ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
☄️АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕВМАТОЛОГТАР КОНГРЕСІ: ҮЗДІК СТАНДАРТТАР БОЙЫНША ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУ

🟦Бүгін Алматыда жалпы практика дәрігерлерінің, терапевтердің, пульмонологтардың, дерматологтардың, ревматологтардың және т.б. мамандардың қатысуымен ревматологтардың VIII халықаралық конгресі өз жұмысын бастады. Ұйымдастырушылар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Республикалық ревматологиялық орталық және Қазақ ревматология алқасы болды.

Өзінің құттықтау сөзінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жәмила Қайбуллаева: «Бүгінгі іс-шараны өткізу біздің институт базасында үшінші деңгейдегі ревматология орталығының құрылуына байланысты ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл ревматикалық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған көмекті дамытудағы, сондай-ақ Қазақстанның ревматологиялық қызметінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық рөлін нығайтудағы маңызды қадам. Біз жаңа орталық диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізуге, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін клиникалық ғана емес, ғылыми, білім беру платформасына айналатынына сенімдіміз».

☑️ҚР ДСМ бас штаттан тыс ревматологы, республикалық ревматология орталығының басшысы, қазақ ревматология алқасының президенті Ғалымжан Тоғызбаев: «Біздің елдерімізде ревматикалық аурулардың әлеуметтік маңызы өте жоғары. Бұл халықтың барлық жас топтарында кең таралуына, созылмалы ағымына, прогрессияға бейімділігіне және науқастардың ерте мүгедектігіне, мезгілсіз өлім қаупіне байланысты. Пациенттер үздік стандарттарға сәйкес келетін сапалы, уақтылы және білікті көмек алатын Республикалық ревматоцентр құру, сондай-ақ өңірлерде осындай орталықтар құру өте маңызды».

Әлемде де, Қазақстанда да ревматологиялық аурулары бар пациенттердің саны тұрақты өсуіп жатқанын айта кету керек. Ревматикалық аурулар егде жастағы адамдарда да, жас ересектерде де анықталуда. Ревматологиядағы аурулардың көпшілігі аутоиммунды, олар иммунитеттің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Олар жүйелік деп аталады, өйткені олар бірден бірнеше мүшені қамтиды. Барлық дерлік тіндер процеске қатысады, бірақ буындар, бүйрек, тері, ми, қан тамырлары ең көп зардап шегеді.

🔵Бұл аурулар адаммен өмірінің соңына дейін қалады. Бірақ мұны үкім ретінде қарастырудың қажеті жоқ: егер бұрын ревматикалық ауру жақын арада мүгедектікпен қысқа өмір сүруді білдірсе, бүгінде адамның ұзақ өмір сүруге, ауыртпалықсыз және ыңғайсыздықсыз өмір сүруге барлық мүмкіндігі бар.

Пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар және сателлита шеңберінде 2 күннің ішінде ревматология, пульмонология, дерматология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы 35 жетекші шетелдік және отандық сарапшылар мен жас ғалымдар ғылыми баяндамалар мен клиникалық кейстермен сөз сөйлейді. Жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, подагра, псориазды артрит, остеопороз және остеоартритті емдеу, оның ішінде жаңа гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қолдану бойынша жаңартылған халықаралық клиникалық ұсыныстар ұсынылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
☄️МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНГРЕСС РЕВМАТОЛОГОВ В АЛМАТЫ: ДИАГНОСТИКА И ЛЕЧЕНИЕ ПО ЛУЧШИМ СТАНДАРТАМ




🟦Сегодня в Алматы начал свою работу VIII Международный конгресс ревматологов с участием врачей общей практики, терапевтов, пульмонологов, дерматологов, ревматологов и др. специалистов. Организаторами выступили НИИ кардиологии и внутренних болезней, Республиканский ревматологический центр и Казахская коллегия ревматологии при поддержке Министерства здравоохранения РК.

В своей приветственной речи заместитель председателя правления НИИ кардиологии и внутренних болезней по научно-клинической и инновационной деятельности Джамиля Кайбуллаева сказала: «Проведение сегодняшнего мероприятия приобретает особое значение в связи с созданием Центра ревматологии третьего уровня на базе нашего Института. Это значимый шаг в развитии специализированной помощи пациентам с ревматическими заболеваниями, а также в укреплении научно-методической и организационной роли ревматологической службы Казахстана. Мы уверены, что новый Центр станет не только клинической, но и научной, образовательной платформой, способствующей внедрению передовых технологий диагностики и лечения, расширению международного сотрудничества и подготовке высококвалифицированных специалистов».

☑️Главный внештатный ревматолог МЗ РК, руководитель Республиканского центра ревматологии, президент Казахской коллегии ревматологии Галымжан Тогизбаев отметил: «Социальная значимость ревматических болезней в наших странах весьма высока. Она обусловлена широкой распространенностью во всех возрастных группах населения, хроническим течением, склонностью к прогрессированию и ранней инвалидизацией больных, угрозой преждевременной смертности. Создание Республиканского ревматоцентра, где пациенты будут получать качественную, своевременную и квалифицированную помощь, соответствующую лучшим стандартам, имеет очень большое значение, как и создание подобных центров в регионах».

Стоит отметить, что число пациентов с ревматологическими заболеваниями, как в мире, так и в Казахстане, неуклонно растет. Ревматические заболевания диагностируют как у пожилых, так и молодых людей. Большинство заболеваний в ревматологии - аутоиммунные, они возникают из-за неверной работы иммунитета. Их называют системными, потому что они охватывают сразу несколько органов. В процесс вовлекаются почти все ткани, но больше всех страдают суставы, почки, кожа, мозг, кровеносные сосуды.

🔵Эти болезни остаются с человеком до конца его жизни. Но не нужно расценивать это как приговор: если раньше ревматическое заболевание означало недолгую жизнь с неминуемой инвалидностью, то сегодня человек имеет все шансы прожить долго, без боли и дискомфорта.

В рамках пленарного заседания, тематических секций и сателлита в течение 2- х дней 35 ведущих зарубежных и отечественных экспертов в области ревматологии, пульмонологии, дерматологии, общественного здравоохранения и молодые ученые выступят с научными докладами и клиническим кейсами. Будут представлены обновленные международные клинические рекомендации по лечению системной красной волчанки, ревматоидного артрита, подагры, псориатического артрита, остеопороза и остеоартрита, в том числе с применением новых генно-инженерных биологических препаратов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының хирургтары пациенттің сыртқы келбетін сақтап, қалпына келтіру үдерісін жеделдетуге мүмкіндік беретін сүт безі ісіктерін алып тастаудың инновациялық әдісін әзірледі.
Бұл әдіс отандық ғалымдар жасаған имплантаттарды қолдануға негізделген. Қазіргі уақытта технология клиникалық зерттеу сатысынан өтуде. Жыл басынан бері орталықта 30-дан астам осындай операция асқынусыз сәтті жүргізілді.

#nroc #ұғоо #обырдыемдеутехнологиясы #сүтбезіобыры

🔹Хирурги Национального научного онкологического центра в Астане разработали инновационный метод удаления опухолей молочной железы, позволяющий сохранить внешний вид пациентки и ускорить процесс восстановления.
Эта методика основана на использовании имплантов, созданных отечественными учеными. В настоящее время технология проходит стадию клинических исследований. С начала года в центре успешно проведено более 30 подобных операций без осложнений.

#nroc #нноц #технологиилечениярака #ракмолочнойжелезы
🔥4
💉15 МЫҢ ҚЫЗ АПВ-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕНІҢ ЕКІНШІ ДОЗАСЫН АЛДЫ

💬Қазақстанда адам папилломавирусына (АПВ) қарсы иммундау бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде 11-13 жас аралығындағы 132 мыңнан астам қыз өтті, 15 мыңнан астамы вакцинаның екінші дозасын алды.

🎉Науқан басталғаннан бері 147 мыңнан астам қыз вакцинациялаудың толық курсын аяқтады. Сонымен қатар, барлық егілген жағдайлардың арасында жағымсыз кері реакциялар тіркелген жоқ. Вакцина қауіпсіз, жақсы төзімді және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы профилактиканың тиімді әдісі ретінде ұсынады.

🔘АПВ-ның жоғары қауіпті онкогендік түрлері, атап айтқанда 16 және 18 — жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуының негізгі себебі болып табылады. Вакцинациялау тұрақты иммунитетті қалыптастыруға және болашақта аурудың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі.

⚡️Ұлттық АПВ-ға қарсы вакцинациялау бағдарламасы жоспарлы түрде жүзеге асырылады және 11-13 жас аралығындағы барлық қыздарды қамтиды. Қазақстан онкологиялық ауруларды азайту және әйелдер денсаулығын сақтау мақсатында осы тәжірибені енгізген 135 елдің бірі болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1