ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҮШІН ЕРТЕ АРАЛАСУ МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛУДЕ


Қазақстанда денсаулық сақтаудың бастапқы буыны ұйымдарының базасында өмірдің алғашқы айларынан бастап даму қауіптері мен бұзылулары бар балаларды кешенді қолдауға бағытталған ерте араласу моделі енгізілуде.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV сессиясында айтылған тапсырмаларына сәйкес білім беру және балалардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып белгіленін айта кетейік.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

✅Астанада өткен республикалық кеңесте Ерте даму және араласу орталықтарында (ЕДАО) баланың дамуын бағалау жүргізілетіні атап өтілді, оның негізінде ерте араласу қажеттілігі айқындалатын және одан әрі жұмыс жоспары қалыптастырылатын болады.

Әрбір баламен жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлерден және басқа да мамандардан тұратын мультидисциплиналық команда айналысады.

«Бұл жай ғана жаңа бастама емес — бұл балаларға медициналық көмек көрсету тәсілін өзгертетін стратегиялық бағыт. Сонымен қатар, біз жүйені қосымша жұмыспен жүктемейміз, керісінше, оны өзгертеміз, ұйымдастырушылық процестерді, скринингтер мен патронаждық қызметті жақсартамыз. Мұның бәрі бір нәрсе үшін - әрбір баланың жас кезінен бастап өмір сүру сапасын арттыру үшін жасалады», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жиналысқа қатысушыларға арналған кіріспе сөзінде.


⚫️Бүгінде Қазақстанда 3 жасқа дейінгі 1,6 млн-ға жуық бала тұрады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, олардың 7,7%-ының денсаулық проблемалары бар, 3%-ы бақылауда. Халықаралық деректерге сәйкес (The Lancet) 4 жасқа дейінгі балалардың 8,4%-ында дамудың кешігуі бар. Осы жас санатындағы мүгедектігі бар балалардың үлесі әлемде 4,3%-ды құрайды.

📌ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ерте араласу моделі «диагнозға дейін, мүгедектікке дейін» қағидатына негізделгенін атап өтті. Басқаша айтқанда, баланың денсаулығына әсерін азайту мақсатында ресми диагноз қойылғанға дейін даму қаупін уақтылы анықтау болып табылады. Бұл тәсіл бұзушылықтардың айқын көріністерін күтуге емес - отбасы мен баланы барынша ертерек қолдаудан бастап алдын-ала
әрекет етуге мүмкіндік береді.

Негізгі құрамдас бөліктердің бірі даму скринингтерін, сондай-ақ балалардың даму мониторингі бойынша жаңа нұсқаулықты енгізу болып табылады. Қазір республикада «алғашқы 1001 күн» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде жас балалардың тіркелімі әзірленіп, енгізілуде. Бұл құрал туындаған мәселелерге жауап беруден оларды ерте ескертуге көшуге мүмкіндік береді.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Денсаулық сақтау министрлігі баланың ерте дамуында ең алдымен ата-аналардың үлкен рөл атқаратынын еске салады және «Бақытты ата-аналардың 5 қағидасы: күнде ойнау, сөйлесу, қозғалу, құшақтау және оқу» тәсілін қолдануды ұсынады. Бұл әрбірқ отбасына баланың толыққанды дамуына және эмоционалды байланысты нығайтуға көмектесетін қарапайым және тиімді тәсіл.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
📌Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Сенат спикерінің және ҚР Парламенті Сенаты жанындағы инклюзия жөніндегі кеңес төрағасының кеңесшісі Ләззат Қалтаева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова, БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Рашед Мұстафа Сарвар, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.

🔷Сондай-ақ, жеке қор жанындағы «Асыл Мирас» Б.Өтемұратовтың жеке қорының жанындағы Аутизм орталығының басшысы Нұрия Нұрова, «ДАРА» қайырымдылық қорының «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі Айгүл Табергенова, Астана қаласының № 2 ПМПК орталығының жетекшісі Клара Ысқақова баяндама жасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
⚡️В КАЗАХСТАНЕ ВНЕДРЯЕТСЯ МОДЕЛЬ РАННЕГО ВМЕШАТЕЛЬСТВА ДЛЯ ПОДДЕРЖКИ ДЕТЕЙ С НАРУШЕНИЯМИ РАЗВИТИЯ


В Казахстане на базе организаций первичного звена здравоохранения внедряется модель раннего вмешательства, направленная на комплексную поддержку детей с рисками и нарушениями развития с первых месяцев жизни.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Отметим, что в соответствии с поручениями Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, озвученными на IV сессии Национального курултая, образование и охрана здоровья детей определены в числе приоритетов государственной политики.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖

✅В Астане на республиканском совещании было отмечено, что в Центрах раннего развития и вмешательства (ЦРРВ) будет происходить оценка развития ребенка, на основании которой будет определяться необходимость в раннем вмешательстве и формироваться план дальнейшей работы. С каждым ребенком будет заниматься мультидисциплинарная команда из врачей общей практики, педиатров, психологов, социальных работников и других специалистов.

«Это не просто новая инициатива — это стратегическое направление, меняющее подход к оказанию медицинской помощи детям. При этом, мы не нагружаем систему дополнительной работой, наоборот, трансформируем её, улучшая организационные процессы, скрининги и патронажную службу. Все это делается ради одного — повышения качества жизни каждого ребенка с самого раннего возраста», — отметила в своем приветственном слове к участникам совещания министр здравоохранения Акмарал Альназарова.


⚫️Сегодня в Казахстане проживает около 1,6 млн детей в возрасте до 3 лет. По данным Министерства здравоохранения, 7,7% из них имеют проблемы со здоровьем, 3% находятся под наблюдением.

Согласно международным данным (The Lancet), у 8,4% детей до 4 лет имеется задержка развития. Доля детей с инвалидностью в этой возрастной категории составляет 4,3% в мире.

📌Директор Департамента охраны здоровья матери и ребенка МЗ РК Магрипа Ембергенова отметила, что модель раннего вмешательства основана на принципе «до диагноза, до инвалидности». Другими словами, своевременное выявление рисков развития еще до постановки официального диагноза с целью минимизировать последствия для здоровья ребенка. Такой подход позволяет не ждать выраженных проявлений нарушений, а действовать на опережение — начиная поддержку семьи и ребенка как можно раньше.

Одним из ключевых компонентов является внедрение скринингов развития, а также нового руководства по мониторингу развития детей. Сейчас в республике реализуется проект «Первые 1001 день», в рамках которого разрабатывается и внедряется регистр детей раннего возраста. Этот инструмент позволит перейти от реагирования на уже возникшие проблемы к их раннему предупреждению.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

Минздрав напоминает, что в раннем развитии ребенка большую роль играют в первую очередь родители и рекомендует применять подход «5 правил успешных родителей: играть, разговаривать, двигаться, обнимать и читать каждый день».

Это простой и действенный подход, который поможет каждой семье способствовать полноценному развитию ребенка и укреплению эмоциональной связи.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

📌В мероприятии приняли участие вице-министр здравоохранения РК Ержан Нурлыбаев, уполномоченный по правам ребенка Динара Закиева, советник спикера сената и председателя совета по инклюзии при сенате парламента РК Ляззат Калтаева, заместитель председателя Нацкомиссии по делам женщин и семейно-демографической политики при Президенте РК Жулдызай Искакова, представитель Детского фонда ООН в Казахстане (ЮНИСЕФ) Рашед Мустафа Сарвар, руководитель Странового офиса ВОЗ в Казахстане Скендер Сыла, директора Департамента охраны здоровья матери и ребенка МЗ РК Магрипа Ембергенова.

🔷Также с докладами выступили руководитель Аутизм-центра «Асыл Мирас» при частном фонде Б.Утемуратова Нурия Нурова, руководитель проекта «Ранняя поддержка» благотворительного фонда «ДАРА» Айгуль Табергенова, руководитель Центра ПМПК № 2 г. Астана Клара Искакова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🤱ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

❗️❗️❗️

➡️Қостанай облысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың төрағалығымен босандыру қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Өңірге сапары барысында ол Қостанай облыстық ауруханасының, балалар стационарының және қалалық емхананың жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында вице-министр медициналық мекемелердің басшыларымен кездесіп, медициналық көмек көрсетудің өзекті мәселелерін талқылап, қызметкерлердің жұмыс жағдайымен танысты.
Ауруханаларды заманауи жабдықтармен жабдықтау және сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.


👍Босандыру қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің қатысушылары өңірдегі ана өлімін азайту жөніндегі шараларды талқылады, жүкті әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық персоналдың біліктілігін арттыру тәсілдерін қарады.

📢Ержан Нұрлыбаев босандыру саласындағы МСАК дамытудың басым бағыттарына, сондай-ақ акушерлік-гинекологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға назар аударды.
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
«Біз халыққа, әсіресе босандыру сияқты маңызды салаларда медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Әрбір ана мен әрбір балаға ең қауіпсіз жағдайда қажетті көмек алу маңызды», — деп атап өтті вице-министр.
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤱В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛСЯ КООРДИНАЦИОННЫЙ СОВЕТ ПО ВОПРОСАМ СЛУЖБЫ РОДОВСПОМОЖЕНИЯ

❗️❗️❗️

➡️В Костанайской области состоялось заседание координационного совета по вопросам совершенствования службы родовспоможения под председательством вице-министра здравоохранения Ержана Нурлыбаева. В ходе визита в регион он ознакомился с работой Костанайской областной больницы, детского стационара и городской поликлиники.

В ходе рабочей поездки вице-министр встретился с руководителями медицинских учреждений, обсудил актуальные вопросы оказания медицинской помощи и ознакомился с условиями работы персонала.
Особое внимание было уделено вопросам оснащенности больниц современным оборудованием и обеспечению качественного медицинского обслуживания.


👍Участники координационного совета по вопросам совершенствования службы родовспоможения обсудили меры по снижению материнской смертности в регионе, рассмотрели подходы к улучшению качества медицинской помощи беременным, обеспечения безопасности матерей и новорожденных и повышения квалификации медицинского персонала.

📢Ержан Нурлыбаев акцентировал внимание на приоритетных направлениях развития ПМСП в сфере родовспоможения, а также повышении и доступности качества акушерско-гинекологической помощи.
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
«Мы продолжаем работать над улучшением качества медицинских услуг для населения, особенно в таких важнейших сферах, как родовспоможение. Важно, чтобы каждая мать и каждый ребенок получали необходимую помощь в самых безопасных условиях», — подчеркнул вице-министр.
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📰ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 2024 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАН БАСТАП БЕРІЛГЕН 4,3 МЛН-НАН АСТАМ ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҒЫН ЦИФРЛАНДЫРДЫ



Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап ең сұранысқа ие 8 медициналық анықтаманы электрондық форматқа белсенді түрде көшіріп келеді.

⏩Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы - аурухана парағы;
⏩ 075/е «Медициналық анықтама»;
⏩ 026/ е «ДКК қорытындысы»;
⏩ 073/е «КҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»;
⏩ 069/е «Санаторийлік-курорттық карта»;
⏩ 052-2/е «Баланың денсаулық паспорты»
⏩ 076/е «Қаруға рұқсат алу»;
⏩ 038/е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттардың қағаз нұсқаларын алып жүрудің қажеті жоқ, бұл анықтама алушылардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Цифрлық медициналық құжаттарға көшу оларды бұрмалау және заңсыз беру мүмкіндігін болдырмайтынын атап өткен жөн.

🛍Мәселен, бүгінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 наурызға дейін берілген 4,3 млн-нан астам еңбекке жарамсыздық парағы цифрландырылды.

Министрлік еңбекке жарамсыздық парағын алудың бизнес-процесіне реинжиниринг жүргізді: еңбекке жарамсыздық парағын беру медициналық ұйым қызметкерінің МАЖ-ға электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылғаннан кейін жүзеге асырылады, осылайша құжаттың заңдылығын растайды.

✍️Еңбекке жарамсыздық парақтарын ашу туралы фактілер азаматтың келісімімен жұмыс берушіге беріледі. Егер бұрын жұмыс беруші қызметкердің жұмысқа шыққан кездегі ауруы туралы білсе, енді hr.enbek.kz порталы арқылы аурухана парағының ашылуы немесе ұзартылуы туралы электрондық хабарлама келіп түседі. Қызметкер үшін еңбекке жарамсыздық парағы Enbek HR мобилдік қосымшасы арқылы қолжетімді болады.

Сонымен қатар, қызметкер еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген қолданыстағы еңбек шарты бар жұмыс берушінің жеке кабинетіне еңбекке жарамсыздық парағын жіберуге мүмкіндігі бар.

Жұмыс берушілер үшін hr.enbek.kz порталдағы «Жеке іс» модулі арқылы қызметкерлердің еңбекке жарамсыздық парақтарын өз бетінше сұрау мүмкіндігі, hr.enbek.kzсондай-ақ 2025 жылғы 1 маусымға дейін дербес деректерді өңдеуге келісім сұратумен қосымша әзірленетін болады.

📇Бүгінгі таңда 749 қызметкер жаңа механизм бойынша 506 жұмыс берушіге 825 еңбекке жарамсыздық парағын жіберді.

Қазіргі уақытта барлық медициналық ұйымдарда электрондық еңбекке жарамсыздық парақтары енгізілуде, бірақ қағаз парақтары 2025 жылғы 1 маусымға дейін жұмыс істейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📰МИНЗДРАВОМ ОЦИФРОВАНО СВЫШЕ 4,3 МЛН БОЛЬНИЧНЫХ ЛИСТОВ, ВЫДАННЫХ С ЯНВАРЯ 2024 ГОДА



Министерство здравоохранения с 2025 года активно переводит топ-8 самых востребованных медицинских справок в электронный формат.

⏩Лист о временной нетрудоспособности - Больничный лист;
⏩ 075/у «Медицинская справка»;
⏩ 026/у «Заключение ВКК»;
⏩ 073/у «Справка о допуске к управлению ТС»;
⏩ 069/у «Санаторно-курортная карта»;
⏩ 052-2/у «Паспорт здоровья ребенка»
⏩ 076/у «Получение разрешения на оружие»;
⏩ 038/у «Справка о временной нетрудоспособности».

Для удобства граждан не нужно будет носить с собой бумажные версии документов, что сэкономит время и средства получателей справок. Важно отметить, что переход к цифровым медицинским документам исключает возможность фальсификации и незаконного их предоставления.

🛍Так, на сегодня оцифровано свыше 4,3 млн больничных листов, выданных с 1 января 2024 года по 31 марта 2025 года.

Министерством проведен реинжиниринг бизнес-процесса получения больничного листа: передача больничного листа осуществляется после подписания электронной цифровой подписью сотрудника медицинской организации в МИС, тем самым подтверждая легитимность документа.

✍️Факты об открытии больничных листов будут передаваться работодателю с согласия самого гражданина. Если раньше работодатель узнавал о болезни работника постфактум, когда он уже вышел на работу, то теперь будет поступать электронное уведомление через портал hr.enbek.kz о том, что больничный лист открывается либо продлевается. Для работника больничный лист будет доступен через мобильное приложение Enbek HR.

Кроме того, работник имеет возможность направить больничный лист в личный кабинет работодателя, с кем имеется действующий трудовой договор, зарегистрированный в Единой системе учета трудовых договоров.

📇Для работодателей дополнительно будет разработана возможность самостоятельного запроса больничных листов работников через модуль «Личное дело» на портале hr.enbek.kz, также с запросом согласия на обработку персональных данных до 1 июня 2025 года.

На сегодня уже 749 работников направили 825 больничных листов 506 работодателям по новому механизму.

Электронные больничные листы в настоящее время внедряются во всех медицинских организациях, но бумажные пока остаются в действии до 1 июня 2025 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM