ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️2024 жылы Қазақстанда алғаш рет ана өлімінің ең төмен көрсеткіші тіркелді, бұл Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан қабылданған жүйелі кешенді шаралардың, сондай-ақ барлық деңгейдегі сарапшылардың, акушер-гинекологтардың, босандыру қызметі мамандарының мультидисциплиналық тобының жұмысының нәтижесі болды.

📊Өткен жылы жүкті әйелдердің өміріне қауіп төндіретін 706 ауыр жағдай тіркелді, олардың 95% жағдайында әйелдердің өмірі сақталып қалды. 2021 жылдан бастап ауыр жағдайлардың 40%-ға төмендеуі байқалады, алайда жүктілік кезінде алғаш рет диагноз қойылған ауыр соматикалық патологиялары бар жүкті әйелдердің өсуі байқалады.

✈️Өткен жылы Ұлттық шұғыл медицина орталығымен бірлесіп санитариялық авиация 165 ұшуды орындады; жергілікті жерде 9 әйелге операция жасалды; облыстық және республикалық клиникаларға тасымалданған ауыр жағдайдағы 127 әйелдің өмірін сақтап қалды.

🚑Жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмекті одан әрі жетілдіру үшін «Аналар саулығы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі фертилдік жастағы әйелдердің (ФЖӘ) профилактикалық тексерулерінің және динамикалық байқауының сапасын жақсартуды жоспарлап отыр.

📈Бағдарлама жүктілікке дейін экстрагениталдық аурулардың анықталуын арттыруға, әйелдердің контрацепциямен 40%-ға дейін және прегравидалдық даярлықпен 45%-ға дейін қамтылуын арттыруға бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️В 2024 году в Казахстане впервые был зарегистрирован самый низкий показатель материнской смертности, что стало результатом принятых системных комплексных мер со стороны Министерства здравоохранения, а также работы мультидисциплинарной команды экспертов на всех уровнях, акушеров-гинекологов, специалистов службы родовспоможения.

📊В прошлом году было зарегистрировано 706 критических ситуаций, связанных с угрозой жизни беременным, из них в 95 % случаях женщины были спасены. С 2021 года отмечается снижение критических ситуаций на 40%, однако отмечается рост беременных с тяжелыми соматическими патологиями, которые впервые диагностированы во время беременности.

✈️За прошлый год совместно с Национальным центром экстренной медицины санитарной авиацией выполнено 165 вылетов; прооперировано на месте 9 женщин; удалось спасти жизни 127 женщин в тяжелом состоянии, которые были транспортированы в областные и республиканские клиники.

🚑Для дальнейшего совершенствования медицинской помощи беременным и родильницам в рамках реализации программы «Аналар саулығы» Министерством здравоохранения планируется улучшение качества профилактических осмотров и динамического наблюдения женщин фертильного возраста (ЖФВ).

📈Программа нацелена на повышение выявляемости экстрагенитальных заболеваний до беременности, увеличение охвата женщин контрацепцией до 40% и прегравидарной подготовкой 45%.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
⚡️ІЛГЕРІЛЕУГЕ БАСТАҒАН АЛТЫ ЖЫЛ: ҚАЗАҚСТАН ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді басқарғанына алты жыл толады. Осы уақыттың ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленіске дейінгі көптеген сын-тегеуріндерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге қол жеткізе алды, деп атап өтті Премьер-Министр Олжас Бектеновтың «Прогрестің алты жылы: Қазақстан орнықты даму жолында» атты мақаласында.

▪️Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге қатысты мақалада қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы бойынша негізгі көрсеткіштер келтірілген.

Осылайша, 2019 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 73-тен 75 жасқа дейін өсті. Жалпы өлім 7,8%-ға, Ана - 26,3%-ға, сәби - 15,8%-ға төмендеді. Бұған профилактиканың тиімділігін арттыру және скринингтермен қамтуды кеңейту ықпал етті.
Осы алты жылдың ішінде бүкіл ел бойынша 955 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың ішінде Ұлттық ғылыми онкология орталығы және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығы сияқты маңызды мекемелер бар.

✅Іске асырылып жатқан «Аңсаған сәби» арнайы президенттік бағдарламасының арқасында 2021 жылдан бастап 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше назар аударылады.
Мысалы, өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық елді мекендерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді. Тұрғын үй мәселелерін шешудің қолжетімді құралдары бар.

🖥: https://primeminister.kz/news/ilgerileuge-bastagan-alty-zhyl-kazakstan-ornykty-damu-zholynda-29812
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️ШЕСТЬ ЛЕТ ПРОГРЕССА: КАЗАХСТАН НА ПУТИ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ

Скоро исполнится шесть лет с того момента, как Касым-Жомарт Кемелевич Токаев возглавил нашу страну. За это время Казахстан, несмотря на многочисленные вызовы, начиная от пандемии коронавируса и до глобальной геополитической напряженности, смог достичь значительных результатов в экономическом развитии, отмечается в статье Премьер-Министра Олжаса Бектенова под названием «Шесть лет прогресса: Казахстан на пути устойчивого развития».

▪️Касательно достижений в сфере здравоохранения, в статье приводятся ключевые показатели по продолжительности жизни казахстанцев.

Так, начиная с 2019 года, ожидаемая продолжительность жизни увеличилась с 73 до 75 лет. Общая смертность снизилась на 7,8%, материнская – на 26,3%, младенческая – на 15,8%. Этому способствовало повышение эффективности профилактики и расширение охвата скринингами.
За прошедшие шесть лет по всей стране построено 955 объектов здравоохранения. Среди них такие значимые учреждения, как Национальный научный онкологический центр и Национальный координационный центр экстренной медицины.

✅Благодаря реализуемой специальной президентской программе «Аңсаған сәби», в семьях, которые не имели возможности завести детей, с 2021 года родились более 9 тысяч младенцев.

Особое внимание уделяется повышению кадрового потенциала системы здравоохранения, особенно в сельской местности. К примеру, в прошлом году благодаря инициативе Главы государства введена единовременная денежная выплата в размере 8,5 миллиона тенге медицинским работникам, прибывшим на работу в сельские населенные пункты на срок не менее 5 лет. Имеются доступные инструменты решения жилищных вопросов.

🖥: https://primeminister.kz/ru/news/shest-let-progressa-kazakhstan-na-puti-ustoychivogo-razvitiya-29812
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДДҰ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЕЛДІК СТРАТЕГИЯСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

🤝Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ДДҰ мен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ынтымақтастығының елдік стратегиясының жобасы талқыланды.
Құжатты талқылауға ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова, ДДҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты Өкілі Скендер Сыла, ДДҰ-ның Алматы қаласындағы МСАК жөніндегі еуропалық орталығының басшысы Мелита Якаб және ДДҰ Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Лаура Өтемісова қатысты.
Елдік стратегия ДДҰ-ның Жалпы жұмыс бағдарламасына және еуропалық жұмыс бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы нәтижелерді жақсартуды және денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның денсаулық сақтау саясаты мен даму мақсаттарын қолдау үшін әзірленген.

💳Министр бұған дейін ДДҰ-ның 2028 жылға дейінгі он төртінші жалпы жұмыс бағдарламасының шеңберінде алты стратегиялық басымдық келісілгенін атап өтті. Олар климаттың өзгеруіне ден қою шараларына, денсаулықтың бұзылуының негізгі себептеріне, МСАК-тың прогрессивті тәсілдерін ілгерілетуге, денсаулық сақтау және қаржылық қорғау қызметтерімен қамтуды кеңейтуге, денсаулық үшін қауіптерді азайтуға, денсаулық сақтау саласындағы ТЖ-ға ден қою шараларына қатысты.

✅Ұсынылған стратегияда одан әрі ынтымақтастықтың негізі ретінде семіздік пен тамақтану проблемаларына қарсы күрес жөніндегі бағдарламаларды кеңейту, денсаулық сақтау қызметтерін цифрландыруды ілгерілету, аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін медициналық көмекке қолжетімділікті жақсарту сияқты бағыттар алынды.

Кездесу барысында тараптар белсенді пікір алмасты, ұсыныстар мен ұсынымдарды тыңдады және бірлескен күш-жігермен құжаттың соңғы нұсқасын бекітуге келісті.

💻Елдік ынтымақтастық стратегиясына қол қою Астанада ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге мырзаның қатысуымен ТМҰ-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлерінің 5-ші кездесуі шеңберінде болжанады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️В МИНЗДРАВЕ ОБСУДИЛИ СТРАНОВУЮ СТРАТЕГИЮ СОТРУДНИЧЕСТВА ВОЗ И КАЗАХСТАНА

🤝Сегодня в Министерстве здравоохранения состоялось обсуждение проекта Страновой стратегии сотрудничества ВОЗ и Казахстана до 2030 года.
В обсуждении документа приняли участие глава ведомства Акмарал Альназарова, Постоянный Представитель ВОЗ в РК Скендер Сыла, Руководитель Европейского центра ВОЗ по ПМСП в г. Алматы Мелита Якаб и Национальный координатор программ по общественному здравоохранению ВОЗ Лаура Утемисова.
Страновая стратегия разработана для поддержки политики здравоохранения и целей развития Казахстана, обеспечивая улучшение результатов в области здравоохранения и укрепление систем здравоохранения в соответствии с Общей программой работы ВОЗ и Европейской программой работы.

💳Министр отметила, что ранее были согласованы шесть стратегических приоритетов в рамках Четырнадцатой общей программы работы ВОЗ до 2028 года. Они касаются мер реагирования на изменение климата, первопричин нарушений здоровья, продвижения прогрессивных подходов ПМСП, расширения охвата услугами здравоохранения и финансовой защиты, снижения рисков для здоровья, мер реагирования на ЧС в области здравоохранения.

✅В предложенной стратегии взяты за основу дальнейшего сотрудничества такие направления, в частности, как расширение программ по борьбе с ожирением и проблемами питания, продвижение цифровизации услуг здравоохранения, улучшение доступа к медпомощи для матерей и новорожденных.

В ходе встречи стороны активно обменялись мнениями, выслушали предложения и рекомендации и договорились совместными усилиями утвердить финальную версию документа.

💻Подписание Стратегии странового сотрудничества предполагается в Астане в рамках 5-й встречи Министров здравоохранения стран-участниц ОТГ с участием директора Европейского регионального бюро ВОЗ г-на Ханса Клюге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛎АСТАНАДА ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ



🗓 Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Польша Республикасының ҚР-дағы Уақытша Сенімді Өкілі Михал Лабендамен кездесу өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселелерін талқылады.
Фармацевтика өнеркәсібін дамыту, медицина кадрларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру, тәжірибе және технологиялармен алмасу салаларындағы ұзақ мерзімді қазақстан-поляк әріптестігінің нәтижелері бірқатар бағыттар бойынша тұрақты оң серпінге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

✔️Қазақстан медициналық білім және ғылым саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың табысты тәжірибесін атап өтіп, Польша университеттерімен әріптестікті одан әрі кеңейтуге ниетті, деп атап өтті министр.

🤝 Кездесу барысында санаторийлік-курорттық емдеу желісін дамыту, трансплантологияны күшейту, цифрлық технологиялар мен медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру саласында тәжірибе алмасу ұсынылды.

Поляк дипломаты бірлескен жобаларды іске асырудағы үлкен әлеуетті атап өтіп, барлық айтылған бастамаларға қолдау білдірді.

▶️Денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында қазақстандық тарап 2025 жылы Қазақстан мен Польша арасындағы ведомствоаралық келісімді әзірлеуге мүдделілік білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🛎РЯД АКТУАЛЬНЫХ НАПРАВЛЕНИЙ СОТРУДНИЧЕСТВА С ПОЛЬСКОЙ РЕСПУБЛИКОЙ ОБСУДИЛИ В АСТАНЕ



🗓Сегодня министр здравохранения Акмарал Альназарова провела встречу с Временным Поверенным в делах Республики Польша в РК Михалом Лабендой.

Стороны обсудили вопросы активизации дальнейшего сотрудничества в области здравоохранения между двумя странами.
Результаты долгосрочного казахстанско-польского партнерства в сферах развития фармацевтической промышленности, обучения и повышения квалификации медицинских кадров, обмена опытом и технологиями позволили достигнуть устойчивой положительной динамики по ряду направлений.

✔️Казахстан намерен и впредь расширять партнерство с польскими университетами, отмечая успешный опыт реализации совместных инициатив в области медицинского образования и науки, подчеркнула министр.

🤝В ходе встречи также предлагался обмен опытом в сфере развития сети санаторно-курортного лечения, усиления трансплантологии, усовершенствования цифровых технологий и системы медицинского страхования.

Польский дипломат выразил поддержку по всем озвученным инициативам, отмечая большой потенциал в реализации совместных проектов.

▶️С целью укрепления двустороннего сотрудничества в области здравоохранения казахстанская сторона высказала заинтересованность в разработке Межведомственного соглашения между Казахстаном и Польшей в 2025 году.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2
🦷«БОЛАШАҚҚА - САУ ТІСПЕН» БАҒДАРЛАМАСЫ: МЕКТЕПТЕРДЕ ТАҒЫ 195 СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КАБИНЕТ АШЫЛАДЫ


🗓️Бүгін, 20 наурызда Дүниежүзілік стоматологиялық қауымдастықтың (FDI) бастамасымен өткізілетін Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығы күні (World Oral Health Day) атап өтіледі.

Тісжегі және қызыл иектің патологиясы сияқты ауыз қуысының аурулары жиі кездеседі және жалпы денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.

💬Сондықтан ата-аналар қауымдастығын, қауіп тобындағы балалар мен жасөспірімдерді профилактика әдістері мен тұрақты стоматологиялық қарап-тексерулердің маңыздылығы туралы хабардар ету өте маңызды.

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарындағы балалардың ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру жыл сайын 2 жастан 17 жасқа дейін жүргізіледі.

📈Соңғы жылдары Қазақстанда ауыз қуысы ауруларының өсуі, оның ішінде тісжегі мен тіс жұлудың асқынған түрлерінің саны байқалды. Тексерілген 10 баланың 7-уіне тісжегі бар тістер диагнозы қойылады.

Осыған байланысты, өткен жылы Министрлік 2024-2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» мектеп жасындағы балалардың стоматологиялық ауруларының профилактикасын жетілдіру жөніндегі жол картасын бекітті.

✅Білім беру ұйымдарында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеттерін ашу және одан әрі жұмыс істеу бойынша ҚР Білім министрлігімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.

Осы жоспардың шеңберінде республика бойынша 145 стоматологиялық кабинет жұмыс істейді, 2025 жылы тағы 195 стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетін ашу жоспарлануда.

📌Ауыз қуысы мен тістің денсаулығын сақтау үшін қарапайым қағидаларды сақтау ұсынылады:

🔵Үйде күніне екі рет щеткамен тазалау, сонымен қатар қосымша гигиеналық құралдарды қолдану (тіс жіптері, тісарасын шұқығыштар, шайғыштар, протездерге арналған щеткалары және т.б.).

🔵Дұрыс тамақтануды ұстану. Негізгі талап - көмірсулардың жиілігін шектеу.

🔵Тіс дәрігеріне жылына кемінде бір рет қаралу. Бұл профилактикалық шараларды уақтылы тағайындауды және жүргізуді, қажет болған жағдайда тістерді емдеуді қамтамасыз етеді.

Бүгінде еліміздің мектеп ұйымдарында стоматологиялық аурулардың профилактикасы бойынша фото және бейнематериалдарды, оқушыларға арналған ауыз қуысының гигиенасы сабақтарын, стоматолог дәрігерлерге, дантистерге және стоматологиялық гигиенистерге арналған ғылыми-практикалық конференцияларды пайдалана отырып, кең ауқымды санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🦷ПРОГРАММА «БОЛАШАҚҚА – САУ ТІСПЕН»: В ШКОЛАХ ОТКРОЕТСЯ ЕЩЕ 195 СТОМАТОЛОГИЧЕСКИХ КАБИНЕТОВ


🗓️Сегодня, 20 марта отмечается Всемирный День здоровья полости рта (World Oral Health Day), который проводится по инициативе Всемирной стоматологической ассоциации (FDI).

Такие заболевания полости рта, как кариес и патологии десен становятся все более распространенными и могут иметь серьезные последствия для общего здоровья.

💬Поэтому крайне важно информировать родительское сообщество, детей и подростков, которые находятся в группе риска, о методах профилактики и значении регулярных стоматологических осмотров.

Профилактические осмотры полости рта детей в детских дошкольных, средних образовательных организациях ежегодно проводятся с 2-х до 17 лет.

📈За последние годы в Казахстане наблюдается рост заболеваний полости рта, в том числе количество осложненных форм кариесов и удалений зубов. У 7 из 10 осмотренных детей диагностируются кариозные зубы.

В этой связи, в прошлом году Министерством была утверждена Дорожная карта по совершенствованию профилактики стоматологических заболеваний у детей школьного возраста «Болашаққа – сау тіспен» на 2024-2028 годы.

✅Разработан совместный с Министерством просвещения РК План мероприятий по открытию и дальнейшему функционированию кабинетов профилактики стоматологических заболеваний в организациях образования.

В рамках этого плана по республике действует 145 стоматологических кабинетов, в 2025 году запланировано открытие еще 195 кабинетов профилактики стоматологических заболеваний.

📌Для сохранения здоровья полости рта и зубов рекомендуется соблюдать простые правила:

🔵Домашняя чистка зубов два раза в день, а также использование дополнительных средств гигиены (зубные нити, межзубные ёршики, ополаскиватели, щётки для протезов и др.).

🔵Придерживаться рационального питания. Главное требование — ограничение частоты потребления углеводов.

🔵Посещать стоматолога следует не менее одного раза в год. Это обеспечит своевременное назначение и проведение профилактических мероприятий, а при необходимости, и лечение зубов.

Сегодня повсеместно в школьных организациях страны проводится широкомасштабная санитарно-просветительная работа с использованием фото и видеоматериалов по профилактике стоматологических заболеваний, Уроки гигиены полости рта для школьников, научно-практические конференции для врачей-стоматологов, дантистов и стоматологических гигиенистов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🤒МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ

Баршаның сүйікті мерекесі — Наурыз мейрамын жаппай мерекелеу күндері дәстүрлі түрде дастарханға түрлі тағамдардың — наурыз көженің, сүт сусындарының, ет өнімдерінің, тез бұзылатын өнімдерге жататын салаттардың көптігімен өтеді.
Денсаулық сақтау министрлігі мерзімі өткен немесе өңделмеген тағамдарды тұтынумен байланысты тамақтан улану мен инфекциялық аурулардың профилактикасы шараларын еске салады.
Улану жағдайларын болдырмау үшін бірқатар ұсыныстарды сақтау қажет.

📌Әрқайсымыз нені есте ұстауымыз керек?
➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿
1) тамақтану орындарын мұқият таңдаңыздар, өздеріңіз барған жақсы беделге ие сенімді мекемелерге немесе туыстарыңыз немесе достарыңыз сіздерге ұсынған жерге барыңыздар;
2) рецепті термиялық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімдерін көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан бас тартыңыздар;
3) ешбір жағдайда мекемелерден әкелінген тағам қалдықтарын туыстарыңызға ұсынбаңыздар;
4) тамақ өнімдерін сатып алу кезінде дайындау және жарамдылық мерзімдеріне, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуына, оларды өткізу және сақтау шарттарына назар аударыңыздар.
5) көшедегі жаппай сауда орындарында азық-түлік сатып алмауға тырысыңыздар.

📌Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен кәсіпкерлер:
➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿
1. Қызмет басталғанға дейін рұқсат құжатын (сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, егер нысан болмашы эпидемиологиялық мәнге жататын болса, қызметтің басталуы туралы хабарлама) алу.
2. Медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа қабылдамауға және тамақ дайындауға және оны өлшеп орауға жіберуге, қызметкерлерді уақтылы медициналық тексеруден өткізу.
3. Тиісті жағдайлар болмаған және үй-жайлардың ауданы жетіспеген жағдайда технологиялық процестің сақталуын қамтамасыз ету үшін тағамдардың ассортиментін қысқарту қажет.
4. Шикізатты сатып алу тек сенімді жеткізушілерден жүзеге асырылады.
5. Тез бұзылатын өнімге ерекше бақылау жасай отырып, өнімді сақтау, дайындау және жеткізу мерзімдері мен технологиясын қатаң сақтау қажет.
Барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🤒КАК ИЗБЕЖАТЬ ПИЩЕВЫХ ОТРАВЛЕНИЙ В ПРАЗДНИЧНЫЕ ДНИ

Дни массового празднования любимого всеми праздника — Наурыз мейрамы традиционно сопровождается изобилием различных блюд на столах — наурыз-коже, молочные напитки, мясные изделия, салаты, которые относятся к скоропортящимся продуктам.
Министерство здравоохранения напоминает о мерах профилактики пищевых отравлений и инфекционных заболеваний, связанных с употреблением просроченных или необработанных продуктов.
Во избежание случаев отравлений необходимо соблюдать ряд рекомендаций.

📌Что надо помнить каждому из нас?
➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿
1) тщательно выбирайте объекты общественного питания, посещайте проверенные заведения с хорошей репутацией, которые вы посетили сами, либо вам его порекомендовали родственники или друзья;
2) воздержитесь заказывать и употреблять блюда, рецептура которых не предусматривает термическую обработку, в особенности, морепродуктов;
3) ни в коем случае не угощайте дома родственников привезенными из заведений остатками блюд;
4) при покупке пищевых продуктов обратите внимание на сроки изготовления и годности, наличие документов, удостоверяющих качество и безопасность пищевой продукции, на условия их реализации и хранения;
5) старайтесь не покупать пищевые продукты в местах стихийной уличной торговли.

📌Организаторам мероприятий и предпринимателям:
➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿➿
1. До начала деятельности получить разрешительный документ (санитарно-эпидемиологическое заключение о соответствии, уведомление о начале деятельности, если объект относится к незначительной эпидзначимости);
2. Не принимать на работу и допускать к приготовлению пищи и ее расфасовке лиц, не имеющих медицинский осмотр, своевременно проводить медосмотр сотрудников;
3. При отсутствии надлежащих условий и недостатке площади помещений, сократить ассортимент блюд для обеспечения соблюдения технологического процесса;
4. Закуп сырья осуществлять только у проверенных поставщиков;
5. Строго соблюдать сроки и технологию хранения, изготовления и условия доставки продукции с особым контролем за скоропортящейся продукцией.
Поздравляем всех казахстанцев с наступающим праздником Наурыз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1