ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🚹ҚАЗАҚСТАНДА 12 МАМЫРДАН БАСТАП РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

👉12–16 мамыр аралығында елімізде репродуктивтік денсаулық апталығы өтеді — бұл кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылды.

📇Жобаның негізгі әріптестері — Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.

Жоба халықтың репродуктивтік денсаулығы, инфекциялық аурулардың профилактикасы, отбасы жоспарлау және жауапты ата-аналық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөніндегі білімін арттыруға бағытталған.

Негізгі назар жастарға, репродуктивтік жастағы әйелдер мен ерлерге, сондай-ақ ата-аналарға бөлінетін болады.

🛡Бес күн бойы еліміздің барлық өңірінде келесі іс-шаралар өтеді:

• Емханалар мен Жастар денсаулығы орталықтарында Ашық есік күндері өткізіліп, мамандардан тегін консультация алуға болады;

• Жасөспірімдер, жастар және ата-аналар үшін отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және адам папилломасы вирусының профилактикасы тақырыптарында дәрістер, семинарлар мен мастер-кластар өтеді;

• әйелдер мен ерлерге бала сүюге дейінгі даярлық және АИТВ инфекциясына тестілеу бойынша консультация беріледі;

• БАҚ пен әлеуметтік желілерде медицина қызметкерлері, тиісті сала мамандары (гинекологтар, урологтар, дерматовенерологтар, репродуктологтар және т.б.) қатысатын ақпараттық науқандар өтеді;

• мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында арнайы сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады;

• Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелеріне ата-аналарды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

💬Аптаның әрбір күні нақты бір тақырыпқа арналады:

• 12 мамыр, дүйсенбі: Отбасын жоспарлау
• 13 мамыр, сейсенбі: Әйелдер денсаулығы
• 14 мамыр, сәрсенбі: Ерлер денсаулығы
• 15 мамыр, бейсенбі: Жастардың репродуктивтік денсаулығы және ЖЖБИ-ге қарсы іс-қимыл
• 16 мамыр, жұма: Адам папилломасы вирусы

Іс-шаралар келесі хэштегтермен жарияланады: #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025


Іс-шаралар туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: www.rephealth.kz

🔔🔔Жобаның шеңберінде басты назар жасөспірімдер мен жастарға аударылады — дәл осы жас кезеңінде бүкіл өмірге әсер ететін әдеттер қалыптасады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың репродуктивтік денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар бағдарлама мен жобаны іске асыруда.

🔔Өңірлерде 103 Жастар денсаулығы орталығы жұмыс істейді, 2026 жылға дейін балалар гинекологиясын дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді.

Балалар гинекологтарын қайта даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр, ауылдарда гинекологиялық аурулары бар қыздар мен жасөспірімдерге қажетті медициналық көмек көрсету бағыты әзірленген.

✅2025 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Аналар саулығы» бағдарламасы прегравидарлық даярлықты қамтиды — бұл фертилдік жастағы әйелдердің денсаулығын бағалап, жүктілікке және дені сау баланы дүниеге әкелуге даярлауға арналған іс-шаралар жиынтығы.

ЮНФПА деректері бойынша Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі жыныстық өмірді ерте бастау қаупі мен оның профилактикалық әдістері туралы жеткілікті ақпаратқа ие емес. 15–19 жас аралығындағы жастардың 60%-дан астамы ЖЖБИ мен жоспарланбаған жүктіліктен қалай қорғану керектігін білмейді. Ал АИТВ-ның берілу жолдарын тек 9% жасөспірім ғана біледі.

❗️Қазақстанда жатыр мойны обырының кең таралуы алаңдаушылық тудырып отыр — бұл әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың ішінде екінші орында.

Жыл сайын шамамен 1900 жаңа жағдай анықталып, 600-ге жуық әйел көз жұмады. Алайда бұл аурудың алдын АПВ-ға қарсы вакцинациялау арқылы алуға болады.


⚡️АПВ-ға қарсы иммундау басталғалы бері 11–13 жас аралығындағы 150 мыңнан астам қыз бала толық вакцинациялау курсынан өтті. Екпеден кейін ешқандай жағымсыз жанама әсер тіркелген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤰🏻В КАЗАХСТАНЕ С 12 МАЯ СТАРТОВАЛА РЕСПУБЛИКАНСКАЯ НЕДЕЛЯ РЕПРОДУКТИВНОГО ЗДОРОВЬЯ

👉С 12 по 16 мая по всей стране пройдет Неделя репродуктивного здоровья — масштабная информационно-просветительская кампания, организованная под эгидой Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК.

✅Основные партнеры проекта — Министерство здравоохранения, Министерство просвещения, Министерство культуры и информации, местные исполнительные органы, а также международные и неправительственные организации.

Проект направлен на повышение осведомленности населения по вопросам репродуктивного здоровья, профилактики инфекционных заболеваний, планирования семьи и формирования культуры ответственного родительства.

🎯Особое внимание будет уделено молодежи, женщинам и мужчинам репродуктивного возраста, а также родительской общественности.

🛡В течение пяти дней по всей стране пройдут:

● Дни открытых дверей в поликлиниках и Молодежных центрах здоровья, где можно будет получить бесплатные консультации специалистов;

● лекции, семинары и мастер-классы для подростков, молодежи и родителей на темы планирования семьи, профилактики инфекций, передающихся половым путем, вируса папилломы человека;

● консультации женщин и мужчин по вопросам прегравидарной подготовки, тестирования на ВИЧ;

● информационные кампании в СМИ и социальных сетях с участием медработников, профильных специалистов (гинекологов, урологов, дерматовенерологов, репродуктологов и тд) и др.;

● образовательные мероприятия в школах, колледжах и вузах, включая тематические уроки и внеклассные занятия;

● работа с родительской общественностью для повышения их вовлеченности в вопросы охраны репродуктивного здоровья подростков.

💬Каждый день недели посвящен отдельной теме:

— 12 мая, понедельник: Планирование семьи
— 13 мая, вторник: Женское здоровье
— 14 мая, среда: Мужское здоровье
— 15 мая, четверг: Репродуктивное здоровье молодежи и противодействие ИППП
— 16 мая, пятница: Вирус папилломы человека

Мероприятия будут сопровождаться публикациями под хэштегами: #СалауаттыҰрпақ2025, #ЗдоровоеПоколение2025, #RepHealth2025, #SalauattiUrpaq2025.

Подробную информацию о запланированных мероприятиях можно получить по ссылке: www.rephealth.kz

🔔В рамках проекта особое внимание будет уделено подросткам и молодежи — именно в юности формируются привычки, определяющие здоровье на всю жизнь. Министерство здравоохранения Республики Казахстан реализует ряд программ и проектов, направленных на улучшение репродуктивного здоровья населения.

🔷В регионах работают 103 молодежных центра здоровья, утверждена Дорожная карта по развитию детской гинекологии до 2026 года.

Проводятся курсы повышения квалификации для переподготовки детских гинекологов, разработано направление оказания необходимой медицинской помощи девушкам и подросткам с гинекологической патологией в селах.

✅Программа “Аналар саулығы", которая реализуется с 2025 года, предусматривает прегравидарную подготовку — комплекс мероприятий по оценке здоровья женщин фертильного возраста и подготовке к беременности и рождению здорового ребенка.

По данным ЮНФПА, большинство подростков в Казахстане недостаточно осведомлены о рисках раннего начала половой жизни и методах профилактики. Более 60% молодых людей в возрасте 15-19 лет не знают, как защититься от инфекций, передающихся половым путем (ИППП) и нежелательной беременности. При этом лишь 9% подростков имеют знания о путях передачи ВИЧ.

❗️Особую обеспокоенность вызывает распространенность рака шейки матки — это второй по частоте онкологический диагноз среди женщин в Казахстане.

Ежегодно выявляется около 1900 новых случаев, около 600 женщин умирают. Между тем, заболевание можно предотвратить с помощью вакцинации против ВПЧ.

⚡️С начала кампании по иммунизации против ВПЧ уже свыше 150 тысяч девочек в возрасте 11-13 лет получили полный курс вакцинации. Среди всех привитых не зафиксировано ни одного случая неблагоприятной побочной реакции. #salauattiurpaq2025
👍2
Опасность ВПЧ заключается в высокоонкогенных типах вируса, таких как 16 и 18, которые в большинстве случаев вызывают рак шейки матки. Вакцинация позволяет организму выработать устойчивый иммунитет и существенно снижает риск развития заболевания в будущем.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ENI КОМПАНИЯСЫ БІРҚАТАР БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА НИЕТТІ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Eni Kazakhstan компаниясының төрағасы және атқарушы директоры Сегер Хойтинкпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Eni компаниясының Қазақстандағы орнықты даму қызметі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

❗️Кездесуде медицинадағы цифрлық шешімдерді оңтайландыру жобалары бойынша, сондай-ақ балалар денсаулығының әртүрлі бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Италия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тәжірибе және инновациялар алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын арттыру, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және басқа да бағыттар кіреді.

«Біз италиялық тараппен мамандардың біліктілігін арттыруға, салалық инфрақұрылымды дамытуға, жоғары оқу орындарының арасында тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған италиялық тәжірибені тартуға мүдделіміз», – деді А. Әлназарова.


✅Қазақстандық тарап жас мамандарға арналған медициналық экология, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, денсаулық сақтаудағы менеджмент бағыттары мен басқа да өзекті тақырыптарды қамтитын жазғы оқу курстарын өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️МИНЗДРАВ РК И КОМПАНИЯ ENI НАМЕРЕНЫ УКРЕПЛЯТЬ СОТРУДНИЧЕСТВО ПО РЯДУ НАПРАВЛЕНИЙ

Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова провела встречу с председателем и управляющим директором компании Eni Kazakhstan Сегером Хойтинком. В ходе встречи стороны обсудили вопросы развития двустороннего сотрудничества в сфере здравоохранения в рамках деятельности Эни по устойчивому развитию в Казахстане.

❗️Особое внимание было уделено возможностям сотрудничества по проектам оптимизации цифровых решений в медицине, а также в различных сферах детского здравоохранения.

Ключевыми направлениями казахстанско-итальянского сотрудничества в области здравоохранения являются обмен опытом и инновациями, реализация совместных проектов, повышение санитарно-эпидемиологического благополучия населения, обучение и повышение квалификации кадров, реализация программ академической мобильности, развитие инфраструктуры здравоохранения и др.

«Мы заинтересованы в привлечении итальянского опыта в здравоохранение, направленного на повышение квалификации специалистов, развитие инфраструктуры отрасли, обмен опытом и знаниями между вузами, а также участие в реализации совместных разработок с итальянской стороной», — подчеркнула А.Альназарова.


✅Казахстанская сторона предложила рассмотреть возможность проведения летних обучающих курсов для молодых специалистов по таким направлениям, как медицинская экология, санитарно-эпидемиологическое благополучие населения, менеджмент в здравоохранении и другим актуальным темам.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ℹ️АСТАНАДА ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНУДА

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар жиналып, Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының III съезінің шеңберінде өтіп жатқан «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты халықаралық конференцияға қатысуда.

▶Форумның күн тәртібінде шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру, заманауи технологияларды енгізу және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көмек көрсетудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралуда.

«Қазақстан – аумағы кең, халқы әркелкі қоныстанған ел, бұл шұғыл медициналық көмекті көрсетуге ерекше жағдай туғызады. Біз заманауи логистикалық моделдерді, телемедицина шешімдерін енгізіп, мамандардың біліктілігін арттыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз.
Ең маңызды басымдықтардың бірі – қолжетімсіз өңірлерден пациенттерді дер кезінде эвакуациялауға мүмкіндік беретін медициналық авиацияны дамыту болып табылады», – деді конференцияның ашылуында ҚР
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов.

🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
Панелдік сессиялар барысында өзбекстандық әріптестер шұғыл медициналық көмек жүйесіндегі көп жарақаттар мен жүрек-қантамыр патологиялары бойынша ауданаралық орталықтардың жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, С.Ж.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің жедел медициналық көмек кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Әбдуғани Мұсаев Алматы қаласында мопедтер қатысқан жол-көлік оқиғаларынан кейінгі жедел медициналық көмектің рөлі туралы баяндама жасады, Ресей Федерациясының Ұлттық санитариялық авиация қызметінің бас дәрігері Андрей Переведенцев жүрек-өкпе реанимациясының заманауи технологиялары мен осы бағыттың даму болашағы жайлы баяндама оқыды, Солтүстік Қазақстан облысының жедел медициналық көмек қызметінің директоры Юрий Белоног бейнетіркегіш құрылғыларын пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥

🔷Конференция алаңында санитариялық авиацияны дамыту, реанимациялық іс-шараларға инновациялық көзқарас және шұғыл медициналық қызмет мамандарының жұмысын құқықтық реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
«Шұғыл медициналық көмекті дамыту – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз халықаралық ынтымақтастыққа, заманауи технологияларды енгізуге, кадр даярлауды жетілдіруге және әрбір азамат үшін шұғыл көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүдделіміз. Конференция нәтижелері Қазақстандағы жедел медициналық көмек жүйесін одан әрі нығайтуға негіз болады деп сенемін», – деді вице-министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ℹ️УЧАСТНИКИ МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ В АСТАНЕ ОБСУЖДАЮТ ВОПРОСЫ ОРГАНИЗАЦИИ ЭКСТРЕННОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ

В эти дни в Астане собрались ведущие медицинские эксперты, известные клиницисты, исследователи, профессора из стран СНГ и ближнего зарубежья для участия в Международной конференции «Современные концепции и перспективы развития экстренной медицины» в рамках III съезда Евроазиатского сообщества экстренной медицины.

▶На повестке форума идет обсуждение вопросов организации экстренной медицинской помощи, внедрения современных технологий и повышения эффективности догоспитального этапа оказания помощи.

«Казахстан – страна с огромной территорией и разной плотностью населения, что создает особые условия для оказания экстренной медицинской помощи. Мы внедряем современные модели логистики, телемедицинские решения, активно работаем над повышением квалификации персонала. Одним из важнейших приоритетов является развитие медицинской авиации, позволяющей своевременно эвакуировать пациентов из труднодоступных регионов», — сказал вице-министр здравоохранения РК Тимур Муратов, выступая с приветственным словом перед участниками конференции.


🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
🔷В ходе панельных сессий узбекские коллеги поделились опытом организации работы межрайонных центров по политравме и экстренной сердечно-сосудистой патологии в системе экстренной медицинской помощи, доктор медицинских наук, профессор кафедры СНМП Национального медицинского университета им.С.Д.Асфендиярова Абдугани Мусаев рассказал о роли скорой медицинской помощи в последствиях дорожно-транспортных происшествий с участием мопедов в городе Алматы, Главный врач Национальной службы санитарной авиации Российской Федерации Андрей Переведенцев выступил с докладом о современных технологиях сердечно-легочной реанимации и перспективами развития этого направления,
опытом использования видеорегистраторов в работе службы скорой медицинской помощи Северо-Казахстанской области поделился Юрий Белоног, директор службы скорой медицинской помощи Северо-Казахстанской области.
🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥
Отдельное внимание на площадке конференции уделяется вопросам развития медико-санитарной авиации, инновационного подхода к реанимационным мероприятиям и правового регулирования работы специалистов экстренной медицины.

«Развитие системы экстренной медицинской помощи — один из приоритетов государственной политики в сфере здравоохранения. Мы заинтересованы в активном международном сотрудничестве, внедрении современных технологий, совершенствовании подготовки кадров и повышении качества и доступности неотложной помощи для каждого гражданина. Уверен, что итоги конференции послужат основой для дальнейшего укрепления системы экстренной медицины в Казахстане», — подчеркнул вице-министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮРЕКТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ІСІГІ БАР ЖАС ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ерекше операция жасалды: кардиохирургтар жас әйелдің өміріне қауіп төндірген миксоманы — сирек кездесетін қатерсіз ісікті — сәтті алып тастады.

🗣️Пациент орталыққа ентігу мен ауа жетіспеушілігіне шағымданып түсті. Эхокардиография нәтижесінде сол жақ жүрекшеде көлемі 6×4 см болатын миксома анықталған - мұндай ісікті дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, шұғыл операция жасау қажет болды.🗣️

Хирургиялық араласу сәтті өтті. Ісік толық алынып, жүрекішілік қанайналым қалпына келтірілді. Келесі күні пациент ешқандай симптомдарсыз жүре бастады, ал көп ұзамай үйіне шығарылды.

«Мұндай жағдайлар дер кезіндегі диагностика мен білікті медициналық көмектің қаншалықты маңызды екенін ескертеді. Жас әйел толыққанды өмір сүру үшін екінші мүмкіндікке ие болды — бұл біз үшін зор марапат», — деп атап өтті орталық дәрігерлері.





🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥🫥



🔥АЛМАТИНСКИЕ ВРАЧИ СПАСЛИ МОЛОДУЮ ЖЕНЩИНУ С РЕДКОЙ ОПУХОЛЬЮ СЕРДЦА

В Городском кардиологическом центре Алматы провели уникальную операцию: кардиохирурги удалили миксому — редкую доброкачественную опухоль, которая угрожала жизни молодой женщины.

🗣️Пациентка поступила с жалобами на одышку и нехватку воздуха. Эхокардиография выявила миксому размером 6×4 см в левом предсердии — такую опухоль невозможно вылечить медикаментами, нужна срочная операция.🗣️

Хирургическое вмешательство прошло успешно. Опухоль удалена, внутрисердечный кровоток восстановлен. Уже на следующий день пациентка начала ходить без симптомов, а вскоре была выписана домой.

«Такие случаи напоминают насколько важны своевременная диагностика и квалифицированная медицинская помощь. Молодая женщина получила второй шанс на полноценную жизнь — и это наша главная награда», — отметили врачи центра.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4