ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🛡ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДА АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖАЛҒАСУДА

16 мамырда елдің барлық өңірлерінде Республикалық репродуктивтік денсаулық апталығы шеңберінде халықтың адам папилломасы вирусы, оның салдары және профилактиканың мүмкіндіктері туралы ақпараттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілуде.

🟢Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша 11–13 жас аралығындағы 138 469 қыз бала АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын, ал 44 956 қыз бала екінші дозасын алған.

Жатыр мойны обыры (ЖМО) әйелдердің арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып қалып отыр. Жыл сайын әлемде осы диагноздан шамамен 300 мың әйел көз жұмады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның шамамен 2 мың жаңа жағдайы тіркеледі.

🚩Жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі — жоғары онкогендік қауіпті адам папилломасы вирусының 16 және 18-типтері. Сондықтан уақытылы профилактика, әсіресе вакцинациялау, аса маңызды.

Вакцина тұрақты иммунитет қалыптастырып, болашақта аурудың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

👤АПВ-ға қарсы ұлттық вакцинациялау бағдарламасы 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, жоспарлы түрде жүргізілуде.
Бағдарлама 11–13 жас аралығындағы қыздарды қамтиды және халықаралық стандарттар мен ұсынымдардың негізінде іске асырылуда.

🎯Қазақстан онкологиялық ауруларды төмендету және әйелдер денсаулығын сақтау мақсатында бұл практиканы енгізген 135 елдің бірі болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛡ПРОФИЛАКТИКА РАКА ШЕЙКИ МАТКИ: ВАКЦИНАЦИЯ ПРОТИВ ВПЧ ПРОДОЛЖАЕТСЯ В КАЗАХСТАНЕ


16 мая в рамках Республиканской недели репродуктивного здоровья во всех регионах страны проходят мероприятия, направленные на повышение осведомленности населения о вирусе папилломы человека, его последствиях и возможностях профилактики.

🟢По данным Министерства здравоохранения РК, по состоянию на май 2025 года первую дозу вакцины против ВПЧ получили 138 469 девочек в возрасте 11-13 лет, вторую дозу — 44 956 девочек.

Рак шейки матки (РШМ) остается одним из наиболее распространенных онкологических заболеваний среди женщин. Ежегодно в мире от этого диагноза умирают около 300 тысяч женщин. В Казахстане фиксируется около 2 тысяч новых случаев РШМ в год.

🚩Основной причиной развития рака шейки матки являются высокорисковые онкогенные типы ВПЧ — в частности, типы 16 и 18. Именно поэтому особое значение имеет своевременная профилактика, в первую очередь — вакцинация.

Вакцина позволяет сформировать устойчивый иммунитет и предотвратить развитие заболевания в будущем.

👤Национальная программа вакцинации против ВПЧ стартовала 1 сентября 2024 года и проводится на плановой основе.

🎯Она охватывает девочек в возрасте 11-13 лет и реализуется в рамках международных стандартов и рекомендаций.
Казахстан стал одной из 135 стран, внедривших данную практику для снижения онкологической заболеваемости и сохранения женского здоровья.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️АСТАНАДА ӨТКЕН ІІ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ФОРУМ: ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКТЕГІ ДИАГНОСТИКАДАН АЗ ИНВАЗИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ДЕЙІН

Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын ерте диагностикалауға арналған мамандандырылған сараптамалық эндоскопиялық орталықтар ашылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астанада өткен II Орталық Азия эндоскопиялық форумында айтты.

«Ең бастысы – нақ осы орталықтарда клиникалық тәжірибе жинақталып, аз инвазивті диагностика мен емдеу әдістерінің дамуы үшін күш-жігерді шоғырландыру және жоғары білікті мамандарды тарту болып табылады. Қазіргі таңда мұндай эндоскопиялық орталықтар еліміздің барлық дерлік өңірлерінде жұмыс істейді, – деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.


✔️II Орталық Азия эндоскопиялық форумы Қазақ эндоскопиялық қоғамы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұйымдастыруымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті, бұл шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Моңғолия, Үндістан және басқа елдерден 400-ге жуық қатысушы мен 40 шақты спикер жиналды.

Екі күн бойы сарапшылар диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылап, эндоскопиялық араласулар көрсетіп, онкология, гастроэнтерология, пульмонология және өзге де салалардағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.

👍Қонақтардың қатарында әлемдік деңгейдегі жетекші мамандар: Жапониядан өңештің заманауи эндоскопиялық хирургиясының негізін қалаушылардың бірі профессор Харухиро Иное; асқазан обырын ерте анықтау саласындағы сарапшы профессор Томохико Морияма; сондай-ақ Оңтүстік Кореядан профессор Чон Сон У және басқалар болды.

Форумның жұмысы кезінде жасанды интеллект жүйелері мен ерте кезеңдегі обырды диагностикалауға және аз инвазивті араласуларға арналған құрал-жабдықтар көрмесі өтті.

👉Қазақ эндоскопиялық қоғамының төрағасы, Ұлттық ғылыми онкология орталығының сараптамалық эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Батырбеков қазіргі таңда негізгі назар ашық хирургиялық араласусыз-ақ қатерсіз, шекаралық және ерте сатыдағы қатерлі ісіктерді алып тастауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операцияларға аударылғанын айтты:

«Онкологияда эндоскопияның орны ерекше. Ол ісікті ерте анықтап қана қоймай, оны жұмсақ тәсілмен алып тастауға мүмкіндік береді. Біз қазіргі эндоскопияның диагностикадан бастап, жуырда мүмкін емес деп саналатын аз инвазивті емдеуге дейінгі барлық әлеуетін көрсетуге ұмтыламыз, – деді ол.


⚡️Форумның шеңберінде симуляциялық станцияларда тренингтер ұйымдастырылып, қатысушылар нақты уақытта POEM, ESD, ERCP сияқты күрделі араласуларды операциялық залдардан live-сессиялар кезінде бақылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️II ЭНДОСКОПИЧЕСКИЙ ФОРУМ В АСТАНЕ: ОТ ВЫСОКОТОЧНОЙ ДИАГНОСТИКИ ДО МАЛОИНВАЗИВНЫХ ОПЕРАЦИЙ


На сегодня во всех регионах Казахстана открыты специализированные экспертные эндоскопические центры для ранней диагностики онкологических заболеваний желудочно-кишечного тракта, сообщил вице-министр здравоохранения РК Ержан Нурлыбаев в своем выступлении на II Эндоскопическом форуме Центральной Азии в Астане.

«Главное — это концентрация усилий и привлечение высокопрофессиональных специалистов, чтобы именно в этих центрах накапливался клинический опыт, развивались методы малоинвазивной диагностики и лечения. Сегодня такие эндоскопические центры функционируют практически во всех регионах», — подчеркнул Ержан Нурлыбаев.


✔️II Эндоскопический форум Центральной Азии, организованный Казахским эндоскопическим обществом и Национальным научным онкологическим центром при поддержке Министерства здравоохранения, собрал в Астане около 400 участников и 40 спикеров из Казахстана, России, Беларуси, Украины, Монголии, Индии и других стран.

В течение двух дней эксперты обсуждают современные подходы к диагностике и лечению, демонстрируют эндоскопические вмешательства и обмениваются передовым опытом в онкологии, гастроэнтерологии, пульмонологии и смежных направлениях.

👍Среди приглашенных — ведущие мировые специалисты: профессор Харухиро Иное (Япония), один из основоположников современной эндоскопической хирургии пищевода; профессор Томохико Морияма (Япония), эксперт по раннему выявлению рака желудка; профессор Чон Сон У (Южная Корея) и другие.

Работу форума сопровождает выставка современного эндоскопического оборудования — от систем с искусственным интеллектом до инструментов для малоинвазивных вмешательств и диагностики ранних форм рака.

👉Как отметил председатель Казахского эндоскопического общества, заведующий отделением экспертной эндоскопии ННОЦ Канат Батырбеков, сегодня в фокусе — высокотехнологичные операции, позволяющие удалять доброкачественные, пограничные и ранние злокачественные образования без открытых хирургических вмешательств:

«Эндоскопия в онкологии занимает особое место. Она позволяет не только выявить опухоль на ранней стадии, но и удалить ее щадящим способом. Мы стремимся показать весь потенциал современной эндоскопии — от диагностики до малоинвазивного лечения, которое еще недавно казалось невозможным», — пояснил он.


⚡️В рамках форума состоялись тренинги на симуляционных станциях и в режиме реального времени участники смогли наблюдать за сложнейшими вмешательствами — POEM, ESD, ERCP, во время live-сессий из операционных залов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👥ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ БАҚЫЛАП, СКРИНИНГТЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Бүгін, 17 мамыр – бүкіл әлемде Артериялық гипертонияға қарсы күрестің Дүниежүзілік күні аталып өтуде. Бұл – жүрек-қан тамырлары аурулары мен мезгілсіз өлімнің ең қауіпті әрі кең таралған қауіп факторларының бірі.

💻Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, әлем бойынша 30-дан 79 жасқа дейінгі 1,28 миллиардтан астам адам гипертониямен ауырады, сонымен қатар пациенттердің шамамен 46%-ы өз диагноздары туралы білмейді.

Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қанайналым жүйесі аурулары құрылымында артериялық гипертензия диагнозы бар пациенттердің үлесі 47,7%-ды құрайды. Сырқаттанушылықтың артуы негізінен халықты скринингпен қамтудың ұлғаюымен байланысты.

🅾️Аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілер болмайды, алайда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізілетін қан қысымын өлшеу, ЭКГ түсіру және зертханалық талдаулардың арқасында пациенттер дер кезінде ем қабылдай бастайды және қажет болған жағдайда диспансерлік есепке алынады.

2024 жылы скринингтен 1,9 миллионға жуық адам өтті, нәтижесінде 104 мыңнан астам жаңа гипертония жағдайы анықталып, олар тұрақты бақылауға алынды.

✈️Еуропалық гипертония қоғамының ұсынымдарына сәйкес:

• Артериялық қысымның нысаналы деңгейі – 140/90 мм сын. бағ. төмен болуы тиіс;
• Емдеу өмір салтын өзгертуді (тұз тұтынуды азайту, темекі мен алкоголден бас тарту, физикалық белсенділік) және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеуді қамтиды.

💳Денсаулық сақтау министрлігі халықты артериялық қысымын бақылауға, профилактикалық қарап-тексерулерінен тұрақты түрде өтуге және емдеуші дәрігердің ұсынымдарын орындауға шақырады.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖


👥МИНЗДРАВ ПРИЗЫВАЕТ СЛЕДИТЬ ЗА АРТЕРИАЛЬНЫМ ДАВЛЕНИЕМ И РЕГУЛЯРНО ПРОХОДИТЬ СКРИНИНГИ

Сегодня, 17 мая во всём мире отмечается Всемирный день борьбы с артериальной гипертонией. Это один из наиболее опасных и распространённых факторов риска сердечно-сосудистых заболеваний и преждевременной смертности.

💻Согласно данным ВОЗ, гипертонией во всем мире страдает более 1,28 млрд человек в возрасте от 30 до 79 лет, и при этом около 46% пациентов не знают о своём диагнозе.

В Казахстане, по итогам первого квартала текущего года, доля пациентов с диагнозом артериальная гипертензия составляет 47,7% в структуре болезней системы кровообращения. Рост заболеваемости в основном связан с увеличением охвата населения скринингами.

🅾️На ранних этапах заболевание проходит бессимптомно, но благодаря массовым обследованиям в организациях ПМСП, где измеряется кровяное давление, снимается ЭКГ и анализы, пациенты начинают лечение и при необходимости встают на диспансерный учет.

В 2024 году скрининг прошли почти 1,9 млн человек, было выявлено более 104 тыс. новых случаев гипертонии, которые были взяты под постоянное наблюдение.

✈️Согласно рекомендациям Европейского общества гипертонии:

• Целевой уровень артериального давления составляет менее 140/90 мм рт. ст.;
• Лечение включает в себя изменение образа жизни (снижение потребления соли, отказ от курения и алкоголя, физическая активность) и, при необходимости, медикаментозную терапию.

💳Минздрав призывает население следить за своим артериальным давлением, регулярно проходить профилактические осмотры, соблюдать рекомендации лечащего врача.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
❤️1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын сәбидің жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды. Сәбидің туғанына 45 күн толған болатын.

🏥25-аптада дүниеге келген нәресте наурыз айының басында орталықтың жаңа туған балалардың қарұынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер «ашық артериялық өзек» (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса респираторлық дистресс-синдромды анықтады.

🔵Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, ол бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагноздың күрделілігіне байланысты перинаталдық орталықтың дәрігерлері бірнеше рет қаладағы кардиохирургтармен кеңесті.

Сәбиге 45 күн толып, салмағы 1 келіге жеткенде, дәрігерлер жүрегіне операция жасау туралы шешім қабылдады. Ашық артериялық өзекке жасалған күрделі және аса дәлдікті қажет ететін бұл операция сәтті өтті.

☄️Операцияны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Әбдірайымов жасады.

Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты ауыр. Ол перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шәбетов бастаған неонаталдық реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
❤️РЕБЕНКУ ВЕСОМ 1 КГ СДЕЛАЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ НА СЕРДЦЕ

В шымкентском городском перинатальном центре успешно проведена сложная операция на сердце ребенка весом всего 1 килограмм, которому исполнилось 45 дней со дня рождения.

🏥Малыш, родившийся на 25 неделе, был доставлен в отделение интенсивной терапии новорожденных центра в начале марта. Он весил всего 655 граммов при росте – 28 сантиметров. После обследования врачи поставили диагноз" открытый артериальный проток " (врожденный порок сердца), а также диагностировали респираторный дистресс-синдром.

🔵Состояние малыша было настолько тяжелым, что его сразу подключили к аппарату искусственной вентиляции легких. В связи со сложным диагнозом врачи перинатального центра неоднократно консультировались со специалистами-кардиохирургами города.

Когда малышу исполнилось 45 дней и он достиг веса 1 кг, врачи решили сделать операцию на сердце. Сложное ювелирное вмешательство на открытом артериальном ядре прошло успешно.

☄️Операцию провели кардиохирург Шымкентской городской детской клинической больницы Асан Жуманов и анестезиолог-реаниматолог Шымкентского городского перинатального центра Акжол Абдраимов.

В настоящее время состояние малыша стабильно тяжелое. Он находится под постоянным наблюдением врачей отделения неонатальной реанимации во главе с заместителем главного врача перинатального центра по неонатальной службе Гульмиры Будуковой и неонатолога-реаниматолога Ерасыла Шабетова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏4👍2
🦠COVID-19 БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ 


Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

🇰🇿Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркелуде.

💻Инфекциялық төсектердің жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдауда, жағдайы – орташа ауырлықта.

Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр.

Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.

✅Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі келесілерді ұсынады:

• жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
• қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
• үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
• ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🦠ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ ПО COVID-19 В РК СТАБИЛЬНАЯ
 
В Республике Казахстанэпидемиологическая ситуация по коронавирусной инфекции стабильная.

🇰🇿Министерством здравоохранения РК продолжается еженедельный мониторинг заболеваемости по стране и эпидемиологической ситуации в мире.

Всего с начала 2025 года зарегистрировано 329 подтвержденных случаев, летальных случаев не зарегистрировано, по сравнению с аналогичным периодом прошлого года отмечается снижение заболеваемости в 3,7 раз. В неделю по республике регистрируется до 25 случаев.

💻Занятость инфекционных коек составляет – 27%, реанимационных – 2%, в том числе с коронавирусной инфекцией в стационарах поучают лечение 2 больных, состояние средней степени тяжести.

Как и во всем мире в РК продолжает циркулировать штаммы варианта Омикрон, который впервые выявлен в 2022 году.

Вариант Омикрон содержит более 30 мутаций и характеризуется легким течением заболевания, тем самым не требует стационарного лечения. Основными симптомами заболевания являются поражениеверхних дыхательных путей, насморк, боль в горле, кашель.

✅Учитывая рост заболеваемости в других странах Министерство здравоохранения рекомендует:

• избегать тесного контакта с людьми, страдающими острыми респираторными инфекциями;
• частое мытье рук, особенно после прямого контакта с больными людьми или их окружением;
• регулярное проветривание помещений;
• при наличии симптомов заболевания обращаться за мед мпомощью.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
⚡️АЛМАТЫДА ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМЫ МЕН БИОҚАУІПСІЗДІККЕ 120 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Алматы қаласында «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, іс-шара Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының мерейтойына арналды.

🔬Іс-шараға Денсаулық сақтау министрліктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа елдері, Беларусь, Грузия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттерден келген ғылыми мекемелердің ғалымдары мен мамандары қатысты.

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталған институттың еліміздегі алғашқы ғылыми мекемелердің бірі ретінде тарихи маңызын атап өтті.
«120 жылдан астам тарихында Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ветеринария, мал шаруашылығы және қоғамдық денсаулық сақтау салаларының дамуына зор үлес қосты, бруцеллез, сібір ойық жарасы және аусыл сияқты аса қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы ондаған диагностикалық әдістер, вакциналар мен дәрілік заттар әзірледі», — деді министр.


🏥Конференцияның мақсаты — ветеринария саласындағы ғылым мен практиканың арасындағы ынтымақтастықты нығайту, халықаралық әріптестікті дамыту, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен инновациялық технологияларды енгізудің стратегиялық бағыттарын айқындау.

Пленарлық отырыс барысында отандық және шетелдік сарапшылар ғылыми баяндамалар жасап, ветеринария ғылымының келесі даму бағыттарын талқылады:
– жануарлардың инфекциялық, инвазиялық және инфекциялық емес ауруларын диагностикалау, профилактикасы және емдеу;
– биологиялық қауіпсіздік саласындағы биотехнологиялық инновациялар: зерттеуден коммерциялауға дейін;
– биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан молекулалық биология және микроорганизмдер геномикасы;
– ветеринария ғылымындағы пәнаралық тәсілдер.

📚Сонымен қатар конференция шеңберінде ғылыми жетістіктер көрмесі мен институт тарихына арналған мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті.

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты 1905 жылы құрылған, еліміздегі ең көне ғылыми мекемелердің бірі. 2023 жылдан бастап бұл Институт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «QazBioPharm» ұлттық холдингінің құрамына енді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM