ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🚊МЕДИЦИНСКИЙ ПОЕЗД «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» БОЛЕЕ 90 ТЫСЯЧ ЖИТЕЛЕЙ ОТДАЛЕННЫХ СЕЛ ПОЛУЧАТ БЕСПЛАТНУЮ ПОМОЩЬ

Сегодня с железнодорожного вокзала «Нұрлы жол» в Астане состоялась церемония запуска медицинского поезда «Саламатты Қазақстан». В ближайшие полгода «поликлиника на колесах» преодолеет более 20 тысяч километров пути, остановится для оказания медпомощи в 123 отдаленных аулах и станциях по всей стране.

🔖Вице-министр здравоохранения Тимур Муратов отметил большой вклад социального проекта и роль в целом транспортной медицины в оздоровлении сельских жителей, которые получают диагностику и лечение рядом с домом. Свыше 90 тысяч казахстанцев смогут воспользоваться услугами медицинского поезда.

В состав передвижной медицинской бригады вошли 36 квалифицированных врачей, а также медиаторы и юристы.
Это терапевты, хирурги, педиатры, невропатологи, рентгенологи, кардиологи, стоматологи, офтальмологи, отоларингологи, онколог-маммологи, гинекологи
и урологи.
Врачи будут предоставлять услуги первичного осмотра, а также проводить небольшие хирургические операции при необходимости.

➡️Кроме этого, для проведения диагностических исследований медпоезд оснащен всем необходимым лабораторным, инструментальным оборудованием: ЭКГ, УЗИ, флюорограф, гастрофиброскоп.

За 15 лет реализации проекта более 8️⃣🅾️🅾️ тысяч граждан, среди которых каждый пятый — ребенок, получили помощь врачей. Хирурги провели порядка 37 тысяч операций. За прошлый год врачи поезда обслужили 104 250 пациентов.

💊В рамках данного социального проекта Министерство здравоохранения обеспечивает техническое оснащение, медицинскую и лекарственную помощь.

🫂Проект реализуется в рамках партнерства между Министерством здравоохранения РК, Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК, фондом развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust» от имени группы компаний АО «Самрук-Қазына».
Актуальное расписание движения медицинского поезда опубликовано на сайте www.medpoezd.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚊МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗ «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»: 90 МЫҢНАН АСТАМ ШАЛҒАЙ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ТЕГІН КӨМЕК АЛАДЫ

Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жолға шығу салтанаты өтті. Алдағы жарты жылдың ішінде «дөңгелектегі емхана» 20 мың шақырымнан астам жол жүріп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 123 шалғай ауыл мен стансада тоқтап, медициналық көмек көрсетеді.

🔖Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бұл әлеуметтік жобаның маңызын және жалпы көлік медицинасын ауыл тұрғындарының саулығын жақсартудағы рөлін атап өтті. 90 мыңнан астам қазақстандық медициналық пойыздың қызметін пайдалана алады.

Жылжымалы медициналық бригаданың құрамында 36 білікті дәрігер, сондай-ақ медиаторлар мен заңгерлер бар.
Олар — терапевтер, хирургтер, педиатрлар, невропатологтар, рентгенологтар, кардиологтар, стоматологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар, онколог-маммологтар, гинекологтар және урологтар.
Дәрігерлер алғашқы тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасайды.

➡️Бұған қоса, диагностика жүргізу үшін медициналық пойыз қажетті зертханалық және құрал-жабдықтармен жабдықталған: ЭКГ, УДЗ, флюорограф, гастрофиброскоп.

Жоба іске асқалы бері 15 жылдың ішінде 8️⃣🅾️🅾️ мыңнан астам адам, олардың әрбір бесіншісі — бала, дәрігерлерден көмек алды. Хирургтер шамамен 37 мың операция жасады. Өткен жылы пойыздың дәрігерлері 104 250 пациентті қабылдаған.

💊Бұл әлеуметтік жобаның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі техникалық жарақтау, медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз етеді.

🫂Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының әріптестігімен жүзеге асырылуда.
Медициналық пойыздың нақты қозғалыс кестесі www.medpoezd.kz сайтында жарияланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
☄️МИНЗДРАВ РК: МОДЕРНИЗАЦИЯ ШКОЛЬНОЙ МЕДИЦИНЫ, УСИЛЕНИЕ КОНТРОЛЯ ЗА ШКОЛЬНЫМ ПИТАНИЕМ И ДЕТСКИМИ ЛАГЕРЯМИ


🔔Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова на заседании Правительства доложила о модернизации школьной медицины, мерах по улучшению школьного питания, а также об обеспечении санитарно-эпидемиологической безопасности в детских лагерях.

✔️Для повышения доступности и качества медуслуг усиливается роль медицинских сестер в системе школьной медицины. Так, планируется снижение нагрузки на медсестер (1 ставка на 500 учеников вместо 700), открываются кабинеты профилактики стоматологических заболеваний в крупных школах с количеством учащихся - более 1000 детей. Также пересматривается порядок медосмотров и повышение квалификации медработников.

🔍Минздравом пересмотрен Стандарт школьного питания, который вступит в силу с 1 сентября 2025 года. Как отмечают эксперты, разработанное в соответствии с международными рекомендациями типовое меню будет полезно для физического и умственного развития детского организма.

Стандарт распространяется на все образовательные и дошкольные организации страны. Отдельные решения будут приняты для малокомплектных школ без пищеблоков. Согласно новому меню предполагается сокращение сахара до 3,6 раза, соли — до 5 раз. Для оценки удовлетворенности школьным питанием внедряется Индекс несъедаемости.

📉Ожидаемый эффект — снижение неинфекционных заболеваний, в частности, детского ожирения до 15%, сахарного диабета до 20%, артериальной гипертензии до 18%, и других хронических заболеваний до 15%.

В текущем году 191 школа прошла проверку, включая 54 пищеблока на соблюдение требований санитарных правил и гигиенических нормативов. В ходе проверок были выявлены такие нарушения, как отсутствие санэпидзаключений, перегруженность школ, плохие санитарно-технические условия и др. В результате было выдано 150 предписаний, наложены штрафы на сумму более 12 млн тенге, отстранен от работы 31 человек, 6 дел передано в суд.

💬Напомним, Минздрав усиливает госконтроль на объектах образования в целях обеспечения безопасности школьного питания.

Поправки направлены на придание особого статуса объектам с пребыванием детей; исключение предварительного уведомления о предстоящих проверках; внедрение системы мониторинговых визитов с целью приведения объектов в соответствие с санэпидтребованиями.

В период летних каникул будет обеспечена санитарно-эпидемиологическая безопасность лагерей.

«Каждый лагерь, включая палаточные, до начала сезона обязан получить санитарно-эпидемиологическое заключение. В 2024 году 19% (37) лагерей не прошли подготовку вовремя и не смогли начать прием детей. В целях обеспечения санитарно-эпидемиологической безопасности детей в летний период за каждым сезонным лагерем закреплены специалисты санитарно-эпидемиологической службы, проводится информационно-разъяснительная работа с руководством лагерей, организована горячая линия в КСЭК», — сказала А.Альназарова.


⚠️Минздрав призывает родителей выбирать официально зарегистрированные лагеря — их список доступен на сайте https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek?lang=ru.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
☄️ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕП МЕДИЦИНАСЫ МЕН БАЛАЛАР ЛАГЕРЛЕРІН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

🔔ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мектеп медицинасын жаңғырту, мектептегі тамақтану сапасын арттыру және балалар лагерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында мектеп медицинасында мейіргерлердің рөлі күшейтілуде. Мәселен, мейіргерлердің жүктемесін азайту (бір мөлшерлеме 700 емес, 500 оқушыдан келетіндей) жоспарланып отыр, оқушы саны 1000-нан асатын ірі мектептерде стоматологиялық аурулардың профилактикасына арналған арнайы кабинеттер ашылады. Сонымен қатар, медициналық тексеру және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тәртібі қайта қаралуда.

✔️Денсаулық сақтау министрлігі Мектептегі тамақтану стандартын қайта қарады және ол биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген типтік мәзір балалар организмінің физикалық және ақыл-ой дамуына пайдалы болмақ.

Бұл стандарт елдегі барлық білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарға қолданылады. Асханасы жоқ шағын жинақты мектептер үшін жеке шешімдер қабылданады. Жаңа ережеге сәйкес, қант мөлшері 3,6 есе, ал тұз 5 есеге дейін қысқартылады. Мектептегі тамақтануға қанағаттанушылық деңгейін бағалау үшін Желінбей қалатын тағам индексі енгізіледі.

📉Күтілетін нәтиже — инфекциялық емес аурулардың, атап айтқанда, балалар семіздігі 15%-ға, қант диабеті 20%-ға, артериялық гипертензия 18%-ға дейін, басқа созылмалы аурулар 15%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Биыл 191 мектеп, соның ішінде 54 мектеп асханасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан тексерілді. Тексеру барысында апатты жағдайдағы ғимараттар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, мектептердің шамадан тыс толтырылуы, санитариялық-техникалық жағдайдың нашарлығы және басқа да кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде 150 нұсқама беріліп, 12 млн теңгеден астам айыппұл салынды, 31 адам жұмыстан шеттетіліп, 6 іс сотқа берілді.

🔍Мектептегі тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарындағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп жатқанын айта кеткен жөн.

Түзетулер балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беру, тексеру туралы алдын ала хабарлау рәсімін алып тастау және нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру үшін мониторингтік сапарлар жүйесін енгізуді көздейді.

Жазғы демалыс кезінде балалар лагерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

«Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. 2024 жылы лагерлердің 19%-ы (37 лагерь) дайындықты уақытында аяқтай алмады және балаларды қабылдауды бастай алмады. Жазғы кезеңде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр маусымдық лагерге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілді, лагерь басшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде қызу желі ұйымдастырылды», — деді А. Әлназарова.


⚠️Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды ресми тіркелген лагерлерді таңдауға шақырады — олардың тізімі https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek?lang=ru сайтында қолжетімді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ПАРЛАМЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША 🖋🖋 ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

📰Бүгін Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, бұл заң жобасы МӘМС жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар негізгі жаңалықтарды қамтиды.

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бюджеттің мүмкіндіктері мен міндеттемелері тұрғысынан теңгерілген бірыңғай мемлекеттік медициналық көмек пакетін қалыптастыруды тапсырды. Мемлекет кепілдік берген пакет бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын болады.

🏛🏛🏛🏛
«Одан тыс қызметтер сақтандыру жүйесі арқылы төленуі тиіс», – деп атап өтті Президент.

Бірыңғай медициналық көмек пакеті кең таралған аурулар бойынша базалық медициналық көмекті кепілдендірілген түрде қамтамасыз етуге, сондай-ақ МӘМС пен ТМККК пакеттерінің арасындағы қайталануды болдырмауға бағытталған.

🔷Бір пакеттік қаржыландыру медициналық қызметтердің тізбесін нақты әрі ашық етуге, пациенттер мен дәрігерлер үшін түсінікті болуына, сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бірыңғай медициналық көмек пакетін енгізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен тәуелсіз сарапшылар барлық қызмет түрлерін, соның ішінде олардың құнын жан-жақты талдады. Негізгі мақсат — азаматтарды МӘМС жүйесімен барынша қамту және әрбір азамат үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

1️⃣ТМККК шеңберіндегі МСАК пакеті сақтандырылу мәртебесіне қарамастан МСАК-қа алғашқы жүгінуде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. ТМККК пакетінде келесі қызметтерге қолжетімділік сақталады:
- Вакцинациялау және ерте диагностикалау мақсатында онкоскрининг;
- Әлеуметтік мәні бар ауруларға күмән болған жағдайда диагностика, емдеу және дәрілік көмек;
- Инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек;
• Жедел медициналық көмек, паллиативтік көмек, мейіргерлік күтім және басқа да қызметтер.

2️⃣ Үкімет бастапқыда жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің МӘМС-ке аударымдары мен жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақының 50 еселенген шегін белгілеуді ұсынған болатын. Депутаттар корпусының ұсынымдары ескеріліп, жұмыс берушілер үшін шекті мөлшер 40 ЕТЖ, ал жұмыскерлер үшін 20 ЕТЖ көлемінде белгіленді. Бұл жүйенің тұрақтылығын сақтап, жұмыс беруші мен жұмыскерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін ымыралы шешім.

3️⃣ МӘМС жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін уақытша қиындықтарға тап болған, табыссыз қалған азаматтар үшін жеңілдікті кезең ұзартылды. Енді жарналарды үздіксіз бес жыл бойы өз бетінше төлеген азаматтар жарна төлемеген жағдайда да алты ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтай алады. Бұрын бұл мерзім үш ай ғана болатын. Бұл әділетті әрі маңызды шешім, ол жүйеге тұрақты қатысып жүрген азаматтарды қолдайды.

4️⃣Кәсіпкерлік кодекске медициналық қызметтерді рұқсатсыз көрсету жағдайларын анықтау үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне бақылау функцияларын беру туралы жаңа норма енгізілді.

5️⃣ Заң жобасы азаматтардың көздің мөлдір қабығын және гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантаттау операцияларына қолжетімділігін кеңейту нормасын да қамтиды. Енді бұл қызметтер меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда көрсетілуі мүмкін, бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, мұндай операцияларды күту уақытын қысқартады.

Аталған заң жобасын қабылдау мемлекет кепілдіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді — азаматтар сақтандырылған мәртебесіне қарамастан әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезеңде тегін анықтаудан өте алады.

⚡️Заң денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және азаматтардың МӘМС жүйесіне толыққанды қатысуына ынталандыру тетіктерін жасауға бағытталған. Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды көздейді - азаматтардың әлеуметтік осал топтарының МӘМС жүйесіне қатысуы жергілікті бюджеттердің есебінен қамтамасыз етіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔨🔨🔨🔨🔨 ПО ВОПРОСАМ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ  ОСМС ПОЛУЧИЛ ОДОБРЕНИЕ  В  ПАРЛАМЕНТЕ
 
 
 
📰Сегодня в Мажилисе Парламента был одобрен во втором чтении проект закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного социального медицинского страхования», который содержит ряд ключевых нововведений по совершенствованию системы ОСМС .

Глава государства в своем Послании народу Казахстана от 2 сентября 2024 года поручил сформировать единый пакет базовой государственной медицинской помощи, сбалансированный с точки зрения возможностей и обязательств бюджета. Гарантированный государством пакет будет обеспечиваться за счет средств бюджета.

🏛🏛🏛🏛
«Все, что сверх него, должно оплачиваться через систему страхования», – подчеркнул Президент.


Единый пакет медицинской помощи, направленна гарантированное обеспечение базовой медицинской помощи услуг по наиболее распространенным заболеваниям, а также исключение дублирования между пакетом ГОБМП и ОСМС.

🔷Однопакетное  финансирование призвано обеспечить чёткие границы и прозрачность перечня медуслуг, как для пациентов, так и для врачей, повысить доступность и качество медицинской помощи.
Для перехода к единому пакету медицинской помощи, Министерством и независимымиэкспертами проведен всесторонний анализ всех видов услуг, в том числе и их стоимости. Главная цель — максимальный охват граждан системой ОСМС и обеспечение доступности для каждого гражданина страны.

1️⃣Первое. Базовый пакет ПМСП в ГОБМП даст возможность получить медицинскую помощь при первичном обращении в ПМСП независимо от статуса застрахованности. В пакете ГОБМП остается доступ к обширному спектрумедицинских услуг:
- Вакцинация и онкоскрининги на раннюю диагностику;
- Диагностика, лечение лекарственная помощь при подозрении на социально-значимые заболевания;
- Медицинская помощь при инфекционных заболеваниях;
- Скорая медицинская помощь, паллиативная помощь, сестринский уход и другие виды медпомощи.
 
2️⃣Второе. Правительством изначально предлагалось установить верхний предел для исчисления отчислений работодателей и взносовработников на ОСМС на уровне 50-кратного размера минимальной заработной платы. С учетом рекомендаций депутатского корпуса принято решение снизить верхний предел для исчисления отчислений работодателей до 40 МЗП и работников до 20 МЗП. Это компромиссное решение, которое позволяет сохранить баланс: с одной стороны — обеспечить устойчивость системы обязательного медицинского страхования, с другой — снизить нагрузку на работников и работодателей.

3️⃣Третье. Для привлекательности системы ОСМС внедрена норма увеличению льготного периода для тех граждан, кто столкнулся с временными трудностями, остался без доходов. Теперь граждане, которые самостоятельно и без перерывов платят взносы в течение пяти лет, смогут сохранять статус застрахованного в течение шести месяцев даже при временном отсутствии платежей. Раньше этот срок составлял всего три месяца. Это справедливое и важное решение — оно поддержит тех, кто стабильно участвует в системе и сталкивается с временными трудностями.

4️⃣Четвертое. Особо надо отметить, что в Предпринимательский кодекс вводится новая норма по наделению Комитета медицинского и фармацевтического контроля надзорной функциейдля выявления нарушений в оказании медицинских услуг без разрешительных документов.

5️⃣Пятое. Также в рамках данного законопроекта предусмотрена норма, расширяющая доступ граждан к операциям по трансплантации роговичной ткани и гемопоэтических стволовых клеток. Теперь данные виды медпомощи могут быть оказаны медицинскими организациями независимо от форм собственности, что позволит обеспечить доступность медицинской помощи, и снизить длительность ожидания в таких операциях.

Принятие данного законопроекта позволит расширить государственные гарантии — все граждане, независимо от наличия статуса застрахованности, смогут проходить бесплатную раннюю диагностику социально значимых заболеваний.

 
 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Закон также направлен на укрепление финансовой устойчивости системы здравоохранения и создание стимулов для полноценного участия граждан в системе ОСМС.
Кроме того, он предусматривает повышение ответственности местных исполнительных органов — за счёт местных бюджетов будет обеспечено участие в системе ОСМС социально уязвимых категорий граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
👀ҚАЗАҚСТАНДА КЕРАТОПЛАСТИКА ЖАСАУ ҮШІН ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛАР БАЗАСЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

⚡️Қазақстанда көздің мөлдір қабығын трансплантаттау немесе кератопластика жүргізу үшін меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың тізімі кеңейтіледі. Бұл шешім жоғары технологиялы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, мұқтаж жандарға ел аумағында уақтылы ем алуға мүмкіндік береді.

📌Бүгін Мәжілістің екінші оқылымында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасының шеңберінде тиісті норма мақұлданды. Бұған дейін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес мұндай операцияларды тек мемлекеттік клиникаларда жүргізуге ғана рұқсат етілген болатын.

Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж, бірақ ел ішінде бұл қызметті ала алмай отыр. Бүгінгі таңда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмологиялық орталығының базасында орындалатын операциялар саны тым жеткіліксіз, сондықтан арнайы даярлықтан өткен мамандары мен заманауи диагностика және операциялық жабдықтары бар медициналық ұйымдар тізімін кеңейту қажеттілігі туындап отыр.

🔷Ресей, Украина, Грузия, Өзбекстан және Беларусь сынды көршілес елдердің тәжірибесіне сүйенсек, біздің азаматтарға мөлдір қабықты трансплантаттау бойынша операциялар медициналық туризм шеңберінде көрсетілуде, бұл өз кезегінде мұқтаж науқастар мен олардың отбасыларына үлкен материалдық ауыртпалық түсіріп, медициналық көмектің, әсіресе балалар үшін, қолжетімділігін шектейді.

❗️Әлемде жыл сайын шамамен 180 мың мөлдір қабықты ауыстыру операциясы жүргізілсе, соның тек 42 мың трансплантаттауы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына шамамен 200 операцияны құрайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
👀В КАЗАХСТАНЕ ДЛЯ ПРОВЕДЕНИЯ КЕРАТОПЛАСТИКИ БУДЕТ РАСШИРЕНА БАЗА ОФТАЛЬМОЛОГИЧЕСКИХ КЛИНИК


⚡️В Казахстане будет расширен список медицинских организаций для проведения операций по трансплантации роговицы глаза или кератопластики, независимо от форм собственности. Такое решение позволит повысить доступность высокотехнологичной медицинской помощи для нуждающихся и обеспечить своевременное лечение на территории страны.

📌Сегодня соответствующая норма была одобрена во втором чтении в Мажилисе Парламента в рамках законопроекта об ОСМС. Ранее, в соответствии с нормой Кодекса РК «О здоровье и системе здравоохранения» проведение таких операций было разрешено только в государственных клиниках.

В настоящее время более 2500 казахстанцев нуждаются по медицинским показаниям в пересадке роговицы, но не могут получить ее в стране.
Выполняемый сегодня объем операций на базе офтальмологичекого центра КазНМУ им. Асфендиярова является критически недостаточным, поэтому возникла необходимость расширения списка медицинских организаций, имеющих подготовленных специалистов и современное диагностическое и операционное оборудование.

🔷Если рассматривать опыт соседних государств, как Россия, Украина, Грузия, Узбекистан, Беларусь, то подобные операции по трансплантации роговицы оказываются нашим гражданам в рамках медицинского туризма, что является большой материальной нагрузкой для нуждающихся больных и их семей, ограничивая доступность медпомощи, особенно для детей.

❗️В мире проводится до 180 тысяч пересадок роговицы в год и только в США примерно 42 тысяч трансплантации в год. В Казахстане проводились порядка 200 операций в год.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
☄️УАҚЫТША ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕНІ 6 АЙҒА ДЕЙІН САҚТАУҒА БОЛАДЫ

Бүгін Мәжілісте екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

✔️Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сақтандырылған азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл заң жобасында жеңілдік кезеңін ұзарту жөнінде жаңа норма көзделген.

Енді бес жыл бойы өз бетінше және үзіліссіз жарна төлеген азаматтар, уақытша төлем жасалмаған жағдайда да, сақтандырылған мәртебесін алты айға дейін сақтай алады.

➡️Бұрын бұл мерзім үш ай ғана болатын. Бұл – әділ әрі маңызды шешім, ол жүйеге тұрақты қатысып, уақытша қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☄️В СЛУЧАЕ ВРЕМЕННЫХ ТРУДНОСТЕЙ СТАТУС В ОСМС МОЖНО СОХРАНИТЬ В ТЕЧЕНИЕ 6 МЕСЯЦЕВ


Сегодня в Мажилисе Парламента одобрен во втором чтении проект закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного социального медицинского страхования».

✔️В целях максимального охвата населения системой ОСМС и создания благоприятных условия для застрахованных законопроект предусматривает новую норму по продлению льготного периода.

Теперь граждане, которые самостоятельно и без перерывов платят взносы в течение пяти лет, смогут сохранять статус застрахованного в течение шести месяцев даже при временном отсутствии платежей.

➡️Раньше этот срок составлял всего три месяца. Это справедливое и важное решение — оно поддержит тех, кто стабильно участвует в системе и сталкивается с временными трудностями.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🛡МФБК-ҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯСЫ БЕРІЛЕДІ

Бүгін Парламент Мәжілісінде мақұлданған МӘМС-ті жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (МФБК) медициналық қызмет көрсету саласында қадағалау функциясын беру нормасын енгізу ұсынылды. Бұл өрескел бұзушылықтар мен заңсыз медициналық қызметке жедел әрекет етуге, ұзақ келісімдер мен сотқа жүгінбей-ақ шара қабылдауға мүмкіндік береді.

📌Бүгінде Комитет мемлекеттік бақылау шеңберінде тиісті лицензиясыз, медициналық көмек көрсету стандарттары мен қағидаларын өрескел бұза отырып жүзеге асырылатын заңсыз медициналық қызметтерді анықтайды.
Тек 2024 жылы ғана 2 214 жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 832 әкімшілік хаттама, оның ішінде 884-і — лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін, 817-сі — стандарттарды өрескел бұзғаны үшін толтырылған.

Қолданыстағы заңнама денсаулық сақтау саласында жедел әрекет ету шараларын көздемейді, бұл өзге бақыланатын салалардан (ветеринария, сауда теңіз флоты, өсімдіктер карантині және т.б.) ерекшеленеді.

📊Комитетті қадағалау өкілеттіктерімен қамтамасыз ету бастамасы заң бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етуге, медициналық көмек көрсету кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге, пациенттердің құқығын қорғауға және денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛡КМФК БУДЕТ НАДЕЛЕН НАДЗОРНОЙ ФУНКЦИЕЙ ДЛЯ КОНТРОЛЯ КАЧЕСТВА МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ

В рамках одобренного сегодня в Мажилисе Парламента законопроекта по вопросам совершенстования ОСМС, предлагается ввести норму по наделению Комитета медицинского и фармацевтического контроля МЗ РК надзорной функцией в сфере оказания медицинских услуг. Это позволит реагировать на грубые нарушения и незаконную медицинскую деятельность без длительных согласований и обращений в суд.

📌Сегодня Комитет, в рамках государственного контроля, выявляет случаи незаконной медицинской деятельности — без соответствующих лицензий, с грубыми нарушениями стандартов и правил оказания медпомощи.
Только в 2024 году по результатам 2 214 внеплановых проверок составлено 1 832 адмпротокола, из них 884 - за оказание услуг без лицензии, 817 - за грубые нарушения стандартов.

Действующее законодательство не предусматривает применение оперативных мер реагирования в сфере здравоохранения, в отличие от других контролируемых сфер (ветеринария, торговое мореплавание, карантин растений и др.).

📊Инициатива о наделении Комитета надзорными полномочиями позволит свовременно реагировать на нарушения, усилит меры безопасности при оказании медицинской помощи, защиту пациентов и повысит эффективность контроля в сфере здравоохранения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1
✔️ЕАЭО ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҰЛТТЫҚ ҚАҒИДАЛАР БОЙЫНША ТІРКЕУ МЕРЗІМІН 2027 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі дәрілік заттарды ұлттық заңнама бойынша тіркеу мүмкіндігін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

🔵ЕАЭО елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар жаңа препараттарды бұрынғы қағидалар бойынша тіркеуді ЕАЭО-ның бірыңғай талаптарына көшпей-ақ тағы шамамен үш жылға дейін жалғастыра алады.

▶️Бұл шешім бұрын тіркелген дәрілік заттарға енгізілетін өзгерістерге де қатысты: олар да бұрынғы тәртіппен енгізіле береді.
Бұл денсаулық сақтау жүйесінде дәрі-дәрмек тапшылығы, жеткізілімнің үзілуі сияқты қауіптердің алдын алу үшін қажет.

Мерзімді ұзарту халықты қажетті препараттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🛎Өзгерістер 2022 жылғы 10 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің №96 шешіміне енгізілді. Шешім 24 мамырда күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖



✔️ЕАЭС ПРИНЯЛ РЕШЕНИЕ ПРОДЛИТЬ СРОКИ РЕГИСТРАЦИИ ЛЕКАРСТВ ПО НАЦПРАВИЛАМ ДО КОНЦА 2027 ГОДА

Совет Евразийской экономической комиссии принял решение продлить возможность регистрации лекарственных средств по национальному законодательству до 31 декабря 2027 года.

🔵Фармацевтические компании в странах ЕАЭС, включая Казахстан, смогут продолжать регистрировать новые препараты по своим привычным правилам – без перехода на единые требования ЕАЭС – еще в течение почти трех лет.

▶️Решение также распространяется на изменения в уже зарегистрированных лекарствах: их можно будет вносить по прежнему порядку.

Это необходимо для того, чтобы избежать дефицита лекарств, перебоев в поставках и других рисков для системы здравоохранения. Продление сроков позволит обеспечить устойчивое снабжение населения всеми необходимыми препаратами.

🛎Изменения внесены в Решение Совета ЕЭК от 10 июня 2022 года №96. Решение вступает в силу 24 мая и распространится на правоотношения, возникшие с 1 января 2025 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🆕ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ 100 ЖҰМЫС КҮНІНЕН АСПАЙТЫН МЕРЗІМДЕ ТІРКЕУ ЖӨНІНДЕГІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша 100 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тіркеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Бұл жоба мемлекеттік қызметтерді реинжинирингтеу және денсаулық сақтау саласын цифрландыру бастамалары шеңберінде, Цифрлық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылып отыр.

✔️Жаңа тәсіл өнімдердің нарыққа шығу мерзімін едәуір қысқартып, қайталанатын әкімшілік рәсімдерді жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізу 210 күнге дейін, баға қалыптастыру – 60 жұмыс күніне дейін, ал кәсіби сараптама – 50 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін, ал композиттік мемлекеттік қызметті қолдану арқылы бұл процестер біріктіріліп, параллель түрде 100 жұмыс күнінен аспай өтетін болады.

Композиттік мемлекеттік қызмет ерікті әрі баламалы негізде енгізіледі және қолданыстағы сараптама, тіркеу және баға белгілеу механизмдерімен қатар қолданылады, сонымен қатар, бұл қызмет дәрілік заттарды Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізу үшін кәсіби сараптамадан өткізуді де қарастырады.

🔖Сондай-ақ композиттік мемлекеттік қызмет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен тіркеу рәсімін жүргізуді көздеген. Бұл – дәрілік препараттарды алдын ала біліктендіру және АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Жапония сияқты қатаң реттеу жүйесі бар елдердің реттеуші органдары тарапынан тану тәртібі шеңберінде жүзеге асады және 15 жұмыс күнінен аспайды.

Осындай жеделдетілген мерзімдер танылған реттеуші жүйелері бар елдерде өндірілген медициналық бұйымдарға да қолданылатын болады.

🖥Сонымен қатар, композиттік қызметтің шеңберінде өндіруші бағасын тіркеу, көтерме және бөлшек саудада сатылған кездегі үстеме бағаларды автоматты түрде есептеу көзделген, бұл – ТМККК және МӘМС шеңберінде іске асырылады.

🟢Пилоттық жоба биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Егер оның тиімділігі расталса, композиттік қызмет көрсетудің тұрақты моделіне көшу және қолданыстағы нормативтік талаптарды жою жоспарлануда. Бұл – дәрілік заттардың нарыққа жылдам шығуын қамтамасыз ететін маңызды қадам болмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1