынан Halyk басшысы Үміт Шаяхметова Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жұмыс заманауи технологияларды енгізуге және ұлт денсаулығын қолдау үшін жаңа бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Біз медициналық мекемелердің жабдықтарын жаңғыртуға белсенді қатысуға, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауға дайынбыз. Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізу денсаулық сақтау жүйесіне деген ашықтық пен сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрлігімен әріптестігіміз халықтың заманауи талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді, қолжетімді және жоғары сапалы жүйені құру үшін негіз болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Үміт Шаяхметова.

Бұл ынтымақтастық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға және Қазақстанда медицина мен денсаулық сақтаудың тұрақты дамуына жәрдемдесуге маңызды қадам болады деп болжануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👏1
Министерство здравоохранения и Halyk подписали меморандум о сотрудничестве в области цифровизации медуслуг

🟡Министерство здравоохранения РК и Halyk договорились о совместных инновационных проектах, которые позволят улучшить медицинскую инфраструктуру и создать более комфортные условия для получения медицинской помощи населением. Планируется, что для этого будут активно использоваться цифровые технологии банка. Соответствующий меморандум подписали министр здравоохранения Акмарал Альназарова и председатель правления Halyk Bank Умут Шаяхметова.

✍️В документе особое внимание уделено реализации совместных инициатив по цифровизации здравоохранения, поддержке программ профилактики социально значимых заболеваний и обеспечению доступности медицинских услуг для всех граждан Казахстана, включая удалённые регионы.

✍️«Сотрудничество с Halyk Bank позволит внедрить передовые технологии в систему здравоохранения и улучшить доступ к качественной медицинской помощи. Мы видим огромный потенциал в партнерстве с крупными финансовыми институтами, которые играют ключевую роль в развитии социальной инфраструктуры страны», — отметила министр Акмарал Альназарова.

Со своей стороны, глава Halyk Умут Шаяхметова выразила уверенность, что совместная работа с Министерством здравоохранения позволит внедрить современные технологии и развить новые программы для поддержки здоровья нации.
✍️«Мы готовы активно участвовать в модернизации оборудования медицинских учреждений, а также поддерживать социальные проекты, направленные на повышение качества медицинских услуг. Кроме того, внедрение современных технологий позволит повысить прозрачность и доверие к системе здравоохранения. Надеемся, что наше партнерство с Министерством здравоохранения станет основой для создания эффективной, доступной и высококачественной системы, отвечающей современным требованиям и потребностям населения», — подчеркнула Умут Шаяхметова.

Предполагается, что данное сотрудничество станет важным шагом к укреплению социальной ответственности бизнеса и содействию устойчивому развитию медицины и здравоохранения в Казахстане.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥1👏1
📣ҚАЗАҚСТАНДА ТМҰ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛЕРІНІҢ БЕСІНШІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН


🟡Бұл күндері Түркі мемлекеттері ұйымының денсаулық сақтау министрлерінің төртінші кездесуі өтуде, онда ТМҰ елдерінің арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың басым мәселелері талқыланды.

🔴Вице-министр Ербол Оспанов бастаған қазақстандық делегация медицина кадрларын, медицинадағы озық тәжірибелер мен инновациялар алмасу мәселелерін талқылауға қатысты.

✏️Баку мен Шушедегі форум алаңында қатысушы елдер Денсаулық сақтау министрлерінің IV кездесуінің бірлескен декларациясына және ТМҰ елдерінде трансплантаттау тәжірибесін жетілдіру жөніндегі «Türktransplant» ниет хаттамасына қол қойды.
Сондай-ақ, Әзербайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Түркия Республикасы делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізілді, олардың барысында тараптар біздің елдеріміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

🟡Бұдан басқа, ТМҰ-ның кездесу алаңы балалар онкологиясы, кардиология, педиатрия, акушерлік және гинекология, пульмонология, сондай-ақ травматология және хирургия саласындағы Қазақстан мен Әзірбайжанның жетекші ұлттық денсаулық сақтау ғылыми орталықтарының арасында меморандумдар жасауға мүмкіндік берді.
Әзірбайжан тарапы «Электрондық рецепт» (Е-рецепт) платформасының тұсаукесерін өткізді.

🗣Кездесу соңында вице-министр Ербол Оспанов 2025 жылы Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының денсаулық сақтау министрлерінің келесі V кездесуін өткізу бойынша эстафета қабылдайтынын хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
🤝ПЯТУЮ ВСТРЕЧУ МИНИСТРОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ОТГ НАМЕЧЕНО ПРОВЕСТИ В КАЗАХСТАНЕ


🟡В эти дни проходит четвертая встреча министров здравоохранения Организации тюркских государств, где обсуждались наиболее приоритетные вопросы дальнейшего сотрудничества между странами ОТГ.

🔴Казахстанская делегация во главе с вице-министром Ерболом Оспановым приняла участие в обсуждении вопросов обмена медицинскими кадрами, передовым опытом и инновациями в медицине.

✏️На площадке форума в Баку и Шуше страны-участники подписали Совместную декларацию IV-й Встречи министров здравоохранения и Протокол намерений «Türktransplant» по совершенствованию практики трансплантации в странах ОТГ.
Также были проведены двусторонние встречи с главами делегаций Республики Азербайджан, Республики Кыргызстан, Турецкой Республики, в ходе которых стороны обсудили актуальные вопросы развития систем здравоохранения наших стран.

🟡Кроме того, площадка встречи ОТГ позволила заключить меморандумы между ведущими национальными научными центрами здравоохранения Казахстана и Азербайджана в области детской онкологии, кардиологии, педиатрии, акушерства и гинекологии, пульмонологии, а также травматологии и хирургии.
Азербайджанская сторона провела презентацию платформы «электронный рецепт» (Е-рецепт).

🗣В завершении встречи вице-министр Ербол Оспанов сообщил, что в 2025 году Казахстан принимает эстафету по проведению следующей V встречи министров здравоохранения Организации тюркских государств.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥3
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҰҒА МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДА КҮШ БІРІКТІРУГЕ НИЕТТІ


Бүгін Қарағандыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының «Медицина ғылымын дамыту. Болашақ медицинасы: жаңа көкжиектер» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.

Ғылыми форумның күн тәртібінде Қазақстанда педиатриялық қызметті дамыту, денсаулық сақтауға жасанды интеллектті енгізу, онкологиядағы дербестендірілген медицина, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін реформалау құралы ретінде қоғамдық денсаулық сақтау мен ғылымды дамыту мәселелері көтерілді.

Орта мерзімді перспективада «Өмір және денсаулық туралы ғылымү» бағытында ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеудің нәтижелері ерекше құнды, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Олар қаржыландыру, саланың ғылыми әлеуетін, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту үшін неғұрлым перспективалы тақырыптарды таңдауға өз үлестерін қосуы тиіс.

Көшпелі отырыстың жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар медицина ғылымын дамыту саласындағы күш-жігерді шоғырландыру туралы шешімге келді. Бұл отандық медицина ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық құжаттарды, бірлескен іс-шаралар жоспарларын және жалпы тұжырымдаманы әзірлеуге қатысты.
Отырыстың жұмысына Денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім министрлері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қарағанды облысының әкімі, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, медициналық және қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
👍3