ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🔥ҒАЛЫМДАР ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ СӨЗДІГІН ӘЗІРЛЕУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Семей қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық терминология комиссиясы мен Семей медицина университеті бірлесіп Республикалық терминологиялық конференция өткізді.

🔉Конференцияның күн тәртібінде бекітілген медициналық терминдердің бірыңғай сөздігін әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің терминологиялық базасын қалыптастыру және өзекті медициналық терминология сөздігін жасау мәселелері қаралды.

Конференция барысында жас ғалымдар медициналық терминологияға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Олар ғылыми жарияланымдардағы аббревиатураларды, нормативтік құқықтық актілердегі терминдерді және ғылыми-медициналық тілдің жүйеленуін талдауға ерекше назар аударды.

👌Бөлек тақырып ретінде салалық жасанды интеллектті енгізу мәселесі көтерілді, оның ішінде KAZHealthGPT жүйесін әзірлеу де бар.

Сонымен қатар, қатысушылар «Мемлекеттік тілдегі 100 медициналық оқулық» жобасының болашағына сенім білдірді. Мотивация ретінде қазақ тілінде орындалған ғылыми жұмыстарды ынталандыруды және ғылыми журналдардағы үздік жарияланымдар үшін сыйақылар тағайындауды ұсынды.

👍Жас ғалымдар бұл бастамалардың табысты болуына мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы рөлінің артуы себеп болады деп санайды. Олар қазақ тілі тек күнделікті өмірде ғана емес, ғылымда да лайықты орын алуы тиіс екенін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
🔥УЧЕНЫЕ ПЛАНИРУЮТ РАЗРАБОТАТЬ СЛОВАРЬ МЕДИЦИНСКИХ ТЕРМИНОВ НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ


В городе Семей Комиссия медицинской терминологии Министерства здравоохранения совместно с Медицинским университетом Семей провели Республиканскую терминологическую конференцию.

🔉Повестка конференции включала разработку единого словаря утвержденных медицинских терминов, формирование терминологической базы нормативных правовых актов в сфере здравоохранения и создание актуального словаря медицинской терминологии.

В ходе конференции молодые ученые обсудили актуальные вопросы медицинской терминологии. Особое внимание они уделили анализу аббревиатур в научных публикациях, терминам из нормативных правовых актов, а также систематизации научного медицинского языка.

👌Отдельной темой стало внедрение отраслевого искусственного интеллекта, в том числе разработка системы KAZHealthGPT.

Кроме того, участники выразили уверенность в перспективности проекта «100 медицинских учебников на государственном языке». В качестве мотивации они предложили поощрять научные работы, выполненные на казахском языке, и учредить премии за лучшие публикации в научных журналах.

👍Уверенность в успехе этих инициатив молодые ученые связывают с растущей ролью государственного языка в научной среде. Они подчеркивают, что казахский язык должен занять достойное место не только в повседневной жизни, но и в науке.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2😱1
💊Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді: өндірушіден сатып алушыға дейін

Бүгінде Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады. Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды. Бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз.

✅Таңбалау қандай ақпаратты қамтиды?

2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Енді әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы осы бірегей кодты бірнеше секундта сканерлеп, дәрінің түпнұсқалығы мен заңдылығына көз жеткізе алады. Таңбалау дәрі-дәрмек туралы толық ақпаратты қамтиды: атауы, саны, дозасы, өндірушісі және қозғалыс жолы.

Цифрлық таңбалау дәрілік заттар айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, жалған өнімдермен күресуге және азаматтардың денсаулығына төнетін қауіптерді азайтуға ықпал етеді.

📍Дәрілерді кім таңбалауы керек?

Өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, дәріханалар мен медициналық ұйымдар – дәрілік заттар айналымына қатысушылардың барлығы Тanba тауарларды таңбалау мен қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) жүйесінде тіркелуі тиіс.

Тіркелгеннен кейін оларға жеке кабинет ашылады, онда таңбалау кодтарымен жұмыс жүргізіліп, препаратардың барлық кезеңдегі қозғалысы көрсетіледі.

Бұл ретте, «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін беру және түзету қағидалары» туралы бұйрыққа сәйкес, шетелдік өндірушілер де отандық компаниялармен тең дәрежеде таңбалау жүйесінде өз бетінше жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, шетелдік компания үшін бірегей кодтарды қазақстандық импорттаушы да тапсырыспен ала алады.

🔵Таңбалау және қадағалау жүйесі қалай жұмыс істейді?

1⃣Дәрілік заттарды айналымға енгізбестен бұрын өндіруші Бірыңғай оператордан бірегей Data Matrix кодтарын тапсырыспен алып, оларды қаптамаға жапсырады. Осылайша дәрілер туралы ақпарат таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне түседі.

2⃣Дәрілік заттардың айналымындағы екінші буын – импорттаушылар мен дистрибьюторлар болып табылады. Бұл кезеңде айналымның қатысушылары алдын ала таңбаланған препараттарды алады. Егер код оқылмаса немесе жүйеде тіркелмесе, мұндай препаратты сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмейді.

3⃣Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тізбегінің соңғы кезеңінде дәріханалар мен медициналық ұйымдар тұр.
Препараттарды соңғы тұтынушыға – сатып алушыға немесе пациентке дәл осы жерде беріледі. Әрбір кезең Бірыңғай оператор жүйесінде есептілікпен бірге жүреді.

🟢Дәріханалар мен медициналық ұйымдар пайдаланатын жүйелер тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Препаратты сатқаннан немесе пациентке бергеннен кейінгі ақпарат Бірыңғай оператор жүйесіне жіберіліп, дәрілік зат айналымнан шығарылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
💊Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя
                                                                                                 
На сегодня в Казахстане обязательной маркировке подлежат все лекарственные средства, произведенные после 1 июля 2024 года. Новый механизм прослеживания охватывает весь путь препарата – от завода до продажи в аптеке.Рассказываем, как работает система на практике.

🖍Какую информацию хранит маркировка?

Все лекарственные средства, произведенные после 1 июля 2024 года, должны иметь уникальный код Data Matrix.Теперь каждый покупатель может убедиться в подлинности и легальности препарата за несколько секунд, отсканировав уникальный код в приложении Naqty Onim. Маркировка хранит подробную информацию о лекарственном средстве: наименование, количество, доза, производитель и перемещение препарата.
Цифровая маркировка обеспечивает прозрачный оборот лекарственных средств, тем самым способствует борьбе с фальсифицированной продукцией и снижает риски для здоровья граждан.

✅Кто должен маркировать лекарства?

Производители, импортеры, дистрибьюторы, аптеки и медицинские организации – все участники оборота регистрируются в системе Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров Tanba (далее – Единый оператор). После чего им открывается доступ в личный кабинет, где осуществляется работа с кодами маркировки и отражается движение препаратов на всех этапах.

При этом, согласно приказу «Формирование и корректировка индивидуального идентификационного номера иностранцам и лицам без гражданства, временно пребывающим в Республике Казахстан», иностранные производители наравне с отечественными имеют возможность самостоятельно работать в системе маркировки. Кроме того, заказать уникальные коды для зарубежной компании может и казахстанский импортер.


📍Как работает система маркировки и прослеживаемости?

1⃣Перед вводом лекарственных средств в оборотпроизводитель заказывает уникальные коды Data Matrix у Единого оператора и наносит их на упаковки. Таким образом информация о лекарстве поступает в Информационную систему маркировки и прослеживаемости товаров.

2⃣Вторым звеном в обороте лекарственных средств являются импортеры и дистрибьюторы. На данном этапе участники оборота получают уже промаркированные препараты. Если код не считывается или отсутствует в системе, препарат не может быть допущен к продаже или использованию.

3⃣На заключительном этапе цепочки маркировки лекарственных средств в Казахстане находятся аптеки и медицинские организации. Именно здесь происходит непосредственная передача препаратов конечному потребителю – покупателю или пациенту. Каждый этап сопровождается отчетностью в системе Единого оператора.

🟢Системы, в которых работают аптеки и медицинские организации, уже интегрированы с информационной системой маркировки и прослеживаемости товаров. После продажи препарата или выдачи пациенту информация передается в систему Единого оператора и лекарственное средство выводится из оборота.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ

Бүгін, 12 мамыр, Қазақстанда және бүкіл әлемде Халықаралық мейіргер күні – 141 елдің мейіргерлер қауымдастығын біріктіретін кәсіби мереке атап өтілуде.


🔘Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері, олардың 146 мыңнан астамы – мейіргер жұмыс істейді, ал ауылдық жерлерде шамамен 55 мың маман еңбек етуде.

Соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің рөлі едәуір артты. Қызмет аясын кеңейту және өкілеттіктерді беру арқылы мейіргерлер медициналық көмекті командалық үлгіде көрсету жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.

Бұл дәрігерлердің жүктемесін азайтуға, пациенттер ағынын тиімді үйлестіруге, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

1⃣Бүгінде кеңейтілген практика мейіргерлері өз бетінше келесі қызметтерді атқарады:

• пациенттерді бастапқы қабылдау және динамикалық бақылау;
• медициналық құжаттар мен электрондық жазбаларды жүргізу;
• дәрігердің тағайындауы бойынша ақпараттық жүйелер арқылы тегін рецепт жазу;
• пациенттер ағынын реттеу және сұрыптау, қабылдауға жазу;
• активтерді тіркеу және тұрғындарды МСАК ұйымдарына тіркеу.

2⃣Мейіргерлердің жауапкершілік саласына сонымен қатар:

• диспансерлік есептегі пациенттермен жұмыс;
• созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы және әмбебап-прогрессивті патронаж моделі шеңберінде консультация беру, оқыту және патронаж;
• вакцинациялау мен скринингтерді қоса алғанда профилактика шаралары;
• медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейдегі халықтың денсаулығын нығайтуға қатысу жатады.

Денсаулық сақтау министрлігі мамандарды даярлаудың сатылы жүйесін енгізді: стандартты деңгейден бастап мамандардың құзыреттеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін «бакалавриат – магистратура – докторантура» академиялық дәрежелеріне дейін.

🎓Қазақстанда мейіргерлерді 94 медициналық колледж даярлайды, оның ішінде 22-сі – мемлекеттік, 72-сі – жекеменшік. Олардың 39-ы – жоғары медициналық колледж мәртебесіне ие.

Жыл сайын елімізде 23 000-нан астам жалпы бейінді маман даярланады, ал соңғы алты жылдың ішінде қолданбалы бакалавриат дипломы бар 20 000-нан астам мейіргер денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа орналастырылды.

✅Мейіргер ісін дамыту жұмыстарын үйлестіру мақсатында еліміздің 20 өңірінде өңірлік үйлестірушілер тағайындалды. Олардың қатарында – практикалық денсаулық сақтау саласының, білім беру ұйымдарының және басқару органдарының өкілдері бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі барлық мейіргерлерге халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан баға жетпес үлесі, біліктілігі, жанашырлығы мен адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Тек мейіргерлер ғана әрқашан пациенттің жанынан табылады, өмірдің ең қиын әрі жауапты сәттерінде қолдау көрсетеді.

💻Кәсіби мерекеге байланысты 14-16 мамыр күндері Түркістан қаласында «Мейіргер қызметінің инновациялары мен даму перспективалары» атты халықаралық форум және Қызылорда қаласында «ҚР-да тәуелсіз мейіргер ісінің ең үздік практикаларын енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
⚡️ДЕНЬ МЕДСЕСТРЫ: О ПОВЫШЕНИИ РОЛИ И СТАТУСА СПЕЦИАЛИСТОВ СРЕДНЕГО ЗВЕНА В КАЗАХСТАНЕ


Сегодня, 12 мая, в Казахстане, как и во всём мире, отмечается Международный день медицинской сестры — профессиональный праздник, объединяющий сестринские сообщества из 141 страны мира.


🔘На сегодняшний день в системе здравоохранения страны трудятся более 190 тысяч медицинских работников среднего звена, из них свыше 146 тысяч — медицинские сестры, в сельской местности работают около 55 тысяч специалистов.

Роль медицинских сестер в системе здравоохранения страны значительно возросла за последние годы. Благодаря расширению функционала и делегированию полномочий, медсестры стали неотъемлемой частью командной модели оказания медицинской помощи.

Это позволило снизить нагрузку на врачей и обеспечить более эффективную маршрутизацию пациентов, а также повысить доступность и качество медицинских услуг.

1⃣Сегодня медсестры расширенной практики самостоятельно осуществляют:

• первичный приём и динамическое наблюдение пациентов;
• ведение медицинской документации и электронных записей;
• выписку бесплатных рецептов по назначению врача через информационные системы;
• регулирование и сортировку потока пациентов, запись на приём;
• регистрацию активов и прикрепление населения к организациям ПМСП.

2⃣Сфера ответственности медсестёр также включает:

• ведение диспансерных пациентов;
• консультирование, обучение и патронаж в рамках программы управления хроническими заболеваниями и универсально-прогрессивной модели патронажной службы;
• профилактические мероприятия, включая вакцинации и скрининги;
• участие в укреплении здоровья населения на всех уровнях оказания медпомощи.

Министерством здравоохранения внедрена ступенчатая система подготовки специалистов: от стандартного уровня до академических степеней «бакалавриат — магистратура — докторантура», соответствующих современным требованиям к компетенциям специалистов.

🎓Подготовку медсестёр в Казахстане осуществляют 94 медицинских колледжа, включая 22 государственных и 72 негосударственных. Из них 39 имеют статус высшего медицинского колледжа.

Ежегодно в стране выпускается более 23 000 специалистов общего профиля, и за последние шесть лет более 20 000 медсестер с дипломами прикладного бакалавриата были успешно трудоустроены в учреждения здравоохранения.

✅В целях координации развития сестринского дела, в 20 регионах Казахстана назначены региональные координаторы, в числе которых – представители практического здравоохранения, образовательных учреждений и органов управления здравоохранением.

Министерство здравоохранения РК выражает искреннюю благодарность всем медицинским сёстрам страны за их бесценный вклад в охрану здоровья нации, профессионализм, сострадание и преданность делу. Именно медсестры всегда находятся на передовой заботы о каждом пациенте, рядом в самые трудные и ответственные моменты жизни.

💻В честь профессионального праздника 14-16 мая ожидается проведение Международного форума «Инновации и перспективы развития сестринской службы» в г.Туркестан и Международной научно-практической конференции «Внедрение наилучших практик независимого сестринского дела в РК» в г.Кызылорда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
🚹ҚАЗАҚСТАНДА 12 МАМЫРДАН БАСТАП РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

👉12–16 мамыр аралығында елімізде репродуктивтік денсаулық апталығы өтеді — бұл кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылды.

📇Жобаның негізгі әріптестері — Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.

Жоба халықтың репродуктивтік денсаулығы, инфекциялық аурулардың профилактикасы, отбасы жоспарлау және жауапты ата-аналық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөніндегі білімін арттыруға бағытталған.

Негізгі назар жастарға, репродуктивтік жастағы әйелдер мен ерлерге, сондай-ақ ата-аналарға бөлінетін болады.

🛡Бес күн бойы еліміздің барлық өңірінде келесі іс-шаралар өтеді:

• Емханалар мен Жастар денсаулығы орталықтарында Ашық есік күндері өткізіліп, мамандардан тегін консультация алуға болады;

• Жасөспірімдер, жастар және ата-аналар үшін отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және адам папилломасы вирусының профилактикасы тақырыптарында дәрістер, семинарлар мен мастер-кластар өтеді;

• әйелдер мен ерлерге бала сүюге дейінгі даярлық және АИТВ инфекциясына тестілеу бойынша консультация беріледі;

• БАҚ пен әлеуметтік желілерде медицина қызметкерлері, тиісті сала мамандары (гинекологтар, урологтар, дерматовенерологтар, репродуктологтар және т.б.) қатысатын ақпараттық науқандар өтеді;

• мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады;

• Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелеріне ата-аналарды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

💬Аптаның әрбір күні нақты бір тақырыпқа арналады:

• 12 мамыр, дүйсенбі: Отбасын жоспарлау
• 13 мамыр, сейсенбі: Әйелдер денсаулығы
• 14 мамыр, сәрсенбі: Ерлер денсаулығы
• 15 мамыр, бейсенбі: Жастардың репродуктивтік денсаулығы және ЖЖБИ-ге қарсы іс-қимыл
• 16 мамыр, жұма: Адам папилломасы вирусы

Іс-шаралар келесі хэштегтермен жарияланады: #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025


Іс-шаралар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: www.rephealth.kz

🔔🔔Жобаның шеңберінде басты назар жасөспірімдер мен жастарға аударылады — дәл осы жас кезеңінде бүкіл өмірге әсер ететін әдеттер қалыптасады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың репродуктивтік денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар бағдарлама мен жобаны іске асыруда.

🔔Өңірлерде 103 Жастар денсаулығы орталығы жұмыс істейді, 2026 жылға дейін балалар гинекологиясын дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді.

Балалар гинекологтарын қайта даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр, ауылдарда гинекологиялық аурулары бар қыздар мен жасөспірімдерге қажетті медициналық көмек көрсету бағыты әзірленген.

✅2025 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Аналар саулығы» бағдарламасы прегравидарлық даярлықты қамтиды — бұл фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын бағалап, жүктілікке және дені сау баланы дүниеге әкелуге даярлауға арналған іс-шаралар жиынтығы.

ЮНФПА деректері бойынша Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі жыныстық өмірді ерте бастау қаупі мен оның профилактикалық әдістері туралы жеткілікті ақпаратқа ие емес. 15–19 жас аралығындағы жастардың 60%-дан астамы ЖЖБИ мен жоспарланбаған жүктіліктен қалай қорғану керектігін білмейді. Ал АИТВ-ның берілу жолдарын тек 9% жасөспірім ғана біледі.

❗️Қазақстанда жатыр мойны обырының кең таралуы алаңдаушылық тудырып отыр — бұл әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың ішінде екінші орында.

Жыл сайын шамамен 1900 жаңа жағдай анықталып, 600-ге жуық әйел көз жұмады. Алайда бұл аурудың алдын АПВ-ға қарсы вакцинациялау арқылы алуға болады.


⚡️АПВ-ға қарсы иммундау басталғалы бері 11–13 жас аралығындағы 150 мыңнан астам қыз бала толық вакцинациялау курсынан өтті. Екпеден кейін ешқандай жағымсыз жанама әсер тіркелген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
АПВ-ның қауіптілігі — оның жоғары онкогенді 16 және 18 типтері жатыр мойны обырына жиі себеп болуы. Вакцинациялау ағзаның тұрақты иммунитет қалыптастыруына мүмкіндік береді және болашақта аурудың даму қаупін едәуір төмендетеді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤰🏻В КАЗАХСТАНЕ С 12 МАЯ СТАРТОВАЛА РЕСПУБЛИКАНСКАЯ НЕДЕЛЯ РЕПРОДУКТИВНОГО ЗДОРОВЬЯ

👉С 12 по 16 мая по всей стране пройдет Неделя репродуктивного здоровья — масштабная информационно-просветительская кампания, организованная под эгидой Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК.

✅Основные партнеры проекта — Министерство здравоохранения, Министерство просвещения, Министерство культуры и информации, местные исполнительные органы, а также международные и неправительственные организации.

Проект направлен на повышение осведомленности населения по вопросам репродуктивного здоровья, профилактики инфекционных заболеваний, планирования семьи и формирования культуры ответственного родительства.

🎯Особое внимание будет уделено молодежи, женщинам и мужчинам репродуктивного возраста, а также родительской общественности.

🛡В течение пяти дней по всей стране пройдут:

● Дни открытых дверей в поликлиниках и Молодежных центрах здоровья, где можно будет получить бесплатные консультации специалистов;

● лекции, семинары и мастер-классы для подростков, молодежи и родителей на темы планирования семьи, профилактики инфекций, передающихся половым путем, вируса папилломы человека;

● консультации женщин и мужчин по вопросам прегравидарной подготовки, тестирования на ВИЧ;

● информационные кампании в СМИ и социальных сетях с участием медработников, профильных специалистов (гинекологов, урологов, дерматовенерологов, репродуктологов и тд) и др.;

● образовательные мероприятия в школах, колледжах и вузах, включая тематические уроки и внеклассные занятия;

● работа с родительской общественностью для повышения их вовлеченности в вопросы охраны репродуктивного здоровья подростков.

💬Каждый день недели посвящен отдельной теме:

— 12 мая, понедельник: Планирование семьи
— 13 мая, вторник: Женское здоровье
— 14 мая, среда: Мужское здоровье
— 15 мая, четверг: Репродуктивное здоровье молодежи и противодействие ИППП
— 16 мая, пятница: Вирус папилломы человека

Мероприятия будут сопровождаться публикациями под хэштегами: #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025.

Подробную информацию о запланированных мероприятиях можно получить по ссылке: www.rephealth.kz

🔔В рамках проекта особое внимание будет уделено подросткам и молодежи — именно в юности формируются привычки, определяющие здоровье на всю жизнь. Министерство здравоохранения Республики Казахстан реализует ряд программ и проектов, направленных на улучшение репродуктивного здоровья населения.

🔷В регионах работают 103 молодежных центра здоровья, утверждена Дорожная карта по развитию детской гинекологии до 2026 года.

Проводятся курсы повышения квалификации для переподготовки детских гинекологов, разработано направление оказания необходимой медицинской помощи девушкам и подросткам с гинекологической патологией в селах.

✅Программа “Аналар саулығы", которая реализуется с 2025 года, предусматривает прегравидарную подготовку — комплекс мероприятий по оценке здоровья женщин фертильного возраста и подготовке к беременности и рождению здорового ребенка.

По данным ЮНФПА, большинство подростков в Казахстане недостаточно осведомлены о рисках раннего начала половой жизни и методах профилактики. Более 60% молодых людей в возрасте 15-19 лет не знают, как защититься от инфекций, передающихся половым путем (ИППП) и нежелательной беременности. При этом лишь 9% подростков имеют знания о путях передачи ВИЧ.

❗️Особую обеспокоенность вызывает распространенность рака шейки матки — это второй по частоте онкологический диагноз среди женщин в Казахстане.

Ежегодно выявляется около 1900 новых случаев, около 600 женщин умирают. Между тем, заболевание можно предотвратить с помощью вакцинации против ВПЧ.

⚡️С начала кампании по иммунизации против ВПЧ уже свыше 150 тысяч девочек в возрасте 11-13 лет получили полный курс вакцинации. Среди всех привитых не зафиксировано ни одного случая неблагоприятной побочной реакции. #salauattiurpaq2025
👍2