Алматы қаласында «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, іс-шара Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының мерейтойына арналды.
Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталған институттың еліміздегі алғашқы ғылыми мекемелердің бірі ретінде тарихи маңызын атап өтті.
«120 жылдан астам тарихында Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ветеринария, мал шаруашылығы және қоғамдық денсаулық сақтау салаларының дамуына зор үлес қосты, бруцеллез, сібір ойық жарасы және аусыл сияқты аса қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы ондаған диагностикалық әдістер, вакциналар мен дәрілік заттар әзірледі», — деді министр.
Пленарлық отырыс барысында отандық және шетелдік сарапшылар ғылыми баяндамалар жасап, ветеринария ғылымының келесі даму бағыттарын талқылады:
– жануарлардың инфекциялық, инвазиялық және инфекциялық емес ауруларын диагностикалау, профилактикасы және емдеу;
– биологиялық қауіпсіздік саласындағы биотехнологиялық инновациялар: зерттеуден коммерциялауға дейін;
– биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан молекулалық биология және микроорганизмдер геномикасы;
– ветеринария ғылымындағы пәнаралық тәсілдер.
Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты 1905 жылы құрылған, еліміздегі ең көне ғылыми мекемелердің бірі. 2023 жылдан бастап бұл Институт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «QazBioPharm» ұлттық холдингінің құрамына енді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы состоялась Международная научно-практическая конференция на тему: «120 лет казахской ветеринарной науке: достижения и новые задачи в обеспечении биологической безопасности», приуроченная к юбилею Казахского научно-исследовательского ветеринарного института.
Выступая с приветственным словом, глава Министерства здравоохранения Акмарал Альназарова подчеркнула историческую значимость института, как одного из первых научных учреждений страны.
«За более чем вековую историю КазНИВИ внес весомый вклад в развитие ветеринарии, животноводства и общественного здравоохранения, разработав десятки диагностических методов, вакцин и лекарственных средств, направленных на борьбу с особо опасными инфекциями, такими как бруцеллез, сибирская язва и ящур», — отметила она.
– диагностика, профилактика и лечение инфекционных, инвазионных и неинфекционных заболеваний животных;
– биотехнологические инновации в сфере биобезопасности: от исследований к коммерциализации;
– молекулярная биология и геномика микроорганизмов в контексте биологической и пищевой безопасности;
– междисциплинарные подходы в ветеринарной науке.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында коронарлық артерияларды көруге арналған жасанды интеллекті бар жаңа буын тамырішілік ультрадыбыс енгізілді.
«Рентгеноперациялық блок заманауи жабдықтармен жарақталған, бұл организмнің кез келген аймағында рентгенбақылаумен операция жасауға мүмкіндік береді. Дәрігерлер ең озық құралдарды, медициналық аппаратура мен шығын материалдарын қолданады. Біздің институтымыз Қазақстандағы осы инновациялық технологияны ұсынған алғашқы медициналық мекемелердің бірі болды», — деп атап өтті басқарма төрағасы Марат Пашимов.
«ТІУДЗ қолдану стент тромбозы мен стент рестенозы сияқты асқыну қаупін төмендететіні дәлелденген. Бұл науқастың операциядан бас тартуын қоспағанда диагностикалық әдістің абсолюттік қарсы көрсетілімдері жоқ», — деп түсіндірді рентгенэндоваскулярлық операциялық блок меңгерушісі Алексей Колесников.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В НИИ кардиологии и внутренних болезней (г. Алматы) внедрен внутрисосудистый ультразвук нового поколения с искусственным интеллектом для визуализации коронарных артерий.
«Рентгеноперблок оснащен новейшей современной аппаратурой, благодаря которой есть возможность выполнять операции под рентгеноконтролем практически в любых областях организма. Врачи пользуются самыми современными инструментами, медицинской аппаратурой и расходными материалами. Наш институт стал одним из первых медицинских учреждений в Казахстане, предлагающих эту инновационную технологию», — отметил председатель правления Марат Пашимов.
«Доказано, что применение ВСУЗИ снижает риски осложнений, таких как тромбоз стента и рестеноз стента. У данного метода диагностики нет абсолютных противопоказаний, за исключением отказа больного от проведения операции», — пояснил заведующий рентгенэндоваскулярным операционным блоком Алексей Колесников.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📍Алматыда Қазақстанның, Ресейдің, Бельгияның, Израильдің және т.б. елдердің жетекші сарапшыларының қатысуымен Ішектің қабыну аурулары бойынша IX ұлттық форумы өтті.
Форум жыл сайын 19 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік ішектің қабыну аурулары күніне орай ұйымдастырылды және Крон ауруы мен ойық жаралы колит туралы хабардарлықты арттыруға бағытталды.
2024 жылдың статистикасы бойынша, әр 100 мың адамға шаққанда 5–10-ға жуық ІҚА жағдайы орын алып отыр және бұл сан артуы мүмкін. Бұл диагностиканың жақсаруына және нақты аурудың өсуіне байланысты.
«Біздің Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында заманауи диагностикалық базамен жабдықталған және білікті мамандардың мультидисциплинарлық тобы жұмыс істейтін еліміздегі алғашқы ІҚА, қысқа ішек синдромын емдеу және нутритивтік түзету бойынша мамандандырылған орталық ашылды. Оның негізгі міндеттері: ІҚА және ҚІС бар науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту және ықтимал асқынулардың алдын алу. Орталық білікті көмекке мұқтаж жандарға ашық», – деп бөлісті Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
🧩Қатысушылар ерте диагностиканың қажеттілігін, жоғары технологиялық зерттеу әдістерінің және биологиялық терапияның қолжетімділігін, сондай-ақ ІҚА емдеудегі көпсалалы тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сарапшылар атап өткендей, жалғасып жатқан проблемалардың қатарында бірқатар өңірлерде эндоскопиялық диагностикаға қолжетімділіктің шектелуі, пациенттерге психологиялық қолдаудың жетіспеушілігі бар.
Форум аясында жас ғалымдар байқауы өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2