ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️Т.МҰРАТОВ ШЫҰ ЕЛДЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛЕРІНІҢ СЕГІЗІНШІ КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Сиань қаласында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің Сегізінші кеңесі өтті.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов басқарды.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

Іс-шара барысында қатысушылар апат медицинасын дамыту, медициналық көмекті жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу және дәстүрлі медицинаны ілгерілету мәселелерін талқылады.

✅Кеңес барысында сөз сөйлеген вице-министр Мұратов Қазақстанның ШЫҰ шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бейілді екенін атап өтті. Ол қатысушы елдердің арасындағы өзара іс-қимыл сенімге, прагматизмге және ортақ мүдделерді ескеруге негізделгенін айтты.

«Азаматтардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік әл-ауқаты денсаулық сақтау деңгейіне тікелей байланысты, бұл барлық ШЫҰ мемлекеттері үшін басты басымдық болып табылады», — деді Тимур Мұратов.


Кездесу қорытындысы бойынша Қорытынды Хаттамаға қол қойылды.

📌Сапар шеңберінде вице-министр ҚХР Денсаулық сақтау ұлттық комиссиясы директорының орынбасары, партиялық топ мүшесі Цао Сюэтаомен, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен жұмыс кездесулерін өткізді. Тараптар өзекті ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірқатар бағыттар бойынша келісімдерге қол жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️Т.МУРАТОВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ВОСЬМОМ СОВЕЩАНИИ МИНИСТРОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ СТРАН ШОС


В Сиане (КНР) состоялось Восьмое Совещание министров здравоохранения государств-членов Шанхайской организации сотрудничества (ШОС).

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
Делегацию Казахстана возглавил вице-министр здравоохранения Республики Казахстан Тимур Муратов.
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

В ходе мероприятия участники обсудили ключевые аспекты развития медицины катастроф, совершенствования медицинской помощи, внедрения цифровых технологий в здравоохранение, а также продвижение традиционной медицины.

✅Выступая на совещании, вице-министр Муратов подчеркнул приверженность Казахстана развитию многостороннего сотрудничества в рамках ШОС. Он отметил, что взаимодействие между странами-участницами строится на принципах взаимного доверия, прагматизма и учета общих интересов.

«Качество жизни и социальное благополучие граждан напрямую зависят от уровня развития здравоохранения, которое остается ключевым приоритетом для всех государств ШОС»,— отметил Тимур Муратов.


По итогам встречи был подписан итоговый Протокол.

📌В рамках визита вице-министр провел рабочие встречи с заместителем директора и членом партийной группы Национальной комиссии по здравоохранению КНР Цао Сюэтао, а также с Генеральным секретарем ШОС Нурланом Ермекбаевым. Стороны обсудили актуальные вопросы сотрудничества и достигли договоренностей по ряду направлений.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚀87 ЖАСТАҒЫ ПАЦИЕНТКЕ АОРТАЛЫҚ ҚАҚПАҚША СӘТТІ АЛМАСТЫРЫЛДЫ

Кардиология және ішкі аурулар ұлттық ғылыми-зерттеу институтында Каролинск институтының (Швеция, Стокгольм) жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы жетекші сарапшысы, профессор Наузад Салехтің жетекшілігімен мастер-класс өтті.

☑️Шведтік профессордың қатысуымен 7 пациентке аорталық қақпақшаны эндоваскулярлы жолмен күрделі алмастыру операциялары сәтті жүргізілді.

Мұндай аз инвазивті операциялар жүрек-қан тамырлары аурулары ауыр формада өтетін, ашық жүрек операциясына қарсы көрсетілімі бар пациенттерге жасалады.

➡️Пациенттердің бірі – 87 жастағы Михаил Фёдорович аорталық қақпақшаның критикалық стенозымен ауруханаға түсті. Оны жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну, тіпті тыныш күйде пайда болатын жүрек соғысының жиілеуі, ентігу мен бас ауруы мазалаған.

Жоғары технологиялы медицинаның арқасында Михаил Фёдорович сияқты егде жастағы пациенттер күрделі жүрек патологиясымен өмір сүруге жаңа мүмкіндік алып, операциядан кейінгі қалпына келу кезеңі де жылдам өтуде.

💳Профессор Салех клиниканың интервенциялық кардиологтарымен өз білімімен және тәжірибесімен бөлісіп, аорталық қақпақшаны алмастыруды қажет ететін пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🚀87-ЛЕТНЕМУ ПАЦИЕНТУ УСПЕШНО ЗАМЕНИЛИ АОРТАЛЬНЫЙ КЛАПАН В НИИКВБ


В НИИ кардиологии и внутренних болезней состоялся мастер-класс под руководством ведущего эксперта в области сердечно-сосудистой хирургии, профессора Каролинского института (Стокгольм, Швеция) Наузада Салеха.

☑️С участием шведского профессора успешно выполнены сложные операции по эндоваскулярной замене аортального клапана 7 пациентам.

Подобные малоинвазивные хирургические вмешательства проводят пациентам с тяжелыми сосудистыми заболеваниями сердца, которым противопоказаны открытые операции.

➡️Один из пациентов - 87 летний Михаил Федорович поступил с критическим  стенозом аортального клапана. Его беспокоили давящие боли в области сердца,сердцебиение, возникающее даже в покое, одышка, головная боль.

Благодаря высокотехнологичной медицине возрастные пациенты, как Михаил Федорович, со сложной патологией сердца обретают новый шанс на жизнь и восстанавливаются после операции в короткие сроки.

💳Профессор Салех поделился своими знаниями и опытом с интервенционными кардиологами клиники, что позволит существенно повысить уровень оказания медицинской помощи пациентам, нуждающимся в замене аортального клапана.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🔥ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ: ҚАЗОРҒЗИ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ОНКОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ



Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) дәрігерлер командасы Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық роботтандырылған онкохирургиялық операцияны — кеңейтілген лимфодиссекциясы бар нефрэдреналэктомияны сәтті жасады.

🟢Бірегей хирургия онкологиялық аурудың дамыған сатысында жасалады және зақымдалған бүйректі, бүйрек үсті безін және аймақтық лимфа түйіндерін алып тастауды қамтиды.

😮Операция жаңа буынның роботтандырылған хирургиялық платформасы — Sage bot SR–2000 көмегімен сәтті жасалды, ол күрделі клиникалық жағдайларда да аз инвазивті араласуды жүзеге асырудың кең мүмкіндіктеріне ие.

Бұрын қолданылған жартылай автоматты жүйелерден айырмашылығы,Sage bot SR–2000 пайдалану хирургиялық дәлдіктің, бейнелеудің және бақылаудың сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл бұрын техникалық тұрғыдан қол жеткізу қиын деп саналған онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа перспективаларын ашады.

💬 Роботтандырылған операцияның артықшылықтары:

•Обырдың кең таралған түрлерінде тиімділіктің жоғарылауы
• Араласу көлемін сақтай отырып, тіндердің ең аз жарақаты
• Дәлдікті жақсарту үшін операциялық өрісті 3D-визуализациялау
• Құралдардың микрохирургиялық маневрлігі
• Операциялық топқа физикалық жүктемені азайту
• Пациентті қорғаудың интеллектуалды жүйелері

«Бұл оқиға Қазақстанда онкохирургияны дамытудағы маңызды кезең болды. Біз озық технологияларды енгізу пациенттерге ең күрделі клиникалық жағдайларда да көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін мақтан тұтамыз», - деп атап өтті ҚазОРҒЗИ директоры Бекмұхамбетов Ербол Жасұланұлы.


👍 ҚазОРҒЗИ практикасына роботтандырылған хирургияны сәтті енгізу институттың технологиялық көшбасшылық курсын және қазақстандық пациенттердің заманауи және тиімді емдеу әдістеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге ұмтылысын растайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔥ВПЕРВЫЕ В КАЗАХСТАНЕ: КАЗНИИОИР УСПЕШНО ПРОВЕЛ РОБОТИЗИРОВАННУЮ ОНКОХИРУРГИЧЕСКУЮ ОПЕРАЦИЮ



Команда врачей Казахского научно-исследовательского института онкологии и радиологии (КазНИИОиР) успешно провела первую в Казахстане высокотехнологичную роботизированную онкохирургическую операцию — нефрэдреналэктомию с расширенной лимфодиссекцией.

🟢Уникальное хирургическое вмешательство выполнено при запущенной стадии онкологического заболевания и включало удаление поражённой почки, надпочечника и регионарных лимфатических узлов.

😮Операция была успешно проведена с использованием роботизированной хирургической платформы нового поколения — Sage bot SR–2000, обладающей широкими возможностями для выполнения малоинвазивных вмешательств даже в сложных клинических ситуациях.

В отличие от ранее применявшихся полуавтоматических систем, использование Sage bot SR–2000 позволило выйти на качественно новый уровень хирургической точности, визуализации и контроля. Это открывает новые перспективы в лечении онкологических заболеваний, ранее считавшихся технически труднодоступными.

💬 Преимущества роботизированной операции:

• Повышенная эффективность при распространённых формах рака
• Минимальная травматизация тканей при сохранении объема вмешательства
• 3D-визуализация операционного поля для повышения точности
• Микрохирургическая маневренность инструментов
• Снижение физической нагрузки на операционную бригаду
• Интеллектуальные системы защиты пациента

«Это событие стало важной вехой в развитии онкохирургии в Казахстане. Мы гордимся тем, что внедрение передовых технологий позволяет нам оказывать помощь пациентам даже в самых сложных клинических случаях», — отметил директор КазНИИОиР Бекмухамбетов Ербол Жасуланович.


👍 Успешное внедрение роботизированной хирургии в практику КазНИИОиР подтверждает курс института на технологическое лидерство и стремление обеспечивать казахстанским пациентам доступ к современным и эффективным методам лечения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🤔1
🏥АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ 460-ТАН АСТАМ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

⚡️Жобаның шеңберінде үш негізгі міндет — ауылдарды бастапқы буын ұйымдарымен қамтамасыз ету, білікті медициналық кадрларды тарту және ауыл халқына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру шешіледі деп жоспарлануда.

Министрдің мәліметінше, жобаны іске асыру басталғаннан бері фельдшерлік-акушерлік пункттерді, медициналық пункттерді және дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, жоспарланған 655 нысанның 467-сі салынды. Бұл ретте бұрын медициналық инфрақұрылымы болмаған ауылдарда 175 нысан пайда болды, 292 ғимарат ескірген және жарамсыз үй-жайларды ауыстырды.

«Аталған шаралар ауыл тұрғындары үшін 456 қосымша күндізгі стационар төсегін ашуға мүмкіндік берді. Қазір 80 мыңнан астам ауыл тұрғыны медициналық көмекке қол жеткізе алады. Жалпы, бірінші міндет ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.


✔️Медицина кадрларының тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңадан іске қосылған медициналық нысандарға 174 медицина маманы, оның ішінде 42 дәрігер және орта медициналық білімі бар 132 маман жіберілді. Қалған нысандар аяқталған кезде 2025 жылы тағы 143 дәрігерді тарту жоспарлануда.

«2024 жылдан бастап ауылдық жерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне 100 ЕТЖ – 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда"» - деп еске салды ведомство басшысы.


Ұлттық жобаны іске асыру ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Ол үшін заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған бөлімшелердің ашылуымен 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

🔵Бүгінгі таңда осындай алты нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды: үшеуі Түркістан облысында, біреуі - Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында.

▶️Бұл ауруханаларда инсульт орталықтары, хирургия және травматология бөлімшелері, перзентханалар жұмыс істейді.

«Алтын сағат» қағидаты бойынша медициналық көмекті қамтамасыз ету мақсатында бұл аудандық орталық ауруханалар компьютерлік томографтармен, МРТ және ангиографтармен қосымша жабдықталатын болады.
2025 жылдың соңына дейін тағы 12 КАОА пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 14 нысандағы құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

🤝Өз сөзінің соңында министр ұлттық жобаны іске асырудың арқасында заманауи стандарттарға сәйкес келетін және ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне тиімді жауап беретін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің заманауи жүйесі қалыптасып жатқанын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1