ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.35K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️АЛМАТЫДА ЖАСАНДЫ ЖҮРЕКПЕН ӨМІР СҮРІП ЖҮРГЕН НАУҚАСҚА ТІЗЕ БУЫНЫ СӘТТІ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 64 жастағы пациентке тізе буынына толық ревизиялық эндопротездеу отасын сәтті жасап шықты. Бұл жағдайдың ерекшелігі - науқасқа жүрек қызметін қолдайтын құрылғы орнатылған, яғни ол жасанды жүрекпен өмір сүріп жүр.

❤️Анатолий иығына ілген қара шағын сөмкесін көрсетіп, онда жасанды жүректің батареялары сақталатынын айтты. Сөмкеден шыққан электр сымы киімінің астымен жүрек тұсына кетеді - дәл сол жерде жүрек жұмысын реттейтін құрылғы орналасқан.

«Міне, осындай жүйелік контроллер орнатылған, ол жүректен дерек жинайды. Жүрек тұсында (көрсетіп) кішкентай компьютер тұр, сол контроллерге ақпарат жібереді. Бір келі батареяны үнемі өзіммен бірге алып жүремін. Үш жылдан асты - бастысы, тірімін!», - дейді Анатолий Кузнецов.


🔷Оған 20 жылдан астам уақыт бұрын жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған. Кейін инфаркт және бірнеше күрделі отадан өтті. 2022 жылы елордалық кардиохирургтер оған аорталық қақпақшаның биологиялық протезін және сол жақ қарыншаны қолдайтын имплант орнатып берді. Мұндай құрылғымен өмір сүретін адамға күн сайын жаяу жүру ауадай қажет. Алайда Анатолийдің оң жақ тізесі қатты ауыратын.

«_Жүрегі ауыр науқас ретінде күн сайын кемі 4 шақырым жаяу жүруім керек. Қозғалыссыз қалсам, жағдайым нашарлай береді. Тіземе ота жасай алатын дәрігер іздедім. Түрлі консилиум өтті, бірақ бәрі бас тартып жатты. Бір жылдан астам уақыт тек отаға алатын дәрігерді іздеумен өттi. Содан Алматы №4 қалалық ауруханаға келіп, Манарбек Ғазизұлына жолықтым. Ол ота жасауға келісім берді. Реаниматологпен бірге мені қарап жүрген елордалық кардиологтармен бірлесе әрекет етті. Маусымның 19-ында ота жасалды. Бұл өте күрделі отаның бірі болды, өйткені мен үнемі қанның ұюын болдырмайтын дәрі-дәрмек ішемін - ол мотордың жұмысы үшін қажет. Дәрігерлер қан кету қаупінен қорықты. Бірақ бәрі сәтті өтті: көп қан жоғалтпадым, жағдайым жақсы. Отадан бері он күнге жуық уақыт өтті - жүре бастадым. Толық сауығу үшін әлі де уақыт керек. Ұзақ уақыт төсекте жатқаннан кейін ақыры өз бетіммен қозғала бастадым. Дәрігерлерге рақмет! №4 аурухананың бүкіл ұжымына алғысым шексіз. Мұндағы мамандар - нағыз алтын қолды адамдар», - деп ризашылығын білдірді Анатолий Кузнецов.


🏥Науқас №4 қалалық клиникалық ауруханаға тізе буынына бұрын орнатылған эндопротез компоненттерінің ауыруы мен тұрақсыздығына байланысты жүгінген. Аурухана мамандары бұл жолы да күрделі жағдайды еңсеріп шықты.

«Басты қиындық - оның қатар жүретін ауыр патологиялары болды: MyVal аорталық қақпақша биопротезі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары және басқа да бірқатар күрделі аурулар. Ота алдында толық клиникалық және зертханалық тексеру, мультидисциплинарлық дайындық жүргізілді. Нәтижесінде ота сәтті өтті. Ерте оңалту кезеңінде пациент тәулік бойы АРҚТБ-де бақылауда болды. Келесі күні-ақ белсенді оңалту басталды. Бүгін ол ауруханадан үйге шықты, жағдайы жақсы, күн сайын өзін жақсы сезіне бастағанын айтады», - дейді Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасы эндопротездеу бөлімшесінің меңгерушісі Манарбек Аубакиров.


👨‍⚕️Хирургиялық отаны травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты ортопед-дәрігер М.Аубакиров жасаса, анестезиологиялық сүйемелдеуді АРҚТБ меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ж. Дәулетбеков қамтамасыз етті. Емдеуші дәрігер ретінде ортопед-травматолог Ж.Орозхан болды. Бұл жағдай - аса жоғары хирургиялық қауіпке қарамастан алматылық мамандар командасының үйлесімді жұмысының айқын үлгісі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
«Жасанды жүрекпен өмір сүру - мүлде бөлек жағдай. Күйеуім суға түсе алмайды, жуынуы - тек дымқыл шүберекпен сүртіну. Құрылғының шлангі бар, күн сайын таңғыш ауыстырамыз. Күндіз иығынан сөмке түспейді, түнде - стационарлық құрылғыға жалғанады. Бір жарым жыл бойы тізе ауруынан қатты қиналды. Балдақпен әрең жүретін. Жата берген соң көз алдымда қартая бастады. Біз бармаған жер қалмады - бәрі қорқып, бас тартты. Бар болғаны 1% мүмкіндік берді. Бірақ біз тәуекелге бел будық. Дәрігерлерге: “Біз сіздерге сенеміз!” - дедік. Өз басым оларға 100% сенімді болдым. Жолдасым аман қалатынын білдім», - дейді науқастың жұбайы Ольга Кузнецова.
⚡️УНИКАЛЬНЫЙ СЛУЧАЙ: В АЛМАТЫ ПАЦИЕНТУ С ИСКУССТВЕННЫМ СЕРДЦЕМ УСПЕШНО ЗАМЕНИЛИ КОЛЕННЫЙ СУСТАВ

Врачи ГКБ №4 города Алматы провели уникальную и технически сложную операцию по тотальному ревизионному эндопротезированию коленного сустава 64-летнему пациенту, живущему с искусственным сердцем — устройством поддержки левого желудочка (LVAD).

❤️Анатолий показывает черную барсетку, где хранятся батарейки от искусственного сердца. Электрический провод из сумочки пропадает под одеждой, там он соединяется с устройством, поддерживающим работу его сердца.

«Вот такой системный котроллер стоит, который считывает данные с сердца, там (показывает в области сердца) тоже стоит маленький компьютер и он передает данные на контроллер. Килограмм батарейки с собой всегда ношу, уже три года и главное живу!», - рассказывает Анатолий Кузнецов.


🔷Более 20 лет назад у Анатолия появились признаки ишемической болезни сердца, позже он перенес инфаркт и несколько серьезных хирургических вмешательств. В 2022 году столичные кардиохирурги установили мужчине биологический протез аортального клапана на опорном кольце и имплант (устройство поддержки левого желудочка). Людям с искусственным сердцем крайне необходима ежедневная ходьба. Но Анатолия беспокоила нестерпимая боль в правом колене.

«Мне, человеку с больным сердцем, нужно регулярно преодолевать не менее 4 км. Без ходьбы будет хуже. Я начал искать врачей и клиники, где мне бы прооперировали колено. Было много консилиумов и мне отказывали, больше года прошло в поисках хирургов. Обратился в Четвертую горбольницу к Манарбеку Газизовичу. Он согласился взять меня на операцию. Вместе с реаниматологом они согласовали действия с моими лечащими кардиологами из Астаны. И вот 19 июня прооперировали. Задача был сложной, потому что я принимаю препараты для профилактики тромбообразования – это нужно для моторчика. Врачи боялись большой кровопотери. Все прошло хорошо, крови потерял не много, сейчас все восстановилось. Прошло почти 10 дней после операции - начал ходить. Для полного восстановления потребуется еще много времени: я долго был прикован к постели, и наконец могу ходить. Спасибо нашим докторам: благодарен Четвертой горбольнице. Тут замечательные специалисты, у врачей золотые руки», - рассказывает Анатолий Кузнецов.


🏥Пациент поступил в ГКБ №4 с жалобами на боль и нестабильность компонентов ранее установленного эндопротеза коленного сустава. Команда специалистов четверки приняла очередной вызов и справилась с ним успешно.

«Ключевым вызовом для нас стала его сложная сопутствующая патология: биопротез аортального клапана MyVal, хроническая сердечная недостаточность, гипертензивная болезнь, изменения печени, хроническая болезнь почек и целый ряд других серьезных осложнений. Перед операцией была проведена полная клинико-лабораторная диагностика и мультидисциплинарная предоперационная подготовка - операция прошла успешно. В раннем послеоперационном периоде пациент находился под круглосуточным наблюдением в ОАРИТ. Уже на следующий день началась активная реабилитация. Сегодня выписка и пациент чувствует себя хорошо, отмечает ежедневное улучшение состояния», - резюмировал заведующий отделением эндопротезирования Городской клинической больницы №4 Алматы Манарбек Аубакиров.


👨‍⚕️Хирургическое вмешательство выполнил заведующий отделением эндопротезирования травматолог ортопед высшей категории Аубакиров М.Г., анестезиологическое сопровождение обеспечил зав. отделением ОАРИТ врач высшей категории Даулетбеков Ж.Ш. Лечащим врачом выступил трамвтологортопед отделения Орозхан Ж. Этот случай стал примером успешной работы алматинской команды специалистов в условиях крайне высокого хирургического риска.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1
«Жизнь с искусственным сердцем имеет свои особенности: он не может купаться, ванные процедуры – это просто влажное обтирание, там шланг и каждый день мы делаем перевязки. Сумочка заряжается ночью, днем она постоянно у него на плече висит. Вечером подключается стационарное устройство. Полтора года мужа мучила боль в колене, он передвигался на костылях, я не хотела, чтобы муж был привязан к постели, за годы без движения он постарел. Мы куда только не обращались – нас боялись, отказывали. Нам дали всего 1% шанс и мы рискнули, сказали врачам – мы верим в вас. Я на 100% верила в успех врачей и знала, что все получится», - супруга пациента Ольга Кузнецова.
🔥3
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Атырау облысына жұмыс сапары шеңберіндеэ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтарды жеке қабылдап, Мақат ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

✔️Халықпен кездесу барысында А. Әлназарова сапалы және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету Министрлік қызметінің басымдығы болып қала беретінін атап өтті. Мақат ауданының тұрғындары медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту, дәрі-дәрмекпен және кадрмен қамтамасыз ету мәселелерімен жүгінді.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып, кешенді жұмыстың арқасында өңірдің негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарғанын атап өтті.

🪧Мәселен, қазіргі уақытта өңірде: туберкулезден – 25%-ға, жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттардан – 9%-ға, жалпы өлімнен-7%-ға, қанайналым жүйесінің ауруларынан-6%-ға төмендеу байқалады. 2025 жылдың алғашқы төрт айында нәресте өлімі үш есеге жуық – 1000 тірі туғандарға шаққанда 9,91-ден 3,43-ке дейін төмендеді.

«Кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда Атырау облысында қамту 73%-ды құрады. Сондай-ақ ауылдарға келетін мамандар үшін әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде 100 еселенген ЕТЖ мөлшерінде біржолғы төлемдер көзделген. Сіздердің өңірлеріңізде 11 дәрігер осындай қолдауға ие болды», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.


🔵МСАК-ты дамытуды талқылау шеңберінде мамандардың жұмысын бағалаудың жаңа моделі енгізілгені, жалпы практика дәрігерін қабылдау уақыты ұлғайтылғаны, жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандардың арасындағы өзара іс-қимылдың дербес мейіргерлік практикасы мен жаңа алгоритмдері енгізілгені атап өтілді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде өткен жылы республиканың медициналық ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.

🏦Сапар соңында Ақмарал Әлназарова облыс әкімдігі өкілдерінің, медициналық ұйымдар басшыларының және өңірлік денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
⚡️МИНИСТР ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С ЖИТЕЛЯМИ МАКАТСКОГО РАЙОНА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ

В рамках рабочей поездки в Атыраускую область министр здравоохранения Акмарал Альназарова провела личный прием граждан, встретилась с жителями Макатского района и провела совещание по вопросам развития здравоохранения региона.

✔️В ходе встречи с населением А.Альназарова отметила, что обеспечение качественной и доступной медицинской помощи остается приоритетом деятельности министерства. Жители Макатского района обратились с вопросами по улучшению доступности медицинской помощи, лекарственному и кадровому обеспечению.

Глава Минздрава рассказала о мерах, реализуемых в здравоохранении, подчеркнув, что благодаря комплексной работе улучшились основные медико-демографические показатели региона.

🪧Так, в настоящее время в регионе отмечается снижение смертности: от туберкулеза – на 25%, от несчастных случаев, отравлений и травм – на 9%, общей смертности – на 7%, от болезней системы кровообращения – на 6%. Младенческая смертность за первые четыре месяца 2025 года снизилась почти в три раза – с 9,91 до 3,43 на 1000 живорожденных.

«В целях укрепления кадрового потенциала внедрена система страхования профессиональной ответственности. На сегодняшний день в Атырауской области охват составил 73%. Также предусмотрены меры социальной поддержки для специалистов, прибывающих в села, в том числе единовременные выплаты в размере 100-кратной МЗП. В вашем регионе такую поддержку уже получили 11 врачей», — отметила глава Минздрава.


🔵В рамках обсуждения развития ПМСП было отмечено, что внедрена новая модель оценки работы специалистов, увеличено время приема врача общей практики, внедрены самостоятельные сестринские практики и новые алгоритмы взаимодействия между врачами общей практики и профильными специалистами.

В части лекарственного обеспечения, за последний год были приняты меры по обеспечению бесперебойной доставки лекарственных средств и медицинских изделий в медицинские организации республики.

🏦В завершение поездки Акмарал Альназарова провела совещание с участием представителей акимата области, глав медицинских организаций и сотрудников регионального управления здравоохранения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🪧Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Атырау облысының медициналық активі алдындағы басым міндеттерді атап өтті

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі бірқатар медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланған кеңейтілген кеңеске қатысты.

🔷Жұмыс сапары Мақат аудандық ауруханасына барудан басталды. Министр медициналық көмекті ұйымдастырумен, мекеменің жұмыс жағдайымен танысты, сондай-ақ қызметкерлермен кездесу өткізді. Ауданда тұрғындарға үш мекеме – аудандық аурухана, Доссор кентіндегі ауылдық аурухана және Байгетөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория медициналық көмек көрсетеді. Бекітілген халықтың жалпы саны 26 мың адамнан асады.

Мақат аудандық ауруханасы стационарлық, амбулаториялық-емханалық, оңалту және телемедициналық көмекті қоса алғанда, медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Мекемеде амбулаториялық хирургия орталығы, физиотерапия бөлімшесі, телемедицина орталығы және «Қант диабеті» және «Ерлер денсаулығы» бағыттары бойынша денсаулық мектептері жұмыс істейді.
Сапар барысында ведомство басшысы №7 қалалық емханаға барып, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастырумен және пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасымен танысты. Содан кейін ол балаларды стационарлық емдеу шарттарымен танысу үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына барды.

👉Сапардың негізгі нысандарының бірі Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің жанынан салынып жатқан радиологиялық корпустың құрылыс алаңы болды. Бұл орталық өңірдегі онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және тиімді емдеу жүйесіндегі маңызды буын болады.

Министр сондай-ақ 2014 жылы құрылған және бір рет қолданылатын стерилді шприцтер шығаруға маманданған «BRANDO» зауытының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 140 миллион шприцті құрайды.

Облыс басшылығының қатысуымен өткен медициналық кадрлардың тапшылығы, ана мен баланың денсаулығын сақтау, скринингтер мен вакцинациялау деңгейі, сондай-ақ стационарларда және амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету сияқты саланың негізгі мәселелері талқыланған кеңеспен жұмыс сапары аяқталды.

🔹 Ағымдағы жылдың өзінде өңірде дәрі-дәрмекке көнбейтін туберкулезді емдеудің қысқа, инъекциялық-еркін схемалары енгізілді, бұл терапияның тиімділігін 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

🔹 2025 жылдан бастап скринингтік зерттеп-қараудан өту үшін жас шеңбері 76 жасқа дейін кеңейтілетін болады. Ми қан айналымының жіті бұзылуларын ерте анықтау үшін 50 жастан асқан ер адамдар үшін скринингтің жаңа түрі енгізілуде.

🔹 Алдағы үш жылдың ішінде Атырау облысында жаңа перинаталдық орталық, онкологиялық диспансер, психикалық денсаулық орталығы, бірнеше жаңа емханалар мен жедел медициналық жәрдем қосалқы станцияларын салу жоспарлануда.

Кеңес барысында ведомство басшысы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту шараларына ерекше назар аударылды: біржолғы төлемдерді арттыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары.

Министрдің Атырау облысына жұмыс сапары өңірлік денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, инфрақұрылымды жақсарту және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1