ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☄️АЛМАТЫДА АГПҒО ДӘРІГЕРЛЕРІ АУЫР АНЕМИЯМЕН АУЫРАТЫН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ СӘТТІ БОСАНДЫРДЫ

🚌Алматының Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығына анамнезі өте күрделі 35 апта мерзімде жүкті әйел түсті. Оған бірқатар диагноздар қойылды: коагулопатиямен бірге жүретін ауыр идиопатиялық апластикалық анемия (Хагеман синдромы), тұрақты иммуносупрессивті терапия қажеттілігімен созылмалы трансфузиялық тәуелділік.
Соңғы триместрдегі жүктілік ана мен бала үшін жоғары қауіптермен бірге жүрді.

❗️Негізгі қауіптерге мыналар кірді:

🔹 Тромбоциттер деңгейінің төмендігіне және қан ұюының бұзылуына байланысты босану кезінде жаппай қан кету қаупі жоғары.
🔹 Коагулопатия мен антикоагулянттық терапияның қажеттілігін ескере отырып, босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоздың пайда болу қаупі.
🔹 Ананың анемиясымен және жатыр-плацентарлық қан ағымындағы өзгерістермен байланысты ұрық гипоксиясының қаупі.
🔹 Иммуносупрессивтік препараттарды ұзақ уақыт қолданудан туындаған иммундық тұрақсыздық.

Жетекші мамандардың консилиумынан кейін АГПҒО ана мен балаға қауіп-қатерді азайту үшін босануды индукциялау арқылы мерзімінен бұрын босандыру туралы шешім қабылдады.

Барлық қиындықтарға қарамастан дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында физиологиялық босану штаттық режимде өтті. Салмағы 2885 г, бойы 51 см, Апгар шкаласы бойынша 6/8 балл болатын бала дүниеге келді. Өмірдің алғашқы сағаттарында нәресте неонатологтардың бақылауында болды.

Босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоциттердіңмдеңгейін бақылауға, анемияны түзетуге және тромбоздың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Пациентке трансфузиялық терапия, анемияға қарсы және антикоагулянттық емдеу жүргізілді.

🔽Бұл жағдай бүкіл медициналық топ үшін үлкен сынақ болды. Мамандардың іс-қимылдарын нақты үйлестірудің және заманауи медициналық тәсілдердің арқасында ана мен бала үшін босандыру мүмкіндігінше қауіпсіз жүргізілді.

✅Пациент гематологта әрі қарай бақылау және қолдау терапиясын жалғастыру бойынша ұсыныстармен қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1
☄️ВРАЧИ НЦАГП В АЛМАТЫ ПРОВЕЛИ УСПЕШНОЕ РОДОРАЗРЕШЕНИЕ БЕРЕМЕННОЙ С ТЯЖЕЛОЙ АНЕМИЕЙ

🚌В Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии Алматы поступила беременная на сроке 35 недель с крайне сложным анамнезом. Ей был поставлен целый ряд диагнозов: идиопатическая апластическая анемия тяжелой формы, сопровождающаяся коагулопатией (синдром Хагемана), хроническая трансфузионная зависимость с необходимостью постоянной иммуносупрессивной терапии.
Беременность на последнем триместре сопровождалась высокими рисками как для матери, так и для ребенка.

❗️Основные угрозы включали:

🔹 Высокий риск массивного кровотечения в родах из-за низкого уровня тромбоцитов и нарушений свертываемости крови.
🔹 Опасность тромбообразования в послеродовом периоде, учитывая сочетание коагулопатии и необходимости антикоагулянтной терапии.
🔹 Риск гипоксии плода, связанный с анемией матери и изменениями в маточно-плацентарном кровотоке.
🔹 Иммунная нестабильность, обусловленная длительным приемом иммуносупрессивных препаратов.

🔥После консилиума ведущих специалистов НЦАГиП было принято решение о досрочном родоразрешении путем индукции родов, чтобы минимизировать риски для матери и ребенка.

Несмотря на все сложности, благодаря слаженной работе врачей физиологические роды прошли в штатном режиме. На свет появился мальчик весом 2885 г, ростом 51 см, оценка по шкале Апгар 6/8 баллов. В первые часы жизни малыш находился под наблюдением неонатологов.

В послеродовом периоде особое внимание уделялось контролю уровня тромбоцитов, коррекции анемии и профилактике тромбозов. Пациентке проводилась трансфузионная терапия, антианемическое и антикоагулянтное лечение.

🔽Этот случай стал серьезным испытанием для всей медицинской команды. Благодаря четкой координации действий специалистов и современным медицинским подходам удалось провести родоразрешение максимально безопасно для матери и ребенка.

✅Пациентка выписана в удовлетворительном состоянии с рекомендациями по дальнейшему наблюдению у гематолога и продолжению поддерживающей терапии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
🇰🇿ҚАЗАҚСТАН МЕН 🇹🇷ТҮРКИЯ ТМҰ ЕЛДЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ



🟣Ресми сапардың шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Анкарада Түркияның Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоглумен кездесті.

☑️Келіссөздердің барысында бірқатар стратегиялық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл - ауруханалық инфрақұрылымды дамытуға және қазақстандық фармацевтикалық өнімді өндіруге инвестициялар тарту, клиникалық практикада, медициналық білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында озық тәжірибелермен және технологиялармен алмасу мәселелері. Тараптар ағымдағы жылы Қазақстан төрағалық ететін түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) қатысушы елдердің Денсаулық сақтау министрлерінің 5-ші кездесуін егжей-тегжейлі талқылады, ТМҰ елдерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жылына арналған іс-шараның алдағы күн тәртібімен танысты.

💬Іс-шара түркітілдес елдердің арасында медицина саласындағы негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылауға арналған алаң болады. Салалық кездесудің күн тәртібіне ортақ медициналық платформа құру, кадрлармен алмасу және персоналды оқыту, шұғыл медицина және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы өзара іс-қимыл, фармацевтика мен дәрілік препараттар өндірісіндегі ынтымақтастық және т. б. сияқты ынтымақтастық бағыттары ұсынылды.

⏩ТМҰ-ға қатысушы елдердің Денсаулық сақтау министрлерінің 5-ші кездесуін 2025 жылғы 7-8 сәуірде Астанада өткізу жоспарланған, ол Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылады.

✔️Бұдан әрі Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы түрік инвестицияларының қазақстандық фармацевтика мен медициналық инфрақұрылымды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, осы маңызды бағытта әріптестікті арттыруға дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар, отандық жоғары оқу орындарының жетекші шетелдік университеттермен интеграциясының төмен деңгейіне байланысты қазақстандық тарап отандық медицина университеттерінің базасында түрік жоғары оқу орындарының филиалын ашуға қызығушылық танытты.

💬Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттердің арасында төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен тобын құру туралы бастама көтерді.

«Бұл сапар елдеріміздің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болды. Біз тәжірибе алмасуға, мамандарымызды оқытуға және Қазақстанда медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін емдеу мен диагностиканың инновациялық әдістерін енгізуге мүдделіміз», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.


✔️Сапардың бірінші күні Ақмарал Әлназарова TÜSEB ғылыми-зерттеу институтына және елдегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі «Ankara Bilkent Shehir Hastanesi» Билкентке барды.

✔️Түрік тарапымен келіссөздердің нәтижесінде студенттерді Түркияның медицина университеттеріне оқуға жіберу, үздік түрік клиникаларында басым бейіндер бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, онкологиялық көмек көрсету және жаңа туған нәрестелерге хирургия саласындағы екіжақты ынтымақтастық жаңа серпін алады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
🇰🇿 КАЗАХСТАН И 🇹🇷ТУРЦИЯ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ПРОВЕДЕНИЯ ВСТРЕЧИ МИНИСТРОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ СТРАН ОТГ



🟣В рамках официального визита министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова встретилась в Анкаре с министром здравоохранения Турции Кемалем Мемишоглу.

☑️В ходе переговоров обсуждены вопросы двустороннего сотрудничества по ряду стратегических направлений. Это вопросы привлечения инвестиций на развитие больничной инфраструктуры и производство казахстанской фармацевтической продукции, обмен передовым опытом и технологиями в клинической практике, в сфере медицинского образования, лекарственного обеспечения.

💬Стороны подробно обсудили проведение 5-й встречи Министров здравоохранения стран-участниц Организации тюркских государств (ОТГ), где в текущем году председательствует Казахстан, ознакомились с предстоящей повесткой мероприятия, посвященной Году первичной медико-санитарной помощи (ПМСП) в странах ОТГ.
Мероприятие послужит площадкой для обсуждения ключевых вызовов и возможностей в сфере медицины среди тюркоязычных стран. На повестку отраслевой встречи выдвинуты такие направления сотрудничества, как создание общей медицинской платформы, обмен кадрами и обучение персонала, взаимодействие в области экстренной медицины и реагирования на чрезвычайные ситуации, сотрудничество в фармацевтике и производстве лекарственных препаратов и др.

⏩5-я встреча Министров здравоохранения стран-участниц ОТГ намечено провести 7-8 апреля 2025 года в Астане, она будет приурочена к Всемирному Дню здоровья.

✔️Далее глава Минздрава Казахстана отметила значительный вклад турецких инвестиций в развитие казахстанской фармацевтики и медицинской инфраструктуры, выразив готовность наращивать партнерство в этом важном направлении.

Кроме того, в связи с низким уровнем интеграции отечественных ВУЗов с ведущими зарубежными университетами, казахстанская сторона выразила заинтересованность в открытии филиала турецких ВУЗов на базе отечественных медицинских университетов.

💬Наряду с тем, Министерство здравоохранения РК выступило с инициативой создания Объединенной группы реагирования на чрезвычайные ситуации среди государств-членов ОТГ и государств-наблюдателей на базе Национального координационного центра экстренной медицины.

«Этот визит стал важным шагом в укреплении сотрудничества между нашими странами в сфере здравоохранения. Мы заинтересованы в обмене опытом, обучении наших специалистов и внедрении инновационных методов лечения и диагностики для улучшения качества медицинской помощи в Казахстане», — отметила министр здравоохранения.


☑️В первый день визита Акмарал Альназарова посетила научно-исследовательский институт TÜSEB и один из крупнейших медицинских центров страны Билькент «Ankara Bilkent Şehir Hastanesi».

☑️В результате переговоров с турецкой стороной достигнута договорённость о направлении студентов на обучение в медицинские университеты Турции, повышении квалификации врачей по приоритетным профилям в лучших турецких клиниках. Также получит новый импульс двустороннее сотрудничество в сфере оказания онкологической помощи и хирургии новорождённых.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👏1
🔬ҰҒДСДО ДАНИЯДАҒЫ ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕУДІҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕЙДІ

Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының (ҒҰДСДО) сарапшылары қант диабеті асқынған пациенттерді емдеуге маманданған Еуропадағы ең ірі орталық — Steno Diabetes Center Copenhagen (SDCC) орталығына барды.

🇩🇰Данияда қант диабетімен ауыратындардың 90%-ы отбасылық дәрігерлерден көмек пен динамикалық бақылау алады. SDCC пациенттерге кешенді медициналық көмек көрсететін қант диабеті бойынша құзыреттіліктің жетекші орталығы болып табылады.

📊Орталықта консультациялық қабылдаулар жүргізіледі және 1-ші және 2-ші типті қант диабетімен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылауды қамтамасыз етеді. SDCC сонымен қатар диабеттік аяқты емдеуге арналған арнайы орталықтарды, сондай-ақ тамыр және көз патологиясымен айналысатын бөлімшелерді қамтиды.
Мамандардың — эндокринологтардың, нутрициологтардың, хирургтардың консультациялары - бетпе-бет және онлайн форматта жүргізіледі. Сонымен қатар, бүкіл Даниядағы жалпы практика дәрігерлері үшін жедел желі жұмыс істейді, оған пациенттерді емдеуді түзету бойынша ұсыныстар алуға болады.
SDCC диабеттік аяққа ерекше назар аударады. Орталықта диабеттік нейропатия диагностикасын жүргізетін және пациенттердің аяқ жарақаттарының алдын алуға бағытталған жеке ұлтарақтар әзірлейтін тәжірибелі подологтар жұмыс істейді.
Орталықтың сарапшылары қант диабетін емдеудің озық тәжірибесімен, инновациялық тәсілдермен, қант диабетінің себептерін және жаңа емдеу әдістерінің тиімділігін зерттеу саласындағы ғылыми зерттеулермен танысты.

🔘Медициналық кадрларды даярлау тәжірибесі де қызықты болды. SDCC-дегі мейіргерлер екі жылдық арнайы даярлықтан өтеді, содан кейін олар «эндокринологиялық мейіргер» біліктілігін алады.

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің деректері бойынша ҚР-да 2025 жылғы 1 қаңтарға қант диабеті диагнозымен 518 868 адам есепте тұр. Оның ішінде бірінші типті қант диабетімен ауыратындар – 29 907 адам, 2 типті - 492 857 адам, 18 жасқа дейінгі науқастардың саны – 5 613 адам.

➡️Қазақстанда ҚД бар пациенттер ТМККК-да амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік заттардың 46 түрімен және медициналық бұйымдардың 14 түрімен қамтамасыз етіледі. 2024 жылы қант диабетімен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен тегін қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстар 56 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25 млрд теңгеге артық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2😱1
🔬ННЦРЗ ИЗУЧАЕТ ПЕРЕДОВЫЕ МЕТОДЫ ЛЕЧЕНИЯ ДИАБЕТА В ДАНИИ

Эксперты Национального научного центра развития здравоохранения (ННЦРЗ) посетили Steno Diabetes Center Copenhagen (SDCC) — крупнейший в Европе центр, специализирующийся на лечении пациентов с осложнённым сахарным диабетом.

🇩🇰В Дании до 90% больных диабетом получают помощь и динамическое наблюдение у семейных врачей. SDCC является ведущим центром компетенций по диабету, предоставляя пациентам комплексное медицинское обслуживание.

📊В центре проводят консультативные приёмы и обеспечивают динамическое наблюдение пациентов с диабетом 1-го и 2-го типов. SDCC также включает в себя специализированные центры для лечения диабетической стопы, а также отделения, занимающиеся сосудистой и глазной патологией.
Консультации специалистов — эндокринологов, нутрициологов, хирургов — проводятся как очно, так и в формате онлайн. Кроме того, для врачей общей практики по всей Дании работает горячая линия, на которую можно обратиться за рекомендациями по корректировке лечения пациентов.
Особое внимание в SDCC уделяется диабетической стопе. В центре работают опытные подологи, которые проводят диагностику диабетической нейропатии и разрабатывают индивидуальные стельки, направленные на предотвращение травм стоп у пациентов.
Эксперты центра ознакомились с передовым опытом лечения диабета, инновационными подходами, научными исследованиями в области изучения причин диабета и эффективности новых методов лечения.

🔘Также был интересен опыт по подготовке медицинских кадров. Медицинские сестры в SDCC проходят специальное двухлетнее обучение, по завершении которого получают квалификацию «эндокринологическая медицинская сестра».

По данным информационной системы «Электронный регистр диспансерных больных», в РК на 1 января 2025 года с диагнозом сахарным диабетом на учете состоят 518 868 человек. Из них с диабетом первого типа – 29 907 человек, 2-го типа – 492 857 человек, количество болеющих до 18 лет – 5 613 человек.

➡️Пациенты с СД в Казахстане обеспечиваются в рамках амбулаторного лекарственного обеспечения в ГОБМП 46 видами лекарственных средств и 14 видами медицинских изделий. В 2024 году расходы на бесплатное обеспечение лекарствами и медизделиями больных диабетом составили 56 млрд тенге, что на 25 млрд больше, чем в 2021 году.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ЖАҚ-БЕТ ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


➡️Денсаулық сақтау министрлігінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен, сарапшылармен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ағарту министрліктерінің өкілдерімен, практик дәрігерлермен жақ-бет патологиясы бар балаларға медициналық көмек көрсетудің өзекті мәселелерін талқылау үшін кездесу өткізді.

Бүгінде Қазақстанда кемістікті жоюға, сондай-ақ тұлғаның эстетикалық келбетін бірнеше кезеңде қалпына келтіруге бағытталған балаларға операциялық араласудың 18 түрі жүргізіледі.

⚡️2024 жылы мыналар жүргізілді:

* Ауыз қуысының құрылымына 4800 операция;
* 846 қалпына келтіру және пластикалық операция;
* Бет сүйегіне 1035 операция;
* Бет сүйегі мен жұтқыншаққа 45 операция.

Сонымен қатар, өткен жылы ортодонтиялық түзету бойынша 12,5 мыңнан астам қызмет және тіс-жақ патологиясын жоюға арналған мамандандырылған аппараттарды пайдалана отырып, жақ-бет аймағында туа біткен ауытқуы бар балаларға 12,8 мыңнан астам ортодонтиялық көмек көрсетілді. Сондай-ақ алынбалы аппараттарды пайдалана отырып, ортодонтиялық көмектің 7061 қызметі жүргізілді.

❕Жыл сайын Қазақстанда туа біткен жақ-бет кемістіктері бар 200-250 бала туады, оларға хирургиялық түзетуді, ортодонтиялық көмекті және эндопротездеуді қоса алғанда, әртүрлі емдеу қажет.

Жақ-бет патологиясы - медициналық көмек көрсету тұрғысынан ең күрделі, көп сатылы, бірқатар аралас мамандарды тартуды талап етеді. Жақ-бет хирургтарынан, стоматологтардан, педиатрлардан басқа неонатологтардың, нейрохирургтардың, генетиктердің, отоларингологтардың қатысуы қажет. Мұндай балаларды оңалту медициналық емес мамандарды: логопедтерді, педагогтарды, клиникалық психологтарды тартпай мүмкін емес.

🔘Технологияларды тиісті үйлестіру және трансферттеу мақсатында балалар жақ-бет хирургиясы орталығы болып «UMC» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы айқындалды.

Кездесуге қатысушылардың назарында облыстық балалар стационарлары базасында мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру, пациенттерді медициналық көмек көрсету деңгейлері бойынша маршруттау, шетелдік және қазақстандық мамандарды тарта отырып, өңірлерде дәрігерлерді оқыту мәселелері болды. Бұл жергілікті жерлерде жоғары сапалы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және республикалық медициналық орталықтарға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Проблемалық мәселелерді талқылау барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова беттің кемістіктерінен зардап шегетін көптеген бала айтарлықтай психологиялық қиындықтарға тап болуға мәжбүр екенін, бұл олардың дамуы мен отбасындағы қарым-қатынастарына әсер ететінін атап өтті.

🔥Депутат ортодонтиялық көмекті ілгерілетуге және осы саладағы басқа да мәселелерді шешуге белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Әр баланың қажетті емделуі және толыққанды өмір сүру мүмкіндігі болуы маңызды, деп атап өтті сенатор.

✔️Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерді маршруттау алгоритмін және жақ-бет патологиясы бар балаларға медициналық көмек көрсетуді өңірлендіру жүйесін әзірлейтін болады. Бұл пациенттерді біркелкі бөлуді қамтамасыз етеді және амбулаториядан стационарлық қызметке дейінгі барлық деңгейлерде медициналық қызметтердің сапасын жақсартады.

▶️Сондай-ақ, вице-министр 2026 жылдан бастап облыстық ересектер мен балалар ауруханаларын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті, онда жақ-бет хирургиясы бойынша заманауи жаңа технологиялар сараланатын болады. Осы жобаның шеңберінде стационарлардың материалдық-техникалық базасын күшейту, ЖОО-лар орналасқан өңірлік орталықтардың есебінен мамандарды даярлаудың дуальды білім беру элементін енгізу көзделген.

Медициналық көмектің осы түрін өңірлендірудің сәтті мысалдары Қостанай және Жамбыл облыстары болды, онда 2024 жылы ЖБП жою бойынша жаңа операциялық араласулар жүргізілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1
Сенат депутаттары бастамашылық еткен кездесудің қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі жақ-бет патологиясы бар балаларға арналған ірі орталықтарда қымбат тұратын операциялық араласудың барлық түрлерінің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беретін жеке бағдарламаның жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс жасады, сондай-ақ жақ-бет патологиясы бар балаларды қолдау жөніндегі ведомствоаралық жоспар әзірленетін болады.


🔍Өз кезегінде, ҚР ДСМ-ның бас штаттан тыс генетигі бет дамуының кемістігі фолатқа тәуелді кемістігі екенін атап өтті. Жатырішілік даму кезеңінде мұндай кемістіктердің профилактикасы үшін фолий қышқылын қабылдау қажет, ол баланың тууын жоспарлау кезеңінде ұсынылады. «Аналар саулығы» жобасының шеңберінде әйелдерді жүктілікке дайындау кешені көзделеді.

Жақ-бет патологиясы бар балаларға қымбат хирургиялық, ортодонтиялық және стоматологиялық көмектің барлық көлемі кепілдендірілген медициналық көмек пакетінің шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де тегін көрсетілетінін айта кеткен жөн.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ВОПРОСЫ ОКАЗАНИЯ МЕДПОМОЩИ ДЕТЯМ С ЧЕЛЮСТНО-ЛИЦЕВОЙ ПАТОЛОГИЕЙ ОБСУДИЛИ В МИНЗДРАВЕ


➡️В Министерстве здравоохранения вице-министр Ержан Нурлыбаев провел встречу с депутатами Сената Парламента РК, экспертами, представителями Министерств труда и социальной защиты населения, просвещения, практикующими врачами, руководителями управлений здравоохранения для обсуждения актуальных вопросов оказания медицинской помощи детям с челюстно-лицевой патологией.

В Казахстане сегодня проводится 18 видов оперативных вмешательств детям, направленных на устранение дефекта, а также на восстановление эстетического вида лица в несколько этапов.

⚡️В 2024 году было проведено:

• 4800 операций на структурах ротовой полости;
• 846 восстановительных и пластических операций;
• 1035 операций на костях лицевого черепа;
• 45 операций на лицевом черепе и глотке.

Кроме того, в прошлом году было оказано свыше 12,5 тысяч услуг по ортодонтической коррекции и более 12,8 тысяч услуг ортодонтической помощи для детей с врожденными аномалиями челюстно-лицевой области с использованием специализированных аппаратов для устранения зубочелюстных патологий. Также проведено 7061 услуг ортодонтической помощи с использованием съемных аппаратов.

❕Ежегодно в Казахстане рождается 200-250 детей с врожденными челюстно-лицевыми пороками, которые нуждаются в разных видах лечения, включая хирургическую коррекцию, ортодонтическую помощь и эндопротезирование.

Челюстно-лицевая патология — наиболее сложная, многоэтапная с позиции оказания медицинской помощи, требующая привлечения целого ряда смежных специалистов. Кроме челюстно-лицевых хирургов, стоматологов, педиатров, требуется участие неонатологов, нейрохирургов, генетиков, отоларингологов. Реабилитация таких детей невозможна без привлечения немедицинских специалистов: логопедов, педагогов, клинических психологов.

🔘В целях должной координации и трансферта технологий центром по детской челюстно-лицевой хирургии определен Национальный научный центр материнства и детства КФ «UMC».

В фокусе внимания участников встречи были вопросы организации специализированной медпомощи на базе областных детских стационаров, маршрутизация пациентов по уровням оказания медпомощи, обучение врачей в регионах с привлечением зарубежных и казахстанских специалистов. Это позволит обеспечить доступность высококачественных услуг на местах и снизить нагрузку на республиканские медицинские центры.

В ходе обсуждения проблемных вопросов депутат Сената Парламента РК Жанна Асанова отметила, что многие дети, страдающие от дефектов лица, вынуждены переживать значительные психологические трудности, что влияет на их развитие и взаимоотношения в семье.

🔥Депутат выразила свою готовность активно поддерживать продвижение ортодонтической помощи и решение других проблем в этой области. Важно, чтобы каждый ребенок мог получить необходимое лечение и возможность жить полноценной жизнью, подчеркнула сенатор.

✔️По словам директора департамента охраны здоровья матери и ребенка Магрипы Ембергеновой, Министерством здравоохранения будет разработан алгоритм маршрутизации пациентов и система регионализации оказания медицинской помощи детям с челюстно-лицевыми патологиями. Это позволит обеспечить более равномерное распределение пациентов и улучшить качество медицинских услуг на всех уровнях — от амбулаторного до стационарного.

▶️Вице- министр также отметил, что с 2026 года планируется начать проект по развитию областных взрослых и детских больниц, где будут ранжироваться современные новые технологии по челюстно-лицевой хирургии. В рамках данного проекта предусмотрено усиление материально-технической базы стационаров, внедрение элемента дуального образования подготовки специалистов за счет региональных центров, где располагаются ВУЗы.

Успешными примерами регионализации данного вида медпомощи стали Костанайская и Жамбылская области, где в 2024 году были проведены новые оперативные вмешательства по устранению ЧЛП.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По итогам встречи, инициированной депутатами Сената, Минздрав выступил с предложением по разработке проекта отдельной программы, которая позволит улучшить доступность всех видов дорогостоящих оперативных вмешательств в крупных центрах для детей с челюстно-лицевой патологией, а также будет разработан Межведомственный план по поддержке детей с челюстно-лицевой патологией.

🔍В свою очередь, главный внештатный генетик МЗРК обратила внимание, что пороки развития лица - это фолатзависимые пороки. В целях профилактики таких аномалий в период внутриутробного развития необходим прием фолиевой кислоты, который рекомендуется на этапе планирования рождения ребенка. В рамках проекта «Аналар саулығы» предусматривапется комплекс подготовки женщин к беременности.

Стоит отметить, что весь объем дорогостоящей хирургической, ортодонтической и стоматологической помощи детям с челюстно-лицевыми патологиями оказывается бесплатно, как в рамках гарантированного пакета медицинской помощи, так и в системе обязательного социального медицинского страхования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АСТАНАДАҒЫ НЕОНАТОЛОГТАР СИМПОЗИУМЫ: ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІ 80%-ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🗣Астанада UMC Ана мен бала орталығының базасында неонатология, балалар хирургиясы, акушерлік және гинекология, педиатрия, мейіргер ісі, генетика сияқты негізгі және сабақтас мамандықтар бойынша жақын және алыс шетелдердің 1400-ден астам жетекші маманының қатысуымен «Бөбек»неонатологтардың II Қазақстандық Симпозиумы өтті.
Неонатология саласындағы алғашқы Қазақстандық форумның басты міндеті - шетелдік әріптестермен тиімді тәжірибе алмасу, денсаулық сақтаудың заманауи сын-қатерлеріне жауап ретінде шешімдер іздеу, ана мен бала саласындағы ғылым мен практика арасында берік байланыс орнату.

Форумға қатысушылар екі күн бойы жаңа туған нәрестелерді күтудің жаңа технологияларын практикаға енгізудің, неонаталдық, ұрық хирургиясының, балалар кардио-, ангио - және нейрохирургиясының белсенді дамуының, туа біткен кемістіктерді анықтау бойынша ерте скринингтер жүргізудің өзекті мәселелерін талқылады.

⏺Форум алаңында дәрігерлер жаңа туған нәрестелерді парентералдық тамақтандыру, эхокардиография бойынша бірнеше мастер-класс өткізді, дұрыс шешімдерді іздеумен күрделі кейстерді талдады, сондай-ақ мейіргерлік практика бойынша сессия барысында жаңа туған нәрестелерді күту бойынша үздік технологиялар көрсетілді.


«2024 жылы «Әрбір әйел - әрбір бала» іс-қимыл жоспарын іске асыру сәбилер өлімінің көрсеткішін 11%-ға төмендетуге және тірі туған 1000 адамға шаққанда 6,80 тарихи ең төменгі деңгейге, неонаталдық өлімді 3,32-ге дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Жаңа туған нәрестелерді күтудің заманауи технологиялары ұрық пен нәрестенің патологиялық жағдайларын диагностикалау, болжау және емдеу сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл толыққанды және шала туған балалардың, оның ішінде туу салмағы өте төмен сәбилердің өмір сүруінің айтарлықтай артуына әкелді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басшысы Мағрипа Ембергенова.


☑️2024 жылы Қазақстанда 367 мың сәби дүниеге келді, олардың 4,8 -ы мерзімінен бұрын дүниеге келді. Өткен жылы ғана елде 17 616 нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келді, бұл балалар 36-шы аптаға дейін туылды және салмағы 2,5 келіден аз болды.

Неонатология қызметінің күш-жігерінің, жаңа технологиялар мен медициналық көмек көрсету стандарттарының арқасында мұндай сәбилердің өмір сүру деңгейі 80%-ға дейін өсті.
Егер 15 жыл бұрын салмағы 500-999 грамм болатын бес баланың біреуі ғана аман қалу мүмкіндігіне ие болса, бүгінде өте шала туған нәрестелердің жартысынан көбі өз құрдастарын қауіпсіз түрде қуып жетеді.
Бүгінде Қазақстанда балаларға медициналық көмекті 3,5 мыңнан астам балалар дәрігері, оның ішінде 773 неонатолог көрсетеді.

➡️Неонатолог педиатрдан ерекшеленеді, ол перзентханада, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде жұмыс істейді және неонаталдық кезеңде — өмірдің алғашқы 28 күнінде балалармен айналысады.

Қазақстанда 240 мекеме жұмыс істейді, онда босану кезінде көмек көрсетіледі. Бұл 140 аудандық клиника, 59 перзентхана және 39 перинаталдық орталық.

Сондай-ақ, елде күрделі операциялар жүргізетін және әйелдерге де, жаңа туған нәрестелерге де көмек көрсететін екі республикалық мамандандырылған орталық бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1