ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.35K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
☄️ҰЛЫТАУҒА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ДӘРІГЕРЛЕР ТОБЫ КЕЛДІ

Осы жылдың ақпан айында қол қойылған Денсаулық сақтау министрлігі, «UMC» КҚ, Ұлытау облысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясының арасындағы ынтымақтастық туралы төртжақты Меморандумның шеңберінде Жезқазғанға өңірдің медициналық ұйымдарындағы жағдайды бағалау, персоналды оқыту, пациенттерді қабылдау үшін «UMC» мамандарының бірінші тобы келді.

✔️Қор мамандары жергілікті жерлердегі жағдайды бағалау, оқытудың басым тақырыптарын айқындау, ауруханалардың әлсіз және күшті жақтарын анықтау мақсатында Жезқазған қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасына және «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-не барды, олар бөлімшелерді, түрлі қызметтер мен медициналық мекемелердің жабдықтарын қарап шықты.

Жобаны іске асыру барысында жалпы табысқа жетуге бағытталған дәрігерлермен, мейіргер персоналымен ашық, сенімді әңгіме болды.

📌Персоналдың пациенттермен өзара іс-қимылын, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау деңгейін арттыруды қамтитын сапа менеджменті бойынша ұсынымдар берілді.
Мейіргерлердің жұмысына ерекше назар аударылды, оларға ауруларды емдеу нәтижесінің ең көп пайызы және пациенттерге күтім жасау сапасы байланысты.
МҰ-дағы жағдайды бағалаудың бір аспектісі ауруханаішілік инфекциялардан қорғау мәселелері болды.

➡️Осы топтың жұмысының нәтижелері бойынша бір аптадан кейін арнайы мамандардың келесі тобы келеді деп күтілуде. Олар диагноз қояды, пациенттерді емдейді, хирургиялық араласулар жүргізеді, қажет болған жағдайда жергілікті дәрігерлерді, мейіргер персоналын UMC клиникаларына оқуға жібереді. Жобаны іске асыру жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

Меморандумды іске асыруға байланысты іс-шараларға шығыстарды «Қазақмыс» корпорациясы көтеретінін естеріңізге сала кетейік.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

🕋Құрбан айт — халқымыз үшін ерекше мейрам, ол ізгілікке, мейірімділікке, жанашырлық пен адамгершілікке негізделген.

Бұл қасиетті мерекеде мұсылмандар мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қайырымды істер жасап, бір-біріне жүрекжарды тілектерін білдіреді.

🕌Құрбан айттың асыл мұраттары — рухани құндылықтарымызды, ел ішіндегі келісім мен бірлікті, тұрақтылықты нығайта түсетіні белгілі.

🤲Әрбір қазақстандық отбасына бейбіт өмір, ізгілік, өзара түсіністік, зор денсаулық, бақ-береке және мол бақыт тілейміз!

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🇰🇿Уважаемые казахстанцы!

Поздравляем вас со священным праздником Курбан айт!

🕋Курбан айт – это особый праздник для нашего народа, который несет в себе добро, милосердие, сострадание и гуманизм.

Мусульмане в этот священный праздник проявляют особую заботу к нуждающимся, совершают добрые поступки и произносят теплые пожелания друг другу.

🕌Известно, что светлые идеи праздника Курбан айт способствует укреплению духовных ценностей, согласия, единства и стабильности в нашей стране.

🤲Желаем каждой казахстанской семье мира, добра, взаимопонимания, крепкого здоровья, счастья и благополучия!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
☄️ҚАРАҒАНДЫДА АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУДАН КЕЙІНГІ АДАМДАРДЫҢ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТЕДІ

9-13 маусым аралығында Қарағанды қаласында ағзаны трансплантаттауды бастан өткерген адамдар мен диализдегі пациенттердің арасында республикалық спорттық жарыстар өтеді.

🖥Жарыс келесі спорттар бойынша өтеді:
- жүзу (50 м фристайл)
- боулинг
- волейбол
- үстел теннисі
- дартс

✔️Қатысушылардың жас санаттары: 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+.

Іс-шара ағзаларды трансплантаттауды бастан өткерген адамдар мен диализдегі адамдардың арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау; 2025-2026 жылдары халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу үшін ағзаларды трансплантаттаудан кейінгі адамдардың физикалық мүмкіндіктерін көрсету, трансплантаттаудан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттердің арасында спорт түрлері бойынша құрама командаларды қалыптастыру және жасақтау, халықтың назарын қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты және ағзаларды трансплантаттауды дамыту проблемаларына аудару мақсатында өткізіледі.

🔖11 маусым күні сағат 10.00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. «Донорлық пен трансплантаттауды дамыту. Мемлекет. ҮЕҰ.» тақырыбында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен конференция өткізу жоспарлануда.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясы, Қарағанды облысының әкімдігі, «Өмір тынысы» трансплантаттау жүргізілген науқастардың ҚБ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
☄️В КАРАГАНДЕ ПРОЙДУТ СПОРТИВНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ СРЕДИ ЛЮДЕЙ ПОСЛЕ ТРАНСПЛАНТАЦИИ ОРГАНОВ

С 9 по 13 июня в г.Караганде пройдут республиканские спортивные соревнования среди людей, перенесших трансплантацию органов, и пациентов на диализе.

🖥Состязания пройдут по следующим дисциплинам:
- плавание (50 м фристайл)
- боулинг
- волейбол
- настольный теннис
- дартс

✔️Возрастные категории участников: 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+.

Мероприятие проводится с целью пропаганды физической культуры и спорта среди людей, перенесших трансплантацию органов, и людей на диализе; демонстрации физических возможностей людей после трансплантации органов, формирования и комплектования сборных команд по видам спорта среди людей после трансплантации и пациентов на диализе для подготовки и участия в международных соревнованиях в 2025-2026 гг., привлечения внимания общественности к проблемам развития посмертного донорства и трансплантации органов.

🔖11 июня в 10.00 часов состоится торжественная церемония открытия соревнований. Планируется проведение конференции на тему «Развитие донорства и трансплантации. Государство. НПО» с участием госорганов и НПО.

Организаторы мероприятия – Дирекция развития спорта Комитета по делам спорта и физической культуры Минтуризма и спорта РК, акимат Карагандинской области», ОО трансплантированных больных «Өмір тынысы».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🎓 В АСТАНЕ СОСТОИТСЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ВРАЧ ОБЩЕЙ ПРАКТИКИ – ЛИДЕР ПМСП»


🗓 9–10 июня в Астане при поддержке Министерства здравоохранения Республики Казахстан пройдет республиканская научно-практическая конференция «Врач общей практики – лидер ПМСП».

👥 В конференции примут участие более 200 представителей:
• Министерства здравоохранения РК
• Подведомственных организаций
• Руководителей и специалистов медорганизаций
• Врачей общей практики
• Представителей профессиональных и общественных объединений из всех регионов страны

👨‍⚕️ Организаторы:
• Национальный научный центр развития здравоохранения им. Салидат Каирбековой
• РГП на ПХВ «Республиканский центр первичной медико-санитарной помощи» Министерства здравоохранения РК

💡 Ключевые темы конференции:
• Роль врача общей практики в системе ПМСП
• Оптимизация нагрузки и ресурсов
• Современные клинические протоколы и управление заболеваниями
• Инновации и цифровые технологии в амбулаторной практике
• Участие социальных работников в ПМСП
• Актуальные вопросы лекарственной политики и финансирования

🤝 В рамках мероприятия пройдут отдельные встречи для конструктивного диалога между представителями здравоохранения и индустрии.

Министерство здравоохранения приглашает всех партнеров, заинтересованных специалистов, экспертов, профильные ассоциации к активному участию в работе конференции для обсуждения актуальной повестки вопросов развития ПМСП.

📍 Место проведения: г. Астана, ул. Керей и Жанибек Ханов, 5/1, Корпоративный фонд «Университетский медицинский центр».
👍1
☄️АСТАНАНЫҢ БІРІНШІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АШЫҚ ЖҮРЕККЕ АЛҒАШҚЫ ОПЕРАЦИЯ СӘТТІ ЖҮРГІЗІЛДІ



Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасының кардиохирургтары ашық жүрекке алғашқы операцияны сәтті жүргізді.


🔥Бұл оқиға бүкіл республика үшін стратегиялық маңызы бар жаңа кардиохирургиялық бөлімше жұмысының ресми басталуын белгіледі.

Кардиохирургиялық патология Қазақстан халқының өлімі мен мүгедектігі құрылымында жетекші орындардың бірін алады. Жүрек-қан тамырлары аурулары, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруы, қақпақшалар ақаулары, инфекциялық эндокардит және аорта аневризмасы емдеуде уақтылы және жоғары технологиялық тәсілді қажет етеді.

📌Енді мұнда елорда тұрғындары мен еліміздің басқа өңірлерінен келген пациенттер коронарлық артерияны шунттауды, жүректің қақпақшасы аппаратының туа біткен және жүре пайда болған ақаулары кезінде реконструктивті және протездеу операцияларын жүргізуді, хирургиялық санация мен қақпақшаларды ауыстырудың заманауи әдістерін қолдана отырып инфекциялық эндокардитті емдеу және араласудың басқа түрлерін қоса алғанда коронарлық артерия ауруының жіті және созылмалы түрлерінде жоғары технологиялық мамандандырылған жоспарлы және шұғыл кардиохирургиялық көмек ала алады.

Астанада, халқы үнемі өсіп келе жатқан елордалық мегаполис ретінде, қала тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар республиканың түкпір-түкпірінен, әсіресе шұғыл жағдайларда пациенттерді шұғыл қабылдауға қабілетті заманауи кардиохирургиялық орталықтың болуы қажеттілігі жоғары.

➡️Бүгінгі таңда республикалық мамандандырылған орталықтардың қолданыстағы қуаттары шамадан тыс жүктелген, бұл өмірлік маңызды көмек көрсетудің кешеуілдеуіне әкелуі мүмкін.

Кардиохирургиялық бөлімшені ашу нәтижесінде жедел диагностика және ерте хирургиялық емдеу хаттамаларын енгізудің есебінен ЖИА және жіті коронарлық синдромның асқынған түрлерінен болатын өлімнің төмендеуі, қақпақшалық жүрек ақаулары бар пациенттердің өмір сүру сапасының жақсаруы, инфекциялық эндокардит кезінде өлімнің төмендеуі күтіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
☄️ПЕРВАЯ ОПЕРАЦИЯ НА ОТКРЫТОМ СЕРДЦЕ УСПЕШНО ПРОВЕДЕНА В ПЕРВОЙ ГОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ АСТАНЫ



Кардиохирурги многопрофильной городской больницы №1 города Астаны успешно провели первую операцию на открытом сердце.


🔥Это событие ознаменовало официальный старт работы нового кардиохирургического отделения, открытие которого имеет стратегическое значение для всей республики.

Кардиохирургическая патология занимает одно из ведущих мест в структуре смертности и инвалидности населения Казахстана. Сердечно-сосудистые заболевания, включая ишемическую болезнь сердца, пороки клапанов, инфекционные эндокардиты и аневризмы аорты, требуют своевременного и высокотехнологичного подхода в лечении.

✔️Теперь здесь жители столицы и пациенты с других регионов страны смогут получать высокотехнологичную специализированную плановую и экстренную кардиохирургическую помощь при острых и хронических формах ишемической болезни сердца, включая выполнение аортокоронарного шунтирования, проведение реконструктивных и протезирующих операций при врождённых и приобретённых пороках клапанного аппарата сердца, лечение инфекционного эндокардита с применением современных методов хирургической санации и замены клапанов и другие виды вмешательств.

В Астане, как в столичном мегаполисе с постоянно растущим населением, имеется высокая потребность в наличии современного кардиохирургического центра, способного оказывать помощь не только жителям города, но и экстренно принимать пациентов со всей республики, особенно при неотложных состояниях.

📌На сегодняшний день существующие мощности республиканских специализированных центров перегружены, что может приводить к задержке в оказании жизненно важной помощи.

В результате открытия кардиохирургического отделения ожидается снижение смертности от осложненных форм ИБС и острого коронарного синдрома за счет своевременного выполнения АКШ, улучшение качества жизни пациентов с клапанными пороками сердца, снижение летальности при инфекционном эндокардите за счет внедрения протоколов быстрой диагностики и раннего хирургического лечения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👏1
🎓АСТАНАДА «ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІ - МСАК КӨШБАСШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ


🗓 9-10 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Жалпы практика дәрігері-МСАК көшбасшысы» республикалық ғылыми – практикалық конференциясы өтеді.

👥 Конференцияға 200-ден астам өкіл қатысады:
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
* Ведомстволық бағынысты ұйымдар
* Медициналық ұйымдардың басшылары мен мамандары
* Жалпы практика дәрігерлері
* Еліміздің барлық өңірлерінен кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері

👨‍⚕️ Ұйымдастырушылар:
* Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы.
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК

💡 Конференцияның негізгі тақырыптары:
* МСАК жүйесіндегі жалпы практика дәрігерінің рөлі
* Жүктеме мен ресурстарды оңтайландыру
* Заманауи клиникалық хаттамалар және ауруларды басқару
* Амбулаториялық практикадағы инновациялар және цифрлық технологиялар
* Әлеуметтік қызметкерлердің МСАК-қа қатысуы
* Дәрілік саясат пен қаржыландырудың өзекті мәселелері

🤝 Іс-шара шеңберінде денсаулық сақтау және индустрия өкілдерінің арасындағы сындарлы диалог үшін жеке кездесулер өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігі барлық әріптестерді, мүдделі мамандарды, сарапшыларды, бейінді қауымдастықтарды МСАК дамыту мәселелерінің өзекті күн тәртібін талқылау үшін конференция жұмысына белсенді қатысуға шақырады.

📍 Өтетін орны: Астана қ., Керей және Жәнібек хан к-сі, 5/1, «Университеттік медициналық орталық» корпоративтік қоры.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎂🧁БАЛАЛАР СЕМІЗДІГІМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ - ЭНДОКРИНОЛОГТЫҢ КЕҢЕСТЕРІ

Балалардағы семіздік - қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Өкінішке орай, кішкентай пациенттердің көбеюі осы проблемаға тап болады.

📍Балалардың тамақтануы, өмір салты және физикалық белсенділігі үшін жауапкершілік ең алдымен ересектерге жүктеледі.

👩‍⚕️Эксклюзивті сұхбатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар эндокринологы Гүлмира Қасенқызы Әбдуахасова маңызды ұсыныстарымен бөліседі.

Балалық шақтағы семіздіктің қалай алдын алуға болады, диетадан нені алып тастау керек, туған күндер мен мерекелерді денсаулыққа ең аз әсер ететін салдарлармен қалай атап өту керек, жас кезінен бастап қандай әдеттерді қалыптастыру керек, мұның бәрін төмендегі сілтемедегі сұхбаттан білесіз.

#денсаулық #балалардағысеміздік #эндокринологтыңкеңестері #ҚРДенсаулықсақтауминистрлігі
#дұрыстамақтану

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

🎂🧁КАК БОРОТЬСЯ С ДЕТСКИМ ОЖИРЕНИЕМ – СОВЕТЫ ЭНДОКРИНОЛОГА

Ожирение у детей — одна из острых проблем современного общества. К сожалению, растущее число маленьких пациентов сталкивается с этой проблемой.

📍Ответственность за питание, образ жизни и физическую активность детей лежит прежде всего на взрослых.

👩‍⚕️ В эксклюзивном интервью главный внештатный детский эндокринолог Министерства здравоохранения РК Гульмира Касеновна Абдуахасова делится важными рекомендациями.

Как предупредить детское ожирение, что исключить из рациона питания, как отмечать дни рождения и праздники с наименьшими последствиями для здоровья, какие привычки формировать с раннего возраста, обо всем этом узнаете из интервью по ссылке ниже.

#здоровье #детскоеожирение #советыэндокринолога #МинздравРК #здоровоепитание

📹 https://youtu.be/6-ecTzvqwes?si=T6PxO818v8SY87VL
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
☄️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША 57 АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ, 60 ҰЙҒАРЫМ БЕРІЛДІ

Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеруді аяқтады.
66 мектептің ас блогын тексеру қорытындысы бойынша 65-нен санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың көптеген өрескел бұзушылықтары анықталды, 18 млн теңгеден астам сомаға 57 айыппұл салынды, 60 ұйғарым берілді, 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді, 1 материал сотқа берілді.

📍Бүгін өңірде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен мектептегі тамақтану сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бұзушылықтардың негізгі себептері - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, құжатталмаған немесе мерзімі өткен өнім, санитариялық режимді сақтамау, ыстық судың болмауы, медициналық тексерусіз және денсаулықты күнделікті бақылаусыз қызметкерлердің жұмысы, анықталған бактерия тасымалдаушылар (дизентерия, стафилококк), ыдыс-аяқ пен мүкәммалды тиісінше өңдемеу-шайындылардың 7,2%-нан ішек бактериялары анықталды.

«Тексеру қорытындылары мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың сапасы мен жергілікті атқарушы органдардың тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі мәселелерін тудырады. 459 мектеп оқушысы зардап шеккен Мұнайлы ауданында жаппай уланумен өткен жылғы тәжірибеге қарамастан, бұзушылықтар қайталануда, бұл мектеп әкімшіліктері мен білім беру органдарының балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне формалды қарауын білдіреді», - деп атап өтті бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова Маңғыстау облысының активі алдындағы кеңесте сөйлеген сөзінде.


Сондай-ақ, тексеру барысында мектеп бракераждық комиссиялары тарапынан әлсіз бақылау, қызметкерлерді медициналық тексерусіз жіберу, тамақтану нысандарында білікті персоналдың болмауы атап өтілді, бұл топтық уланудың қайталанған жағдайларына әкеп соғады.

➡️Балалардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне профилактикалық жұмысты күшейту, білім беру және тамақтану нысандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу сапасын жақсарту жөнінде тапсырмалар берілді. Білім басқармасына мектептегі ас блоктарын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, жүйелі негізде тамақтандыру қызметтерін берушіні конкурстық құжаттама талаптарының сақталуына тексеруді қамтамасыз ету, Бракераждық комиссиясының сапалы жұмысын қамтамасыз ету ұсынылды.

Денсаулық сақтау басқармасы - заңнама талаптарына сәйкес жеке медициналық кітапшалардың берілуіне қатаң бақылауды қамтамасыз етсін, оларды медициналық тексеруден толық өтпей-ақ беруге жол бермесін.

✔️Бұрын хабарланғандай, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі.

Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған.

☄️Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторының облыстық вакцина қоймасына барып, вакциналарды сақтау шарттарын, «суықтық тізбегінің» сақталуын, тасымалдау шарттарын, жабдықтардың болуын тексерді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке (ҚҚП) қарсы иммундау көрсеткіші 83,9%-ды құрады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1