ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.37K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ЗАМАНАУИ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ ОНКОПАЦИЕНТТЕРДІ ЕМДЕУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

🆕Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында заманауи сәулелік терапия орталығының ашылуы онкологиялық көмектің сапасын және пациенттер үшін диагностика мен емдеудің озық әдістерінің қолжетімділігін арттыру жолында қадам жасауға мүмкіндік береді.

Орталық жаңа сәулелік аппараттармен - жаңа нұсқадағы желілік үдеткіштерімен, сондай-ақ «Қазақстан халқына» ҚҚ қаржылық қолдауымен сатып алынған компьютерлік томографпен жабдықталған.

🤔 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа жабдықта диагностиканың дәлдігі мен жылдамдығының маңыздылығын, бұл жалпы қатерлі ісіктері бар пациенттерді емдеудің тиімділігін арттыратынын ерекше атап өтті.

Сәулелік терапияны көрсету үшін елімізде сәулелік жабдықтың 32 қондырғысы бар, сондай-ақ 6 томотерапия аппараты жұмыс істейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
ОТКРЫТИЕ СОВРЕМЕННОГО ЦЕНТРА ЛУЧЕВОЙ ТЕРАПИИ ПОЗВОЛИТ УЛУЧШИТЬ КАЧЕСТВО ЛЕЧЕНИЯ ОНКОПАЦИЕНТОВ

🆕Открытие современного Центра лучевой терапии в КазНИИ онкологии и радиологии позволит сделать шаг на пути к повышению качества онкологической помощи и доступности передовых методов диагностики и лечения для пациентов.

Центр оснащен новейшими лучевыми аппаратами - линейными ускорителями нового поколения, а также компьютерным томографом, которые были приобретены при финансовой поддержке ОФ «Қазақстан халқына”.

🤔Министр здравоохранения Акмарал Альназарова особо отметила важность точности и скорости диагностики на новейшем оборудовании, что в целом повышает эффективность лечения пациентов со злокачественными образованиями.

Для оказания лучевой терапии в стране имеются 32 установки лучевого оборудования, также функционируют 6 аппаратов томотерапии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ДОНОР ТӨРТ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

❗️❕‼️🔺

Республика күні қарсаңында, 23 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордан төрт пациентке ағзаларды сәтті трансплантаттау жүргізілді.

🕊Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Көп ағзаны алу барысында жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды.

1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантатталды, осылайша елдің төрт азаматының өмірі сақталып қалды.

🤝Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және «University Medical Center» КҚ, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында «екінші өмірге» мүмкіндік алды.

ТҮЖМҚРО деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған 7 донор тіркелді, бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылғы 25 қазанда қайтыс болған донорлардың саны 6-ны құрады, бұл 23 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.

🗂2024 жылғы қазан айына Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталығының күту парағында бүйрек, бауыр, жүрек және «жүрек-өкпе» кешеніне трансплантаттауды қажет ететін 4080 пациент бар.

Әлемдік тәжірибе растағандай, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық трансплантологияны дамытудың ең перспективалы әдісі болып табылады. Өкпені немесе жүректі күтетін пациенттер үшін бұл өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі екенін айта кеткен жөн.

🖥: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/872573?lang=kk
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍1
В КАЗАХСТАНЕ ПОСМЕРТНЫЙ ДОНОР СПАС ЖИЗНИ ЧЕТЫРЕХ ЧЕЛОВЕК

❗️❕‼️🔺

Накануне Дня Республики, 23 октября в Восточно-Казахстанской областной больнице провели успешную трансплантацию органов четырем пациентам от посмертного донора.

🕊После констатации смерти мозга родственники 39-летнего донора дали согласие и пожертвовали органы четырем людям. В ходе мультиорганного забора были изъяты сердце, легкие и две почки.

Мужчине 1977 года рождения было пересажено сердце, женщине 1962 года рождения - легкие, ребенку 2015 года рождения - почка, а женщине 1966 года – другая почка, таким образом, спасены жизни четырех граждан страны.

🤝Пациенты обрели шансы на «вторую жизнь» благодаря слаженной команде республиканских, региональных и стационарных трансплантационных координаторов Республиканский центра по координации трансплантации Министерства здравоохранения и специалистов центров трансплантации КФ «University Medical Center», ТОО «Национальный научный онкологический центр».

По данным РЦКТВМУ, в 2023 году в Казахстане было зарегистрировано 7 посмертных доноров, что позволило пересадить 19 органов. На 25.10.2024 года количество посмертных доноров составило 6, что дало возможность пересадить 23 органов.

🗂На октябрь 2024 года в листе ожидания Республиканского центра по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг Министерства здравоохранения находятся 4080 пациентов, нуждающихся в трансплантации почки, печени, сердца и комплексе «сердце-легкое».

Как подтверждает мировой опыт, посмертное донорство - самый перспективный метод развития трансплантологии. Следует отметить, для пациентов, ожидающих легкие или сердце, это единственный шанс на спасение.

🖥: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/872573?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍1
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚ ҮШІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЮНИСЕФ-ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

📰Қазақстандық пациенттер үшін өмірлік маңызды препараттар мен антиретровирустық вакциналарды сатып алу тізбесі мен көлемі ұлғайтылатын болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінде.

Бүгін бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Копенгаген қаласындағы (Дания) сатып алу орталығына бару барысында уағдаластыққа қол жеткізілді, онда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 74-ші сессиясы жұмысын бастайды.

🤝Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде ЮНИСЕФ-ті қоса алғанда, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл спектрін кеңейту жоспарлануда.

Сапардың барысында ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері сатып алынатын дәрілік препараттардың тізбесін кеңейту мен халыққа қолжетімділігі жөніндегі нақты шараларды талқылады.

⭐️Бұл әріптестік препараттарды оңтайлы мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын үнемдеуге және пациенттерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтуды ұлғайтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ұйыммен өткен жылғы жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, 7 позиция бойынша дәрі-дәрмек сатып алу нәтижесінде шамамен 1,67 млрд. теңге үнемделді.

⚡️2025 жылға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу науқанының нәтижелері бойынша ДЗ тізбесін кеңейтумен қатар қаржы қаражатын үнемдеу де күтілуде.

Одан әрі ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлау, жабдықтау, жеткізу және бөлу процестерінің тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ЮНИСЕФ-пен қолданыстағы меморандумды өзектендіретін болады.

✅Дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасы препараттардың халықаралық сапа, қауіпсіздік және тиімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
МИНЗДРАВ РАСШИРЯЕТ СОТРУДНИЧЕСТВО С ЮНИСЕФ В ЦЕЛЯХ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ДОСТУПНОСТИ ЛЕКАРСТВ ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ

📰Перечень и объем закупок жизненно важных препаратов и антиретровирусных вакцин для казахстанских пациентов будут увеличены, сообщили в Министерстве здравоохранения.

Сегодня об этом достигнута договорённость в ходе посещения закупочного центр ЮНИСЕФ в городе Копенгаген (Дания), где начинается 74-ая сессия Европейского регионального комитета ВОЗ с участием министра здравоохранения Казахстана.

🤝В рамках лекарственного обеспечения планируется расширение спектра взаимодействия с международными организациями, включая ЮНИСЕФ.

В ходе визита представители Минздрава при поддержке ЮНИСЕФ обсудили конкретные меры по расширению перечня и доступности для населения закупаемых лекарственных препаратов.

⭐️Данное партнерство позволяет обеспечить поставку препаратов в оптимальные сроки, достичь экономии бюджетных средств и увеличения охвата пациентов необходимыми лекарствами.

Как показал прошлогодний опыт работы с международной организацией, в результате закупа лекарств по 7 позициям, удалось сэкономить порядка 1,67 млрд. тенге.

⚡️По результатам закупочной кампании лекарств на 2025 год также ожидается наряду с расширением перечня ЛС, так и экономия финансовых средств.

В рамках развития дальнейшего сотрудничества Министерством здравоохранения будет актуализирован действующий меморандум с ЮНИСЕФ по вопросам лекарственного обеспечения с акцентом на повышение эффективности процессов планирования, снабжения, доставки и распределения.

✅Программа ЮНИСЕФ по закупу лекарственных средств обеспечивает соответствие препаратов международным стандартам качества, безопасности и эффективности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
ДДҰ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БІРҚАТАР БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА КЕЛІСТІ


🔔Бүгін ДДҰ-ның Копенгагендегі (Дания) Еуропалық өңірлік комитетінің 74-ші сессиясының шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы доктор Ханс Клюге Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды талқылады.

Тараптар Мемлекет Басшысының жаһандық деңгейде МСАК жөніндегі елдер коалициясын құру және ДДҰ-ның Алматы қаласындағы МСАК жөніндегі географиялық қашықтағы офисінің базасында Коалиция Хатшылығын ұйымдастыру жөніндегі бастамасын ілгерілету туралы уағдаласты.

✔️«Қазақстан бұл мәселені 2025 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі отырысы барысында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейінде ілгерілетуге және МСАК бойынша елдер коалициясын ұсынуға мүдделі. Осы жоғары деңгейдегі іс-шараға тиімді дайындалу үшін біздің күш-жігерімізді біріктіру қажет, онда біз Коалиция жұмысының нәтижелерін көрсете аламыз», - деп атап өтті кездесу барысында министр.

📈Бұдан әрі аурулардың профилактикасына, семіздікке, халықтың дене белсенділігінің деңгейін арттыруға, тамақтануды жақсартуға, зиянды тағамдардың маркетингін төмендетуге және 2030 жылға дейін ұлттық стратегияны әзірлеуге негіз болатын басқа да бағыттарға байланысты мақсаттар мен міндеттердің ерекше өзектілігі атап өтілді. Доктор Клюге ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған бұл қадамды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазақстанның туберкулездің ауыртпалығын төмендетудегі көпжылдық табысты тәжірибесін ескере отырып, біздің елімізде «Туберкулез індетін жоюға арналған ДДҰ үздік практикалар орталығын» ашу туралы бастама көтерілді. Бұл орталықтың ашылуы мен жұмысы ТБ-ға қарсы күрес, елдердің арасында тәжірибе алмасу, Орталық Азияда ғана емес, ДДҰ-ның Еуропалық өңірінде де диалог пен қызметті үйлестіру бойынша күш-жігерді нығайтуға ықпал етеді деп болжануда.

📊Кездесудің соңында тараптар 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберіндегі ағымдағы жұмысқа жоғары баға берді және белгіленген жоспарларды іске асыру мақсатында одан әрі белсенді өзара іс-қимылды дамытуға сенім білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
ГЛАВА ЕВРОВОЗ ПОДДЕРЖАЛ РЯД ВАЖНЫХ ИНИЦИАТИВ МИНЗДРАВА РК


🔔Сегодня в рамках 74-й сессии Европейского регионального комитета ВОЗ в Копенгагене (Дания) министр здравоохранения Акмарал Альназарова и руководитель Европейского бюро ВОЗ доктор Ханс Клюге обсудили ряд инициатив, направленных на укрепление системы здравоохранения Казахстана.

Стороны договорились о продвижении инициативы Президента РК по созданию Коалиции стран по ПМСП на глобальном уровне и организации Секретариата Коалиции на базе Географически удаленного офиса ВОЗ по ПМСП в г. Алматы.

✔️«Казахстан заинтересован в продвижении данного вопроса на уровне Глав государств и правительств в ходе заседания высокого уровня Генеральной Ассамблеи ООН в сентябре 2025 г. в Нью-Йорке и представлении Коалиции стран по ПМСП. Необходимо объединить наши усилия для эффективной подготовки к данному мероприятию высокого уровня, где мы сможем продемонстрировать результаты работы Коалиции», - отметила в ходе встречи министр.

📈Далее была отмечена особая актуальность целей и задач, связанных с профилактикой заболеваний, ожирением, повышение уровня физической активности населения, улучшением питания, снижением маркетинга нездоровой пищи и других направлений, которые лягут в основу Национальной стратегии до 2030 года. Доктор Клюге выразил готовность поддержать реализацию данного шага к улучшению здоровья нации.

Учитывая многолетний успешный опыт Казахстана в снижении бремени туберкулеза, прозвучала инициатива об открытии в нашей стране «Центра лучших практик ВОЗ для ликвидации эпидемии туберкулеза». Предполагается, что открытие и работа данного центра будет способствовать укреплению усилий по борьбе с ТБ, обмену опытом между странами, диалогу и координации деятельности не только в Центральной Азии, но и в Европейском регионе ВОЗ.

📊В завершении встречи стороны дали высокую оценку текущей работе в рамках Двухгодичного соглашения о сотрудничестве на 2024-2025 годы и выразили уверенность в развитии дальнейшего активного взаимодействия.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
АЛМАТЫДА ОНКОЛОГТАР САЛМАҒЫ 15 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ АНАЛЫҚ БЕЗ ІСІГІН АЛЫП ТАСТАДЫ


😮Алматыда онкологтар салмағы 14 келі 770 грамм болатын аналық без ісігін алу отасын сәтті жасады. Алматы онкологиялық орталықтың онкогинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекова түсіндіргендей, мұндай ісіктер көбінесе гормоналды бұзылулардың нәтижесінде пайда болады және ұзақ уақыт бойы белгілері байқалмауы мүмкін.

Әйелдер әдетте іші айтарлықтай үлкейген кезде ғана дәрігерге жүгінеді, көбінесе оның өсуін салмақтың қалыпты өзгеруі деп санайды.

🗣«Өкінішке орай, көптеген әйелдерде үнемі өзін-өзі бақылау әдеті жоқ. Олар көбіне соңғы минутқа дейін тексерілуді қажет деп санамай, дәрігердің шақыруын күтеді», - дейді Болатбекова. Ол жеке бастаманың және өз денсаулығына мұқият көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтеді.

Шекаралық (қатерсіз және қатерлі шекарада) болып шыққан ісік жойылғаннан кейін науқас үйге шығарылды. Мұндай жағдайларда толық қалпына келтіру үшін әдетте ота жеткілікті.

📌Бұл жағдай жалғыз емес. Бөлімшеде қазірдің өзінде салмағы 18 келі болатын ісікті алып тастаған, салмағы 7-8 келі болатын ісікпен ауыратын науқастар тұрақты түрде түсіп тұрады. Болатбекованың атап өтуінше, шекаралық ісіктердің айырмашылығы үлкен мөлшерге дейін өсуге қабілетті, ал агрессивті қатерлі ісіктер өте кішкентай, бірақ метастаздар таралған болуы мүмкін.

Мұндай аурумен ауыратындардың ең көп саны 40 пен 55 жас аралығындағы әйелдер. Болатбекова сонымен қатар жатыр мойны обыры Алматыда да, дүние жүзінде де әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктердің екінші орында тұрғанын еске салды. Тек жыл басынан бері Алматыда 200-ден астам жаңа жағдай анықталды. Дегенмен, қалалық емханалар ұйымдастырған бағдарламалардың арқасында қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде диагностикалау мүмкіндігі артып келеді, бұл өмір сүруді айтарлықтай жақсартады.

📉«Заманауи диагностикалық және емдеу әдістері жалпы өмір сүруді арттырады, бірақ жатыр мойны обырының толық алдын алуға болатынын түсіну маңызды», - деп атап өтті Болатбекова.

Дәл осы мақсатта Қазақстанда жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломавирусына қарсы 11-13 жас аралығындағы қыздарды егу басталды. Бұл қадам болашақта ауруды толық жоюға негіз болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👏1
В АЛМАТЫ ОНКОЛОГИ УДАЛИЛИ ОПУХОЛЬ ЯИЧНИКА ВЕСОМ ПОЧТИ 15 КИЛОГРАММОВ



😮В Алматы онкологи успешно провели операцию по удалению опухоли яичника, вес которой составил внушительные 14 кг 770 грамм. По словам руководителя онкогинекологического отделения Алматинского онкологического центра Райхан Болатбекова, такие опухоли часто развиваются вследствие гормональных нарушений и могут длительное время не проявлять себя заметными симптомами.

Женщины обычно обращаются к врачу лишь тогда, когда заметно увеличивается живот, часто принимая его рост за обычное изменение веса.

🗣«К сожалению, у многих женщин отсутствует привычка к регулярному самоконтролю. Они часто не считают нужным обследоваться до последнего и ждут приглашения от врача», – подчеркивает Болатбекова. Она отмечает важность личной инициативы и внимательного отношения к своему здоровью.

После удаления опухоли, которая оказалась пограничной (на грани между доброкачественной и злокачественной), пациентку выписали домой. В таких случаях операции, как правило, оказывается достаточно для полного выздоровления.

📌Этот случай не единственный. В отделении уже удаляли опухоль весом 18 кг, а также регулярно поступают пациентки с новообразованиями массой 7–8 кг.

Наибольшее количество пациенток с подобными заболеваниями – это женщины в возрасте от 40 до 55 лет. Болатбекова также напоминает, что рак шейки матки остается вторым по распространенности онкологическим заболеванием среди женщин как в Алматы, так и во всем мире. Только с начала года в Алматы выявлено более 200 новых случаев.

📉 «Современные методы диагностики и лечения увеличивают общую выживаемость, но важно понимать, что рак шейки матки можно полностью предотвратить», – отмечает Болатбекова.

Именно с этой целью в Казахстане началась вакцинация девочек 11–13 лет от вируса папилломы человека, который вызывает рак шейки матки. Этот шаг — основа для полного искоренения заболевания в будущем.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👏2
ПРОФИЛАКТИКА ИНСУЛЬТА: КАК ВОВРЕМЯ РАСПОЗНАТЬ БОЛЕЗНЬ И ПРЕДОТВРАТИТЬ

🩺Ежегодно 29 октября отмечается Всемирный день борьбы с инсультом (World Stroke Day). История этого события начинается в 2004 году, когда Всемирная организация здравоохранения (World Health Organization) объявила инсульт глобальной эпидемией.

Инсульт занимает одно из ведущих мест в мире по заболеваемости, смертности и инвалидности. Масштаб проблемы для Казахстана трудно переоценить: ежегодно более 40 тысяч человек переносят инсульт, а в 2023 году этот показатель вырос до 45 тысяч.

🧠Более половины перенесших инсульт становятся инвалидами, и практически все они нуждаются в посторонней помощи. Для того чтобы снизить риск инсульта, население должно знать и понимать факторы риска, а также методы профилактики.

Основные причины возникновения инсульта включают повышенное артериальное давление, сахарный диабет, высокий уровень холестерина, низкую физическую активность, ожирение, курение, мерцательную аритмию и другие заболевания.

🗣Очень важно распознавать первые признаки инсульта и помнить, что специфическая медицинская помощь наиболее эффективна в так называемое «терапевтическое окно» — первые 4,5 часа с момента появления симптомов. Как распознать распознавать первые признаки инсульта и своевременно вызывать скорую помощь?

Face – лицо, которое опускается или сползает на одну сторону (онемение). Человек не может улыбнуться.
Arms – слабость в одной руке (появление мышечной слабости), рука падает, как плеть.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7
ИНСУЛЬТТІҢ ПРОФИЛАТИКАСЫ: АУРУДЫ УАҚЫТЫНДА ҚАЛАЙ АНЫҚТАП, АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ

🩺Жыл сайын 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (World Stroke Day) атап өтіледі. Бұл оқиғаның тарихы 2004 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization) инсультті жаһандық індет деп жариялаған кезде басталады.

Инсульт сырқаттанушылық, өлім және мүгедектік бойынша әлемдегі жетекші орындардың бірін алады. Қазақстан үшін проблеманың ауқымын асыра бағалау қиын: жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алады, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 45 мыңға дейін өсті.

🧠 Инсультті бастан өткергендердің жартысынан көбі мүгедек болып қалады және олардың барлығы дерлік көмекке мұқтаж. Инсульт қаупін азайту үшін халық қауіп факторларын, сондай-ақ профилактиканың әдістерін білуі және түсінуі керек.

Инсульттің негізгі себептері жоғары қан қысымы, қант диабеті, жоғары холестерин, төмен физикалық белсенділік, семіздік, темекі шегу, жыпылық аритимия және басқа аурулар болып табылады.

🗣Инсульттің алғашқы белгілерін тану және «терапиялық терезе» деп аталатын жерде нақты медициналық көмек — симптомдар басталғаннан кейінгі алғашқы 4,5 сағатта барынша тиімді екенін есте ұстаған жөн. «FAST суперқаһармандары»халықаралық білім беру бағдарламасы инсульттің алғашқы белгілерін тануға және жедел жәрдем шақыруға үйретеді.

Face - бір жағына салбырап немесе қисайып кететін бет (жансыздану). Адам күле алмайды.
Arms - бір қолдың әлсіздігі (бұлшықет әлсіздігінің пайда болуы), қол жансызданып, салбырап қалады.
Speach - сөйлеудің бұзылуы, дауыс тембрінің өзгеруі, адам фразаны нақты айта алмайды.
Time - егер бұл белгілер болса, жедел жәрдем шақыру керек, - деп түсіндірді «FAST суперқаһармандары» жобасының үйлестірушісі негізгі компоненттерді.

📌Инсульттің алдын алуға болатынын есте ұстаған жөн, үнемі медициналық тексеруден өту, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру және күнделікті физикалық белсенділікті ұмытпау қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7